Мектеп қоршауы мен дәретхана кабинкаларын жаңарту.
Алға қойылған міндеттер жартылай орындалды.
Алға қойылған міндеттердің басым көпшілігі орындалды. Көптеген мәселелер келесі оқу жылына өзекті болып қалады. Оларды жүзеге асыру үшін:
ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында алға қойылған міндеттерді орындау жұмысын басты мәселе деп қарастыру;
12-жылдық оқу жүйесіне көшуге дайындықты жалғастыру;
Оқытудың құзіреттілік тәсілін жүйелі түрде ұйымдастыру және практика жүзінде іске асыру;
Жаңа білім беру технологияларын меңгеруінде мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігінің айтарлықтай өсуіне, «2013-2015 оқу жылына мектептің ақпараттандыру бағдарламасын» енгізуге, сондай-ақ оқытудағы құзыреттілікке бағытталған тәсілдерді жүзеге асыруға қол жеткізу;
Мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарды оқытуды, мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытылатын сыныптарды (7-сыныптар), сонымен қатар гимназиялық сыныптарда (3-сыныптар) оқытуды жалғастыру;
Көптілділікті игерудегі облыстық сараптама жүргізу аясында, көптілділікті игеру бойынша инновациялық қызметті 7 «Б» сыныптарында (Қазақстан тарихы қазақ тілінде, Қазақстан географиясы қазақ тілінде), 6 «Д» сыныптарында (Қазақстан тарихы қазақ тілінде) өткізуді жалғастыру;
Ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылатын сыныпты ашу – 5 «Б» сыныбы;
Дарынды балалармен жұмысты жалғастыруды күшейту, негізгі орта және жалпы орта деңгейдегі ОҒҚ жұмысы бойынша үлкен нәтижелерге қол жеткізу;