Мазмұны жолдау және ел үНІ


Елдікті сақтау – еңселі міндет



бет2/13
Дата25.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#7902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Елдікті сақтау – еңселі міндет

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай БИСЕНОВПЕН сұхбат

Әуелгі сөздің басын еліміздің егемендігіне қарай бұрсақ деймін. Шыны керек, біздің бағымыз да, бақытымыз да ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы өмірін аттың жалында өткізіп, қол жеткізе алмай кеткен тәуелсіздік қой. Сіз о баста Тәуелсіздікті қалай қабылдадыңыз?

– Тәуелсіздікті біздің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы азаттыққа деген ұмтылысының, арман-тілегінің жүзеге асуы деп түсінеміз. Ата-бабаларымыз ежелден арман еткен еркіндікке, тәуелсіз, тұғырлы мемлекеттігімізге ХХ ғасырдың соңында ғана қол жеткіздік. Кеңес Одағының ыдырауын әлемдік саясаттың белгілі бір уақыт шеңберінде шындыққа айналған көрінісі ретінде қарастырсақ, еліміздің тәуелсіздік алуы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлігімен жасаған батыл іс-әрекетінің нақты нәтижесі екені айдан анық. Мен біздің тәуелсіздігімізді дәл осылай қабылдадым.

Әлем тарихында жиырма жылдың ішінде дамудың даңғыл жолына түсіп қана қоймай, жаһан қауымдастығы алдында айтарлықтай беделге қол жеткізіп үлгерген мемлекеттер жоқтың қасы. Сол жоқтың орнын толтырып отырған – бүгінгі Қазақстан. Отанымыздың осыншалықты қас-қағым уақыт ішінде бірден суырылып алға шығуына нақтылы нендей фактор әсер етті? Ғалым ретіндегі де, азамат ретіндегі де ойыңыз қандай?

– Жиырма жыл тарихи уақыт өлшемімен алып қарағанда, шынында да өте аз уақыт. Осыншама қысқа уақыттың ішінде еліміздің биік белестерден көрінуіне бірнеше жағдай әсер етті деп ойлаймын. Бұл ретте негізгі факторлардың қатарына алдымен жүйе құрушы ұлт ретінде қазақ халқының қауымдаса өмір сүруге деген бейбітсүйгіштік дүниетанымын жатқызуға болады. Әлемдік дағдарыс басталғаннан бергі уақыт белесінде жаһан ғалымдары ұлтымыздың бұл ерекше қасиетін толеранттылық феномені ретінде қарастырып, басқаларға үлгі етіп келеді. Ендігі бір фактор осы бейбіт өмірге деген құштарлықтан туындайтын табиғи ресурстарға бай мемлекеттің инвестициялық тартымдылығы болса керек. Оңтайлы инвестициялық климат қалыптастыра білген және ол үшін ішкі саяси тұрақтылықты басты ұлттық құндылық санатында насихаттай алған мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Ел ішіндегі ауызбіршілік пен түсіністік, ең бастысы, тәуелсіз ел болуға деген халқымыздың ықыласы мен Тұңғыш Президентіміздің арман-тілегінің бір мақсатта болуы бізді осындай биік белестерге жеткізді.

Елбасының әр жылы қабылдайтын жолдаулары – біздің мемлекетіміз бен қоғамымыз дамуының нағыз айшықты бағдарламасы. Дәстүрлі жолдауларда айтылатын қадау-қадау ойлар мен тұжырымдар, нұсқаулар мен тапсырмалар өз басыма керемет әсер етеді. Сіздің бұл тұрғыда ойыңыз қандай?

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары еліміздің әлемдiк кеңістіктегі іс-қимылдар бағдарын, ішкі тұрақтылық мәселелері мен даму бағыттарын айқындаушы негiзгi құжат болып табылуда. Мемлекет басшысының 1997 жылдың қазанында Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауы «Қазақстан-2030» Стратегиясы деп аталғаны, әрине, кездейсоқ емес. Ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында көзделген негізгі мақсат – экономикалық әл-ауқатын жақсартуға, ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізетін тәуелсіз, экономикасы жетілген және саяси тұрғыдан тұрақты мемлекет орнату еді. Еліміздің сара жолын айқындаған стратегиялық құжат негізінде Қазақстан нарықтық экономика негіздерін жүйелі енгізе әрі демократиялық құндылықтардың асуларын біртіндеп игере отырып, дәйектілікпен ілгері дами бастады.

