Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi



бет16/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз


Бағалау - оқытудың құрамдас бөлiгi жəне қорытын-дылау сатысы. Бағалау, бiр нəрсенiң

деңгейiн, сапасын, дəрежесiн белгiлеу. Оны оқушының оқу-таным əрекетiнде қарастырсақ оқыту

процесiнiң мiндеттерiн оқушылардың қандай дəрежеде меңгеруi, дайындық деңгейi мен дамуын,

бiлiмдерiнiң сапасын, бiлiк пен дағды көлемiн анықтайтын құрал.

Келесi кезекте бiлiм, бiлiк жəне дағдыны бақылау жəне бағалау қызметiне тоқталамыз. Ол

негiзiнен үш жақты сипатта болып келедi: бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту.

Бақылаудың бiлiм беру қызметi негiзiнде оқушылар жаңа бiлiмдердi қабылдайды, бұрын

алған бiлiмдерiн толықтырып, жетiлдiрiп, белгiлi бiр жүйеге келтiредi.

Тəрбиелiк қызметi оқушыларды жүйелi түрде жұмыс iстеуге үйретедi. Бақылаудың

нəтижесiнде олар күнделiктi сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершiлдiк сезiмдерi артады.

Дамыту қызметiнiң маңызы сол, оқушылар өз бетiнше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа

бiлiмдердi қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар əзiрлейдi, хабарламалар жасайды.

Бағалаудың да қызметi үш топқа бөлiнедi: хабарлау-шылық (информирующие),

басқарушылық (управляющие), тəрбиелеушiлiк (воспитывающие).



Бiрiншi топ өз алдына: белгiлеп қоюшылық (фик-сирующая), бағдарлаушы

(ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып келедi. Бұл топтың қызметi бiлiм, бiлiк жəне

дағдыны бағалауды, əрбiр бағаның көрсет-кiштерi мен ___________өлшемдерiне мұғалiм мен оқушылардың

арқа сүйеуi жағдайында iске асады.



Екiншi топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушiлiк (регулирующая), дəлдеп

түзетушiлiк (коррек-тирующая) болып келедi. Осы топты жүзеге асырудың қажеттi шарты бағадағы

көрiнiс тек қана оқытудағы қол жеткiзiлген нəтиженiң мөлшерi ғана емес, сонымен бiрге сапасын

белгiлейтiн көрсеткiш.



Үшiншi топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая),

ынталандырушылық (стимулирующая) болып келедi. Бұл топтың қызметiнiң нəтижелi болуының

кепiлi, баға оқытудың нəтижесiн нақты бейнелей бiлуде.

2. Бiлiмдi бақылау жəне бағалаудың түрлерi,

əдiстерi мен формалары

Педагогика ғылымы саласында бiлiм, бiлiк, дағдыны бақылаудың көптеген түрлерi кең

тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделiктi,

оқтын-оқтын, қорытынды деген пiкiрлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделiктi, тақырыптық,

оқтын-оқтын, қорытынды жəне емтихан деген көзқарастарын бiлдiредi. Е. А. Дмитриев -

күнделiктi, тақырыптық жəне қорытынды, нəтижесi деген тұжырымға келген.

Профессорлар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың ''Педагогика'' оқулығында ол

тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын жəне қорытынды бақылау деп бөлiнген.

Күнделiктi бақылау оқыту процесiнде күнделiктi қолданылады жəне сабақ барысында

оқушылардың оқу-танымдық əрекетiне басшылық жасайды. Ол iшкi жəне сыртқы байланысты жан-

жақты жүзеге асырауға мүмкiндiк туғызады, соның негiзiнде оқушылардың келесi оқу əрекетiне

ықпал етедi.

Күнделiктi бақылау мұғалiмнiң жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелi түрде

бақылау жасау көмегiмен жүргiзiледi. Бақылаудың бұл түрi оқушылардың сынып немесе үй

тапсырмаларын өз бетiнше орындауға деген ниеттерi мен берiлген тапсырманы орындауға деген

олардың қызығушылығы жəне жауапкершiлдiк сезiмiн ынталандыруда үлкен манызға ие болады.

Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгiлi тақырыптар бойынша өткiзiледi.

Сабақтың тақырыбы жəне əрбiр кезеңдерi негiзiнде оқушылардың бiлiмдi, iскерлiктi, дағдыны

игеруi тексерiледi. Сонымен бiрге, мұғалiм жаңа тақырыптың кейбiр басты мəселелерiн өткен

сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбiр ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми

ережелердi оқушы-лардың есiне салады.

Қорытынды бақылау - барлық пəндер бойынша жыл аяғында өткiзiледi. Бақылау

процесiнде тақырыптық жəне тарау бойынша бақылау нəтижелерi есепке алынады. Оқушылардың

жыл бойында алған теориялық жəне тəжiрибелiк бiлiмдерi анықталады. Сондықтан қорытынды

бақылаудың негiзi емтихан жəне оқушылардың жылдық үлгерiм бағалары болады. Емтихан мен

жылдық үлгерiм бағаларынан педагогикалық кеңестiң шешiмi бойынша қорытынды бағалар

шығарылады. Бақылау əдiстерi арқылы оқушылар жұмысының тиiмдiлiгi мен мазмұны туралы керi

байланыс қамтамасыз етiледi. Бақылау əдiстерiне ауызша, жазбаша жəне графикалық бақылау

əдiстерi жатады. Бұл əдiстерге қарағанда бағдарламалап бақылау əдiстерiнiң өзiндiк ерекшелiгi

бар. Олар машинасыз жəне машиналы бағдарламалап бақылау əдiстерiне бөлiнедi.

Машинасыз бағдарламалап бақылау əдiстерi бойынша перфокарталар жəне бақылау

карталарын қолданып, оқушылардың теориялық жəне практикалық бiлiмдерiн анықтайды. Мұғалiм

оқыту жəне бiлiм беру мазмұны бөлiмi бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, əрбiр сұраққа 4

вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың iшiнен бiр сұраққа ғана дұрыс жауап берiледi.

Қалған сұрақтар варианттары: дəл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сəйкес

келедi'' (1, 269 бет).

Бақылаудың тағы бiр бөлiгi, кейбiр жағдайда, тапсырмалар түрi деп ұғынылады (жазбаша

бақылау жұмысы, тесталық жұмыс, зертханалық-тəжiрибелiк жұмыс, зачет, шығарма, диктант т.б.)

немесе оқушылар əрекетiнiң түрi болып (баяндама, хабарлама, оқушы əңгiмесi, мұғалiм сұрағына

жауап беру т.б.).

Бiлiмдi бақылау жəне бағалау ғылыми дəлелденген, тəжiрибеде қолданылған принциптер

негiзiнде жүргiзiледi: əдiлдiк, жан-жақтылық, жүйелiк, жеке-даралық, диф-ференциалдық жəне

тəрбиелiк.

Əдiлдiк, шындық (бiлiм сапасының нақтылығы, баға өлшемi мен ережесi нормасына

қатысты) – бұл субъек-тивтiк факторларды болдырмауды көздейдi.



Жүйелiк, бiрiздiлiк - əрбiр сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу əрекетiнiң басқа

буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесiнiң барлық кезең-дерiнде бақылау жүргiзудi

көздейдi: түйiндi сұрақтар бойынша оқыту нəтижесiн қорытындылау, тақырыптық бақылау,

сабақтар бойынша балл қою т.с.с.)



Жеке-дара қатынас - əрбiр оқушының ерекшелiгiн бағалау (оның қабiлетi, бейiмдiлiгi,

денсаулығы, оқу əрекетi т.б.) қарастырады.



Жан-жақтылықта - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлiгiн қамтиды, оқушылардың

теориялық бiлiмдерiн, интеллектуалдық жəне практикалық бiлiк пен дағдысын бақылауды

қамтамасыз етедi.

Диффериенциалдық қатынас - əрбiр пəннiң ерекше-лiгiн, жекелеген бөлiмдерiн, сонымен

бiрге оқушылардың жеке-дара қасиетiн ескерiп, соған сəйкес бақылаудың əртүрлi əдiстерi мен

мұғалiмнiң педагогикалық əдеп сақтауын талап етедi.

Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенiмдiлiгiн жəне оқыту

процесiнде өздерiнiң алдында тұрған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi, бақылауда əр

түрлi қателiктер мен сəтсiздiктердiң болмауына кепiлдiк жасайды.

Оқушылардың бiлiм, бiлiк жəне дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен

практикасында белгiлi бiр əдiстердi қолдану негiзiнде жүзеге асады. Олар мыналар:

- ауызша баяндау (əңгiме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).

- жазбаша бақылау (диктант___________, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру).

- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тəжiрибе

жүргiзу).

- машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды,

диафильмдердi қолдану).

- өзiн-өзi бақылау, бағалау (қателердi болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетiстiктерiн бағалау,

соған сəйкес балл қою).

Оқыту процесiнде бақылаудың фронтальдық, топтық жəне дербес формалары

қалыптасқан. Оның тиiмдiлiгi - мұғалiмнiң оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.

Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны

бiрдей тапсырмалар берiледi. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық,

жолдастық сезiм пайда болады, бiр-бiрiне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған

жұмыстарды өзара тексерiп, iске асырады. Демек, бiрiгу iс-əрекетiнде əлеуметтiк құнды мотивтер

қалыптасады.

Топтық бақылауда белгiлi оқушылар тобы сабақ барысында мұғалiмнен тапсырмалар алып

орындайды. Кейде, кейбiр оқушылар түрлi себептерге байланысты (сабақ жiберу, нашар үлгеру,

ауыру т.б.), қосымша көмектi қажет етулерi мүмкiн. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске

алған жөн.

Бақылаудың дербес формасы əрбiр оқушының бiлiмiн, iскерлiгiн жəне дағдысын терең,

жан-жақты анықтауға мүмкiндiк бередi. Дербес бақылау бағдарламалап жəне дифференциялы

оқыту барысында жақсы нəтиже бередi. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық

бiрiздiлiгi, олар өз пiкiрлерiн қалай байымдайды, қалай дəлелдейдi, мiне, осы мəселелерге аса

көңiл аудару керек.

Оқыту процесiнде оқушылардың өзiн-өзi бақылауы өте қажет. өзiн-өзi бақылау, олардың

оқу бағдарламасы материалы мен игерген iскерлiгi жəне дағдысының берiктiгi жайлы ақпарат

алуын қамтамасыз етедi. өзiн-өзi тексеру арқылы оқушылардың алған бiлiмiне сенiмi артады,

орындаған жаттығу, есеп шығару жəне тəжiрибе жұмыстарының нəтижесiн бағалайды.

Баға бiлiмдi есепке алу ғана емес, ол тəрбиелiк құрал. Сондықтан, оқушы бiлiмiн

бағалауда немқұрай-лылыққа салынуға болмайды.

Баға ''балл'' есебiнде көрсетiледi. Келесi кезекте баға жəне оның өлшемi қандай, соған

тоқталамыз. Қазiргi кезде бiлiм беру саласының барлық құрылымында оқу-таным əрекетiнiң

сапасын анықтайтын дəстүрлi ''5'' балдық жүйелер қолданылады.

''5'' бағасы - оқу материалын толық, дəл логикалық, бiрiздiлiкпен айтылған жауапқа

қойылады;

''4'' бағасы – оқу материалын толық бiледi, бiрақ болар-болмас кемшiлiгi бар жауапқа

қойылады;

''3'' бағасы – жауабы негiзiнен дұрыс, бiрақ толық емес, бiлiмiнде кейбiр проблемалар еске

алынбаған жауапқа қойылады;

''2'' бағасы – оқушы жауабында қателер, бiлiмiнде елеулi кемшiлiктер бар жауапқа қойылады;

''1'' бағасы – тексерiлген оқу материалы бойынша бiлiмi жоқ, толып жатқан өрескел қателер

үшiн қойылады.

Зачет (сынақ) - қорытынды бақылаудың айрықша түрi, ол белгiлi бiр тарау немесе тақырып

бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкiл өн бойында мұғалiм қолданған тексерудiң барлық

түрлерiн ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгiзiлген) оқу бағдарламасы-ның негiзгi

бөлiмдерi жəне тақырыптардағы бiлiм, бiлiк, дағдыларды жүйеге келтiру, тереңдету мiндеттерiн

шешедi.

Емтихан - оқушылардың бiлiмiн қорытынды тексеру-дiң жəне бағалаудың арнаулы формасы. Ол



(1944 жылдан енгiзiлген) оқушылардың бiлiмiн жинақтауға жəне бiр жүйеге келтiруге, оларды оқу

жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседi.

Емтихан мен жылдық үлгерiм бағаларынан педагогикалық кеңестiң шешiмi бойынша қорытынды

бағалар шығарылады.



3. Қазiргi кездегi оқыту жүйесiндегi бiлiмдi тексеру,

бақылау жəне бағалаудың жаңа технологиясы

Оқыту - динамикалық процесс. Оның сапасын үнемi жет___________iлдiрiп отыру - өмiр талабы. Бiлiм

беру саласында оқу-таным əрекетiнiң сапасын, дəрежесiн есепке алу, тексеру жəне бағалаудың

бiлiм, бiлiк, дағдының нəтижесiн арттыруда қызметi ерекше. Сөйтiп, оның технологиясын əркезде

өмiр талабына сай жетiлдiрiп отыру оқыту мiндеттерiнiң өзектi мəселелерiнiң бiрi.

Күнi бүгiнге дейiн оқыту саласында қолданылып жүрген бiлiм, бiлiк жəне дағдыны тексеру

мен бағалаудың ''5'' балдық жүйесi, оның сапасын, дəрежесiн анықтап, белгiлеуде барлық

жағдайда объективтiк тұрғыда қамтамасыз етпейдi. Соның нəтижесiнде қазiргi кезде жоғары оқу

орындарында оқыту процесiндегi рейтинг - тестiк жүйе оқу-таным əрекетiнiң сапасын анықтайтын

бақылаудың жаңа түрi өмiрге келдi.

Рейтинг - ағылшын тiлiнде torat - ''бағалау'' немесе ''жетiстiк өлшемi'' деген ұғымды

бiлдiредi.

Рейтинг жүйесiнiң мақсаты:

- оқу-таным əрекетiнiң сапасын, нəтижесiн арттыру;

- оқу-таным əрекетiнiң сапасын тексеру, бағалаудың тиiмдiлiгiн жетiлдiру жəне əдiлдiгiн

орнықтыру;

- оқу-таным əрекетiндегi бiлiм, бiлiк, дағды сапасын, дəрежесiн бақылауда жүйелiлiктi қамтамасыз

ету;


- оқу-таным əрекетiндегi студенттердiң жауапкершiлiгiн, белсендiлiгiн арттыру;

- тексеруде уақытты үнемдеу.

Бұл жүйенiң ерекшелiгi оқытушының педагогикалық əрекетi мен студенттердiң оқу

əрекетiнiң сапасын жақсартуға мүмкiндiк туғызады, оқу процесiнiң барлық кезеңдерiнде олардың

бiлiм, бiлiк, дағды нəтижелерiн тексеру, бақылау жəне бағалаудың тиiмдiлiгiн арттырады.

Тест - оқытудың белгiлi бiр бөлiгiн меңгеру дəрежесiн өлшеуге бағытталған тапсырмалар

жиынтығы. Олар уақытты көп жолғалтпас үшiн көлемiнiң шағын болуы, тестiк тапсырманы өз

бетiнше қалай болса, солай түсiнiк беруге жiбермеудi, жауапта дəлсiздiк немесе көп сипаттылықты

болдырмауды, оның əрi қысқа əрi жинақы болуын, тест___________iк тапсырманы орындау мен сандық

бағалау арақатынасының мүмкiндiгiнiң жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дəлдiк пен

айқындықты қамтамасыз етудi т.б. талап етедi.

Бақылауда рейтинг-тестiк жүйесiн қолдану ерек-шелiгi, оқу материалдары логикалық

тұрғыдан аяқталған бөлiк, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) бiрiктiрiледi.

Модульдердiң саны оқу пəндерiнiң мазмұнының көлемiне байланысты белгiленедi. Модульдердiң

құрылымы оқу материалының белгiлi бiр бөлiктерiнен (порция) тұрады. Əрбiр модуль нақтылы

мiндеттерден жəне өзбетiнше тереңдетiп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.

Рейтинг-тестiк бақылау түрлерiне:

а) күнделiктi немесе ағымдық (текущий),

ə) аралық (рубежный),

б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады.

Күнделiктi немесе ағымдағы бақылау əрбiр модулдер бойынша жүргiзiледi. Ол курстың

белгiлi бiр тарулары немесе бөлiктерi, болмаса күрделi тақырыптары аяқталған кезеңде

ұйымдастырылады.

Аралық бақылау əрбiр модульдер аяқталған кезеңде жүргiзiледi. Осы аралықта

коллоквиум, реферат қорғау, өзiндiк жұмыстарын қолдануға болады. Дегенменде, тестiк

жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебi,

- тест бағалау нəтижесiн нақты көрсетедi;

- уақытты үнемдi пайдалануға мүмкiндiк туғызады;

- бақылау бiр мезгiлде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткiзедi;

- тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бiрдей тең жағдайда болады.

Қорытынды бақылау: зачет, емтихан.

- Зачет (сынақ) жұмыстары бақылаудың дəстүрлi тəсiлдерi арқылы жүргiзiледi.

- Емтихан тестiк форма негiзiнде жүргiзiледi.

Тестiк тапсырманың түрлерi бақылау нысанасы мен тапсырманың сипатына сай

анықталады. Ол бiрнеше нұсқада жасалуы қажет.

Қорытынды бақылауға тек күнделiктi жəне аралық бақылау қорытындысын жинақтап орта

есеппен 41% жоғары балл жинағанда ғана жiберiледi.

4. Оқыту жүйесiндегi бiлiмдi бақылау _______________жəне бағалаудағы немқұрайлылықты

(формализмдi) жою

Оқушылардың бiлiмiн бағалау процесiнде күнi бүгiнге дейiн субъективизм (формализм) əлi

де бар.

Арнайы жүргiзген психологиялық зерттеулер көрсетуiнше, жауап берген жоғары сынып



оқушыларының 50% жуығы ''Мұғалiмдер бiздiң бiлiмiмiздi дұрыс бағала-майды, көбiнесе шын

дəрежесiнен төмен бағалайды'', - деген, ал 10% ''Артық бағалайды'', - деген. Оқушылардың

көпшiлiгi: ''Бiздiң шамамыз бен бiлiмiмiздiң сапасына жəне оқудағы табыстарымыз бен

жетiстiктерiмiз туралы дұрыстау, дəлiрек баға беретiн мұғалiм де, тiптi бiрге оқитын сынып-тастар

емес өзiмiз'', - деп жауап берген.

Бiрақ оқушылардың мұғалiм мен басқалардың берген бағасын мəн-мағына жағынан

өздерiнiкiнен гөрi жоғары санайтыны байқалған. Олардың өзiн-өзi бағалауы, өзiн-өзi бақылауы,

өзiн-өзi түзетуi бiр-бiрiмен тығыз байланысты процестер.

Сондықтан оқушылардың дербестiгiн, белсендiлiгiн арттыруда мұндай өзiндiк əрекеттерге

үйрету маңызды мəселе болмақ. Оларды өз жұмыстарының нəтижесiн бағалай бiлуге үйретудiң

тəрбиелiк маңызы зор.

Бақылау сұрақтары

1. Оқыту процесiнде бiлiмдi тексеру, бақылау жəне бағалаудың маңызы қандай?

2. Сiздiң көзқарасыңызша оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдысын бағасыз бақылап, тексеруге бола

ма?


3. Бiр жолғы жауап үшiн баға қоюдың, тоқсандық бағалар мен емтиханда баға қоюдың қандай

айырмашылығы бар?

4. Оқыту процесiнiң қандай кезеңдерiнде бiлiм тексерудi қолданады?

5. Мұғалiм бақылау жұмысын жүргiзгенде қандай педагогикалық ұсыныстарды ескеруге тиiс?

6. Бiлiмдi тексеруде жəне бағалауда күнделiктi байқау қандай рөл атқарады?

7. Баға қоюда мұғалiмдер қандай кемшiлiктер жiбередi?

8.Педагогикада бiлiмдi тексеру жəне бағалау саласында жете айқындалмаған қандай мəселелер

бар?


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДI БАСҚАРУДЫі МƏНI МЕН НЕГIЗГI ПРИНЦИПТЕРI

3.1 Бiлiм жүйесiн басқарудың қоғамдық-мемлекеттiк сипаты

1. Басқару, мектепiшiлiк басқару

жəне мектепшiлiк менеджмент

Педагогика ғылым мен тəжiрибеде тұтас педагогикалық процестi басқару ғылыми тұрғыдан

қарастырып, оған қатаң ғылыми негiзделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде.

Шындығында басқару тек техникалық жəне өндiрiстiк процестерге ғана емес, сонымен бiрге

педагогика сияқты күрделi əлеуметтiк жүйе үшiн де қажет.

Жалпы басқару дегендi - шешiм қабылдауға бағытталған, белгiленген мақсатқа сəйкес

басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негiзiнде талдау

жасап, нəтижесiнiң қорытын-дысын шығару əрекетi деп түсiндiруге болады. Басқару нысаны

биологиялық, техникалық, əлеуметтiк жүйелер болуы мүмкiн. Əлеуметтiк жүйенiң бiрi ауыл, аудан,

облыс, мемлекет көлемiн қамтитын бiлiм беру жүйесi деп бiлемiз. Бұл жерде бiлiм жүйесi ретiнде

ҚР Бiлiм жəне ғылым министрлiгi, облыстық бiлiм департаменттерi, аудандық бiлiм бөлiмдерiн

атаймыз. Ал орта мектеп күрделi қозғалыстағы əлеуметтiк жүйе ретiндегi мектеп-iшiлiк басқарудың

нысаны болады. Бiз мектептi басқару немесе оның компоненттерi туралы айтқанда олардың

жалпы жүйе - орта мектептi басқарудың бөлiктерi ретiнде қарастырамыз. Ол бөлiктерге тұтас

педагогикалық, сынып сабақ жүйесi, мектеп тəрбие жұмысының жүйесi, оқушыларға эстетикалық

тəрбие, кəсiптiк бағдар беру жүйесi жəне т.б.

Мектепiшiлiк басқару дегенiмiз бiртұтас педагогика-лық процеске қатыстылардың барынша

жоғары нəтижеге жетудi көздеген мақсатты, сапалы өзара əрекеттесуi. Бiртұтас педагогикалық

процеске қатысушылардың өзара əрекетi мынадай бiрiздi, өзара байланысты əрекеттер мен

қызметтердiң тiзбегiнен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою жəне жоспарлау,

ұйымдастыру, бақылау, реттеу жəне түзету.

Мектепiшiлiк басқарудың дəстүрлi ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы,

''ықпал ету'' ұғымының орнына ''өзара əрекеттесу'', ''ынтымақтасу'', ''рефлексивтi басқару''

ұғымдары қолданылуда.

Сол сияқты мектептi басқару теориясы мектепiшiлiк менеджмент теориясымен толығуда.

Менеджмент теория-сы басшы қызметiнiң өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенiм

бiлдiрудi, олардың табысты еңбек етуiне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленедi.

Менеджменттiң осы қыры мектепшiлiк басқару теориясын одан ары байыта түскен.



Мемлекеттiк басқарудың негiзгi белгiлерi

Қазiргi заманың бiлiм жүйесiнiң басты ерекшелiк-терiнiң бiрi - мемлекеттiк басқарудан

мемлекеттiк-қоғамдық басқаруға өту. Бiлiм берудi мемлекеттiк-қоғамдық басқарудың негiзгi идеясы

- бiлiм проблема-ларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын бiрiктiру, мұғалiмдер,

оқушылар мен ата-аналарға оқу процесiнiң мазмұны мен түрiн ұйымдастыру əдiстерiн жəне бiлiм

беру мекемелерiн таңдауға барынша кең құқық пен еркiндiк беру.

Бiлiм беру жүйесiнiң мемлекеттiк сипаты елде ''Бiлiм туралы'' заң негiзiнде бiрыңғай

мемлекеттiк саясат жүргiзiлуiмен ерекшеленедi. Заң аясында Қазақстан Республикасының бiлiм

саласына басымдық берiлген, яғни елiмiздiң əлеуметтiк-экономикалық, саяси, халықаралық

салаларындағы жетiстiктерi бiлiм саласындағы жетiстiк-терiмен байланыстырылады. Бiлiм

саласының басымды-лығы бiлiм жүйесiнiң материалдық, қаржылық мəселелерiн бiрiншi кезекте

шешудi талап етедi.

Сонымен бiрге бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк сипаты ''Бiлiм туралы'' заңда

белгiленген мемлекеттiк саясат принциптерiн мынадай бағыттарымен де айқындайды:

- бiлiм берудiң гуманистiк сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмiрi мен

денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген

сүйiспеншiлiкке тəрбиелеу;

-республикадағы ___________мəдени жəне бiлiм беру кеңiстiгiнiң бiртұтастығы, аз ұлттардың бiлiм беру

жүйесiнiң қорғалуы;

- бiлiмнiң жалпыға бiрдейлiгi, бiлiм беру жүйесiнiң дайындығы, даму деңгейi мен ерекшелiктерiне

бейiмдел-гiштiгi;

- бiлiм жүйесiнiң еркiндiгi мен көптүрлiлiгi;

- бiлiм берудi басқарудың демократиялық, мемлекеттiк қоғамдық сипаты. Бiлiм беру

мекемелерiнiң дербестiгi.

Бiлiм берудi басқарудың жергiлiктi органдары мемлекеттiк саясатын мемлекеттiк бiлiм

стандартарын сақтау арқылы iске асырады. Бiлiм стандарты оқу бағдар-ламасының мiндетi

минимумы мен оқушылар жүктеме-сiнiң максимум көлемiн жəне бiтiрушiлерге қойылатын талап

деңгейiн қамтиды. Бiлiм берудi басқару органдары-ның мiндетi бiлiм алуды формальдi түрде

қамтамасыз етумен шектелмейдi, ол сонымен бiрге жеке тұлғаның өзiн-өзi айқындалуына қолайлы

жағдай туғызады.

Бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясатты дəйектi iске асыру үшiн бiлiм берудi

басқарудың мемлекеттiк органдары құрылады. Олар республикалық, облыстық, қалалық жəне

аудандық басқару мекемелерi.

Мемлекеттiк басқару органдары - бiлiм жəне ғылым министрлiгi, облыстық бiлiм

департаменттерi өздерiнiң компетенциясы шеңберiнде бiлiм берудiң мақсат бағдарламаларын

жасайды жəне iске асырады; мемлекеттiк бiлiм стандарттарын жасап, бiлiм туралы құжаттардың

баламаларын (постификация) айқындайды; бiлiм мекеме-лерiн қаржыландырады жəне т.б.

көптеген мəселелердi шешедi.

Қазiргi жағдайда бiлiм берудi басқару жұйесiн орталықсыздандыру (дезентрализация)

процесi жүредi. Оның мəнi жоғарғы басқару органдарының бiрқатар функциясын жергiлiктi

органдарға беру. Бұл жерде респуб-ликалық органдар стратегиялық бағыттарды талдап жасаумен

айналысса, жергiлiктi органдар нақты қаржылық, кад-рлық, материалдық жəне

ұйымдастырушылық мəселе-лермен айналысуы тиiс.

Қоғамдық басқарудың негiзгi белгiлерi

Мемлекеттiк басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның

құрамына мұғалiмдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұрт-шылық өкiлдерi енедi. Олардың

басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми iзденiс атмосферасын жəне қолайлы

психологиялық климат қалыптастыруға алғы- шарт қалайды. Бiлiм берудi басқарудың қоғамдық

сипатының нақты көрiнiсi – мектеп кеңесi сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметiнен

танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметi мемлекеттiк нормативтiк құжаттарымен

айқындалады.

Мектептiң ең жоғарғы басқару органы жылда бiр рет өткiзiлетiн конференция болып

есептеледi. Оның өкiлеттiгi өте кең; жалпы мектептiк конференция мектеп кеңесiн, оның төрағасын

сайлайды, олардың қызметiнiң мерзiмiн белгiлейдi. Əрбiр оқу орны конференцияда оқу орнының

жарғысын қабылдап, нақты жағдайға қарай оқу орнының дамуын, оның мiндеттерi мен

мақсаттарын белгiлейдi. Сондықтан да бiр мектептiң Жарғысы екiншi мектептiкiнен өзгеше болуы

мүмкiн. Мектеп кеңесi алқалы орган болғандықтан дамудың негiзгi бағыттарын, оқу-тəрбие

процесiнiң сапасын көтеру шараларын белгiлейдi. Сонымен бiрге мектеп кеңесi оқу орнының

жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия, штаб құрып, олардың құқықтары мен мiндеттерiн

өкiлеттiк шегiн белгiлейдi. Ал, конференцияға шешушi дауыспен орталау жəне жоғары сынып

оқушылары, мұғалiмдер, оқу орнының басқа да қызметкерлерi, ата-аналар, жұртшылық өкiлдерi

сайланады. Конференциялар аралығында жоғары басты органның рөлi мектеп кеңесiне берiледi.

Мектеп кеңесiнiң қызметi мынадай негiзгi бағыт-тарда iске асады:

- конференция шешiмдерiн iске асыруды ұйымдастырады;

- мемлекеттiк жəне қоғамдық органдар оқушылардың мүддесiне қатысты мəселе қарастырғанда

ата-аналармен бiрге оқушылардың əлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi;

- бiрiншi сыныпқа оқушылар қабылданғанда олардың жасын, оқу түрiн белгiлейдi.

- бюджет шығындардың есебiн талқылайды, оқу орнының жеке қорын қалыптастырады, оқу

орнының бюджеттiк жəне бюджеттен тыс қаржысын жұмсауының негiзгi бағыттарын айқындайды;

- Мектеп директорының, оның орынбасарларының, жекелеген мұғалiмдердiң есептерiн тыңдайды;

- Мектеп əкiмшiлiгi жəне жұртшылық өкiлдерiмен бiрiгiп ата-аналарға педагогикалық бiлiм беруге

жағдай туғызады.

Жұртшылық немесе ата-аналар өкiлдерiнiң бiрi бас-қаратын мектеп кеңесi мектеп əкiмшiлiгi жəне

қоғамдық ұйымдармен тығыз бiрлiкте жұмыс жүргiзедi. Кеңестiң шешiмi ата-аналарға

хабарланады. Əрине, кеңес шешiмi оған қатысқандардың үштен екiсi қоштап дауыс бергенде

заңдық күшi бар деп есептеледi.

Бiлiм берудi басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуi бiлiм жүйесiн мемлекетсiздендiру

жəне бiлiм мекеме-лерiн диверсификациялаудан көрiнедi.

Мемлекетсiздендiрудiң мəнi мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiмен бiрге мемлекеттiк емес бiлiм

мекемелерiнiң де құрылуын аңғартады. Олар мемлекеттiк ақпарат құралына енбейдi, мұғалiмдер

мен тəрбиешiлер, оқушылар мен ата-аналар өздерiнiң жеке мүдделерi, аймақтық, ұлттық, кəсiптiк,

дiни бiрлестiктiң, топтың мүддесiне жұмыс жасайды. Ал диверсификация (латын тiлiнен алғанда –

көптүрлiлiк, дамудың жан-жақтылығы) бiр мезгiлде бiлiм беру мекемелерiнiң бiрнеше типiнiң қатар

дамуы. Мысалы, гимназия, лицей, колледж, жекелеген пəндердi тереңдетiп оқытатын, мемлекеттiк

емес бiлiм беру мекемесiнiң бiрқатар ерекшелiктерi болады. Ондай мекеменi басқару тiкелей оның

құрылтайшысы немесе сол құрылтайшы тағайындаған қамқоршылар кеңесi iске асырады.

Мемлекеттiк емес бiлiм мекемелерiнiң қамқоршылар кеңесiнiң өкiлеттiлiгi, басқару құрылымы,

мекеменiң басшысын сайлау, тағайындау тəртiбiн айқындайтын өз жарғысы болады.

Педагогикалық жүйенi басқарудың жалпы қағидалары

Кез келген əрекет, соның iшiнде басқару əрекетi де ұйымдастырушы мен басшылық

жасаудың барлық функцияларын iске асыруда басшылыққа алатын бiрқатар қағидаларды

сақтауға негiзделедi. Ол қағидалар мақсат қою жəне жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау жəне

т.б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену жəне нақты iске

асуын танытады. Мектепiшiлiк менеджменттiң негiзгi заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сəйкестiк,

iзгiлiк, басқарудағы демократиялық жəне мектеп түрлi басқару қызметiне дейiн болуы сияқты

компоненттердi қамтиды. Осы заңдылықттардан мектеп директорының, менеджердiң оқу жүйесiн

басқарудағы басшылыққа алатын негiзгi қағида-лары туындайды. Сонымен негiзгi қағидаларға

мыналар жатады: педагогикалық жүйенi демократизациялау жəне iзгiлеу; орталықтандыру жəне

орталықсыздандырудың парасатты үйлесiмi; жеке билiк пен алқалы билiктiң бiрлiгi; педагогикалық

жүйенi басқару ақпараттарының объективтiлiгi жəне толықтылығы.



2. Педагогикалық жүйенi басқаруды

демократияландыру жəне iзгiлендiру

Мектепшiлiк басқару ең алдымен басшылардың, мұғалiмдер, оқушылар мен ата-

аналардың бастамашылығы мен өздiгiнен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай

тек қана шешiм қабылдау мен талқылаудың бүкпесiз, ашық жүргiзгенде ғана мүмкiн. Мектеп

басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау жəне контракт негiзiнде қабылдаудың

жүйесi – мектептегi демократияның бастауы. Сол сияқты мектептi басқарудағы жариялылық

ақпараттың ашықтығы жəне түсiнiктiлiгiне негiзделелдi. Мектептiң алдында тұрған мiндеттi, оның

қиындығын жете сезiнген əрбiр мүғалiм оған бей-жай қарамайды. Мектеп əкiмшiлiгiнiң, мектеп

кеңесiнiң тұрақты түрде есеп берiп отыруы оны талқылауға жəне шешiм қабылдауға мұғалiмдер

мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмiрiнде демократияның орнығуына негiз қалайды.



Басқарудың жүйелiлiгi мен тұтастығы

Педагогикалық процестi басқару жүйесiнiң табиғатын түсiну, басқаруға қолайлы алғышарт

жасайды. Мектептегi басқаруды жүйелiлiк ыңғайының бiрiншi белгiсi – мектептi жүйе ретiнде

танып, оның негiзгi белгiлерiнен құралатын осы жүйенiң тұтастығын көре бiлу. Екiншi белгi

мектептiң құрылымы болып табылады. Жүйенiң құрылымы қалай болса мектептiң байланыстары

мен қатынастарының дамуы соған тiкелей байланысты болмақ. Жүйенiң үшiншi компонентi оның

өзiндiк ерекшелiктерi мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара əрекеттесуi арқылы

жүйенiң жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердiң тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы

жүйенiң тұтастығын айқындайды. Мектептi басқаруда жүйенiң төртiншi ерекшелiгi – оның қоршаған

ортамен тығыз жəне өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған

ортаның əрекеттесуi екi формада көрiнедi. Бiрiншi жағдайда мектеп өз əрекетiн сыртқы ортаға

бейiмдесе, екiншi жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшiн ортаны өзiне бағындырады.

Мектептi басқарудағы жүйелiлiк пен тұстастық мектептiң басшысы мен ұжымының басқару

қызмет-терiнiң өзара байланысы мен өзара əрекеттесуiн де қарас-тырады. Бұл қағиданы iске

асыруда бiржақтылыққа жол бермеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару қызметi-нiң

бiрiздiлiгiн, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық қызметiнiң де бiрдей

маңыздылығын аңғарамыз.

Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың

парасатты үйлесуi

Мектеп жəне педагогика тарихы шамадан тыс орталықтандырудың əкiмшiлiк басқаруды

күшейтуге əкелiп соғатындындығына талай рет көз жеткiздi. Басқаруды орталықтандыру төменгi

буындағы жетек-шiлердiң, мұғалiмдер мен оқушылардың бастамалығын шектеп, оларды өздерiнiң

қатысуынсыз қабылдаған шешiмдердi жай ғана орындаушыларға айналдырады. Бiржақты

орталықтандыру жағдайында басқару қызметiнiң қосарлануы, уақыт шығыны басшы мен

орындаушы-лардың жұмыс бастылығы сөзсiз орындаушылардың жұмыс бастылығы орын алады.

Соған сəйкес орталықсыздандыруға шамадан тыс мəн беру педагогикалық жүйе қызметiнiң

тиiмдiлiгiн төмендетедi. Орталықтандыруды орталықсыздандыруға пайдасына жығып беру

тұтастай басқару мен əкiмшiлiктiң рөлiн төмендетiп, басқарудың талдамалық жəне

қадағалаушылық қызметiн жояды. Мектеп тəжiрибесi көрсетiп отырғандай демократиялық

ойындар жəне орталықсыздандыруға əсуестенушiлiк ұжымының қызметi мен өмiрiне елеулi нұқсан

келтiрiп, педагогикалық ұжымда түсiнiспеушiлiк пен жанжалға негiз болып, əкiмшiлiк пен қоғамдық

басқару орындарының бiр-бiрiне қарсы тұруына жол бердi.

Сондықтан да мектепшiлiк басқаруды қамтамасыз етуде орталықтандыру мен

орталықсыздандыруды үйлестiру əкiмшiлiк жəне қоғамдық органдар басшыларына бүкiл мектеп

ұйымының мүддесiн ескерiп, кəсiптiк деңгейде шешiм қабылдауға мүмкiндiк берiп, педагогика-лық

жүйенiң барлық құрылымдық бөлiмдердiң қызметiн жоғары деңгейге көтеруге жағдай туғызады.



Жеке билiк пен басқарудың бiртұтастығы

Бұл қағиданы iске асыру педагогикалық жүйенi басқаруда субъективтiлiкке, билеп-

төстеушiлiкке жол бермеуге бағытталады. Басқару қызметiнде əрiптестердiң тəжiрибесi мен

бiлiмiне сүйенiп, оларды талдамалар жасау мен шешiм қабылдауға қатыстыру, əр түрлi көзқарас-

тарды салыстыра отырып оңтайлы шешiм қабылдаудың маңызы зор. Оның үстiне алқалық шешiм

ұжымның əрбiр мүшесiнiң тапсырылған мiндетке жеке жауапкершiлiгiн жоққа шығармайды.

Басқарудағы жеке билiк тəртiптi қамтамасыз етiп, педагогикалық процеске

қатысушылардың өкiлеттiлiгiн айыптауды жəне оны қатаң сақтауды қамтамасыз етедi. Егер

алқалы билiк қабылданған шешiмдi iске асыру кезеңiнде белгiлi бiр шешiм қабылдаса, бұл өте

маңызды.


Педагогикалық жүйе басшысының жеке билiгiн билеп төстеудi, беделдi алға салу емес, ол

терең педагогика-лық бiтiм мен тұлғаның жəне əлеуметтiк психологияны жете меңгеру, оқушы,

мұғалiм, ата-ананың дербес-психологиялық ерекшелiктерiн жiтi есепке алуға негiз-деледi.

Басқарудағы жеке мен алқалы билiк бiртұтастығы-ның көрiнiсi. Жеке билiк шешiмдi орындауда

жеделдiгiмен ерекшеленсе, алқалы билiк бiршама ''бəсеңдiгiмен'' ерекшеленедi. Сондықтан да

тактикалық əрекеттердi айқындағанда жеке билiкке, ал стратегияны талдап жасағанда алқалы

билiкке арқа сүйенген дұрыс болмақ.

Бұл принцип оқу-тəрбие процесiн басқаруда қоғам-дық негiзде жұмыс iстейтiн түрлi комиссиялар

мен кеңестердiң қызметiнен көрiнiс табады. Əсiресе ұжымдық iзденiс пен қабылданған шешiмге

жеке жауапкершiлiк қажет болатын съезд, слет, конференциялардың жұмысы осы қағиданы қатаң

басшылыққа алады. Бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк-қоғамдық сипаты орталықта жəне

жергiлiктi жерлерде бұл қағиданың күнделiктi практикада орнығуына қолайлы жағдай туғызады.



Педагогикалық жүйенi басқарудағы ақпараттардың объективтiлiгi жəне толықтылығы

Педагогикалық жүйенi басқару тиiмдiлiгi едəуiр дəрежеде қажеттi жəне толық ақпараттың

болуына байланысты. Ақпараттың объективтiлiгi жəне толықтығы ақпараты талдау жəне өңдеудегi

асығыстыққа, дерексiз-дiкке қарсы қойылады. Əлеуметтiк педагогикалық əдебиетте ақпарат

педагог пен тəрбиеленушiнiң арасындағы байланыс құралы ретiнде, кейде жүйе мен қоршаған

орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретiнде қарастырылады.

Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптiгiнен немесе тым аздығынан

туындайды. Мектепiшiлiк басқаруда ақпаратты бiржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың

аздығы да, көптiгi де шешiм қабылдауға, оны iске асыруды реттеуге кедергi жасайды. Əдетте

педагогикалық жүйедегi ақпараттың жетiстiктерi тəрбиелiк қызмет саласынан байқалады. Ал оқу

тəрбие процесiнде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу жəне оқудан тыс əрекетi, мiнезi мен даму

ерекшелiктерi туралы да ақпараттар жетiспей жатады.

Мектепiшiлiк ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау жəне қолданудың

əдiстерiн жете бiлуi тиiс. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметiне бақылау, анкета жүргiзу,

тестiлеу, нұсқаулық жəне əдiстемелiк материалдармен жұмыс жасау жиi қолданылады. Техника-

лық құралдарды жəне компьютерлендiрудiң нəтижесiнде материал жинау, оны өңдеудiң мерзiмi

едəуiр қысқарды. Қазiргi мектеп басшысының мiндетi – мектепiшiлiк ақпараттық басқару

технологиясын жасап, енгiзу. Ол технологиияны басшымен бiрге мұғалiмдер де пайдалана алуы

тиiс.

Педагогикалық жұйенi басқаруда кез келген ақпарат маңызды, əсiресе жүйенiң оңтайлы



жұмыс жүргiзу үшiн қажеттi басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлi белiгiлерiне қарап

басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша – күнделiктi, айлық, тоқсандық,

жылдық; басқару қызметiне қарай – талдамалық, баға берушi, конструктивтi, ұйымдық; жиналған

мəлiмет көзiне қарай - мектепiшiлiк, ведомстволық, ведомстводан тыс; мақсатты пайдалануы

бойынша - директивалық, таныстырушылық, кепiлдемелiк жəне т.б.

Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану технологиясын енгiзуде, еңбектi

басқару ғылыми ұйымдастырудың деңгейiн арттырады.

3. Мектеп педагогикалық жүйе жəне басқару нысаны

Педагогикалық жүйе дербес дамитын жəне тұтас басқарылатын бiрнеше компоненттерден

құралады. Педагогикалық жүйенi басқару бiр жағынан оның тұтастығын сақтаса, екiншi жағынан

оның жекелеген компоненттерiне ықпал жасауға, өзгертуге мүмкiндiк бередi. Осылайша

педагогикалық жүйенiң қызметi қатаң белгiленген уақыт шегiнде (9-11 жыл)орындалуы тиiс

қоғамның қажеттiлiгiн орындауға бағытталады. Жүйенiң мақсаты оның мазмұнын айқындайды, ол

мазмұн көп түрлi жəне оны iске асыру əдiстерi де сан алуан. Басқа жүйелер сияқты педагогикалық

жүйе де алынған нəтижелердiң деңгейiмен сипатталады.

Педагогикалық құбылыстың диалектикалық табиға-тын таныта отырып, педагогикалық

жүйенiң компонент-терi, оның оңтайлы қызмет етуiне қажеттi жəне жеткiлiктi болуы тиiс. Осы

негiзде мектеп жүйе құраушы фактор-лардың жиынтығы болып табылады. Жүйенi құраушы

фактор мақсат пен нəтиже факторларынан көрiнедi. Қызмет ету шарттары - əлеуметтiк-

педагогикалық жəне уақытша шарттарды; Құрылымдық компоненттер – басқарушы

(педагогикалық ұжым) жəне басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйенi, педагогикалық əрекеттiң

мазмұны, құралы, формалары мен əдiстерiнен түзiледi; Қызметтiк компоненттер – педагогикалық

талдау, мақсат қою жəне жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, қадағалау жəне түзетудi

құрайды.

Мектептi педагогикалық жүйенi басқару нысаны ретiнде қарастыру, бiлiм берудi басқару,

қызмет басқаруды басшылар, мұғалiмдер мен оқушылардың бiрдей дəрежеде мақсат қойып,

нəтижеге қол жеткiзуге ұмтылуын, педаго-гикалық жəне оқушылар ұжымын қалыптастыруға

қолайлы жағдай жасайды, оқу-тəрбие жұмыстарының түрлi құралдары мен əдiстерiн таңдап,

пайдалануды бiлдiредi. Бұндай жағдай педагогикалық жүйенiң мақсат-тылығын сақтауға жəне оны

құрайтын компоненттердi жақсартуға оң ықпал жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет