II блок. Оқыту технологиялары
|
|
1. Жоғары және бірінші біліктілік санатты мұғалімдерге: (бірінші әдістемелік топ):
Қазіргі заманға сай білім беру технологияларын толық меңгеру, таңдалған технология жүйесі аясында жұмысты жалғастыру;
|
Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер арасында оқушылардың даму және оқудағы жоғары нәтижелерге мүмкіндік туғызатын қазіргі заманға сай оқыту технологиялары шеңбері жүйесінде 60% жұмыс істейді, оның ішінде 10 мұғалім (12%) деңгейлі курстардан өтті. Деңгейлі курстардан өткен мұғалімдер дарынды балалармен жұмыс барысында бағалау критерийлері бойынша коучинг өткізілді. Бірақ бұл тапсырма келесі оқу жылына өзекті болып қала береді.
|
1.2 Меңгерілетін технологияларға сәйкес сыныптар және пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер болу;
|
1.3 Оқытудың құзіреттілік тәсілдерін практика жүзінде іске асыру.
|
2.Қалған мұғалімдерге (екінші әдістемелік топ):
2.1 Өз педагогикалық практикасында білім беру технологияларын қолдану;
2.2 Меңгерілетін технологияларға сәйкес сыныптар және пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер құру.
|
Сынып жетекшілерге: оқу-тәрбие үрдісіне «Мектеп оқушы тұлғасының өзіндік даму технологиясы» Г.К.Селевко және оны белсенді қолдану.
|
«Мектеп оқушысы тұлғасының өзіндік даму технологиясы» бағдарлама тәрбие жұмысының жүйесіне енеді.
|
III блок. Бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру
|
|
ІБ негізгі бағыты – оқыту нәтижесін бақылау, сондай-ақ одан әрі оқу үрдісі технологиясы және профильалды және профильдік оқытуды ұйымдастыру болып табылады.
|
Қала мектептерінің рейтинг көрсеткіштері сәйкестігі бойынша қалалық Білім беру бөлімінің талаптарына сай мектеп жұмысы қорытындысын тексеру белсендірілді. 2014-2015 оқу жылында рейтинг қорытындысы бойынша мектеп 15-ші орында. (2013-2014 оқу жылында – 10-шы орын, 2014-2015 оқу жылында - 15 орында).
|
11-сыныптарда ҰБТ және 9-сыныптарда ОЖСБ өткізуге байланысты педагогикалық қызмет нәтижесі арқылы мұғалім жауапкершілігін арттыру.
|
ҰБТ-2016 нәтижесі бойынша мектебіміз қала мектептері арасында 19 рейтингтік позицияда (2014-2015 оқу жылында 23 позицияда) орын алады. Мектептер арасында орташа - 81 баллды құрайды (2015 жылы орташа балл – 79,05), қала бойынша орташа – 84,4 баллмен орын алды, демек ҰБТ, ОЖСБ дайындық бойынша жұмысты жетілдіру қажет екендігін растайды, ҰБТ, ОЖСБ дайындығы бойынша педагогикалық қызмет нәтижесін жетілдіру бойынша шаралар кешенін ойлап табу болып табылады.
|
Сабақ барысында мұғалім және оқушылардың бақылау-бағалау қызметін жүйелі түрде жоспарлау.
|
Сабақ барысында сын тұрғысынан бағалауды игеруге қойылатын жаңа талаптар келесі оқу жылында өзекті мәселе болып қалады.
|
Мектеп құжаттарын ресімдеуге қойылатын бірыңғай талаптарды ұстануда бақылауды күшейту.
|
ҚР БжҒМ негізге алынатын құжаттарына сәйкес, мектеп құжаттарын ресімдеуге қойылатын бірыңғай талаптарды орындау бойынша сараптама тобын құру.
|
|