3
«Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың 15 жылы ішінде еліміз әлемдегі ең серпінді дамып келе жатқан елдердің бестігіне енді. 2012 жылдың

қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің көлемі жағынан Қазақстанның әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіргені мұның жарқын көрінісі. Еліміздің тарихи қысқа уақытта қол жеткізген табыстарын дүниежүзілік қауымдастық әлдеқашан мойындағаны белгілі.

Осы тұрғыда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын халыққа Жолдауына айрықша тоқталмай өту мүмкін емес. Сіз осы құжаттың біздің бүгінгі және келешектегі тыныс-тіршілігіміз үшін ең маңызды тұстарын қалай жіктеп айтып берер едіңіз?

– Өзіңізге де белгілі, Елбасы өзінің бұл Жолдауын 2012 жылдың 14 желтоқсанында жариялады. Оның түйінінде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз «2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп айта аламыз», – деп мәлімдеп, ел тарихындағы алғашқы ұзақ мерзімді стратегияның мерзімінен бұрын табысты аяқталғанын білдірген болатын. Осыған орай Мемлекет басшысы қалыптасқан мемлекетіміздің қол жеткізген табыстарын тұрақты дамыту арқылы ендігі кезектегі бағындырар асулары мен негізгі міндеттерін атап көрсетті. Сол сөздің сорабында Президент: «Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру», – дей отырып, тәуелсіздік шежіресіндегі екінші ұзақ мерзімді стратегияның бағыт-бағдарларын жасап берді. Менің ұғымымда «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барша қазақстандықтарды біріктіруші бағдарлама. Ол әлемнің ең дамыған, бәсекеге барынша қабілетті 30 мемлекетінің қатарына кіру мақсатын алға тартады. Ал мұның түпкі түбірі мемлекеттік құрылымдар мен қоғамның барлық деңгейдегі әріптестігін қарқынды дамытуға серпін берумен бірге, еліміздің әрбір мүшесінің Елбасы ұстанып отырған Мәңгілік Ел идеясына аянбай қызмет етуіне бастайтын болады. Біз үшін ол осы жағымен де аса құнды.

Қазіргі шапқан аттай зулап алға қарай ағып бара жатқан уақыт күні кешегі көптеген түсініктердің келмеске кеткенін сәт сайын ұқтырып келеді. Енді адами құндылықтардың өзінің іргесіне іреу түсе бастаған мына заманда ұлттың өзін өзі сақтап қалуы барған сайын қиындай беретінін санасында саңылау бар кез келген тұлға пайымдай алатын кез жетті. Ал қазір қазақы қалпымызды сақтап қалу үшін не істеу керек?

– Сіз бұл жерде кез келген ұлттың мәдени-этностық ерекшеліктеріне қауіп төндіретін жаһандану үдерісін айтып отырсаңыз керек. Бұл рас, ондай қауіп бар. Екінші жағынан алып қарасақ, жаһандану тұсында шынымен бәсекеге қабілетті елдер ғана өзінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қала алады. Түпкі мәнінде әлемдегі ең озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуға қажетті негіз ретінде Елбасымыз ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында елдігімізді сақтап қалудың жолдары айқын көрсетілген. Аталған стратегиялық бағдарламаның «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» деген тарауында: «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды... Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» дей келіп: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі» деп атап көрсетілген. Демек, ұлтымыздың ішкі татулығын күшейту елімізді, елдігімізді сақтаудың басты кепілі болмақ. Ру мен тайпаға бөлінудің ұлттық тұтастығымыздан айыратын барынша зиянды ұстаным екенін ұмытуға болмайды. Шежірені білгендік – бөлінуге ұмтылғандық емес. Себебі, әр рудың шежіресін тарата білсек, қарға тамырлы қазақ екенімізді көрсетіп, түбі бір туыстығымызды іздегеніміз болып шықпай ма? Сонымен бірге, біздің ұлттық ерекшелігімізді сақтаудың ең басты шарты озық салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуда жатыр деп түсінемін. Нақты айтқанда, игі дәстүрлеріміз бен салт-санамыз, әдеп-

4

ғұрыптарымыз тек атаулы даталар тұсында ғана ескеріліп қоймай, күнделікті өмірімізден ойып орын алып, тыныс-тіршілігімізбен, іс-қарекеттерімізбен, ойлау мәдениетімізбен біте қайнасып кеткені абзал болар еді.



Кез келген ұлттың тірегі – оның тілі. Тілі жоқ ұлт болмайды. Өткен ғасырдың басында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» дегенді бекер айтқан жоқ. Ал біз қазір авардың атақты ақыны Расул Ғамзатовтың «Егер тілім ертең өлер болса, мен бүгін-ақ өлуге дайынмын», деген сөзін айта алар ма едік?

– Дұрыс айтасыз, тіл – ұлттың жаны мен жүрегі. Сондықтан оны сақтау, қорғау, дамыту бойында қазақтың қаны бар әрбір адамның, сонымен бірге әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы. Әрине, қазір мемлекеттік тіл проблемасы толыққанды шешілді деп тоқмейілсуге де, сонымен бірге тіл құрдымға кетіп бара жатыр деп түңілуге де болмайды. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан ана тілімізге жасалып отырған қамқорлық ұшан-теңіз. Мемлекеттік тілді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Осы бағдарлама аясында көптеген іргелі істер жүзеге асырылуда. Жыл сайын мемлекеттік тілді дамытуға бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып, түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Жергілікті жерлердегі тіл басқармаларының жұмыстары да жыл өткен сайын жандана түсуде. Ең бастысы, қазір қай жерде, қандай деңгейде өткеніне қарамастан, барлық іс-шаралар мен жиындарда қазақ тілінде еркін сөйлей аламыз. Оған тосқауыл жоқ. Өзіңіз ойлап қараңыз, тым ұзаққа бармай-ақ, осыдан 10-15 жыл бұрынғы кезеңді алғанның өзінде, дәл мұндай жағдай болып па еді?!

Ана тілімізді өрге сүйреудің ең басты шарттарының бірі – оны ғылым мен техника тіліне айналдыру. Яғни мемлекеттік тіл от басы, ошақ қасының тілі деңгейінде қалып қоймауы керек. Жалпы, тіл – тірі организм. Ол заманмен, қоғаммен бірге дамып, жетіліп отыруы керек. Осы тұрғыдан келгенде, терминология мен сөзжасам мәселесіне тек тіл жанашыры ретінде ғана емес, мемлекеттік, ұлттық деңгейде қарауымыз қажет деп ойлаймын. Әлемдік деңгейде мойындалып, сөздік қорға енген терминдерді қазақ тіліне жаппай аудару немесе оның орнына жаңа сөз пайдалану көп жағдайда сәтті бола бермесі анық. Мемлекеттік тілге деген көзқарас пен жанашырлықтың басты бағдары Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Жолдауындағы: «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деген тұжырымы болуға тиіс. Бұл, менің түсінігімде, жалпы ұлтқа артылған үлкен міндет. Сондықтан осы бағытта жұмыс жасау әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы деп білемін. Бір сөзбен айтқанда, авар ақыны Расул Ғамзатовтың сіз дәйектеме келтіріп отырған сөзі әр қазақтың жүрек түкпірінде болғанда ғана біз Елбасы айтқан Қазақ мемлекетіне қол жеткіземіз.

Қылышбай Алдабергенұлы, сіз қазір үлкен бір ұжымның басшысы ғана емес, ұлағатты ұстаз, белгілі ғалымсыз. Саналы өміріңізді ұрпақ тәрбиесіне арнап келесіз. Жалпы, ұстаздық деген ұғымға қалай қарайсыз?

– Қазақта «Мың жылдығыңды ойласаң – ұрпақ тәрбиеле» деген ұлағатты сөз бар. Тарының қауызына сыйып кетердей осы бір ауыз сөзде ұстаздық істің бүкіл қызығы мен қиындығы, оған деген құрмет пен қадір – барлығы жатқандай сезінемін. Арқалы ақын Мағжан Жұмабаев: «Игі жақсы бас қосқанда – төр ұстаздікі» деген еді ғой. Жалпы, ұстазға деген қадір мен құрметтің бастау бұлағын мен, біріншіден, біздің ұлттық қасиетімізден, екіншіден, мұсылмандықтан көремін. «Үлкенге – ізет» деген біздің ұлттық тәрбиеміздің астары ұстазға деген құрметпен тікелей байланысып жатқандай сезінемін. Қарап отырсақ, ұстазымызды тек біз өзіміз ғана емес, «менің баламның ұстазы» деп біздің ата-аналарымыз да құрмет тұтатын. Ал қазір біз өз ұстаздарымыздың балаларын «біздің ұстазымыздың ұрпағы» деп ізгі ниетпен қараймыз. Осындай сыйластық басқа ұлттарда бар деп ойламаймын.

Ұстаз туралы Жүсіп Баласағұн бабамыз: «Түнек түнде шамы болды ол – халықтың, Саған, жұртқа нұрын шашты ол – жарықтың», – дейді. Ұстаз туралы ойлағанда, осы бір сөздің мәні зор-ау деп ойлаймын. Өйткені, бүгінгі біздер, ұстаздар


5

тәрбиелеп отырған ұрпақ ертеңгі ел тізгінін қолына алар азамат, тұлға. Сондықтан біздің ертеңіміз бүгінгі біз тәрбиелеп отырған шәкірттерімізге тікелей байланысты. Ұстаздық қызметтің абыройы да, жауапкершілігі де осында. Ұрпақ тәрбиелеу арқылы біз ұлтты тәрбиелейтінімізді ұмытпауымыз керек.

Кейінгі кездері еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарын жекешелендіру жайлы әңгімелер айтылып қалуда. Сіз бұл бастамаға қалай қарайсыз? Жалпы, тікелей мемлекеттік бақылаудан кеткеннен кейін оқу орындарынан айырылып қалмаймыз ба? Осылайша, ол өзінің бұрынғы деңгейін жоғалтып алмай ма?

– Мұндай әңгіменің бары рас. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Назарбаев Университеті моделі негізінде жоғары оқу орындары дербестігінің қағидаттары әзірленетін болады. Осы қағидаттарға сәйкес білім, ғылым, қаржы, халықаралық және басқа қызметті жүзеге асыруда жоғары оқу орындарына еркіндік беріледі, жоғары оқу орындарының академиялық, қаржылық және басқару қызметінде дербестік ұстанымдары іске асырылады. Елімізде 2015 жылдан бастап ұлттық ғылыми-зерттеу университеттеріне, 2016 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарына, 2018 жылдан бастап мемлекеттік жоғары оқу орындарына дербестік беріледі деп жоспарланған.

Бүгінгі таңда Білім және ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттарының талаптарына сәйкес елімізде жоғары оқу орындарының ұйымдық-құқықтық пішінін анықтау, олардың өз алдына стратегиялық даму бағдарламасын жасау, шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен бірлескен жұмыстарды дамыту, ұйымдық басқаруды енгізу жұмыстары қолға алынуда. Оның мақсаты дербестік беру арқылы жоғары оқу орындарының еркін жұмыс жасау тетіктерін жетілдіру болып табылады. 2014-2015 жылдары барлық мемлекеттік жоғары оқу орындарында корпоративтік басқаруды енгізу мақсатында бақылау кеңестері құрылатын болады. Қазір бақылау кеңестері еліміздегі ұлттық университеттерде қызмет атқаруда. Мұндай кеңестер құрамына білім саласындағы өкілетті орган мен жергілікті билік өкілдері, әлеуетті жұмыс берушілер, бизнес-құрылымдары мен жастар ұйымдарының өкілдері кіреді. Кеңестің негізгі міндеті жоғары оқу орнының стратегиялық даму бағыты мен жоспарын жасап, жүзеге асыру, ЖОО басшылығын тағайындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мен материалдық-техникалық базасын дамытуға ықпал ету болмақ. Сондықтан, менің ойымша, корпоративтік басқаруды енгізу, бақылау кеңестерін құру жоғары оқу орындарының заман талабына сай дамуына оң ықпал етуі тиіс.

Мемлекеттік бақылауға келетін болсақ, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес әрбір жоғары оқу орны, меншік нысанына қарамастан, 5 жылда бір рет жоспарлы мемлекеттік аттестаттаудан өткізіледі. Қазіргі таңда жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 «Білім ұйымдарын аккредиттеу ережесін бекіту туралы» қаулысына және 2008 жылғы 5 наурыздағы № 109 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығына» сәйкес бес жылға аккредиттеуді бастан кешеді. Бұл жоғары оқу орнының немесе оның жеке білім беру бағдарламаларының белгілі бір стандарттарға және өлшемдерге сәйкестігін байқауға мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, халықаралық тәжірибеде қолданылып келе жатқан жоғары білім жүйесіндегі өзгерістер мен жаңаша реформаларды қолдауымыз керек, білім сапасын көтеруге бірлесе атсалысуымыз керек деп есептеймін.

Қылышбай Алдабергенұлы, арнайы уақыт бөліп, бізбен сұхбат құрғаныңыз үшін рахмет. Ел игілігі жолындағы, өскелең ұрпақтың келешегі жолындағы барша ізгі істеріңізге сәттілік тілеймін.

//Егемен Қазақстан.- 2014.- 17 қаңтар.- 5 б.

6

Қ.Бисенов, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректоры

МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖОЛЫНДА
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жиырма үш жылдың ішінде экономикасы қарқынды дамыған, рухани дүниесі берік орныққан, саяси бағдары айқындалған, өркениеттік демократиялық жолмен дамып келе жатқан жасампаз мемлекеттің іргесін қалады.

Қазақстан Республикасының тұрақты және өркениетті дамуына серпін берген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасынан кейінгі биылғы 18-ші Жолдауының маңызы өте ерекше. Елбасымыздың «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан қоғамдық дамудың экономикалық, әлеуметтік, рухани байланысының негізі көрініп тұрғандай.

Жолдауда Елбасымыз Үкіметке 2014 жылдан бастап еліміздің әлемнің дамыған 30 елі қатарына енуінің негізгі 15 бағыты бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл бағыттардың барлығы да уақыт талабымен үндескен, өте маңызды, сонда да елімізде жалпы ішкі өнім көлемінің өсімін 4 пайыздан түсірмеу, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемін 13 мыңнан 60 мың долларға дейін, яғни 4,5 есеге арттыру, ғылымды қаржыландыру өсімін жалпы ішкі өнімнің 3 пайыздық деңгейінен төмендетпеу, қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұлғайту, алдыңғы қатарлы және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру міндеттерінің маңызын ерекше атап өткім келеді.

2050 жылға қарай ғылымға бөлінетін қаржы еліміз ІЖӨ көлемінің 3%-н құрайтын болса, бұл өте үлкен қаржы, сондықтан отандық ғылым өндіріс өнімдерінің құнын арзандатып, өндірілетін тауарлардың сапасын арттыратын болады. Елбасымыздың «университеттердің дербестігін қамтамасыз ету керек» деген ойы жоғары білім саласы үшін өте маңызды. Бұл орайда еліміздің жоғары оқу орындары өз мәселелерін дербес шешіп, «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында алға қойған міндеттерін жүзеге асырып, академиялық еркіндікті айқындайтын болады.

Алдағы үш жыл ішінде еліміздің мектептерінде орын тапшылығы мәселесінің толық шешімін табатыны, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім алушылардың стипендия көлемінің 25 пайызға көбейетіні барша жас ұрпақ өкілдерімен қатар, педагогтар қауымын қуантып отыр.

Салауатты өмір салтын және медициналық-технологиялық дамудың арқасында қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру, сол арқылы өмір сүру жасын 80 жасқа дейін ұзарту мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың жасампаздығына көз жеткізіп келеді.

Бүгінгі күні елімізде инновациялық жобаларды дамыту, жүзеге асыру – өзекті мәселеге айналды. Осыған байланысты баламалы энергия көздерін пайдалану, оны өмірге енгізу жұмыстары нақты қолға алынуда. Жолдауда елімізде мобильді және мультимедиялық, нано және космостық технологиялар, роботтық техника саласын, гендік инженерияны дамыту, болашақтың энергиясын жасау міндеті өмірлік маңызы зор міндет ретінде ерекше атап өтілді.

Мұндай күш-қуатымыздың салмақтылығы бізге бәсекелестік артықшылық мүмкіндігін бере отырып, елімізді жаһандық экономикаға еркін кірігуге жағдай жасайтын болады.

Жолдауда көрсетілген маңызды идеяның бірі Елбасымыз «Мәңгілік ел» болудың 7 басымдығын атап көрсетті. Бұл жасампаз идея біздің ортақ тағдырмен, жалпықазақстандық шаңырақтың ұлттық идеясы аясында ел болашағының іргетасы мен барша қазақстандықтарды біріктіретін басты құндылық екендігі ақиқатқа айналған шындық.

7
Биылғы Жолдауда белгіленген басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру, еліміздің баянды болашағы жолында аянбай бірлесе еңбек ету, еңбектің берекелі зейнетін көру бүгінгі күні әрбір қазақстандық азаматтың қасиетті парызы болып қала бермек.

Алаштың анасы атанған қасиетті Сыр өңіріндегі іргелі оқу орны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұжымы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енудегі ұлттық стратегияның даму жолдарының, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейлерінің және экономикалық сапаның қалыптасуына зор серпін беретін өз уақытының өскелең құжаты деп қабылдайды.

//Сыр бойы.-2014.- 18 қаңтар.- 3 б.

8
Ә.ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ,

ЖАСТАР ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Елбасы Жолдауын кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №5 жатақханасында оқытушылар мен студенттер зор ықыласпен зейін сала тыңдады. Мемлекет басшысының Қазақстан дамуының кемел келешегін сараптаған Жолдауына үлкен қолдау білдірді.

Үстіміздегі жылы да халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында сан алуан жұмыстар қолға алынатынына бас назар аударылды. Президентіміз қай салада да ауқымды шаралардың жүзеге асатынын тілге тиек етті. Оның ішінде білім саласы да бар.

Студенттер жатақханасындағы шара барысында оған қатысушылар осы жағына баса назар аударды. Университет проректоры Абай Жүнісов «Елбасымыз өз Жолдауында «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды» деп атап өткенін жеткізді.

Ал жоғары оқу орнының технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығының магистрі Олжас Жұбанов 2016 жылдан бастап студенттер шәкіртақысының артатынына ризашылылығын білдірді. Оның ішінде жоғары үлгерімді студенттерді қолдаудың тиімді жүйесін құра отырып, шәкіртақы көлемін 25 пайызға арттыру оқуға зерек жастарды қолдау болып табылады. Осындай жылы лебізін құқықтану мамандығы бойынша 3-курс студенті Абылайхан Сабанбаев та жеткізді. Оның айтуынша, Елбасының қолдауымен жылма-жыл білім саласын жақсартуға көңіл бөлініп, жастарды қолдауға зор мән беріліп келеді.

//Сыр бойы.-2014.- 18 қаңтар.- 3 б.

Кызылординцы знакомяться с Посланием
В общежитии № 5 Кызылординского государственного университета имени Коркыта Ата состоялся коллективный те­лепросмотр выступления Президента Нурсултана Назарбаева с Посланием на­роду Казахстана.

По мнению первого проректора по учебной работе Абая Жунусова, магист­ранта Олжаса Жубанова и студентки Аблайхан Сабанбаевой, выступление Президента страны было ярким и масштабным. В Послании поставлен целый ряд актуаль­ных задач, направленных на повышение конкурентоспособности страны, уровня жизни казахстанцев. Задача — воплотить все идеи в реальность. А для этого нужно много трудиться и хорошо учиться.


//Кызылординские Вести.-2014.- 18 января.- С.1

9
Ботагоз Ажарбаева,



К единой цели – единым народом

Новые задачи и долгосрочные приоритеты, обозначенные в Послании Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева «Казахстанский путь - 2050: единая цель, единые интересы, единое будущее», были обсуж­дены вчера в Кызылорде во Дворце студентов КГУ имени Коркыт Ата на заседании областного филиала Ассамблеи народа Казахстана.

Заведующий секретариатом областного филиала АНК Асылбек Жумабаев отметил, что По­слание Главы государ­ства конкретизирует со­держание и план дей­ствий предыдущего обращения к народу по вхождению Казахстана в 30 развитых стран мира. Перед нами стоят долгосрочные задачи, которые требуют решения и участия каждого казахстанца,- это усиление работы по форсирован­ному индустриально-инновационному развитию, внедрению высоких технологий в производство, переходу на «зе­леную» экономику, развитию транс­портной инфраструктуры, малого и среднего бизнеса и многих других со­циально-экономических задач.

Президент предложил двухэтапный путь в 30 развитых государств. Главное, как подчеркнул Нурсултан Назарбаев, все наши действия на пути к достижению главной цели Стратегии-2050 должны следовать четким принципам – прагматичности и эволюционности и взаимовы­годной открытости, укрепления бла­госостояния казахстанцев и всенарод­ной поддержки.

В новом Послании Глава государ­ства в очередной раз, обращаясь к сво­им соотечественникам, подчеркнул, что «мы, казахстанцы, единый народ! И общая для нас судьба — это наш Мәнгілік Ел, наш достойный и вели­кий Казахстан! «Мәңгілік Ел» — это национальная идея нашего общеказах­станского дома, мечта наших предков».

Новая общеказахстанская идея «Мәңгілік Ел» направлена на благо на­рода. За годы независимости в стране созданы главные ценности, которые объединяют всех казахстанцев и со­ставляют фундамент будущего Казахстана.

Одними из первостепенных ценностей являются наша Независи­мость и Астана. Это националь­ное единство, мир и согласие в стране. Общность истории, культуры и языка, светское общество и высокая духовность. И сегодня перед Ассамблеей наро­да Казахстана по поручению Главы государства стоит задача совместно с общенациональным дви­жением «Казахстан-2050» организо­вать разработку и принятие патриоти­ческого акта «Мәңгілік Ел».

А.Жумабаев призвал всех участни­ков заседания принять активное учас­тие в работе по реализации общеказахстанской идеи.

Послание «Казахстанский путь - 2050: единая цель, единые интересы, единое будущее» — это восемнадцатое обращение Главы государства к своим соотечественникам. Как отметил кан­дидат политических наук, проректор по воспитательной работе и международным связям университета «Болашак» Мурат Насимов, каждое новое Послание Президента РК обсуждает­ся учеными и политиками. Важен на­учный анализ сути и содержания но­вого документа, в котором заключены общенациональные идеи и задачи.

На заседании свои мнения выска­зали доцент кафедры правоведения КГУ имени Коркыт Ата Мадина Жусупбекова, заместитель руководителя городского отдела образования Ната­лья Джумадильдаева, представители национально-культурных центров, которые были едины во мнении, что По­слание «Казахстанский пугь-2050: еди­ная цель, единые интересы, единое бу­дущее» еще раз подтверждает, что у на­шего многонационального народа одна цель, и осуществить ее мы можем только сообща, единым народом

//Кызылординские Вести.-2014.- 18 января.- С.1

10




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет