Мазмұны IV «Балалар ауруы» пәні бойынша кәсіби стандарттар


Стандарт «Мұрын қуысын күту»



бет7/29
Дата14.12.2022
өлшемі77,01 Kb.
#162763
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
стандарты пед ЛД каз
Философия рефарат, Философия рефарат4, анализ 0 срезов, ВСРЗ 8 сынып алгебра каз, КТЖ 2023-2024ж.ж.5-11сынып Математика
4.6.4. Стандарт «Мұрын қуысын күту»


Дайындаңыз: стерильді мақта турундалар , пинцет, өсімдік майы , мензурка, перчатка; ҚКЖҚ (КБУ), дез. ерітіндімен ыдыс, орамал.


Іс- әрекет алгоритмі:
1. Баланың анасына процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз
2. Гигиеналық деңгейде қолға деконтаминация өткізу, перчатка кию
3. Дезинфекциялық ерітіндіге малынған орамалмен жөргектеу столының бетін өңдеңіз, үстіне жаялық жайыңыз
4. Баланы жөргектеу столына жатқызыңыз
5. Сол қолдың 4 саусағын баланың маңдайына қойыңыз, үлкен саусақпен мұрын ұшын жоғары қарай, мұрын қуысындағы қабыршақтарды қарап шығыңыз
6. Мензуркаға стерильді өсімдік майын құйыңыз
7. Стерильді мақта турунданы пинцетпен алып, өсімдік майына матырыңыз да оң қолыңызға алыңыз
8.Турунданы жеңіл айналмалы қимылмен мұрын қуысына енгізіп, қайта айналмалы қозғалыспен шағарып алыңыз - қабыршақтарды тазалауды қамтамасыз ету
9. Екінші мұрын қуысын да осы реттілікпен тазалаңыз
10. Пайдаланылған мақта турундаларын ҚКЖҚ-ға тастаңыз, қолданылған пинцетті дез. ерітіндіге салыңыз
11. Перчатканы шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз

4.6.5. Стандарт « Құлақты күту»


Дайындаңыз: стерильді: мақта турундалар , пинцет, салфетка, перчатка, қайнаған сумен лоток; ҚКЖҚ (КБУ) , дез. ерітіндімен ыдыс, орамал.


Іс- әрекет алгоритмі:
1. Баланың анасына процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз
2. Гигиеналық деңгейде қолға деконтаминация өткізу, перчатка кию
3. Дезинфекциялық ерітіндіге малынған орамалмен жөргектеу столының бетін өңдеңіз, үстіне жаялық жайыңыз
4. Баланы жөргектеу столына жатқызыңыз, баланың басын бір жақ қырына бұру
5. салфетканы жылы қайнаған суға матырып құлақ қалқанын тазалаңыз, құрғақ салфеткамен құрғатыңыз
6. Пинцетпен көмегімен турунданы сол жақ қолыңызға алыңыз, сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және төмен қарай тартыңыз
7. Жеңіл айналмалы қимылмен турунданы сыртқы есту жолына 0,5-1 см тереңдікті енгіз, айналмалы қимылмен қайта шығарып ал
8. Екінші құлақты да осы әдіспен тазала
9. Пайдаланылған мақта турундаларын ҚКЖҚ-ға тастаңыз, қолданылған пинцетті дез. ерітіндіге салыңыз
10. Перчатканы шешіпҚКЖҚ-ға тастаңыз
11. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз
Ескерту: құлақ күтімінде мақталы таяқшаларды, мақтаны қатты заттарға орап қолдануға болмайды- жарақаттың алдын-алу үшін; сыртқы есту жолын тазалау аптасына 1 рет немесе қажеттілігіне қарай жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет