Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi


- Балалардың ақыл-ойы, қабiлеттерi мен мүмкiндiктерi əртүрлiлiгiн ескере оқыту. -



бет12/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз


- Балалардың ақыл-ойы, қабiлеттерi мен мүмкiндiктерi əртүрлiлiгiн ескере оқыту.

- Оқуда барлық оқушылар табысқа бiрдей жетуiн талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейiне

сүйену.


- Оқушының жас ерекшелiктерiне сəйкес əдiстердi анықтау.

- Оқушылардан мүмкiн еместi талап етпеу, тапсырма өте жеңiл де, өте қиын да болмауын

ойластыру.

- Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, əлсiз оқушыны iлгерi тарту мақсатын көздеу.

- Жаңа күрделi материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа жəне нашар оқушыға

сүйенiп оқыту.

- Ең күрделi бiлiмдi игерту үшiн аналогия, салыстыру, теңдестiру, қарсы қоюды пайдаланып

оқушы ойын қоздыру.

- Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсiндiру қиын болғандықтан, əртүрлi пəнаралық

байланыстар арқылы сол заңдылықтардың көрiнiсiн айқындау, методологиялық бiлiмдердi сiңiрту.

- Баяу асығыңыздар! Қажетсiз оқытуды тездетуге болмайды, оқыту жылдамдығы жас жəне дара

қасиеттерге сай болуын ұдайы қамтамасыз ету.

- Сəйкестiк мұғалiмнiң əңгiмелеу, сөйлеу, тiл анықтылығына тəуелдiлiгiн ұмытпау.

- Сəйкестiк - жеңiлдiк емес, оқушы еңбегiн жеңiлдету мақсат емес, бiрақ оқушыға өздiгiнен бiлiм

табуға, қабылдауға, меңгеруге көмектесу қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.

- Сəйкестiк еңбекқорлықпен байланысты, еңбекқорлық күшейген сайын оқу сəйкестiгi кедергiсi

төмендейтiнiн ұмытпау.

Əрбiр мұғалiм оқыту процесiне байланысты бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметiнде

үнемi дидак-тикалық принциптердi басшылыққа алуы шарт.



Бақылау сұрақтары

1. ''Заң'' жəне ''заңдылық'' ұғымдарының анықтамаларын атаңыз.

2. Қазiргi дидактика қандай заңдылықтарды ұсынады?

3. Оқыту принциптерi деген не?

4. Жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципi деген не?

2.3 Мектептегi бiлiмнiң мазмұны

1. Бiлiм беру мазмұны

Бiлiм беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын

қалыптастыру, еңбекке дайындау үшiн белгiлi типтегi мектепте оқытылатын бiлiм мен бiлiктер

жүйесi.

Бiлiм беру мазмұны дидактикалық категория ретiнде ''ненi оқыту керек'' сұрағына жауап



бередi. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшiн оларға адамзат жинақтаған бiлiм-дер, бiлiктер мен

дағдылардың жүйесiн меңгерту керек. Бiлiм беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын

ағымдағы жəне болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бiрге, оқу мазмұны жеке

адамдардың да мақсат-тарын ескередi. Айта кететiн жайт, оқу мазмұны əрқашан саяси,

идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға

тырысады.

Оқу мазмұны қоғамның əлеуметтiк-экономикалық жəне ғылыми-техникалық қажеттiлiктерiне

сай қалып-тасады. Елiмiздiң тəуелсiздiгi, Республикамыздағы əлеумет-тiк-экономикалық жəне

саяси өзгерiстер мектеп түлектерi жаңа қоғам құруға, мəдени жəне рухани өрлеуге дайын болуын

талап етедi.

Бiлiм мазмұнына əлеуметтiк жəне ғылыми жетiс-тiктер деңгейi де өз əсерiн тигiзедi. Соңғы

кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт

қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына

енгiзiлсе, заманауи компьютерлiк бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.

Оқу мазмұнына кiретiн мəлiметтер жас мүмкiндiк-терiне де байланысты. Баланың есте

сақтау қабiлетi жоғары болғанымен, бiлiмдi игеру, мəнiн түсiну үшiн өмiрлiк тəжiрибе керек.

Ұлттық жəне жалпы адамзаттық мəдениетке байла-нысты да оқу мазмұнында ерекшелiктер

болады. Қазiргi заманда дүниежүзi бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендiру,

кiрiктiру, тұлғалық даму ережелерiне негiзделедi.

Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негiзiнде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пəндер

оқытылуы керектiгiн белгiлейдi. Бастауыш сыныптарда барлық пəндерден алғашқы элементарлық

ақпарат берiлсе, орта сыныптарда жүйелi бiлiм берiледi.

Бiлiм берудiң мазмұны оқу жоспарларында, жеке пəндердiң оқу бағдарламаларында жəне

оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.



2. Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар

Оқу жоспары

- оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерiнiң мерзiмiн,

- оқытылуға тиiстi оқу пəндерiнiң тiзiмiн,

- əрбiр оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тəртiбiн жəне ретiн,

- əрбiр пəнге бүкiл оқу мерзiмiнде жəне апта сайын əр пəнге бөлiнетiн сағаттардың

мөлшерiн көрсететiн мемлекеттiк құжат.

Типтiк оқу жоспары оқу министрлiгiнде жасалынып барлық орта мектептерге ортақ болып

бекiтiледi. Оқу жоспары мектептердiң түрлерiне орай да жасалынады. Шағын комплекттi, сегiз

жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзiнше құрылады.

Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу

жоспарында жеке пəндер педагогикалық заңдылықтарға, бiрiздiлiк жəне жүйелiлiк принциптерiне,

оқушылардың жас жəне таным ерекшелiктерiне, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай

орналасады. Жеке пəндердiң белгiлi бiр реттiлiкпен оқу жоспарында берiлуi олардың өзара

логикалық байланыс-тылығына тəуелдi. Оқу пəндерi мiндеттi жəне таңдаулы деп бөлiнедi.



Оқу бағдарламалары оқу жоспары негiзiнде құрас-тырылады. Оқу бағдарламасының

құрамы:


- аталмыш пəн бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар бiлiмдерiне, бiлiктер мен

дағдыларына қойы-латын талаптарды, олардың бiлiмiн бағалау жолдарын, оқытудың түрлерi мен

əдiстерi туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшелiктерi мен айырмашылық-тарын

анықтайтын түсiнiк хат;

- пəннiң мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;

- негiзгi дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тiзiмi;

- əр тақырыпқа қажеттi сағат мөлшерi;

- пəнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;

- əдiстемелiк оқу құралдары мен көрнекiлiктер тiзiмi;

- ұсынылған əдебиет.

Сонымен, оқу жоспарының негiзiнде əрбiр жеке пəндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол

түсiнiк хат, негiзгi бөлiм жəне əдiстемелiк аппаратынан тұрады.

Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалық-тардың өсуiне байланысты оқу

бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының

тəуелсiздiгiне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1999 жылы

қабылданған ''Бiлiм туралы'' заңға байланысты бiлiм беру саласын демократияландыру,

гуманитарландыру, ұлттық жəне жалпы адамзаттық құнды-лықтарды меңгеруге сай бiлiм беру

саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен

оқулықтарға өзгерiстер енгiзiлдi.

Бағдарлама жасауда кейбiр кемшiлiктердi атап өткен жөн болар:

- оқушылардың түсiнiгiне қиын оқу материалын енгiзу;

- курсаралық байланысты ұмыту;

Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу əдебиетi арқылы жетедi. Оқу əдебиетiне оқулықтар,

анықтамалар, қосымша ___________кiтаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс

дəптерлерi жатады. Солардың iшiнде басты назар оқулыққа арналады. Жақсы оқулық оқушыны

нəтижелi оқуға жетелейдi.

Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пəнiнiң мазмұнын жүйелi түрде баяндайтын кiтап.

Оқулыққа қойылатын негiзгi талаптар:

-оқу бағдарламасына сəйкес болу;

-оқушылар үшiн ұғымды, қысқа жəне қызықты болу;

-көрнекiлiктермен жақсы жабдықталу;

-тiлi балалардың жас ерекшелiктерiне сəйкес болуы керек;

- тексеру, өзiн-өзi тексеру жəне оқу нəтижелерiн түзетуге арналған сұрақтар мен

жаттығулардың болуы.

Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсендi түрде, толық меңгеруiн қамтамасыз

етуi керек.

Оқулыққа қойылатын талаптар күрделi болғандық-тан соңғы кезде əрбiр пəннен бiрнеше

нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығуда. Дəстүрлi кiтаптармен қатар аудио-,

видеокассеталар жəне компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.

Бақылау сұрақтары

1. Бiлiм беру мазмұны дегенiмiз не?

2. Бiлiм мазмұны немен байланысты анықталады?

3. Жалпы бiлiм беру, политехникалық жəне кəсiптiк бiлiм берудi қалай түсiнесiз?

4. Қандай мемлекеттiк құжаттар оқытудың мазмұнын анықтайды?

5. Оқыту процесiнде оқу жоспары, оқу бағдарламасының қызметi қандай деп ойлайсыз? Олардың

құрылымына сипаттама берiңiз.

6. Оқу пəнi немесе оқулық дегенiмiз не? Оқыту жұмысындағы, оның атқаратын қызметi қандай?

7. Оқу жоспары, оқу бағдарламасы мен оқулыққа қойылатын қандай дидактикалық талаптарды

бiлесiз?


8. Қазiргi кезеңде мектептегi оқытудың мазмұнын қайта қараудың негiзгi себептерi қандай?

2.4 Оқыту əдiстерi

1. Оқыту əдiстерi туралы түсiнiк

Оқыту əдiсi дидактиканың негiзгi бiр құрамды бөлiгi болып табылады. Себебi, оқыту

процесi оның мақсаты, мазмұны, əдiстерi жəне ұйымдастыру формаларының бiртұтастығы болып

табылады.

Əдiс деген сөз гректiң ''metodos'' деген сөзiнен шыққан. Метод деген ұғым белгiлi

ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудiң жолдары деген мағынаны бiлдiредi. Оқыту əдiстерi

туралы əрбiр автор өз анықтамасын бередi.

Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздiк ''əдiс'' – мақсатқа қол жеткiзетiн жол, тəсiл,

белгiлi жолмен тəртiпке салынған iс-əрекет''- деген анықтама бередi.

Оқыту əдiсi - оқушыларға бiлiм беру жəне оларды дамыту мақсатында мұғалiм мен

оқушылардың бiрлесiп жасайтын қызметi мен қарым-қатынасының тəсiл-амалдары – деген де пiкiр

айтылады.

Оқыту əдiстерi – оқытушы мен оқушылардың жұмыс iстеу əдiсi, оның арқасында бiлiм,

iскерлiк, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабiлеттiлiгi артады.

Оқыту əдiстерi – мұғалiм мен оқушылардың бiрлесе жасайтын əрекетi.

Оқыту əдiстерi – мұғалiм мен оқушылардың өзара əрекетiнiң барысында бiлiм алу жолдары.

Оқыту əдiстерi – мұғалiм мен оқушылардың өзара əрекетiнiң негiзiнде бiлiм, тəрбие жəне

таным процесiн жетiлдiру.

''Əдiске'' қатысты анықтамаларда бəрiне ортақ пiкiр: ''белгiлi бiр мақсатты көздеген мұғалiм

мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас жəне iс-əрекет''.

Олай болса оқыту əдiстерi - оқытудың мақсат-мiндеттерiне сай оның мазмұнын оқушыларға

меңгертуде мұғалiм мен оқушылардың қолданатын амал-тəсiлдерi мен құралдарының жиынтығы

болып табылады. Мұғалiм оқыту əдiстерiнiң көмегiмен оқушыларға бiлiм берiп, олардың

тəжiрибелiк əрекетiн ұйымдастыруда өзiнiң iс-əрекетiн оқушылардың таным əрекетiне басшылық

етумен байланыстырады.

Мұғалiм оқытудың нəтижесiн арттыруда оқыту əдiстерiне қатысты амал-тəсiлдерiмен қатар

оның құралдарын да пайдаланады.



Оқу құралдарына оқу кiтаптары, көрнекi жəне техникалық құралдар жатады.

1. Оқу кiтаптары - оқулықтар, оқу-əдiстемелiк кiтаптар, анықтамалар, сөздiктер, есептер

жинағы т.б.

2. Көрнекi құралдар - кестелер, сызбалар___________, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар,

тарихи, экономика-лық-географиялық карталар т.б.

3. Техникалық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б.

Сабақтар жүйесiнде оқытудың əр алуан əдiстерiн мұғалiмнiң пайдалана бiлуi оқыту

процесiнiң дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л. Н. Толстой былай

дейдi: ''Қандай мұғалiм болмасын, əдiстердi неғұрлым көп бiлуге тырысуға, оларды көмекшi шара

ретiнде қабыл алуға тиiстi. Оқушының сабақ түсiнуiндегi қиыншылығының қандайын болса да, оны

оқушының кемшiлiгi емес, қайта өзiмнiң сабақ оқытудағы кемшiлiгiм деп қабылдауға тиiстi. Жаңа

тəсiлдердi ойлап табу жөнiнде өзiнiң қабiлетiн дамыта беруге ұмтылуға тиiстi''.

Сондықтан, əрбiр мұғалiм сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай

меңгертуге болатыны жайында үнемi шығармашылықпен жұмыс iстеуi тиiс.

Оқыту процесiнде оқушыларға ғылым негiздерiне сай терең де тиянақты бiлiм беру, оларды

адамгершiлiк рухта тəрбиелеу жəне дамыту мiндеттерiн шешудегi мұғалiмнiң басшылық ету

тəсiлдерi, амалдары мен құралдарының бiртұтастығын оқыту əдiстерi демекпiз.

2. Оқыту əдiстерiнiң көптүрлiлiгi, оларды топтастыру

Оқыту əдiстерi педагогика саласында талас тудыратын күрделi мəселелердiң бiрi болып

табылады. Соған орай бүгiнгi таңда оқыту əдiстерiнiң анықтамасы жəне оларды топтастыру

мəселесiнде ортақ пiкiр қалыптаспаған.

Бұл мəселенi зерттеушi авторлар (С. И. Архангель-ский, С. И. Зиновьев, Н. В. Кузьмина, Т. А.

Ильина, Н. Д. Никандоров т.б.) оқыту əдiстерiне түрлiше анық-тама берiп, оларды əр түрлi негiзде

топтастыруды ұсынады.

Ғылыми педагогикалық əдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрi бар екен.

1. Оқушылардың таным белсендiлiгiне қарай (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер):

- түсiндiрмелi хабарлау əдiсi;

- репродуктивтiк əдiс;

- проблемалық баяндау əдiсi;

- эвристикалық əдiс.

2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М. А. Данилов, Б. П. Есипов,Т. А. Ильина):

- жаңа бiлiм беру əдiсi;

- бiлiктер мен дағдыларды қалыптастыру əдiсi;

- Техникалық құралдармен жұмыс iстеу əдiсi;

- өзiндiк жұмыс iстеу əдiсi;

- бiлiмдi тексеру əдiсi;

- проблемалық, программаланған оқыту əдiсi.

3. Тұтас педагогикалық əрекеттiң тəсiлдерiне қарай (Ю. К. Бабанский):

- оқу-танымдық əрекеттердi ұйымдастыру;

- оқуға ынталандыру;

- оқытудағы бақылау жəне өзiн-өзi бақылау əдiстерi.

4. Əдiстiң логикалық жəне психологиялық сипатына қарай (Р. Г. Лемберг):

- ауызша баяндау əдiсi;

- есеп шығару əдiсi;

- өнер құралдарын пайдалану əдiсi.

5. Мұғалiм мен оқушылардың жасайтын əрекетiнiң ерекшелiктерiне қарай (В. Оконь):

- жаңа бiлiмдi игеру əдiсi;

- өзiндiк бiлiм əдiсi;

- проблемалық əдiс;

- практикалық əдiс;

- көркем əдебиет пен өнер құралдарын пайдалану əдiсi.

Солардың iшiнде ең көп тарағаны – бiлiм берудiң көздерiне сəйкес (И. Т. Огородников,С.

И. Перовский, Е. Я. Голант):

- сөздiк немесе ауызша баяндау əдiсi;

- көрнекiлiк əдiстер;

- тəжiрибелiк əдiстер.

Бұл əдiстiң ерекшелiгi: егер мұғалiм оқу материалын ауызша баяндаса, онда бiлiм алу көзi

мұғалiмнiң сөзi болып табылады немесе мұғалiм оқушыларға бiлiм беруде көрнекiлiктердi

қолданса, онда бiлiм алу көзi көрнекiлiктер болып есептелiнедi т.с.с.



3. Оқыту əдiстерiне жалпы сипаттама

Бiлiмдi меңгерту қандай жолдармен немесе тəсiлдер-мен iске асса да, оқыту əдiстерiн

таңдау негiзiнен, бiлiм берудiң мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары жəне мiндеттерiне

сəйкес анықталады.

Оқу процесiнде бiлiм берудiң көздерiне қарай қолданылатын əдiстер:

Сөздiк əдiстер: түсiндiру, əңгiме, əңгiмелесу, лекция, кiтаппен жұмыс.

Көрнекi əдiстер: иллюстрация жəне демонстрация.

Тəжiрибел_____________iк əдiстер: лабораториялық, практикалық, графикалық, əр түрлi жаттығу жұмыстары.

Оқыту процесiнде ең көп тараған дəстүрлi əдiс - сөздiк немесе мұғалiмнiң ауызша



баяндау əдiсi. Бұл əдiс оқыту процесiнде басқа əдiстерге қарағанда жетекшi роль атқарады. В. А.

Сухомлинский: ''Сөз – ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нəрсемен ауыстыра

алмайсың…''- деп оның маңызына ерекше назар аударады

Мұғалiмнiң сөзi əсерлi, тартымды, сенiмдi, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мəнерлi

жəне бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дəлелдi болу үшiн Ы. Алтынсаринның пiкiрiн

келтiрейiк:''Мұғалiм балалармен iстес болады: егер олар бiр нəрсенi түсiнбесе, онда мұғалiм

шəкiрттердi кiналамай, оларға дұрыс түсiндiре алмағаны үшiн өзiн-өзi кiналауы керек. Мұғалiм

балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер

мен керексiз терминдердi қолданбастан əрбiр затты ықыласпен, қарапайым тiлмен түсiндiру

керек''.


Бұл əдiстi қолданғанда мұғалiм оқушыларға бiлiм берумен қатар олардың таным

белсендiлiгiн арттыруға (зейiн, қабылдау, ойлау т.б. процестерiн) байланысты да əрекет жасайды.

Мұғалiмнiң оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлi көрнекi жəне техникалық

құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.

Ауызша баяндаудың тағы бiр ерекшелiгi, оқытушы-ның түсiндiруi мен оқушылардың ұғыну

процесiнiң қатар жүруiнде. Түсiндiру барысында əңгiме, əңгiмелесу, ауызша-жазба жəне

лабораториялық жұмыстарын қажетiне сай қатар қолдану керек.

Түсiндiру – оқу материалын мұғалiмнiң логикалық тұрғыдан дəйектi де сындарлы

баяндауы. Оның себебi, түрлi заңдылықтар мен ережелердi түсiндiру белгiлi дəрежеде логикалық

жүйелiлiктi қажет етедi.

Түсiндiру əдiсiнiң мақсаты: заттардың елеулi белгi-лерiн ашып көрсету, фактiлер мен

құбылыстарды талқы-лау. Сондықтан мұғалiмнiң оқу материалын түсiндiруiнде əрқашанда

пайымдау, қорыту, дəлелдеу көп болады.

Түсiндiру əдiсiнiң ең маңызды мəселелерi – оқушылардың алдына жаңа мəселенi айқын,

ашық етiп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсiндiру əдiсiнiң табысты болуы

мұғалiмнiң нақтылы деректердi қаншама сəттi қолдана бiлгендiгiне де байланысты.

Түсiндiру əрқашанда заттар мен фактiлердiң, құбылыстардың мəнiн ашу, қағидаларды

түсiндiру, осы-лардың негiзiнде оқушыларға жаңа бiлiмдi баяндауда оны терең жəне түсiнiктi

ұғынуларына мүмкiндiк туғызады. Бiрақ ол оқушылардың жас ерекшелiктерiне, сынып жəне пəн

ерекшелiктерiне қарай өзгерiп отырады.



Əңгiме – мұғалiмнiң сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы

тəсiлi болып табылады. Сөйтiп, оқушыларға жаңа бiлiмдi түсiндiрудiң неғұрлым қарапайым жəне

түсiнiктi түрi.

Əңгiме барысында мұғалiм құбылыстарды бiрiздiлiкпен көркем суреттей отыра, өз сөзiн

əртүрлi көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекi құралдарды қолдану арқылы

жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактiлер мен құбылыстарды

жақсы түсiнiп, ұғынуына көмектеседi.

Бұл əдiстi қолдану барысында мұғалiм мен оқушылар арасында диалог пайда болады.

Əңгiме оқытудың түрлi мiндеттерiн орындауға бағытталады: жаңа бiлiмдi хабарлау, оны бекiту

мақсатында қолданылатын əңгiме; өткен материалды жаңамен байланыстыру, өткендi қайталау,

оны тексеру жəне бағалау үшiн қолданылатын əңгiме.

Əңгiме əдiсi көбiнесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңiнен қолданылады.

Мұғалiмнiң сабақта əңгiме əдiсiн қолдану ұзақтығы, берiлетiн оқу материалының сипатына

байланысты болып келедi.



Əңгiмелесу - мұғалiм мен оқушылар арасында жаңа бiлiмдердi хабарлау, пысықтау,

қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тəсiлiнде қолданылады. Сондықтан

əңгiмелесу оқытудың аса күрделi əдiсi болып есептелiнедi. Бұл əдiстi нəтижелi пайдалану

мұғалiмдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етедi.

Əңгiмелесу барысында мұғалiм оқушылардың жеке басының қабiлетiн, зейiнiн (т. б.

психикалық процестерiн), таным ерекшелiктерiн танып бiледi, баяндалып отырған немесе өтiлген

оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды.

Əңгiмелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тəсiлдерi қолданылады. Бұл əдiс,

сонымен қатар, сұрақ-жауап тəсiлi арқылы да iске асады. Ол үшiн мұғалiмнiң сұрақтары дəл,

жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиiс.



Дəрiсбаян - сөзге негiзделген оқыту əдiсi ретiнде ол өзiнiң құрылымы, баяндалатын оқу

материалының дəлдiгi жəне сабақтың өн бойында тыңдаушыларының ойлау қабiлетiн белсендi

етуi жағынан басқа əдiстерге қарағанда өзiндiк ерекшелiктерi бар.

Дəрiсбаян əдетте жоғары сынып оқушылары арасын-да көптеп қолданылатын əдiстiң бiрi.

Дəрiсбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалiм

сөзiне зейiн қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.

Дəрiсбаянның басқа ауызша баяндау əдiстерiнен тағы бiр ерекшелiгi, мұғалiмнен жаңа

бiлiмдi баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажеттi əдебиеттер тiзiмi-мен

таныстыруын қажет етедi. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын-ала танысуы, оның

мазмұнын баян-дауда мұғалiмнiң ойын жақсы ұғынуға көмектеседi.

Ол үшiн лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берiлетiн бiлiмнiң

оқушыларға түсiнiктi болуы мұғалiмдер тарапынан үлкен шеберлiктi қажет етедi.

Дəрiсбаян барысында баяндалған оқу материалы-ның мазмұнын оқушылардың қысқаша

жазып отыруы, оны өз беттерiнше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттiлiк болып табылады.

Дəрiсбаян жəне əңгiме əдiстерi оқу материалына жұмсалатын уақытты үнемдеу жағынан

тиiмдi болғанымен де, оқушылардың ___________өз ойын, пiкiрiн айтып, кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза

алмайды. Бұл турасында əңгiмелесу əдiсiнiң мүмкiндiгi мол.

Мұғалiм дəрiсбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-тəсiлдерiне жəне

құрылымына назар аударады. Дəрiсбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық жəне оқу

құралдарына байланысты анықтайды. Бiрақ, бағдарламада көрсетiлген барлық мəселелердiң

iшiнен түйiндi мəселелердi айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат

тəжiрибемен байланыс-тырып, материалдың белгiлi бiр бөлiгiн оқушыларға оқу-лықтан, басқа

əдебиеттерден өздiгiнен оқып алуға тапсыр-малар берiп отыруды оқытушы мұқият ойластыруы

қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқытушы-ның шеберлiгi

лекцияның тиiмдiлiгiн арттырудың кепiлi.

Оқулықпен жəне кiтаппен жұмыс iстеу əдiсi – оқушылардың өздiгiнен жаңа бiлiмдердi

қабылдау, сыныпта алған бiлiмдерiн бекiту, бiлiктiлiк пен дағды қалыптастыруда тиiмдi əдiс болып

табылады.

Кiтап - бiлiмнiң сарқылмас қайнар бұлағы. Ол бiлiм мазмұнын кеңiрек ашып, оқушылардың

оны терең игеруiне көмегiн тигiзедi. Оқулық жəне кiтаптың көмегiмен оқушылар сабақта немесе

сабақтан тыс кездерiнде түрлi жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалiмнiң басқаруымен сыныпта

алған бiлiмдерiн толықтырып отырады.

Оқушылар оқулықтармен жəне басқа оқу кiтаптары-мен жұмыс iстей отырып, белгiлi бiлiм

жүйелерiн меңгередi, өздерiнiң көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрiсiн дамы-тады, өздiгiнен

жұмыс iстей бiлуге дағдыланады.

Кiтаппен жұмыс iстеу оқушы үшiн оқытуда күрделi тəсiл болып танылады. Қазiргi мектеп

тəжiрибесiне жүгiнсек, көптеген жағдайда, оны бiтiрушiлер арасында кiтапты оқи немесе нəтижелi

қолдана бiлмейтiндер кездеседi.

Кiтапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негiзгi ойын,

құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекшi идеяларын ашып көрсете немесе өз

сөзiмен тиянақты баяндай алмау мəселе-лерiн ұмытпаған жөн. Ол үшiн оқушы оқу материалының

құрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгiрте қарап шығу, содан кейiн барып кейбiр маңызды

бөлiктерiне жете мəн беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есiнде

сақтауға күш салуға дағдылануы тиiс.

Екiншi мəселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейiн тез,

iштей оқуға, оқығанды өз сөзiмен айтып беруге дағдыландыру қажет.

Мəтiнмен жұмыс iстегенде оқушыларды, оның ең негiзгi мазмұнын айтуға, бөлiктерге бөлiп

жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай

тəсiлдердi қолдана бiлсе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.

Кiтаппен жұмыс iстеудiң өзiндiк мəндi психологиялық ерекшелiгi бар. Кiтап оқу мұғалiмнiң

сөзiн тыңдауға қара-ғанда оқушының ақыл-ой күшi мен ерiк-жiгерiн көп керек етедi. Ол оқушының

өзiндiк ойлауын, iс-əрекетiн жандан-дырып, оның бiлiм деңгейiн, дүниетанымын арттырады.

Қоғамға, өмiрге, адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға

тəрбиелейдi. Яғни, ол бiлiм беру көзi ғана емес, сонымен қатар тəрбие құралы.

Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кiтап немесе оқулық көмегiмен орындау барысында

қажеттi уақытты тиiмдi пайдалану, өзiне-өзi бақылау немесе есеп беру жұмыстарында

айтарлықтай кемшiлiктер бар. Барлық оқушылар бiрдей бiздiң жоғарыда айтқан кiтаппен жұмыс

жасау тəсiлдерiне мəн бермейдi, оның талаптарын толығы-мен сақтамайды. Соның негiзiнде бiлiм

мазмұны нашар меңгерiледi.

Сондықтан оқушының кiтаппен өз бетiнше нəтижелi жұмыс iстеуiн, оның саналы көзқарасын

жəне өзiне-өзi бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мұғалiм тарапынан жауапкершiлiкпен

көңiл аударып отыруды қажет етедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет