Қайталау-қорыту сабақтың аса көп тараған түрi.
Қайталудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негiзгi түйiндi мəселелерiн қайталап
пысықтауды (қай-талау - оқытудың анасы), оқушыларды өздiгiнен қоры-тынды жасауға үйретудi
көздейдi. Бұған мұғалiмнiң аса жауапкершiлiкпен ой жiберiп, тыңғылықты əзiрлiгiн қажет етедi.
Қайталау сабақтары не сабақ үстiнде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы
өткiзiледi. Ол оқу бағдар-ламасы бойынша көлемi жағынан iрi тақырыптар немесе тарауларды
оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының жəне оқу жылының аяғында
жүргiзiлiп отырады.
Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшiн оның сұрақтары мен
пайдалануға тиiстi əдебиеттерiн оқу жəне сабақ барысында қолданылатын қажеттi құрал-дарын
əзiрлеу жұмыстарын алдын ала белгiлеу керек.
Қайталау сабағын əр түрлi тəсiлдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық
жұмыстары жəне саяхат жасау) ұйымдастыруға болады.
Сабақ соңында мұғалiм оның нəтижесiн қорытын-дылап, оқушыларға қосымша
тапсырмалар беруi мүмкiн. Мұғалiм оқушылар бiлiмiндегi басты жетiстiктерi мен кемшiлiктердi
басымырақ көрсетiп, келешекте қандай мəселелерге көбiрек көңiл бөлу қажеттiгiне оқушылардың
назарын аударады.
9. Аралас сабақтың құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-мiндеттерiн түсiндiру.
Оларды сабаққа əзiрлеу.
2. Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру.
3. Жаңа оқу материалын ендiру.
4. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекiту.
5. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
6. Үйге тапсырма беру, оны түсiндiру.
Аралас сабақ - мектеп тəжiрибесiнде көптеп қолданылатын сабақ түрi. Мұндай сабақ
барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдерi немесе буындары алма кезек өзара
ұштасып жатады. Сабақ үстiнде өткендi қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау жəне тексеру, бағалау жұмыстары оқушы-лардың логикалық ойлау қабiлеттерiн арттырады, назарын тұрақты етедi. Сондықтан, ол мұғалiмнiң оқу iсiн ұйымдастыруында жəне оқушылардың оқу материалын жете түсiнуiне өте қолайлы.
Аралас сабақ əсiресе бастауыш жəне орта сыныптарда, сонымен қатар тiлге қатысты пəндерде көптеп қолданылады.
Сондай сабақтың бiр вариантын профессор Р. Г. Лемберг өзiнiң ''Дидактикалық очерктер''
деген еңбегiнде ұсынады. Оның ерекшелiгi, дəстүрлi сабақта ұйымдастыру кезеңiнен кейiнгi ретте
мұғалiмдердiң көпшiлiгi сабақты оқушылардың үй тапсырмасын тексерiп, бағалаудан бастаса,
мұнда оған керiсiнше жаңа оқу материалын енгiзiп, түсiндiру жұмыстарына айрықша мəн бередi.
Мысалы, оның құрылымы мынандай болып келедi:
1. Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсiндiру.
2. Үйге тапсырма беру.
3. Оқушылардың түсiнбеген сұрақтарына жауап беру.
4. өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың бiлiмiн сынау жəне жаңа сабақты пысықтау.
Р. Г. Лембергтiң тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын ұзақ уақыт
сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсiну белсендiлiгi төмендейдi.
Сол үшiн жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезеңiнде, демек, оқушылардың таным
қабiлеттерiнiң белсендiлiгi жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту
ұсынылады.
Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгiнi əсiресе, жоғары сыныптарда кеңiрек қолданған дұрыс
болар. Себебi, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күрделi болып келедi. Сөйтiп,
олардың оқу материалын тиянақты меңгеруiнде түсiндiру жəне оны пысықтау, бекiту жұмыстарына айрықша мəн берген жөн болар. Мұндай жағдайда үй жұмысын тексеруде арнайы уақыт бөлу, мүмкiн қажет емес болуы шарт, оны басқадай жолдармен немесе оқушылардың өздерiне тапсыруды да қарастырған жөн болмақ.
Оқушылардың бiлiмдерiн, iскерлiктерi мен дағдыларын тексеру, бақылау сабағының
құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақ-тың мақсат-мiндеттерiн түсiндiру.
Оларды сабаққа əзiрлеу.
2. Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Оқушылардың өзiндiк жұмыстары.
4. Оқушылар бiлiмдерi, iскерлiктерi мен дағдыларын бағалау.
5. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың бұл түрiнiң көздейтiн мақсаты – оқушы-лардың алған бiлiмдерi мен дағды
көлемiнiң қандай дəрежеде екендiгiн байқап, тексерумен қатар, оның сапасын бағалау; олардың
бiлетiндерi мен бiлмейтiн мəселелерiн анықтап, оны болдырмау жолдарын қарастыру.
Бiлiмдi тексеру жəне бағалау жұмыстары күнделiктi сабақтар барысында, сонымен қатар
арнаулы сабақтар түрiнде де өткiзiледi. Соның барысында оқушыларды оқу материалын терең
ұғынуға жəне меңгеруiне мүмкiндiк бередi.
Бұл жұмыстың бiлiмдiк жəне тəрбиелiк қызметi жағынан маңызы зор. Бiрiншiден,
оқушылардың бiлiмiне бақылау жүргiзу, олардың бiлiмiн толықтыру болса, екiн-шiден, олардың
жеке басын жан-жақты дамытып, тəрбиелеу жөнiнен ойдағыдай рөл атқарады.
Тексеру жəне бағалау жұмыстарын жүйелi атқару оқушыларды тегiс қамтып, олардағы
бiлiм, дағдыларындағы кемшiлiктердi дер кезiнде анықтап, болдырмау жолдарын қарастыруға
мүмкiндiк бередi.
10. Сабақта оқушылардың жеке дара, топтықжəне ұжымдық танымдық iс-əрекеттерi
Мұғалiм сабақты пысықтау, бекiту жəне соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды
орындау барысында олардың белсендiлiгiн оятуы тиiс. Əсiресе, оқушылардың қабiлетiмен қатаң
санасып отыруы керек. Сондықтан, олармен жеке дара немесе топтық жəне ұжымдық əрi
фронталдық жұмыс түрлерiн ұйымдастырады.
Оқыту процесi – мұғалiмнiң бiр мезгiлде барлық оқушыларды бiрыңғай оқытуы болғанымен де,
негiзiнен ол оқушының жеке дара жұмысының түрi. Себебi, əрбiр оқушы оны өзiнiң шама-шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзiнше қабылдап, меңгередi.
Соған орай жеке дара жұмыс əр оқушының өз бетiмен жұмыс iстеуге, бiлiмдi саналықпен
ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстар-дың заңдылықтарын оқып
бiлуге ықыласын тудырады, ойлау белсендiлiгiн арттырады.
Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлерiне:
1. Оқулықпен жұмыс iстеу.
2. Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп шығару, шығарма жазу, диалог құру
т.б.).
3. Мұғалiмнiң тапсырмасы бойынша əр түрлi лаборатория-лық тəжiрибелердi орындау.
Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетiмен бiлiм алуға ынталандырады, тəртiбiн күшейтiп,
оқуға ықыласын арттырады. Сабақта оқушылардың оқу-таным əрекетiн ұйымдастыруда жеке-дара
жұмыс түрiнен басқа олардың топтық жəне ұжым болып жұмыс iстеуiнiң маңызы ерекше.
Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу мiндеттерiн шешуде,
өзара көмекке негiзделген екi, төрт, алты т.с.с оқушылар тобының белгiлi бiр жұмыс көлемiн
атқаруын көздейдi.
Жұмыстың бұл түрi негiзiнен екi бағытта iске асады: бiркелкi немесе бiрыңғай (однородный)
жəне бiрнеше бөлшекке бөлу (диференция) жағдайында ұйымдастыру.
Оқушылардың бiрыңғай, бiркелкi оқу жұмыстары мұғалiмнiң барлығына ортақ бiрыңғай
тапсырмасын шағын топтарға бөлiп өзара əрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады.
Ал бөлшекке бөлiп оқыту – бiр мезгiлде бiрнеше тапсырманы əр түрлi тəсiлдермен
оқушылардың бiрнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.
Жұмыстың бұл түрi топ iшiнде оқушылардың тап-сырманың мақсатын , мазмұнын, оны
орындау тəсiлдерiн бiр-бiрiмен өзара ақылдасып шешуi, оның нəтижесiн талдауы, бағалауымен
ерекшелiнедi. Оқушылардың осындай өзара бiрлесiп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары
олардың жеке дара жұмыстарына қарағанда əлдеқандай жемiстi болып келедi. Əрi уақытты аз
жəне тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк туғызады.
Сонымен қатар бiр сыныптағы оқушылардың оқу мiндеттерiн топ болып шешуде өзара
əрекеттесуi немесе жарысы олардың ортақ iске деген жауапкершiлiк сезiмiн тудырады.
Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нəтижесiне өзара əсерленуiнiң
(переживание) маңызы ерекше.
Мұғалiмнiң топтық жұмысты нəтижелi ұйымдастыру шартына:
- оқушыларды өздiгiнен жұмыс iстеуге үйрету;
- жолдастарымен ақылдасуға үйрету;
- оқушылардың жекелеген топтарына оқу тапсырмалары жүйесiнiң нақты болуы;
- тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестiру iскерлiгiнiң болуы т.б.
Оқытуды осындай тəртiппен ұйымдастыру оқушылардың тəрбиесiне, атап айтқанда
өздiгiнен бiлiм алу белсендiлiгiн, олардың өзара тату-тəттi ұжымдық қарым-қатынасын,
жауапкершiлiгiн, əсерленушiлдiгiн (күйiнiшiн, сүйiнiшiн) т.б. əлеуметтiк қасиеттерiн
қалыптастырады.
Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегенiмiз – ортақ мақсатты көздейтiн жұмыс. Алайда, бұл
ортақ мақсатқа жету жолында оқу əрекетiнде белгiлi бiр өте күрделi еңбек бөлiнiсiне жол берiледi.
Оған сыныптағы оқушылардың жеке-дара жəне топтық жұмыстарының элементтерi кiредi.
Сондықтан ұжымдық жұмыстың ерекшелiгi, өз бетiмен iстейтiн дара жұмысқа бөгет
болмайды, керiсiнше əрбiр оқушыға өзiнiң алдына қойылған мiндеттерiн жақсы ұғынуға
көмектеседi.
Фронталдық жұмыс ерекшелiгi – бiр сыныптағы барлық оқушылардың бiр бағытта бəрiне
ортақ бiрыңғай тапсырманы мұғалiм басшылығымен бiркелкi жағдайда орындауы.
11. Мұғалiмнiң сабаққа дайындалу жұмыстары.
Тақырыптық жəне жеке сабақтардың жоспары
Мектептiң аса жауапты мiндетi – оқушыларды ғылым негiздерiмен терең жəне берiк
қаруландыру, табанды жəне жемiстi бiлiм алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерiнiң
алған бiлiмдерiн практикада қолдана бiлуге үйрету жəне дағдыландыру болса, осы орайда
мұғалiмнiң жауапкершiлiгi, оның сабақтар жүйесiне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру үшiн
аса зор мəнi бар. Жақсы жоспарланған, мұғалiмнiң нəтижелi даярлығын бейнелейтiн сабақ
сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткiзудiң ең жақсы кепiлi болады.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру əдiстемесiн ойластыру
жұмысын əрбiр мұғалiм өзiмнiң ең басты мiндетiм деп сезiнуi тиiс.
Егер сабақ көңiлсiз өтсе, мұғалiмдер сабақты босаң жəне енжарлықпен өткiзсе, онда, сөз
жоқ, бұл мұғалiм-дердiң сабаққа дайындалу iсiне немқұрайлылықпен қарауы, сабаққа деп бөлiнген
45 минут уақытты толық əрi жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендiгiнде деп қарауға болады.
Мұғалiмнiң сабаққа дайындалуы – аса жауапты iс. Мұғалiм өзi оқытатын пəндi қанша жақсы бiлгенiмен, егер ол сабақтар жүйесi жөнiнде тыңғылықты жұмыс iстемесе жəне əр сабаққа
жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында iрi кемшiлiктерi болмақ. Бұл – педагогтiк стажы
бар көп мұғалiмдерге де қатысты.
Əрбiр мұғалiмнiң сабаққа дайындалуы жөнiндегi талап, педагогикалық процестiң
күрделiгiнен туады. Соған сəйкес мұғалiмнiң сабаққа əзiрленуi барысында төмендегiдей сұраққа
жауап беруi керек:
1. Сабақтың мақсаты қандай?
2. Оқушылар қандай жаңа бiлiмдер алуы қажет жəне олар практика жүзiнде ненi үйренедi ?
3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?
4. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?
5. Олар қандай жолмен негiзделмек?
6. Қандай қорытындылар керек?
7. Сабақта қандай əдiстер жəне көрнектi құралдар пайдаланылмақ?
8. Оқушылардың бiлiмiн тексеру үшiн оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек ?
9. Оқушылар алған бiлiмдерiн пысықтау жəне практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар
беру керек ?
10.Үй тапсырмасына ненi беруге болады жəне оны қалай тапсыру керек.
Озық тəжiрбелi мұғалiмдер сабаққа белгiлi бiр тиянақты жүйемен даярланады дедiк. Ол
төмендегiдей кезеңдерден құралады:
а) Алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау.
б) өтiлген сабақтың табыстары мен кемшiлiктерiн есепке ала отырып, келесi тақырыпты белгiлеу.
в) Кезектi сабақтың жоспарын жасау.
Мұғалiм жұмысындағы мұндай жүйелiк оқу процесiн үздiксiз жетiлдiре беруге, əрбiр жеке
алынған сабақты сабақтар жүйесiндегi буын ретiнде қарастыруға мүмкiндiк бередi.
Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу - сыныпта оқу материалын өтудiң бiрiздiлiгi
жөнiнде айқын да анық түсiнiк құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалiмнiң оқу бағдарламасымен
жүргiзетiн жұмысы оларға оқу тоқсанына белгiленген материалдың өтiлуiн қысқаша жоспарлап
алу болып табылады. Бұлай ету оларға əр тақырып не болмаса тақырыпша шеңберiнде
сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкiндiк бередi.
Мектепе оқу материалы əрбiр жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың
түрiн күнтiзбелiк (календарный) жоспар деп атайды. Күнтiзбелiк жоспар жүйесiне белгiлi бiр
тоқсан iшiнде өтетiн тақырыптар енгiзiледi.
Тақырыптық жоспарлау - белгiлi бiр пəнге қатысты оқытудың барлық формасының бiрлiгi мен
байланысының көрiнiсi (Ильина, 363).
Ол мұғалiмге бiр сабақтан келесi сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды
анықтауда бiрiздiлiк пен жүйелiлiктi анықтауға септiгiн тигiзедi, оқу материалы-ның мазмұнындағы негiзгi ойды бөлiп қарауға, оқушылар мен мұғалiмдердiң негiзгi оқу əрекеттерiн белгiлеуге, пəнаралық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайда-ланылатын көрнекi жəне техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бiрге нақтылы тақырыптарды оқыту нəтижелерiн алдын ала болжауға мүмкiндiк бередi.
Тəжiрибелi мұғалiм тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып бiледi, осы тақырып
бойынша өткен оқу жылында жүргiзген сабақтардың тəжiрибесiн ескередi, жеке сабақтарға
арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды жəне сабақта тек бiлiмдiк мiндеттердi ғана емес,
сол сияқты тəрбие мiндеттерiнiң шешiлуiн де белгiлейдi.
Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалiмдер оқушылардың оқу еңбегiн жақсы
ұйымдастырады, əрбiр жеке оқушыға зейiн қойып, сезiмталдықпен қарайтын болады, соның
арқасында оларға жоғары сапада бiлiм берiп, жеке басын нəтижелi тəрбиелеуге қол жеткiзедi.
Себебi, сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлану белгiлi бiр оқу материалын мектепте өту үшiн
жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық жəне дара жүргiзетiн оқу
жұмысын, сабақ үстiнде оқушылардан сабақ сұрауды жəне артта қалушыларға көмек көрсетудi
күнi бұрын ескеруге мүмкiндiк бередi.
Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақтардың тақырыптарын жасап болғанан
кейiн, iле-шала мұғалiм алдағы əрбiр сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру əдiстемесiн толық
ойластырып алады.
Жеке сабақтардың жоспары - əрбiр мұғалiмнiң жеке сабақ құжаты. Ол мұғалiмнiң
тақырып жөнiнде алдын-ала қандай жұмыс жүргiзетiндiгiмен анықталады. Сондықтан тиiмдi
жасалған жоспар - тиiмдi өткен сабақ болып табылады.
Қазiргi кезде мектеп тəжiрибесiнде қалыптасқан мұғалiмнiң жеке жоспарының үлгiсi
төмендегiдей:
1. Оқу бағдарламасының берiлген тарауы бойынша сабақтың күнi мен реттiк саны анықталады.
2. Сабақтың тақырыбы.
3. Сабақтың мақсаты.
4. Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдерi.
5. Сабақтың мазмұны.
6. Оқыту əдiс-тəсiлдерi.
7. Сабақ құралдары.
8. Үй тапсырмасы.
9. Қорытынды, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың анағұрлым негiзгi бөлiгi – оның төртiншi жəне бесiншi кезеңi болып табылады.
Сабақтың əрбiр құрамды буынына немесе дидактика-лық элементтерiне мұғалiмнiң
жұмсайтын уақытын көрсетудiң мəнi зор. Содан кейiн барып оның қалған буын-дары мен мазмұны ашып көрсетiледi. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалiмге сабақ барысын нəтижелi ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.
Одан əрi қарай оқушылардың тəжiрибелiк жұмыстарын ұйымдастыру тəсiлдерi қарастырылады. Оқыту əдiстерiн қолдану нақты атап көрсетiледi.
Содан кейiн сабақта қолданылатын əр түрлi оқу құралдары (карта, глобус, приборлар, оқу-
əдiстемелiк кiтаптары, көмекшi оқу құралдары т.б.) жəне оны пайдалану əдiстемесi көрсетiледi.
Сабақтың соңғы буыны - үй тапсырмасын беру.
Н. К. Крупская мұғалiмдердiң назарын тапсырманы орындау жөнiнде оқушыларға мұқият
түсiндiру жұмыс-тарын ұйымдастыруға, оның мақсаты түсiнiктi болуына, бұл мақсат оларды
рухтандыратындай дəрежеде болуына аударады. ''Ең қызық тапсырма - дейдi ол, - баланың өз
бетiнше жұмыс iстей алуын барынша дамытып, оның ойын оятатын тапсырма екендiгi мəлiм''-
деген тұжырымдама жасайды.
Сонымен бiрге Н. К. Крупская мұғалiмдердiң сабаққа əзiрлену барысында оқушылардың үй
тапсырмасында теңестiрушiлiкке жол берiлуге болмайтындығына олардың назарын баса
аударады. ''Тапсырманы дараландыру керек, оқушының олқы жерлерiн, оның бiлiмi мен
дағдыларының жиынтығын есепке алу қажет, сабаққа күштiрек оқушыларға берiлетiн тапсырмалар оларды тым алға сүйреп əкетпей, олардың алған бiлiмiн тереңдете, оның сапасын жақсарта түсетiн болсын''- дейдi ол (Таңдамалы шығармалары, 202- 203 беттер орыс тiлiнде).
Сабақ жоспарлары мұғалiмнiң дайындығы мен тəжiрибесiне байланысты өзгеруi мүмкiн,
бiрақ негiзiнен жоғарыда көрсетiлген кезеңдердi қамтуы тиiс.
Тəжiрибелi мұғалiмдер жоспарды жасап, сол жоспар бойынша сабақты өткiзгеннен кейiн,
оған қысқаша талдау жасайды: жоспар қаншалықты сəттi орындалды жəне мақсат-қа қалай қол
жеткiзiлдi т.с.с. Бұл мəлiметтер мұғалiмге келесi сабақты нəтижелi даярлауға септiгiн тигiзедi.
12. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлерi
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкiн емес.
Сыныптық-сабақ жүйесiнiң негiзгi кемшiлiгi - оқушылардың дара ерекшелiктерiн дамытуға
жеткiлiктi мүмкiндiктердiң болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын iздестiруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық əрекетiн дамыту, толықтыру жəне оқушылардың өзiндiк шығар-машылық белсендiлiктерiн, қабiлеттерiн арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлерi қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтiк, қосымша, конференция сабақтары, өндiрiстiк оқу, үйдегi оқу жұмысы, тəжiрибелiк-зертханалық (практикум) жəне пəндiк үйiрме жұмыстары, олимпиада, сынақ жəне емтихан, өзiндiк жұмыс түрлерiн жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбiнесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негiзгi өзектi
мəселелердi талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабiлеттерiн дамыту, өзiндiк
шығармашылық белсендiлiктерiн шыңдау мақсатын көздейдi. Тақырып сұрақтарына сай пiкiр
алмасу, өз көзқарастарын дəлелдеу, мұғалiмдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты
меңгергенiн, соған орай сенiмдерi мен түсiнiктерiнiң қалыптасқандығын бақылап, тексерiп, бағалап жəне бағыт-бағдар берiп отыруға мүмкiндiк туғызады.
Семинар сабағына əзiрлену кезiнде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша
əдебиеттердi пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негiзгi ойларды
қамтып, конспект құрады. Мiне, осындай жұмыс-тардың нəтижесiнде семинар жұмысы оқытуды
ұйымдас-тыруда тиiмдi форма екенiн тəжiрибе көрсетуде.
Семинар сабағын өткiзу барысында мұғалiм пробле-малық жағдай туғызып, талқыланып
отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отыра оны
талдаудың жоспарын құрады жəне ұжымдық iзденушiлiк əрекеттерiне қолайлы жағдай туғызады.
Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу
материалдарын практикамен жалғастыру, бекiту. Сондықтан оқыту процесiнде оның маңызы зор.
Ол барлық оқу пəндерiнде, əсiресе физика, химия, биология, тарих жəне еңбек сабақтарында
кеңiнен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесiн бақылай бiлуге жаттықтырады жəне оқу
материалын өмiрмен байланыстыра алуға үйретедi.
Экскурсия сабағын өткiзу орнына: мектептiң оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл
шаруашылығына, өндiрiске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.
Оқыту процесiн бұлай ұйымдастыру мұғалiмнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етедi.
Экскурсия түрiнде жақсы өткiзiлген əрбiр сабақ оқушыларға нақтылы фактiлер мен құбылыстарды
жақсы оқып үйренуге, өз түсiнiктерiн кеңейтiп, бiлiмдерiн бекiтуге мүмкiндiк бередi.
Экскурсия сабақтарында мұғалiм оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала
түсiндiредi. Соның негiзiнде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау жасайды.
Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрi бар:
Бiрiншiсi – кiрiспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделi тарау, тақырыптарды өтер
алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрiн бастауыш жəне орта сыныптарда алдын ала
өткiзсе, олар үшiн сабақ өте қызықты жағдайда болады.
Екiншiсi - iлеспелi экскурсия деп аталады. Ол белгiлi бiр тақырыпқа арналып, сабақ
барысында оның орта шенiнде немесе өн бойында жүргiзiлуi мүмкiн.
Үшiншiсi - қорытынды экскурсия. Ол күрделi тарау немесе тақырыпты өтiп болғанан кейiн
оқушылардың сабақтар жүйесiнде алған теориялық бiлiмдерiн пысықтау, бекiту мақсатын
көздейдi.
Экскурсия сабағының нəтижелi өтуi негiзiнен мұғалiмнiң алдын-ала дайындық жұмыстары
мен өткiзу орнын дұрыс таңдай бiлуiне байланысты болмақ. Мұғалiм экскурсия болатын нысананы
алдын ала барлап, содан кейiн оқушыларға оның мақсатын түсiндiредi. Мақсатына қарай
оның жоспары жасалады. Жоспарда негiзiнен мына мəселелер қарастырылады:
1. экскурсияның барысы, негiзгi кезеңдерi, басталу жəне аяқталу уақыты;
2. маршруты, қамтитын нысанасы;
3. экскурсияға қажеттi құрал-жабдықтар;
4. экскурсия барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары.
5. жеке жəне топ болып атқаратын жұмыстардың түрлерi;
6. экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары т.б.
ХVIII ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезiмiн дамыту үшiн,
олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттiгiн дұрыс деп тапты. Оқытудың бұл түрi тек ХIХ ғ.
бастап қолданыла бастады. Оны Ресейде Л. Н. Толстой ұйымдастырған Ясная Поляна мектебiнде
кеңiрек пайдаланды.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрi оқушылардың сұранысы мен
қызығушылығы негiзiнде əртүрлi пəндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметi көпжақты:
оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетедi жəне кеңейтедi;
белгiлi бiр пəнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың
пəнге бейiмдiлiгiн ескере отыра, факультативтiк оқуды олардың қалаған мамандық-тарына сай
психологиялық жəне практикалық дайындығын арттыру жəне кəсiби бағдарын қалыптастырудың
нəтижелi формасы ретiнде қолдануға болады; олар жоғары сынып оқушыларының еңбекке
дайындығына елеулi үлес қосады.
Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейiн қамтамасыз етiп, оқушылардың өзiндiк бiлiм алуы мен
шығармашылық дамуына да ықпал етедi. Кiтаппен, анықтама əдебиеттерiмен, оқу-əдiстемелiк
нұсқауларымен өз беттерiнше жұмыс iстеу дағдысын тəрбиелейдi, приборлармен қарым-
қатынасқа түсу, оларды орнықтыруда өзiндiк ақыл-ой еңбегi мен тəжiрибелiк бiлiктiлiктi
қалыптастырып, эксперимент жұмыстарын жүргiзу тəсiлiн меңгередi.
Оқушылардың факультативтiк оқуда алған бiлiмдерi мен дағдылары сабақтарда белсендi
қолданылып, олардың мiндеттерi, мазмұны мен əдiстерi арасындағы өзара байла-ныс логикалық
тұрғыда iске асса, онда оқу жүйесiнiң нəтижесi анағұрлым артады.
Конференция ретiнде өткiзiлетiн сабақ түрi кейбiр тақырыптарды тереңiрек меңгерту, оның
ғылыми дəрежесiн көтеру мақсатын көздейдi. Сол үшiн де семинар сабақ-тарына қарағанда,
конференция түрiнде өткiзiлетiн оқу жұмысы ұсынылған əдебиеттер мен қосымша құралдардың
көлемi кеңiрек болады. Оны дайындау жəне өткiзу тəртiбi семинар сабағына ұқсас келедi. Бiрақ,
оқу конференция-сында баяндамашылар мен сөйлеушiлердiң саны көбiрек болуы қажет.
Сондықтан, оған бiрнеше қатар сыныптар-дың оқушыларын қатыстыруға болады.
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалiмнiң тағы бiр мiндетi – оқушылардың сабақтан тыс
кездерiнде таным-дық əрекеттерiн тереңдету, үлгермеушiлiктi болдырмау. Сондықтан кейбiр
оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға ___________бейiмдiлiгiн немесе сұранысын сабақ барысында
толық қамтамасыз етiп, жағдайлар жасауға əр кезде мүмкiндiк бола бермейдi. Ол үшiн оларға
үйiрме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |