Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi



бет18/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз


перспективалық, жылдық жəне ағымдық.

Перспективалық жоспар мектептi соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау

негiзiнде бес жылға жасалады.

Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкiн:

1. Жоспарластырған мерзiмдегi мектептiк мiндеттерi.

2. Оқушылар контингентiнiң жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкiндiгiнiң

перспективасы.

3. Оқу-тəрбие процесiн жаңалаудың, педагогикалық инновация еңгiзудiң перспективасы.

4. Мектептiң педагог кадрларға деген сұранымы.

5. Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру (МБЖИ, курстар, семинарлар, тренингтер жəне т.б.)

6. Мектептiң материалдық-техникалық базасы мен оқу-əдiстемелiк жарақтандырылуын дамыту

(құрылыс жұмыстары, ЭЕТ жəне компьютер жабдықтары, кiтап қорын толықтыру, кабинет

безендiру).

7. Оқушылар мен мұғалiмдердi əлеуметтiк қорғау, олардың тұрмысын, еңбек жəне демалыс

жағдайын жақсарту.

Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкiл оқу жылын қамтиды. Мектептiң жұмыс

жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бiрнеше кезеңдi қамтиды. Бiрiншi

кезеңде (бiрiншi оқу тоқсаны) мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен бiлiм беру,

соның iшiнде жоспарластыруға да қатысты теория-лық жəне əдiстемелiк, нормативтiк жəне нұсқау

сипатын-дағы құжаттармен танысады. Екiншi кезеңде (екiншi оқу тоқсаны) директордың

басшылығымен жоспар, жобасы-ның құрылымын жасау, қажеттi мағлұмат көздерiн тауып, мəлiмет

жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшiншi кезеңде (үшiншi оқу тоқсаны) жинақталған

мəлiметтер талданады, комиссия мүшелерiнiң есептерi талданады, қалыптасқан

қиындылықтардың себебi айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртiнiшi

кезеңде (төртiншi тоқсанның соңы) жоспар жобасы дайындалып, талқыға салынады. Жоба оқу

жылының алғашқы педкеңесiнде мектептiң жұмыс жоспары бекiтiледi.

Ағымдағы жоспар жалпы мектептiк жоспарды нақтылау үшiн оқу тоқсанында жасалады.

Осылайша жоспарлардың негiзгi түрлерi педагог, оқушы жəне ата-аналар ұжымдарының əрекетiн

үйлестiруге мүмкiндiк бередi. Бұл жоспарлар мұғалiмдер мен сынып жетекшi-лерiнiң жұмысы үшiн

стратегиялық жоспар болып табылады.

Мектептiң жылдық жұмыс жоспарының үлгi мазмүны

Мектептердiң жылдық жоспарларының түрлi нұсқаларын жинақтай келiп, жоғарыда

жоспарластыруға қойылған талаптарды ескерiп, жылдық жоспардың мынадай үлгi жоспарын

көрсетуге болады:

1. Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы жəне жаңа оқу жылының

мiндеттерi.

2. Мектеп ұжымының жалпы бiлiм қорының жұмысын атқаруы.

Жұмыс жоспарының бұл бөлiгiнде мектеп мөлтек ауданы анықталады, нақты мектептанту

мүмкiндiгi ескерiледi. Мектеп оқушылардың жалпы орта бiлiм алуына бағытталған шараларды

жоспарластырады. ҚР ''Бiлiм туралы'' заңның баптарының орындалуын басшылыққа алады, ата-

анасы жоқ, қамқорлыққа зəру балаларға материалдық көмек ұйымдастырады. Бұл жоспар

бойынша баланың құқын қорғау, оларды үйде оқыту, тəрбиесi қиын оқушыларға көмек көрсету

мəселелерi де қамтылады. Педұжым мен ата-аналардың жұмыс жоспарында балалардың дербес-

шығармашылық дамуына жағдай жасау да қарастырылуы тиiс.

3. Педагогикалық ұжымның оқу-тəрбие процесiнiң сапасын көтеру қызметi

Оқушы мен мұғалiм қызметiнiң барлық саласын қамтитын болғандықтан жоспардың бұл

бөлiмiнiң көлемi барынша мол болады. Бұл, əсiресе, бiлiмнiң, дағдының iскерлiктiң сапасын

қамтамасыз ету, ол үшiн оқу процесiн ұйымдастырудың жаңа түрлерiн қолдану, оқытуды

дербестендiру жəне жiктеу болып табылады. Сыныптан тыс жəне сабақтан тыс жұмыстарды

ұйымдастыру, оқушы тұлғасының мəдени базасын қалыптастырудағы мектеп қызметiнiң алуан

түрлiлiгi оқушылардың өзiн-өзi басқаруын дамыту, балалардың қоғамдық ұйымдарын қолдаудың

''Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенция-сына'' сəйкестiгi.

4. Мектептiң, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар тəрбиесiндегi

бiрлескен жұмыстары. Мектептiң ата-аналардың педагогикалық бiлiмiн көтерудегi жұмыстары. Бұл

жұмыстың мазмұны отбасы мен қоғамдық орталық бiрлескен əрекетiндегi мектептiң

ұйымдастырушы орталық ретiндегi рөлiн нығайтуға бағытталады. Ол мазмұнға ата-аналар ұжымы

мен мектеп кеңесiнiң жұмысы, педагогикалық лекторийлер, жалпы мектептiк педагогикалық

конференция, педагогикалық университет сабақтары, ата-аналар үшiн ашық есiк күндерi енедi.

Ата-аналарды үйiрме, секция, студия жəне т.б. қоғамдық жұмыстарды жетекшiсi ретiнде

оқушылардың тəрбие жұмыстарына тарту, сол сияқты ата-аналармен дербес жұмыс жүргiзу де

осы бағыттың мазмұнын құрайды.

5. Педагог кадрлармен жұмыс. Педагог кадрларды аттестациялау, олардың кəсiптiк

дайындығының деңгейiне баға беруде информатика мен ЭЕТ құралдарын пайдалану, мектеп

ұжымының жалпы мектептiк ғылыми-əдiстемелiк мəселелермен - семинар, конференция, педоқу,

əдiсте-мелiк кеңес отырыстары, педагогикалық кеңес өткiзу. Озық педагогикалық тəжiрибе

мектебiнiң жұмысын жолға қою. Пəн мұғалiмдерi мен сынып жетекшiлерiнiң əдiстемелiк

бiрлестiктерi қызметiнiң мазмұнын айқындау. Педагогикалық тəжiрибенi зерттеу, жинақтау жəне

таратуға басшылық жасау. Мектепте инновациялық орта қалыптастыру, педагогикалық

инновацияны бағалау жəне енгiзу.

6. Мектепiшiлiк бақылау жүйесi. Бұл тарауда бақылауға байланысты арнайы iс-əрекет

бағдарламасы қарас-тырылады.

7. Мектептiң оқу-материалдық базасын нығайту мектептiң материалдық құндылықтары, оқытудың

техникалық құралдары, оқу құралдарын түгендеп отыру жыл бойына жоспарластырылады. Оқу

кабинеттерiн безендiру жəне қайта жабдықтау. Ұзартылған күн тобы мен 6 жасар балалармен

жүргiзiлетiн сабақ жұмыстарын жетiлдiру. Спорт, туризм, техникалық шығармашылықпен

айналысудың материалдық-техникалық базасын нығайту. Мектеп кiтапханасының қорын

толықтыру. Мектептi ағымдағы жəне күрделi жөндеуден өткiзудiң бағдарламасы.

8. Ұйымдық-педагогикалық iс-шаралар. Жоспардың бұл бөлiмiнде мектеп кеңесi отырысының,

педагогикалық кеңестiң,өндiрiстiк жиынның тақырыптары жазылады. Мектеп басшылары

арасында мiндет бөлiсiледi, мектептiң бiртұтас жұмыс тəртiбi, кезекшiлiк кестесi анықталады, оқу

жүктемесi, сынып жетекшiлiгi, кабинет меңгерушiлiгi жəне т.б. бөлiнiп берiледi.

Бiртұтас басқару циклында жоспарластыру қызметiн iске асыру мектеп қызметiнiң

тиiмдiлiгiн арттырады.

4. Мектептi басқарудағы ұйымдастырушылық қызмет

Қабылданған шешiмдердi iске асыруда оған қажеттi жүйенi iске қосу, оның түрлi

компоненттерiнiң өзара тиiмдi əрекеттесуiн қамтамасыз ету үшiн ұйымдастыру кезеңi қажет.

''Ұйымдастыру'' ұғымы бiрнеше мағынада қолданылады. Бiрiншiден, өткiзiлген сабақтың

сыныптан тыс жұмыстың сапасын, тұтас оқу-тəрбие процесiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң

жағдайына берiлген баға ретiнде қолданылады. Екiншiден, ұйымдастыру ұғымы мектеп

басшыларының, мұғалiмдердiң, оқушылардың өзiн-өзi басқару органдарының белгiленген

жоспарды iске асыруға, алға қойған мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған, жалпы тұтас

педагогикалық процестi басқаруды ұйымдастыру мағынасында қолданылады.

Адамның ұйымдастырушылық қызметi өзiнiң табиғатынан нақты жағдайда психологиялық-

педаго-гикалық бiлiмдердi шұғыл қолдана алуға негiзделген практикалық қызмет. Əрiптестермен,

оқушылармен тұрақты түрде өзара байланыста болу ұйымдастырушыл-дық қызметке бiршама

танымалдық бағдар бередi. Ұйымдастыру қызметiн жетiлдiрудi жоспарлауда мектеп басшысы

тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру, мектеп менеджерлерiн дайындау жүйесi сияқты

мектепiшiлiк менеджмет идеяларын қолдану мүмкiн.

Мектеп басқарудағы ұйымдастыру қызметiнiң мазмұны Ұйымдастыру қызметi

қабылданған шешiмдердi iске асыруға бағытталады. Ал оны нақты – мұғалiмдер, балалар, ата-

аналар, жұртшылдық өкiлдер атқарады. Сондықтан кез келген iстi ұйымдастырғанда оны адам-

дық фактордың мүмкiндiгiн пайдалану жəне iске асыру тұрғысынан бағалаған орынды.

Ұйымдастырушы орындау-шыларды алдын ала iрiктеу, оларды жұмыс орны, уақыты жəне

ұжымдық iске қатысу реттiлiгiмен бөлу сияқты мəселелердi шешедi. Алдағы iс-əрекеттiң

мазмұнын, түрi мен əдiстерiн таңдауда нақты жағдай мен орындау-шылардың мүмкiндiгiн

арақатынасын айқындау қажет. Бұл жерде нақты жағдай ретiнде əрекетке қажеттi еңбек

заттары мен құралдары, олардың орналасуы мен өтетiн орны жəне т.б. компонеттердi атауға

болады. Басшының ұйымдастыру қызметiнiң құрамында алдағы əрекеттi дəлəлдеу, нұсқау беру,

тапсырманы орындаудың қажеттiлiгiне деген сенiм қалыптастыру, педагогикалық жəне оқушылар

ұжымы əрекетiнiң бiрлiгiн қамтамасыз ету, əрекетi ынталандырудың ең тиiмдi формасын таңдау

маңызды орын алады. Сол сияқты басшының ұйымдас-тырушылдық қызметiнде нақты iстiң

барысы жəне нəтижесiн бағалау да аса қажет сапалардың бiрi. Сонымен бiрге мектеп

директорының ұйымдастырушылдық қызметi педагогикалық ұжымды, пiкiрлестер ұжымын

қалыптастыруға бағытталады. Бұл жұмыста басшының кəсiпқойлық, жалпы жəне педагогикалық

мəдениетi, мектептiң, оқушылар мен мұғалiмдер қызметiне деген қызығушылығы, мiндет қоя бiлу

жəне iске асыруға қол жеткiзе алу сияқты жеке қасиеттерi маңызды рөл атқарады. Басшының

ұйымдастырушылық мəдениетiнiң ендiгi бiр көрсеткiшi-өзiнiң жəне қарамағындағылардың

уақыттарын барынша тиiмдi етiп жоспарлау. Бұл жерде мектеп директорының əкiмшiлiк қызметпен

бiрге белгiлi бiр пəннiң мұғалiмi ретiнде педагогикалық қызметпен де айналысатындығын ескеру

керек. Директордың негiзгi уақыты əкiмшiлiк қызметiне жұмсалады, бiрақ оның педагогикалық

қызметi өзге мұғалiмдерге үлгi болатындай болу керек, сонда ғана директор ұстаздардың ұстазы

бола алады. Бұл жағдай сабаққа дайындалуға, жаңа психологиялық-педагогикалық əдебиеттердi

оқуға көп уақыт бөлудi талап етедi. Сондықтан да уақытты мақсатты түрде пайдалана бiлу

шеберлiгi – мектеп директорының, мұғалiмнiң еңбегiн ғылыми ұйымдастырудың негiзi. Əсiресе

мұғалiмдердiң де, басшылардың да жүктемесi шамадан тыс артып отырған кезде бұл əрекеттiң

маңызы арта түседi.

Мектепте басқару қызметiнiң ұйымдастыру шаралары. Мектептегi басқару қызметiн

ұйымдастыру формаларының ең бастылары ретiнде мектеп кеңесi, педагогикалық кеңес, директор

жанындағы кеңес, мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңес, əдiстемелiк семинар,

комиссия, клуб мəжiлiстерi, оқушылар комите-тiнiң отырыстарын атауға болады. Ендiгi кезекте

мектептiң педагогикалық кеңесiнiң ұйымдастырушылық қызметiне мектептiң педагогикалық

кеңесiнiң құрамы, құрылымы жəне оның қызметiнiң мазмұнын мектеп Жарғысы анықтайды.

Педкеңестiң жұмысына педагогикалық қызметкерлер ұжымы сайлайтын төраға басқарады. Мектеп

кеңесi мен педкеңес бiрiн-бiрi қайталамайды, олар бiрiн-бiрi толықтырады. Педагогикалық кеңес –

тiкелей оқу-тəрбие процесiмен жəне оны жетiлдiру мəселелерiмен айналысатын, бiр

педагогикалық ұжымда жұмыс iстейтiн кəсiпқойлардың кеңесi. Педагогикалық кеңестiң қызметi

мынадай мiндеттердi шешуге бағытталады; Мемлекеттiк стандарт талабына сай оқу

бағдарламаларын, жоспар-ларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талқылау, бағалау жəне таңдау,

сол сияқты оқу-тəрбие жұмыстарының сапасын талқылау; Мектеп мұғалiмдерi мен тəрбиешiлерi-

нiң бiлiктiлiгiн арттырудағы шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, педагогикалық ұжымда

инновациялық орта қалыптастыру, озық педагогикалық тəжiрибенi зерттеу, жинақтау жəне

насихаттау жұмыстары; Педагогикалық қызметкерлердi мұғалiмдердiң, оқушылар мен ата-

аналардың пiкiрiн ескере отырып аттестациялау өткiзу, аттестация технологиясын жетiлдiруге

байланысты ұсыныстар енгiзу, бiлiм басқармаларының алдына категориалар, атақтар мен

разрядтар беру туралы өтiнiш жасау; Тəжiрибеден өту, бiлiктiлiк көтеру курсына, аспирантураға

жiберетiн мұғалiмдердiң кандидатурасын талқылау жəне бекiту, озат мұғалiмдердi əртүрлi

моральдық жəне материалдық көтермелеу шараларына ұсыну; Мектептiң ғылыми-зертеу

мекемелерi жəне оқу орындарымен, мемлекеттiк жəне қоғамдық ұйымдармен, шығармашылық

одақтармен өзара байланысының негiзгi бағыттарын анықтау; тəжiрибелiк-эксперименттiк

жұмысты ұйымдастыру, мектеп құрылымында əдiстемелiк қызмет, орталық құру. Педагогикалық

кеңес демократия-мен жариялылық жағдайында – дайындыққа мұғалiм-дердi, оқушылар мен ата-

аналарды қатыстыру арқылы өтедi. Педкеңестi өткiзудiң алдында сұрау салу, анкеталау, бақылау

жұмысы, байқау өткiзiлуi мүмкiн. Педкеңес мəжiлiсiне мектеп өмiрi мен қызметiнiң принциптi

мəселе-лерi еңгiзiледi. Педкеңес ___________мəжiлiсiнiң жүгiн жеңiлдету үшiн мектептерде ұйымдастырудың

директор жанындағы кеңес формасы қолданылады. Мектеп директоры жанындағы кеңес

мұғалiмдер, басшылар үшiн мiндеттi болғандықтан онда оқу-тəрбие процесiн ұймдастыруға

тiкелей қатысты мəселелер талқыланады. Ондай мəселелер қатарында оқу үлгерiмi iшкi тəртiптiң

сақталуы, сабақтан тыс қызметтi ұйымдастыруды атауға болады. Директор жанындағы кеңесте

жекелеген мұғалiмдердiң бiлiм стандартын орындауы, оқушылардың шығармашылық белсендiлiгiн

дамытудағы жұмысы жəне т.б. мəселелер қаралуы мүмкiн. Кеңестiң өткiзiлуi жиiлiгiн мектеп

директоры белгiлейдi. Мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңесте оның əкiмшiлiк

компетенциясына жататын ағымдағы мəселелер қаралады. Бұндай кеңестердi өткiзу мектептiң

тоқсандық немесе айлық жоспарында белгiленедi. Шұғыл ақпараттық кеңес мектепте оқу процесiн

ұйымдастыруға қажеттi форма болып табылады. Оның мазмұны нақты жағдайдан туындайды. Ол

бiрiнғай педагог қызметкерлер немесе тек оқушылар үшiн, тiптi екеуiне де бiрдей тақырыпта

өткiлуi мүмкiн. Басқару қызметiнiң ұйымдық формаларын сабаққа жəне сыныптан тыс сабаққа,

спорт жарыстары, кештер мен көркем студияларға қатысу сияқты жұмыстар да толықтырады.

Мектеп басшыларының шұғыл ұйымдастырушылық жұмыстары ата-аналар, жұртшылық, еңбек

ұжымдарының өкiлдерiмен кездесудi де қамтиды.

Балалардың мектептi басқару iсiне қатысуының тиiмдi формасы сайланбалы орган-

оқушылар комитетiнiң құрамында жұмыс iстеуi. Балалардың оқушылар комитетi-нiң түрлi

комиссияларына қатысуы мектеп өмiрiнде демократиялық бастаулардың дамуына, балалардың

бойында бастамашылдық пен жауапкершiлiктiң қалып-тасуына негiз қалап, қабылданған шешiмдi

iске асырудың жеделдiгiн арттырады.

Мектептi басқарудың ұйымдық формаларын тиiмдi пайдалану оның дайындық деңгейi мен

бағыттылығына тiкелей байланысты. Педкеңес, директор жанындағы кеңес немесе

ұйымдастырудың шұғыл формалары педагогика-лық процеске қатысушылардың ынтымақтастығы

мен мүдделiгiне қарай мақсатқа жеткiзедi.



5. Мектепiшiлiк бақылау жəне басқаруды реттеу

Жалпы ережелер

Жете зерттелгенiне қарамастан мектептен тыс тəрбие жұмыстарын ұйымдастырушының

(мектеп директорының орынбасары құқында) мiндеттерiнiң аясына балалар шығармашылығының

сарайлары, жас натуралистер, жас техниктер станциялары, балалар бiрлестiктерi мен клубтары

сияқты қосымша бiлiм беретiн мекемелермен байланыс орнату; сынып жетекшiсiнiң жұмыс

мазмұнын жақсарту, оларға əдiстемелiк көмек көрсету, оқушылардың тұрғылықты жерi бойынша

жұмыс жүргiзу БҰҰ Конвенциясының талаптарына сай балалардың қоғамдық ұйымдарына қолдау

көрсету сияқты өзектi мəселелер жатады.

Демек, бақылау процесiнде жинақталған нақты материал педагогикалық талдауға негiз

болады. Сондық-тан мектепiшiлiк бақылау мен педагогикалық талдау мектеп қызметiнiң бiр

бағыты деп есептелiнедi.

Мектепiшiлiк бақылаудың ерекшелiгi оның бағалау қызметiмен байланысты. Ол бағалау

мұғалiм тұлғасының ерекшелiгiн ескеруге бағытталады. Егер бақылаушы жас мұғалiм болса,

бағалау оның кəсiптiк қалыптасуына, еңбек өтiмi мол мұғалiм болса оның кəсiпқойлық позициясы-

ның нығаюы немесе əлсiреуi жəне мектептегi беделiне байланысты болмақ. Сондықтан тексеру

барысында тексерушiнiң кəсiпқойлылығы мен iсiн жете бiлуiнiң маңызы зор. Тексерушiлiк қызметтi

орындайтын қазiргi инспектор немесе мектеп директоры кiсiлiк келбетi мығым тұлға болуы қажет.

Олардың мiндетi мұғалiмдердi қорқытып, үркiту емес, қайта iстiң жағдайына əдiл баға

берiп, педагогика-лық қызметтi ынталандырып, қолдап, əдiстемелiк көмек көрсету болуы тиiс. Осы

тұрғыдан алып қарағанда мектепiшiлiк бақылауды бiрқатар кемшiлiктердi атауға болады.

Бiрiншiден, директор мен оның орынбасарлары арасында тексеру нысандарының бөлiнбеуi,

тексерудiң есеп үшiн немесе өзара сабаққа енудiң санын анықтау мақсатында ұйымдастырылуы

байқаудың жүйесiздiгi. Екiншiдiн, бақылауды ұйымдастырудағы немқұрайлылық. Ол жүргiзiлген

тексеру мақсатының анық қойылмауы, бағалаудың əдiл критерийлерiнiң болмауы немесе

қолданылмауы түрiнде көрiнедi. Үүшіншіден, тексерудiң педагогикалық процесстiң бiр ғана

бағытын, бiр ғана қырын қамтудан көрiнетiн мектепiшiлiк бақылаудың бiржақтылығы. Мысалы, тек

оқу процесi немесе қазақ тiлi мен математика ғана тексерiледi. Төртiншiден, тексеруге тек

лауазымды адамдар қатыстырылып, оның есесiне тəжiрибелi мұғалiмдер мен əдiскерлердiң тыс

қалуы.

Мектепiшiлiк тексерудi ұйымдастыруда осындай жəне бұдан басқа да кемшiлiктер мен



түсiнбеушiлiктердi болдырмау үшiн бiрқатар жалпы талаптарды бiлу қажет. Ондай талаптарға

мыналар жатады: жүйелiлiк - бұл талап мектептегi оқу процесiнiң бүкiл барысын басқаруға

мүмкiндiк беретiн бақылау жүйесiн құрып, бақылау мен тексерудi тұрақты жүргiзуге бағытталады;

əдiлдiк – бұл талап бойынша мұғалiмнiң немесе педагогикалық ұжымның əрекетi мемлекеттiк

стандарт жəне бiлiм бағдарламалары талабына сай жасалынған жəне келiсiлген критерийлермен

бағалануы тиiс; ықпалдылық - тексеру нəтижелерi анықталған кемшiлiктердi жойып, оңды

өзгерiстер жасауды талап етедi; тексерушiнiң өз iсiн жетiк бiлуi - тексеретiн тақырыпты бiлу,

тексеру əдiстемесiн меңгеру, тексеру нəтижесiнiң дамуын болжай алуды талап етедi.

Мектептану əдебиетiнде (М. Л. Портнов, Т. И. Шамова, Н. А. Шубин жəне т.б.) мектепiшiлiк

бақылау мазмұнына мынадай бағыттарды қосады:

жалпыға бiрдей бiлiм берудiң ұйымдық-педаго-гикалық мəселелерiн орындау;

оқу бағдарламалары мен мемлекеттiк бiлiм стандартының орындалу барысы жəне сапасы;

бiлiм сапасы, оқушылардың ептiлiгi мен дағдысы;

оқушылардың тəрбиелiлiгiнiң деңгейi;

бiлiм, тəрбие жəне оқытудың дамытушылық қызметiн iске асыратын оқу пəндерiнiң берiлу

жайы;

сабақтан тыс тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жайы мен сапасы;



педагог кадрлармен жұмыс;

оқушыларды тəрбиелеудегi мектептiң, отбасылық жəне жұртшылықтың бiрлескен

əрекетiнiң тиiмдiлiгi;

нормативтi құжаттар мен қабылданған шешiмдердiң орындалуы.

Тексерушi органның немесе мектеп əкiмшiлiгiн арнайы дайындағын естелiк, нұсқау,

ұсыныстарды тексерудiң аталған бағыттары нақтылана түседi.



Мектепiшiлiк бақылаудың құрылымы, түрлерi мен əдiстерi

Қазiргi кезде мектепiшiлiк бақылаудың құрылымы, түрлерi мен əдiстерiн жiктеу мəселесi

пiкiрталас деңгейiн-де қалып отыр. М. Л. Портновтың ''Мектеп басшысының еңбегi'' деп аталатын

кiтабында тексерудiң үш түрiн бөлiп көрсетедi: алдын-ала, ағымдағы, қорытынды. Ал Н. А.

Шубин түр мен əдiстi бiрге топтастыра отырып былайша үйлестiредi: алдын-ала шолу, дербес,

тақырып-тық, жан-жақты жəне топтық, жинақтаушылық.

Педагог - теоретиктер мен практиктердiң арасында Т. И. Шамова ұсынған мектепiшiлiк

бақылаудың құрылымы мен түрлерi кең қолдау тапты. Ол жiктеу құрылымдық жағынан

тыңғылықты, қисынды, практика-лық қолданымға қолайлы жəне ең бастысы бақылаудың

құрылымы мен түрлерi тұтас педагогикалық процесстiң табиғатына толық жауап бере алады.

Ол ұсынған тексерудiң түрi - жан-жақты жəне тақырыптық болып бөлiнедi. Тақырыптық

тексеру – педагогикалық ұжымның мұғалiмдер тобының немесе жекелеген мұғалiмнiң қызмет

жүйесiндегi белгiлi бiр нақты мəселенi тереңдей зерттеуге бағытталады. Тақырып-тық тексерудiң

мазмұны педагогикалық процестiң түрлi бағыттары, жекелеген мəселелердi қамтығанымен ол

терең жəне мақсатты зерттеледi. Ол мазмұн мектептегi инновация, озық педагогикалық

тəжiрибенi енгiзу мəселесiн де қамтиды.

Жан-жақты тексеру - педагогикалық ұжымның, əдiстемелiк бiрлестiктiң немесе жекелеген

мұғалiмнiң қызметiн жан-жақты тексеруге бағытталады. Көп еңбек сiңiрудi жəне тексеруге көп адам

тартуды қажет ететiндiктен жаппай тексерудi жылына екi-үш рет қана жүргiзу тиiмдi. Жекелеген

мұғалiмнiң қызметiне жан-жақты тексеру жүргiзгенде, мысалы, аттестациялау барысында оның

жұмысының барлық бағыттары - оқу, тəрбие, қоғамдық-саяси, басшылық əрекеттерi түгел

зерттеледi. Ал мектептi жан-жақты тексеру кезiнде бiлiм беру мекемесiне тəн қызметтiң

барлық аспектiлерi қамтылады, ол жалпы бiлм беру заңын, бiлiм беру процессiн ұйымдастыру,

ата-аналармен жұмыс, қаржы-шаруашылық қызметi жəне т.б.

Тексеру кiмнiң жүргiзетiндiгi жəне ненi тексеретiн-дiгiне байланысты мынадай түрлерге

бөлiнедi.



Дербес тексеру жекелеген мұғалiм, сынып жетекшiсi, тəрбиешiлiк жұмысын қамтиды. Ол

тақырыптық та, жан-жақты да болуы мүмкiн. Педагогтар ұжымының жұмысы оның жекелеген

мүшелерiнiң жұмысынан құралатындық-тан дербес тексеру өзiн-өзi ақтайды. Мұғалiм қызметiнде

дербес тексеру педагогтың өзiн-өзi басқару құралы, кəсiпқой болып қалыптасуының стимулы

ретiнде аса маңызды.

Сыныптық-жинақтаушылық тексеру оқу жəне оқудан тыс əрекет процессiнде сынып

ұжымын қалыптас-тыруға ықпал жасайтын факторлар жиынтығын зерттеуде қолданылады.

Тексеру түрлерiнiң арттарында ''жинақ-таушылық'' ұғымының жиi қайталануы педагогикалық

процестi басқаруға бақылау- тексеру қызметiнiң дəлелдi, əдiл, жинақтаушы ақпаратпен

қамтамасыз етумен байланысты. өйткенi, осындай ақпарат педагогикалық талдау, мақсат қою,

шешiм қабылдау жəне оны iске асыру кезеңiнде қажеттi шынайы ақпарат алуды қамтамасыз етедi.

Мектеп құжаттарын зерттеу, бақылау, əңгiмелесу, ауызша жəне жазбаша тексеру, анкеталау, озық

___________педаго-гикалық тəжiрибенi зерттеу, хронометрия, болжамдау сияқты əдiстер де қолданылады. Ол

əдiстер бiрiн-бiрi толықтырып отырады. Егер iстiң шынайы жағдайын бiлгiмiз келсе онда

мүмкiндiгiнше түрлi əдiстерiн қол-данып көру қажет.

Оқу-тəрбие процесiнiң сандық жəне сапалық сипаттамасын жасау үшiн мектеп құжаттарын

зерттеу əдiсiн қолдануға болады. Мектептiң оқу-педагогикалық құжаттары мыналар; оқушылардың

алфавиттiк тiркеу кiтабы, оқушылардың жеке iс қағаздары, сынып жор-налдары, факультативтiк

сабақ құралдары, ұзартылған күн тобының жорналы, бiлiм туралы аттестат беру жəне

бланкыларды есепке алу кiтабы, педагогикалық кеңестiң жəне мектеп кеңесi мəжiлiсiнiң

хаттамалар кiтабы, оқушылар қозғалысының бұйрық кiтабы, жалпы мектептiк бұйрық кiтабы,

мектеп педагог кадрларының есеп беру кiтабы жəне т.б.

Мектеп құжаттарының қатары аса мол, ал олардан алынатын ақпараттар да сан-салалы,

мазмұны бай болып келедi.

Мектеп құжаттары бiрнеше жылдық ақпараттарын жинақтайды, қажет болған жағдайда

мұрағаттың көмегiне сүйенуге болады. Осылайша жинақталған ақпарат салыстырмалы талдау

жасауға, əсiресе педагогикалық əрекеттi болжамдауға мүмкiндiк бередi.

Мектеп практикасында ауызша жəне жазбаша тексеру барынша жиi қолданылады.

Қолдануға жеңiл əрi оңай болғанымен тексерудiң тек осы түрiмен шектелiп қалуға болмайды.

Сонымен бiрге мектеп практикасында ақпарат жинаудың социологиялық əдiстерi - анкеталау,

сұрау салу, интервью алу, əңгiмелесу, эксперименттiк бағалау да қолданылады. Олар тексерушi

қажеттi ақпаратты тез алуға мүмкiндiк бередi.

Хронометриялық əдiс мектептiң жұмыс тəртiбiн, сабақ жəне сыныптан тыс оқу уақытын

тиiмдi ұйымдас-тыру, оқушылар мен мұғалiмдердiң жұмыс бастылығын, оның сабағын, үй

тапсырмасының көлемiн, оқу жылдам-дығын анықтауға қолданылады.

Мектепiшiлiк тексерудiң түрi мен əдiстер___________iн таңдау оның мақсаты, мiндеттерi, тексеру

нысаны, уақыт жағдайына тiкелей байланысты. Ал тексерудiң түрлерi мен əдiстерiн тиiмдi етiп

қолдану жоспарлауға жəне тексеруге əкiмшiлiк, мұғалiмдер, бiлiм берудi басқару органдарының

өкiлдерiн кеңiнен тарта отырып iске асырғанда нəтижелi болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет