Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi


Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы (1845-1904)



бет26/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз


Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағылымы (1845-1904)

Абай ақын - ұлы тұлға, маңдай алды ақын екенi, таңдаулы туындылары дүние жүзi

поэзиясының озық үлгерiмен деңгейлес тұрғаны - бiлген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық

бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрiк жырау, жыршы, ақындары бар қазақ

əдебиетiнде Абай орнының ерекше болуы тегiн емес.

Абай халықтың түбегейлi мүддесiн, арман-тiлектерiн оқу-бiлiм қаншалықты терең

ұғып-түсiнiп, қандай ойшыл-дық деңгейде, қандай көр-кемдiк қуаттылықпен айтып, жеткiзе

алғандығында. ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып жетiлiп, кемелiне келуi үшiн

тиiстi қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздiксiз еңбек, iзденiс, бiлiм - мiне осылардың

түйiсiп келуi шарт.

Абайдың педагогикалық мұраларының негiзгi идея-ларының бiрi - адамдардың өзара

қарым-қатынасы, əсiресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз - Абай халықтың əл-

ауқатының деңгейi, санасы, мəдениетi, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бiр-бiрiне

мейiрбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелiгi, салт-дəстүрiнiң дамуы - сол халықтың

еңбек сүйгiштiгiне, еңбек ету дəрежесiне тiкелей байланысты екенiн даналықпен болжады.

Еңбектi Абай, басқада қазақ ағартушылары сияқты - байлықтың, молшылықтың көзi - деп санады.

Жастарды еңбекке шақырды. Оған 1886 жылы жазған мына бiр шумақ өлеңiн келтiруге болады.

''Қартайдық, қайғы ойладың ұлғайды арман,

Шошимын кейiнгi жас балалардан,

Терiн сатпай, телмiрiп көзiн сатып,

Теп-тегiс жұрттың бəрi болды аларман - деп, өз кезiндегi еңбек етпейтiн жастардың

осындай жағымсыз мiнездерiн сынады. Ендi бiрде Абай

''Осындай сидам жiгiт елде мол-ақ,

Бəрi де шаруаға келедi олақ,

Сырын түзер бiреу жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнерi қу борбай сымпыс шолақ.

Абай даналығы еңбек ет - мал тап деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбек құмарлық

халықты өнерге үйретедi, бiлiмге меңзейдi, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты – еңбек ғана биiкке шығарады, психологиясын өзгертедi - деген Абай даналығы бұл күнде де күшiн жойған жоқ.

Еңбек Абайша айтсаң-өнер. Жастардың еңбек тəрбиесi, сонда ғана жүзеге асады, егер ол

халықтың бүкiл көпшiлiктiң, түптеп келгенде, бүкiл қоғамның игiлiгi не айналғанда, оның молшылық қажетiне жараған жағдайда, бiлiм алып, бақытты болған шағында. Ол еңбек тəрбиесi – басқа барлық тəрбиенiң негiзi. Басқалары ақыл-ой, адамгершiлiк, патриоттық, эстетикалық, эколо-гиялық пен экономикалық еңбек тəрбиесiнiң құрамдас бөлiгi екенiне дəлелдеп бердi.

Еңбек тəрбиесiн, оқу мен бiлiм алудың негiзi - деп түсiнген Абай жас ұрпақтың барлық

тəрбиесiнiң көзiн- бұлағын еңбектен iздедi. Ол еңбек пен қоғамдық еңбектiң тұтастығын, бiрлiгiн -

парасаттылық пен инабаттылықтың, бiлiмдiлiктiң, тұлғалықтың, iсiне талғамын, үлгiлерi - өмiр-дiң, тiршiлiктiң жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететiнiн аса көрегендiкпен дəлелдедi, оған өлең жолдарын, ғақлияларын арнады. Ең бастысы: еңбек пен адамгершiлiк сапасын

қалыптастырады, адамды, жастарды эстетикалық рухта тəрбиелеп, оларды əдемiлкке,

көрнектiлiкке жеткiзедi, оларды жарқын болашаққа шақырады, материалдық игiлiкке жол ашады.

Ақын пiкiрiнше еңбек - адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтередi, баулиды, жетелейдi.

Абай арманы еңбекке, адамгершiлiкке, ақыл-ойға, парасаттылық пен инабаттылыққа негiзделген,

үлкен мəдениеттiлiктiң қайнар бұлағына айналған. Абай тағылымы - даналықтың, ғұламалықтың,

құдiреттiлiктiң, имандылықтың кəусар тамшысы, ағынды тасқыны, дария көлi, мұхиты.

Абай поэзиясының ең басты ерекшелiгi тəрбиелiк тағылымы мол асыл мұрасы ол өзi өмiр

сүрген тұтас бiр тарихи дəуiрдi жан-жақты барынша толық бейнелеп бердi.

Бiрақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дəуiрдi танытады деу аз. Сол

замандағы қоғамдық өмiр салтының, ой-сана, бiлiм-ғылым түсiнiктердiң бiрнеше ғасыр бойы

қалыптасқанын, түп-тамыр əрiде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы

қоғамның дамуындаағы бiр елеулi кезеңдi бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мiнез-

құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшiнiң жеткен жерiн ғана емес, өткен жолын да

танытарлықтай етiп көрсете бiлдi. Ал қоғам өмiрiндегi көптеген адамгер-шiлiк, моральдық

проблемалардың, мысалы, əдiлдiк, бiрлiк, достық, бiлiмдiлiк, еңбек сүйгiштiк, талаптылық,

адалдық, солармен қатар озбырлыққа жауыздыққа, екiжүздiлiкке төзбеушiлiк секiлдi сан түрлi

мiнез-құлық мəселелерi қай заманда да мəнi жоймайтындығын жəне қанша заман ауысып, уақыт,

жағдай өзгердi дегенмен, халықтың ұлттық ерекшелiктерi, адамгершiлiк қасиеттерi жаңғырып,

жаңаша сипат ала отырып, жалғастық тауып өрiстеп, дами беретiнiн ескерсек, Абай поэзиясы

кейiнгi дəуiрлердiң, соның iшiнде бүгiнгi замандағы өмiр шын-дығын танып-бiлуге үлкен себiн

тигiзе алатыны қақ. Олай болса, Абай творчествосын өз дəуiрiнiң шеңберiнде ғана қалатын, осы

мағынада бiз үшiн тек тарихи маңызы бар, өткiншi құбылыс деп санауға болмайды, ол - заман

ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-əсерi арта түсiп, өркендеп, дамып

отыратын асыл мұра. Тарихи принцип тəрбиелiк тағылым Абай творчество-сының сол

дəуiрдегi қоғамдық өмiрмен тамырластығын танып-бiлудiң бiрден-бiр қажеттi шарты екенiн

мойындай отырып, ақын шығармаларын бүгiнгi оқырмандар əсiресе, жасөспiрiмдер қалайда

өздерiнiң өмiрге көзқарасы, арман-мұраттарын жалғастыра, жанастыра қабылдайтынын жоққа

шығара алмаймыз. Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегi қоғамдық өмiрiмен

байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тəрбиелiк мiндет атқарғанын, сөз өнерiнде не

жаңалық əкелгенiн толық түсiнсек, сонда ғана бiз оның кейiнгi кезеңдерде, қазiргi заманда қоғам-

дық ой-сананың, мəдениеттiң, оқудың өркендеуiне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық

аңғара аламыз. Сондай-ақ, ақын мұрасының өмiршеңдiгiн, заман озған сайын маңызы, əсерi

қаншалықты күшейе түскенiн зер салып байыптасақ, оның өз заманының озық тiлек-

мақсаттарына сəйкес тарихи өмiрдiң өзi туғызған бастапқы сипат-қасиеттерiн айқынырақ тани

аламыз. Оның ең басты бiр қыры оқу-тəрбиелiк маңызында.

Абай шығармаларында алдымен мейiлiнше мол, əр қырынан көрiнетiн, əрине, ақынның өз

бейнесi, өз тұлғасы. Лирик ақын қоғам өмiрiнiң шындығын өз көңiл-күйiн бiлдiру арқылы, өз сезiм

толғаныстары, ой-толғам-дары арқылы танытады. Ақынның өз тұлға-бейнесi оны тебiренткен ой-

сезiмдерден, айтылып, баяндалып отырған өмiрдегi алуан түрлi жағдайларға, қоғамдық

мəселелерге, əр түрлi адамдардың iс-əрекеттерiне оның қатынасынан, берген бағасынанда

айқындала түсiп, жан-жақты толық көрiнiсiн табады. Абай өзiн ұстаз ретiнде де көрсете алады.

Ақынның бейнесi дегенiмiздiң өзi де ылғи бiр қалып-та, бiркелкi сипатта көрiнбейдi, əр

қырынан, əр жағынан ашылып отырады. Көптеген өлеңдерiнде ақын өз көңiл күйiн тiкелей бiлдiрiп, ойын тура айтады. өлеңдерi кейде сұхбат, сырласу, кейде насихат, кейде ойға шому, ой толғау, тəрбиелiк түрiнде əр алуан болып келсе, ақын бейнесi анық, айқын қалпында танылады.

Сонымен қатар Абайдың өлеңдерiнде əртүрлi топ-тың өкiлдерi əсiресе ұстаздар, жас

адамдар үнемi бой көрсетiп отырады. Мысалы:

Жақсыға айтсаң, жаны ерiп,

Ұғар көңiл шын берiп.

Жамандар адал еңбек қыла алмай жүр.

Кейде топтап айту үшiн бiреу (''Пайда үшiн бiреу жолдас бүгiн таңда''), (''Əркiм жүр алар

жердiң ебiн қамдап''), кейбiрi (''Кейбiрi пiрге қол берген'') деген сияқты сөздердi де қолданады.

Тiптi, сөзiн тыңдаушыларға қаратып айтып, сен, сендер, өздерiң деп отырып, көпшiлiк-тi мiнезiнде

сипаттап кететiнi де кездеседi. Мысалы:

Жұмыссыз сандал,

Ерiксiз малды ал

Деген кiм бар сендерге?

Абайдың қоғамдық мұрат нысанасы туралы айтқан-да, ол адамгершiлiктi, əдiлдiктi

насихаттап, елдi адал еңбек етуге шақырып, бiлiм-ғылымды, өнердi халықтың қажетi-не жаратуға

алдымен мəн бергенiн естен шығармау қажет.

Абай адамгершiлiктi, əдiлеттiлiктi ең негiзгi мораль-дық принцип ретiнде поэзиялық -

тəрбиелiк туынды-ларында да, қара сөздерiнде де үнемi атап көрсетiп отырады.

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға.

Əдiлет, шапқат кiмде бар,

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысы

Бiте қалса қазаққа,

Алдың-жалын, артың-мұз,

Барар едiң қай жаққа? - дейдi ақын ''Əсемпаз болма əрнеге'' деп басталатын өлеңiнде.

Сөйтiп, ол əдiлеттiк, мейiрбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа

жеткiзе алмайды деп түйедi.

Ғылым-бiлiмдi, оқу-тəрбиенi уағыздаған ағартушы ақын ақылды, бiлiмдi адамды аса жоғары

бағалауы əбден орынды. Не нəрсеге болсын ақыл-таразы, (''ақыл-мизан, өлшеу қыл''), дүниенiң

сырын танып бiлуде адамгер-шiлiктiң ақылдың мүмкiндiгi шексiз мол деп санайды.

Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,

Əр нəрсеге өзiндей баға бермек.

Абайдың бұл пiкiрi ғылым үйренуге ұмылған жастар-ға айтқан сөздерiнен де айқын

танылады. Ақын жастар-дың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пiкiрi болу

керектiгiн айтып, сол пiкiрде табандап тұра бiлуi қажеттiгiне ерекше назар аударған.

Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естiлiк деген ұғым мен ақылмен танып-түсiну

қабiлетiн бiлдiретiн ұғымды ажыратып, оларды екi нəрсе деп қарайды. ''Əуелде бiр суық мұз – ақыл зерек'' дегенге Абай ақылды осы соңғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келiп, ой мен сезiмдi бiр-бiрiне қарама-қарсы мағынадағы екi ұғым деп қараған Абай ''суық ақыл'' мен

''ыстық жүрек'' бiр-бiрiн толықтырады деп санайды. Осы екеуiне қайрат, жiгер қосылса, адамның

қасиетi кемелiне келедi деп есептейдi.

Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Бұл ретте Абай ақыл-ой тəрбиесiнiң, адамгершiлiктiң мазмұнын жырлайды.

Абай жастарды тəрбиелеудiң əр түрлi жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте жəне

əдебиет арқылы тəрбиелеудi ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын жəне мiнезiн

қалыптастыруда отбасының рөлiнiң ерекше зор екенiн көрсеттi. Абай əлемiнiң кең өрiс алуы,

оның поэзиясы мен əлеуметтiк, оқу-тəрбиелiк демек, ағарту-шылық көзқарасының əлеуметтiк

сипат алуында болды.

Шəкерiм Құдайбердiұлының тəлiми көзқарастары (1858-1931)

Қазақтың тəлiмдiк ой-пiкiрлерi көшпелi елдiң бала тəрбиелеудегi тəжiрибесiн жинап-сақтап

ғылыми педаго-гиканың бастау бұлағы болғаны дау тудырмайтын жəйт. Халық-тық тəлiм-

тəрбиенiң ғылыми педагогикадан айырмашылығы оның тəжiрибелiк бағытта екендiгiнде, сонда,

халық тəрбиесi дегенiмiз ең алдымен жанұядағы тəрбие тəжiрибесi болғанына күмəн жоқ.

Ақын-ағартушы Шəкерiм-нiң көзқарастары қыр халқының жас ұрпақты өсiру мен оқытып

тəрбелеудегi талаптарына сүйенiп негiзделген.

''Түрiк, қазақ-қырғыз үəм хандар шежiресiнде'' Шəкерiм өзiнiң тұлға ретiнде қалыптасуына

демеушi болған үш кiсiнiң есiмiн атаған. Солардың бiрiншiсi - үлкен атасы тобықты руының биi

Құнанбай қажы өскенбайұлы.

Ерен əдiлдiгiмен ел ортасында құрметке бөленген Құнанбай қажының отбасы елге үлгi

болып, бала тəрбие-леуде өз дəстүрлерiмен ерекше көзге түсетiн. Бұл ошақта Абай, Шəкерiм,

Ақылбай, Мағауия сияқты ақындар дүниеге келдi. Шыққан тегiне, дəулет-байлығына мас-танбай

қажы əулетi балаларының əрбiреуi киiз үйдi құру мен бұзу, бүркiт салу, аң аулау, құс ату, ет бұзу,

темiр-терсек соғу, арба мен сағат жөндеу, бұдан да басқа тұрмыс жұмыстарын атқарған. үлкен

атасы немере-шөбересiнiң ақыл-ойын, санасын, мiнез-құлқын, қол өнерiн халық-тың əдет-ғұрпын

сақтай тұрып ретiмен дамыта бiлген.

Туған жұрттың өсiп-өнуiн армандаған, келешек ұрпақты тəрбиелеу тəсiлдерiн iздеген, жеке

тұлғаның жан-жақты дамуына қамқорлық жасауды көздеген Шəкерiм өзi шыққан отбасының, атасы Құнанбайдың тəлiми тəжiрибесiн үлгi тұтты.

Атасынан кейiн ол ағасы Абайға соның жетелеуiмен ержеткенi үшiн ризалық бiлдiрген.

Ұлтының мақтанышы болған ағалы-iнiлi тек қан жағынан туыс болып қоймай, олардың жан

сырлары, рухани iзденiстерi ұштасып жатты. Əдебиетке бiртабан жақын болған Шəкерiм

жастайынан ақыл-кенi болған халықтың ауыз əдебиетi шығармаларын: жырлар мен өлеңдердi,

айтыс пен терменi, қисса мен дастандарды көп бiлуге тырысты. Фольклор арқылы ақын туған

даланың əдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, тарихын жетiк бiлдi десек, дау тумас. Сынды көзбен қарап

қазақ елiнiң этнопедагогикалық талаптарын өз бойына сiңiрдi.

Халықтық тəлiм-тəрбиеден ғылыми педагогикаға жол алғанының бiр белгiсi – 19 жасынан

бастап Шəкерiмнiң шежiре жинауға кiрiсуi. Бұл еңбектiң мақсаты тек қазақ рулары мен хандары,

жүздерi мен батырлары тарихын зерттеп игеру еместiн. ''Шежiреде'' ақын-педагог тарихи

оқиғаларға орай өз түсiнiктерiн айқындап, қазақ жастары-ның тарихи санасын, өзiндiк этникалық

санасын жетiлдiру мақсатын көздегендi.

Фольклор арқылы ақын қыз бала мен ұл бала тəрбие-леудегi ата-ана рөлiн, əке-шешеге

деген балалардың сүйiспеншiлiгiн, əйелге деген қамқорлықты, адам өмiрiнiң құндылығы мен

маңызын тапты. Ауыз əдебиетi қазақ халқының қоғамдық өмiрiн қалыптастырудағы, елдi бiрлiкке,

жұртшылықты адалдыққа, адамгершiлiкке баулудағы əсерi туралы ол əңгiме етiп тұратын. Жастар

өзiнiң туып-өскен жерлерiнде осындай шығармалардың бар болғанын бiлiп, адамгершiлiктi жоғары дəрiптеген туыстарынан тəлiм алсын деп ойлаған.

Шəкерiм нағыз таза ұлттық ортадан шығып, дала педагогикасы объектiсi болып, ұлттық

рухтағы тəлiмдi өз басынан өткiзген кезi келгенде ұлттық пен жалпы адамдық педагогиканың

субъектiсi мен зерттеушiсiне айналды.

Неше тiл бiлсең - сонша рет адам боласың дейдi халық нақылы. Таза қазақы ортадан

шыққанына қарамай ақын араб, парсы, татар, шағатай, өзбек, орыс тiлдерiн еркiн меңгерген.

Оның лингвистикалық талаптары дүние жүзiндегi елдердiң ғұламаларымен таныстырып,

солардың демократтық, гуманистiк идеяларына сəйкес өзiндiк көзқарастарын түйiндеуге мүмкiндiк бердi. Шəкерiм Шығыс жəне Батыс мəдениетiн меңгерiп, жалпы адамдық құнды-лықтарды, соның iшiнде этнопедагогикалық, этнопсихо-логиялық, моральдық концепцияларды философиялық лирикасында, ғылыми аңсарларында /трактат/ шынық-тырып дамытқан.

Шəкерiмнiң психологиялық тұжырымдамалары – оның көп жыл бойы Шығыс пен Батыс

мəдениетiн танып бiлуiнiң нəтижесi. Ақынның психологиялық көзқарастары философиялық

лирикасында, ''Үш анық'' жəне ''Мұсылман-дық шарты'' аңсарларында айқындалған. Психологияға

деген қызығушылық оның 1919 ж. қазақ тiлiнде шыққан психо-логия оқулығына пiкiр жазуға себеп болды. Ол ''жансыры'' деген терминдi ''психология '' деп атаған. /Шəкерiм Құдай-бердiұлы.

Шығармалары. -Алматы, Ғылым, 1988, 340 бет/.

Ең алдымен ақынды психологияның философиялық негiздерi қызықтырған. Ол өзiнiң жан

туралы, жанның қасиет-терi мен қажеттiлiктерi туралы түсiнiктерiн философия-ның негiзгi

мəселесiмен ұштастырып қараған. Материя мен сананың қарым-қатынасы туралы сұраққа

идеализм тұрғысынан жауап бере тұра, бар болмыстың себепкерi жаратушы-құдай деп, Шəкерiм

тек өзiне тəн дəлелдердi келтiредi.

өз заманына сай ғылыми көзқарастарға ие болған ағартушы адамның психикалық қызметiнiң

табиғатын ашқанда, таным процестерiнiң механизмiн көрсеткенде дiни түсiнiктерден аулақ болған.

Осы орайда айтып кеткен жөн болар: Шəкерiм ортағасырлардағы ұлы қазақ ғұламасы,

энциклопедист əл-Фараби жəне қазақ ойшылы Абай салған жолмен жүрiп, солардың ой-пiкiрлерiн

дамытса, Шəкерiмнiң еңбектерi Ж. Аймауытов пен М. Жұмабаев-тың оқулықтарына жол сiлтейдi.

Психикалық қызметтiң формалары туралы ойларында Шəкерiм гилозоистармен

панпсихистарға бiр табан жақын. Оның ойынша, жан адамдарда да, жануарларда да, өсiмдiк-

терде де бар, бiрақ, өсiмдiк пен хайуанат əлемiнде түйсiк дəрежесi төмен болады. Шəкерiмнiң

адам танымы мен жəндiктердiң психикасының сапалық айырмашылығы туралы жазған ойлары

қазақ қоғамындағы гносеология дамуындағы жаңа сөз, ой-пiкiр, жаңа кезең жəне саты ретiнде

Қазақстанның ғылыми психологиясының негiзiн қалағаны анықтан анық.

Ойшыл-рационалистiң ерекше назарын аударған мəселенiң бiрi – таным процестерiнiң

табиғаты, түп-тамыры. ''Бiз əр нəрсенi денедегi сезiмiмiзбен бiлемiз. Мұқым барлықтың бəрi

жаралыс жолмен ерiксiз бар болып жатқанын көрiп, бiлiп тұрамыз… Тəн сезiп, құлақ естiп, көзбен

көрмек, мұрын иiс, тiл дəмнен хабар бермек. Бесеуiнен мидағы ой хабар алып, жақсы, жаман, əр

iстi сол тексермек.'' (Шəкерiм. үш анық.)

Ақын-философ шығармаларында таным процестерi материалистiк диалектикадағыдай

белгiлi үш дəреже, сатыларға бөлiнбеген.

Сонымен, Ш. Құдайбердiұлы халықтық тəлiмдi сынды електен өткiзiп, дүниедегi сан түрлi

педагогика-лық тұжырымдарды жан-жақты қарастырып, этникалық жəне ғылыми педагогикалық

ой-пiкiрлердi өзара бай-ланыстырып туған қоғамының қазынасына айналдырды.

Шəкерiмнiң тарихи, ғылыми, философиялық, психологиялық, педагогикалық көзқарастары

Қазақстан ғылымының негiзiн салған кəсiби педагогтар, психо-логтар, философтар мен

тарихшылардың ойларының қайнар көзi болды.
Жамбылдың тəрбие тағылымы (1846-1945)

Жамбылдың тұңғыш кiтабы 1944 жылы ''Песни и поэмы'' деген атпен орыс тiлiнде əуелi

Алматыда, соңынан Мəскеуде шықты. Толық жинағы қазақ тiлiнде Сəбит Мұқановтың бас

мақаласымен 1946 жылы шықты. Кiтаптың беташарында бiрсыпыра фактылармен, қазақтың

тоқсан-нан асқан қарт ақыны бас-аяғы бiр-екi жылдың ____________iшiнде одақ көлемiне қалай əйгiлi болғаны айтылғанды.

1936 жылы Мəскеуде қазақ өнерi мен əдебиетiнiң он күндiгi болғанда Жамбыл мен Сəкен

Сейфуллин екеуi Еңбек Қызыл ту орденiн алды.

Жамбыл бүкiл Жетiсу өңiрiне аты шыққан дарқан ақын болды. Қазақтың қараңғылық халi

қырық бөлiнiп қаналған мешеулiк жағдайы, оның өрiсiн бұдан əрi жiбермедi. Соның өзiнде, iзсiз

ұшарсыз өшiп қалмай, жер бетiне жарып шығып, жұрт көзiне жоталы дарын иесi екенiн таныта

алуы, кейiн осы қалып дəрежеде Мұхтар Əуезовтың ''Абай жолы'' романына елеулi бiр ақындық

образына негiз салуы - Жамбылдың көптiң бiрi емес, iлеуде бiр ұшырасатын ерен талант

екенiнiң айғағы.

Баспа жүзiнде қазақ оқушысы Жамбыл есiмiн ең алғаш 1923 жылы Шамғали Сарыбаевтың

''Қазақтың революцияға дейiнгi ақын-жыраулары'' атты мақаласында таныды. Бұдан кейiн

Жамбыл есiмi он екi жыл бойы баспа жүзiнде көрiнбей кеттi.

Бiрақ Жамбыл жырынан тиылған емес, ешкiм ерен көңiл бөлмесе де қарт ақын өз төңiрегiне

революция заманы, жаңалықтарына əрдайым үн қосып, халқының күрес жолын, бақыт жолын

жырлап отырды. Алайда, сондағы жырларының көпiшiлiгiн ешкiм жазып алмағандықтан iзсiз-

түзсiз жоғалып кеткен. Тек 1927 жылы Жетiсу жерi Түркiстаннан бөлiнiп Қазақстанға қосылғанда

шығарған ''Қазақстан тойына'', 1927 жылғы жер бөлiс науқанына арналған ''Заман ағымы'', 1928

''өркенiң өссiн еңбекшiм'' деген бiрен-саран жырлары ғана сақталған. Бұл осы екi-үш жырының

өзiн бүгiн оқып тыңдасақ қарт жырау сол жылдары қазақ жерiндегi жер бөлiнiсiн, оның еңбекке

байланыстылығын, барлық байлық жер қойнауында деп, егiншiлiкпен айналысқан бау-бақша-мен

гүлденген Жетiсу жерiн жырлайды, халықты, қалың жұртшылықты сол жылдардағы еңбекшiлердiң

бiрiгуiн еңбек етуге шақырады.

Еңбекшiге арналған бұл өлең жырының өзiнде еңбек-шiлердi бiрлесiп еңбек етуге,

жастарды еңбекке, бiлiмге, тəрбиеге нұқсаған қаншама өсиет өнеге жатыр. Сол жылдары одан

кейiнiрек те жазылған ''Тарих тағылымы-тəрбие'' атты өлеңiнде мынадай жыр шумақтары

тəрбиенiң өмiрдегi орнын, сол дəуiрдегi жəне бүгiнгi жастарымызды тəрбиенiң, еңбектiң құдiретiне

тағылым етуге шақырады.

Барлық адам өмiрi,

Еңбектен келiп жаралған.

Тiршiлiк, тыныс, рахат,

Еңбекпенен табылған, немесе ендiбiр жерiнде өлеңнiң:

Қуаныш, шаттық қызығы,

Табиғат - байлық рызығы.

Жер, су, шалғын, бəйшешек

Еңбекпен өсiп танылған, - деп жырау бiр ғана еңбектiң, маңызы мен мазмұнын қаншама

жырға қосады. Осының өзi ақынның алғашқы жыр бастауы еңбек пен еңбек тəрбиесi туралы үлкен

тағылым болса керек.

Отызыншы жылдардың соңы, қырқыншы жылдардың басындағы ақын өмiрiнiң шырқау биiгi

деп аталатын кезеңi басталып, жыр маржанын төгiп, халық даналығын, халықтың дəстүрiн, əдет-

ғұрпын дəрiптеп, өсиеттi-ұлағатты жырларын жазып, жастарға батасын бергендей болады. Оған

мынадай өлең шумақтарын келтiруге боады:

Жастарым жайнап жаңғырған,

Еңбекпенен танылған.

Көз жiберсек өткенге,

Еңбексiз қолың жеткен бе?

Теңсiздiк басы байлылық,

Құр сенделдiк, қаңғыдық.

Ерiнбей адал еңбек ет,

Рахатын тап жаныңның.

Елiңнiң аяулы ұлы бол,

Бiл бабаңның қадiрiн, - деп еңбектiң мазмұнын аша отырып, еңбектiң түбi өнбек жəне рахат

деген ой түйедi ақын.

Жамбылдың өлең-жырларында патриоттық сезiм, тəрбиенiң күшi бар, тəрбиенiң күшiне

сенген ақын, тəрбие тағылымын, үлгiсiн əрбiр өлеңнiң арқауы ете бiлдi. Қарт жырау Жамбыл бұл

жерде өлеңдерiн педагог, мұғалiм, оқушыларға тура арнап жазбағаны белгiлi. Алайда, ол сол өзi

өмiр сүрген дəуiрдегi қоғамның əлеуметтiк-экономикалық күйiн, жаңа мəдениетiн, халықтың, бүкiл

қоғамның тарихи дамуын, дəуiрге, белгiлi бiр кезеңге байланысты оқу-ағарту процесiнiң қалыптасу

үлгiсiн жырына қосты. Бүгiнгi педагогикалық тұрғысынан қарап, ақын жырларын талдап, зерттесек,

ол адамгершiлiк, ақыл-ой, дене тəрбиесiн, патриоттық, идеялық-саяси тəрбиенi, еңбек тəрбиесiнiң

құрамдас бөлiгi ретiнде қарап көп жырларында еңбектi, еңбек тəрбиесiнен бастап тəрбиенiң

барлық түрiн, еңбек тəрбиесiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырады. Мұның iшiнде тəрбиенiң

негiзгi категориялары ақылдылық, даналық, адамгершiлiк, ұлағаттылық пен парасаттылық

Жамбыл өлең-дерiнiң өзектi проблемалар ретiнде қаралады, соны жырға қосады. Мұны мына

шумақтардан айқын көре аламыз.

Еңбекпен туған елiмнiң

Ағызып бiлiм бұлағын

Адамшылық, даналық

Туғызып ақыл ''құрағын''.

өнерiм өшпес өмiрiм

Даналығым, ақылым

Пайда тигiз халқыма

Лапылда, жырым лапылда!

Жастарым жайна, жалында

Еңбектiң тiгiп ордасын,

Оқы-оқы, өнер қу қалма қапыда

Бүгiнгi ұлы дүбiрде,

Бұл да бiр сын ақынға

Болашағым ұрпағым,

Лапылда, өшпей лапылда!

Ақын толғаулары оқу, өнер, бiлiмге, келешекке меңзейдi, жасөспiрiмдi алдағы өнер асуына,

болашаққа, сəулеттi де салтанатты өмiр сарайын соғуға шақырады.

Жамбыл 1930 жылдардың соңында жазған ''Абай жастар жыршысы'', ''Абайды еске алу'',

''Абай iзiмен'' атты өлеңдерде Абайша толғанысқа, Абайша халқын сүюге, жастарды оқу, өнер,

бiлiмге шақырады, оларды баулиды, тəрбиелейдi.

''Айтыстың арыстаны'' аталған Жамбыл өткiр, уытты жырлары мен қатар кең тынысты, ұзақ

этикалық туындылар шығарады. Айтыстың əр шумағында тiптi əрбiр жолында халқының, сол

кезеңдегi еңбекшi бұқараның мүддесiн көздейдi. Теңсiздiктi, бостандықты, ерлiктi, əйел теңдiгiн

жырға қосады. Мұны Құлмамбет, Сарбас, Досмағамбет сықылды үстем тап дəстүрiнен, алдымен

өзiнiң ақындық шеберлiгi биiк тұрады. Мысалы:

Шат елдiң шешенiмiн, даңғылымын,

Шыным сол, правом бұл, заңды мұңым,

Астанам, Алатаудан саңқылдасам,

Жетпей ме, жер жүзiне жаңғырығым.

Сондай-ақ, Жамбыл өзiнiң айтыстағы ақындық биiгiн тəрбие тағылымы ретiнде жырлайды,

оны жастарға өнеге ретiнде қалдырады. Тағы да ақынның мына бiр айтыс шумақтарын келтiрелiк:

Тегiнде кəрi құлақбын, сұңғыламын,

Сондықтан сұлу сөздi жыр қыламын.

Соғайын сезiмменен, ''Сұлу Сарай''.

Жастарым отыратын ''Тұрақ'' болсын, - деп ақын жастарға өлеңмен, айтыс өлеңiмен тұрақ,

мекен, бақыт iздейдi. Жамбыл адам бойындағы адамгершiлiктi, ақыл-дылықты, батылдықты

жырлай отыра, келеңсiз құбылыс-тарды, əдiлетсiздiк, орынсыз байлықты əшкерлейдi, сынап-

шенейдi. Құлмамбетпен айтысында:

Құлмамбет ақылдықты айт, батылдықты айт,

Елiмде орнап қалған татулықты айт,

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Айта алмасаң жайыңа, үйiңе қайт.

Жамбылдың қандай өлең-жырларында болмасын, айтыста, дастан, поэма, жеке өлеңдер

жазудағы ақындық дəстүрiнде болсын, əйел образы, əйел бейнесi, тəрбие тағылымы бұл

тақырыпты жырлаудағы ақындық межесi, оның поэзиясының шырқау биiгi болып табылады.

Мұның əр жолында бүкiл шумақта ақынның адамгершiлiк этно-эстетикалық ақылға құрылған үн

бар.

Даналық, парасатты-бiлiмдi адам,



Əлемге-ақыл асып құрған саян.

Ақтоқты, Сара, Күлəш, Жiбек, Баян,

Теңдiк iздеп, əлемге болған аян.

Қазақ қызы əр кезде жыр мен дастан,

Салған емес, ешқашан алдына жан, - деп қазақ қыздарының сонау теңсiз қоғамындағы

тағдырын, олардың болмысын, адамгершiлiгiн қандай қиын дəуiрде болмасын жоғары ұстаған

қазақ қыздары мен əйелдерiнiң мəртебесiн Жамбыл өз жырында жоғары биiкке көтере бiлдi.

Тарих тағылымын, тəрбиенiң тiптi өзiнiң басындағы үлгiсiн, өткен өмiрiн, кейiнгiге жас ұрпаққа

Жамбыл үлгi етiп ұсынды. Оны былай жырлайды.

Таусылмастай тағылым күнiм болсын,

Басында бақыт, өзiңе жырым қонсын.

Тəрбие даналығы басымдағы,

Ұрпаққа, болашаққа үлгi болсын, - дейдi ақын.

Жамбылдың тəрбие тағылымдары, өлеңдерiнiң өмiр-шеңдiгi, өнерпаздың бейнесi жазған

өлеңдерiнiң санымен ғана анықталып қоймайды, поэзиядағы əлi күнге дейiн ешкiм асып түсе

алмаған сапасымен, əсiресе, өнерпаздық диапозонының кеңдiгiмен, тақырыптарының, қамтыған

мəселелерiнiң əр алуандығымен, сол сияқты ақындық ерекшелiгiнiң жан тебiрентерлiк күшiмен,

үлкен ұлағатты тəрбиелiк тағылымы-мен анықталады. Мұны Жамбылдың соғыс аяқталып,

халықты еңбек жолына түскендегi мына бiр өлеңiнен көруге болады.

Шарықта, шаттан, шабыттан,

Жеңiмпаз батыр халқымыз!

Жығылды туы дұшпанның

Бiз жеңдiк, Жеңiс - салтымыз

Құтты болсын жеңiсiң!

Жайраттың фашист жендетiн

Жеңiп тұрiп түстiң сен

Жолыңа бейбiт еңбектiң, - деп жырлағанды.

Жамбылдың басына түскен қайғы Ұлы Отан соғысы зардабының əрбiр ата-анаға түскен

қайғымен тұстас келгенi белгiлi. Бұл оның баласы Алғатайдың соғыста қаза табуы едi. Баласы

Алғатайға арнаған жыры күнi бүгiнге дейiн сақталып, тарих бетiнен табылса, тағылым ретiнде

арнаулы орын алды. Онда ақын:

Алатауды айналсам,

Алғатай сенi табам ба?

Қаратауды айналсам

Қалқатайды табам ба?

Сарыарқаны кезсем мен

Сарғайып босқа қалам ба?

Жасым жүзе келгенде

Мұндай суық хабарды

Естiсем неттi - ''өлгенде''

Мұң-зар қайғы-қасiрет

Бермесiн еш пендеге! - деп күңiренедi ақын, бұл от басы тəрбиенiң балаға деген əке

ғұмырының, əке құшағы-ның айқара ашылуын, арман еткен баласын жоқтауының зары-мұңы,

жоқтауы-қайғылы жанның шеруi едi.

Жамбыл жаңалықтың жыршысы болған. Қарт жырау күнделiктi айнала ортаны, көзiмен

көрiп құлағымен естiгенiн өлең-жырларының арқауы ете бiлген. Соғыстың соңғы жылдарының

бiрiнде Мұхтар Əуезов пен Ақжан Машанов Жамбылдың үйiне, көңiлiн сұрауға барады. Дəл сол

кезде əл-Фараби кiм деген мəселе əдебиетшiлер мен ғалымдардың, қазақ зиялыларының

арасында үлкен əңгiмеге айналып жүрген кез екен.

М. Əуезов - Жəке сiз əл-Фараби туралы қандай дерек естiдiңiз, не бiлесiз - дейдi.

Сырқаттанып жатқан Жамбыл басын көтерiп, неге бiлмеймiн, бiлемiн. Мен дастан жазып

жатырмын - деп мына бiр өлең шумағын айта жөнелдi. Ол:

Əл-Фараби бабамның,

Даналығын тапқаным.

Жүсiптiң (Баласағұн) ''Құтты бiлiгiн''

Басыма оқып жастандым.

Абай бастаған жыр көшiн,

Алға апарып тастадым.

Қадырғали (Жалайри) мен Хайдардың (Дулати)

Даналығын саралап,

Арқауы еттiм дастанның

Ғұламалар iзiмен,

Адаспай алға басқаным - деп əрi қарай шыдай алмай, қисайып жата кеткен. (Академик

Мұқаметжан Қаратаев естелiгiнен). Мiне, Жамбылдың ғұламалығы, оның тəрбиелiк тағылымы

көне заман деректерiн кейiнгi ұрпаққа жеткiзе бiлгендiгi.

Педагогикалық тұрғыдан алғанда Жамбыл жырлары, оның тəрбиелiк тағылымдары ХХ

ғасырдың басындағы, одан кейiнгi кезеңдердегi халықтық педагогиканың негiзiн қалаудың айқын

айғағы. Жамбылдың бүгiн орнатып жатқан гуманистiк жəне демократиялық қоғамда ұлт мəдени

тiлiмiзге, оның оқу-ағарту iсiне өзiнiң өлең жырлары арқылы қосқан үлесi, сiңiрген еңбегi, тəрбие

тағылымдары жастарымызды адамгершiлiк рухта тəрбиелеп еңбекке баулудың үлгiсi болмақ.



Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметi (1873-1937)

Ахмет Байтұрсынов - қазақ мəдениетiнiң тарихында үлкен, бiр дəуiрдi алып жатқан алып

тұлға. Оның тарихи тағылымы мол, тəрбие туралы өзiне тəн прогрессивтiк ой-пiкiрi бар ұлы -

ғалым. Қазақ философиясының (тiл бiлiмi жəне əдебиет тану) негiзiн салушы педагог-ағартушы,

мəдениет жəне қоғам қайраткерi.

А. Байтұрсынов - алғашқы қазақ тiлiнiң авторы (1912). Сол кездiң өзiнде ол жүзеге асырған

қазақ жазуы (''Жаңа емле ережесi'' айнала ортадан тиiстi бағасын алды. Оған прогрессивтiк зиялы

қауым ерекше назар аударады. Ал, 1924 жылы, ол жаңа қазақ алфавитi ретiнде қабылданып, оған

ғалымының құрметiне - Байтұрсынов ____________аты берiлдi. Ол өз заманында барлық түркi тiлдес

халықтардың ең жақсы үлгiсi ретiнде қабылданды. Сондай-ақ, бiздiң шетелдiк отандастар күнi

бүгiнге дейiн Байтұрсынов графикасын пайдаланады. Байтұрсыновтың əдiстемелiк еңбектерi

қазiргi кездiң өзiнде үлкен беделмен қолданылады. Оның қазақтың тiл бiлiмi жəне қазақ тiлiн

оқыту методикасы өзiнiң сапалылығымен жəне ана тiлiмiздiң ерекшелiгiн жинақтайтын оқулық

негiзi ретiнде үлкен табыспен мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып,

қолданылмалы қазақ тiлiнiң қолтума оқулығына айналып отыр.

Ол өмiрiнiң алғашқы жылдарын бала оқытудан бастайды. Ол жөнiнде былай деп жырлайды.

Адамдық диқаншысы - қырға шықтым,

Көлi жоқ, көгалы жоқ-құрға шықтым.

Тұқымын, адамдықтың шаштым, ектiм,

Көңiлiн көтеруге бұл халықтың - деп бейқам жатқан халқын сауаттандырып, өнер - бiлiмге,

мəдениетке жетектедi.

Бұл тұста 1890 жылдар үстiнде Ахмет Байтұрсынов тəрiздi оқыған, бiлiм алған, мектеп

бiтiрген, орысша сауат ашқан өзге де қазақ азаматтарының алғаш көрiне бастаған кезi едi. 1896

жылы Байтұрсынов Омбыда жұмыс iстеп отырып Ақмола, Семей оқу жүйесiн басқарады. Сол

жылдары ол Қазақ даласында бала оқыту жайы, оны қатты толғандырады. Осы кезеңде

қазақтарды оқыту Ахметтiң ой-түюiнше өзгелердiң емес, өзi тектес оқығандардың халық

алдындағы парызы - деп түсiнедi. Байтұрсыновтың осындай мақсаттарды көздеп, саяси-

көзқарастарын шыңдай түсуi Қарқаралыда өмiр сүрген 1896-1907 жылдар кезеңiмен байланысты.

Осы жылдары оның айналасына қазақ зиялылары топтала бастайды.

Байтұрсынов 1907-1917 жылдар арасында Орынборға жер аударылып сонда тұрған

жылдарында ғылым, бiлiмге бұрынғыдан да терең үңiлiп, қазақ балаларын оқытудың əдiстерiн,

қазақ тiлi мен əдебиетi, өнерi, тарихы, мəдениетi туралы өрен ойлар айтып, бастауыш

мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жаза бастайды. Халық ____________мұраларын, ауыз

əдебиетiн - эпос, ертегi, жұмбақтар жинап бастыру iсiмен айналысады, ғылыми-зерттеу

жұмыстарымен шұғылданады.

Ахмет Байтұрсыновтың қазақ елiнiң жоғын жоқтап, санасына сəуле құюға байланысты жасап

жүрген еңбектерi елге тарай бастайды. 1913-18 жылдар арасында бейресми газет ''Қазақ''

газетiнiң редакторы болып жұмыс iстеген жылдарында - газет бетiнде халықты оқуға, бiлiмге,

өнерге, бостандыққа, теңдiкке шақырған ойларын газет бетiне ашық жариялағанды.

Қазақтарды надандық шырмауынан шығарудың бiрден-бiр жолы ғылым-бiлiмге ұмтылу, оқу-

ағарту жұмысымен айналысу деп түсiнген Байтұрсынов бұл пiкiрiн ''Қазақ'' газетiн жариялауға

ұдайы ұмтылыс жасаған. 1911 жылы Орынборда басылған ''Маса'' атты жинағы, халықты өз

тағдыры үшiн күреске шақырып, жұртшылықты шырт ұйқысынан оятқан дабылды еңбек -

топтама туынды болған. Ахмет қалғыған халқын ең болмаса маса болып шағып оятайын,

ойландырайын - деген мақсат көздейдi.

Сары маса болып ызыңдаған өзi екенiн, Ахмет Байтұрсынов, 1909 жылы Петербургте

басылған ''Қырық мысал'' атты еңбегiнде ''Малшы мен Мысал'' туындысында жасырмай ашық

айтады. Онда мынадай шумақ-өлеңдер болған:

Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,

Жыланды пəле дедiк аңдып жатқан,

Пəленiң түрiн көрген мен Сары маса,

Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.

''Айқап журналы'' мен ''Қазақ'' газетi бетiнде көптен көтерiп жүрген, елдiң санасын көтеруден

бұрын, сауат ашар ''Əлiп-би'' тiл құралын жазу үшiн графика жəне қазақ тiлiнiң дыбыстық жүйесiн

жасаумен Байтұрсынов 20 жылдар еркiн айналысады. Ол əуел баста араб графикасына бейiл

бередi. Дəл осындай құралдың ересектер үшiн де аса қажет екенiн ескерiп ''Əлiпбидi'' жазады, бұл

оқулық 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейден басылып шыққан. Ал ''Тiл құралы'' 1914

жылдан бастап жариялана бастайды.

Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлiк, ақындық қасиеттерiн

сараласаңыз - өзiнен бұрынғы үш ғұламаның Абайдың ақындығын, Ыбырай-дың ағартушылығын,

Шоқанның ғалымдығын, оны бiр өзi таңдап алғандай. Байтұрсыновтың бойынан осы үш қасиет

бiрдей табылған. өлеңiн, ақындық шеберлiгiн Ахмет Абайша түрлеп, адам бойындағы надандықты

шенейдi, саналылыққа ел болып бiрiгуге шақырады.

Бұл неткен жұрт ұйқышыл,

Болсын кедей, болсын бай,

Жатыр бейқам жым-жырт жай -десе, ендi бiрде

Шығармай бiр жеңнен қол, бiр жерден сөз,

Адалдық, алтыбақан, дертпен кiрдiк,

Жан-жақты жаратқанға күзеттiрiп,

Жақынмен ырылдасып, иттей үрдiк - деп сол кездегi шындықты жырлайды.

Абайдың бiрден-бiр өлеңiн өткен уақыттың жайын ғана жырлайтын, кезеңдiк дүние деп қарай

алмайтыны-мыз сияқты, Байтұрсынов туындыларының да шеңберi ауқымы уақытпен шектелiп

қалған емес.

Байтұрсынов өмiр шындығын, тəрбие тағылымын мынадай етiп келтiредi.

Тықылдап, құр пысықтап сөйлейтiн көп,

Екiндеп ұшқыр атта қарқындаған,

Бос белбеу, босаң туған бозбала көп,

Киiздей шала басып қарпылмаған - деп сол екi шумақ өлеңде - бүгiнгi бiздерге,

жастарымызға арналып айтып тұрғандай емес пе? Ахмет Байтұрсынов еңбек тəрбиесiн жырлаған,

еңбек тағылымының туын көтерген дана -адам.

Ахмет Байтұрсынов еңбексiз, арзан iстердi надан-дықты, мешеулiктi, бiлiмсiздiктi өткiр сынға

алған.


''...Жаны ашып, жаүан үшiн қайғырма?

Жаны мол, жақыны мол, малдың құлы... десе, ол ''Жұртыма'' деген өлеңiнде -

Келгенде өздi-өзiңе мықтысыңдар,

Қайтейiн өзге десе көнгiшсiңдер,

Сықылды сынық бұтақ төмендесең,

Кiм жұлмас оңайдағы жемiсiңдi.

Ахмет үлкен аудармашы. Ол Крыловты аударған. ''Арыстан, киiк үəм түлкi'' деген мысал

өлеңiн былай тұжырымдайды. ''Кiсiге таза жолдас табу қиын,

Көбiне-ақ дос етедi мал мен бұйым,

Досыңнан, дұшпаныңнан бiрдей сақтан,

Басыңда Сiрə ''Ахмет болса миың'' - деп, өзiне арнаған. Ендi бiрде:

Ойлама шын достарым мол екен - деп,

Сөзiне ере берме жол екен - деп.

Досыңды қиын iске қайрап тұрған,

Бiлгейсiң шын дұшпаның сол екен -деп, немесе ол ''Жұртыма'', ''Қара бұлтта'' деген

өлеңдерiнде қансып жатқан далаға жауудың орнына, қарабұлттың жауыны, теңiзге жаууын

орынды сынайды. Жаңбырсыз ''Даланы'' бейқам жатқан қазақ дейдi. Ахмет өлеңi, аудармасы

болсын, бəрiн қазақ өмiрiне əкелiп тiрейдi. Оянар ма екен, сабақ аларма екен, серпiлер ме екен

деумен болады.

Қаршадайынан елiм - деп езiлiп, халқым - деп қайғы жеген Ахмет Байтұрсыновты - азап пен

тозақтың бəрiн басынан кешiрген, ақыры қаратүнек надандықтың құрбаны болған, оның өнер,

бiлiм, оқу-тəрбие, тарихи тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, ұлы адамның аты -əр адамның,

бүкiл жұрттың жүрегiнде мəңгi сақталары даусыз.

Мағжан Жұмабаев -ағартушы педагог (1893-1938)

Мағжан Жұмабаев - қазақтың кемеңгер ұлы ақыны. Ұлтының бақыты үшiн өз бақытын

құрбан-дыққа шалғандардың бiрi. Қынап-тағы семсердей, халқының игiлiгiне не iстеуге

жұмсасада даяр болған. Ол ұлтының патриот ақыны, оның ерекше ұлт жандылығы, жастарды

патриоттық сезiмге тəрбиелеудiң үлгiсi болды. Ол бiр жағы ұстаздары, бiр жағы əрiптестерi Ахмет

Байтұрсынов пен Мiржақып Дулатов бiреуi тiл маманына айналып кетсе, бiреуi бiр қолымен

роман, бiр қолымен есеп оқу-лығын жазса, Мағжан ұстаздық етумен шұғылданған, оның үстiне оқу-əдiстемелiк құралдарын жазған. Ал, ақынның ''педагогика'' кiтабы, айтарға жоқ, қазақ баласын

тəрбиелеуде күнi бүгiнге дейiн мұғалiм, жалпы қазақ қауымы үшiн таптырмайтын үлгi, тұңғыш

қолтума оқулық.

Мағжан Жұмабаевтың ''Педагогика'' оқулығы - əрi оқулық, əрi əдiстемелiк тұрғыдағы,

автордың көзiнiң тiрiсiнде екi мəрте жарық көрген. Бiрi 1922 жылы Орынборда, екiншiсi 1923 жылы Ташкент қаласында басылған.

Мағжанның ''Педагогика'' кiтабы онбес бөлiмнен тұрады. Онда рухани жан тəрбие мен дене

тəрбиесi жан-жақты терең қамтылған Жұмабаев кiтабының Орныборда шыққан нұсқасына М.

Жолдыбаевтың қазаққа ''Педагогика'' кiтабы қажеттi де ғажап дүние, тұңғыш оқулық деуiнiң

маңызы үлкен. Мағжанның пайымдауынша бұл кiтап, баланың бесiкке салған күнiнен бастап, тəй-

тəй басқан əр қадамына, елжiрей көз салуы, қайтсе ол нағыз жiгiт, азамат болады, осы заманғы

өркениет өресiне қол артады-деп толғануы ғажап пiкiр, нағыз педагогикалық толғаныс таза шешiм.

Кiтапта тəрбие деген не? - деп сұрақ қойып анықтама берiледi. Педагогиканың қандай пəн

екенiне түсiнiк берiле отырып, жалпы педагогика оның iшiнде дене тəрбиесiне жан-жақты талдау

жасалады. Тəрбие бөлiмдерi туралыда нақты əдiстемелiк материалдар бар. М. Жұмабаев

балалар əдебиетiнiң классигi мысалы əртүрлi эпостар, балаларға арналған фольклорлық

туындылардың авторы. Ең бастысы баланы бесiктен еңбекке тəрбиелеудiң негiзiн салған ұстаз -

жазушы. Мағжан туындылары бала тəрбиесiнiң - таптырмас құралы, əдiстемелiк түп нұсқасы,

қолтума дүние деуге əбден болады.



Жүсiпбек Аймауытов - жантанушы (1889-1931)

Жүсiпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезiндегi Қызылту

болысының Бiрiншi ауылында өмiрге келген. Жастайынан бiлiмге құштар болып, алдымен

ауылдағы молдадан, кейiн Баянда, содан соң қалада дəрiс алған. 1914 жылы Семей қаласын-дағы

мұғаiлмдер семинариясына түседi де, оны 1919 жылы бiтiрiп шығады. Сауатты жас азамат сол ХХ

ғасырдың бас кезiндегi үлкен-үлкен саяси-экономикалық өзгерiстер мен төңкерiстердi тек газет

бетiнен оқып қоймай, оларға тiкелей қатысады. Халықтың өркендеуiн жеделдетуге қатысқысы

келдi, өзi байқаған дағдарыстардан шығу жолдарын да iздедi. Елеулi екi үлкен романы -

''Қартқожақ'' пен ''Ақбiлегi'' оған куə бола алады. Күрескер жазушы, ақын, драматург Жүсiпбектi бiз қазақ философиялық ойын дамытуға тiкелей қатысқан адам деп бағалай аламыз. Оның

шығармашылық мұрасы - философиялық толғауы терең рухани қазынамыз: қазақ болмысы,

ұлтаралық қатынастар, дала шаруасының санасы, əйел теңдiгi, адамгершiлiк нормалары, таптық

қоғам өмiрi, өтпелi кезеңдегi билiк нысаны сияқты күрделi теориялық мəселелер көркем əдебиет

құралы мен тiлi арқылы сөз болды, өзiндiк шешiм тапты, Ал ''Психология'' аталатын оқулығы осы

күнге шейiн маңызын жойған жоқ.

Абайдан сусындаған, оның жан-жақты да күрделi дүниетанымын өз заманында өте жақсы

түсiнген, ұлы абайтанушы М. Əуезовпен көп мəселелердi түсiнуде терезесi тең Жүсiпбек өзiнiң

шығармашылығы мен қоғам-дық қызметiн, Абай өсиетiн жүзеге асыруға қолынан келген бар

мүмкiншiлiктерiн өмiрiнiң ең соңғы күндерiне дейiн аянбай қолданды.

Абайды өзiнiң бас ұстазы санаған Жүсiпбек ұлы ақын тағылымының қазақ елiнiң ертеңi

үшiн əлi де берерi көп екенiн жақсы түсiнген. Абайдың шығармалары мен асыл сөздерiнен алған

сабағын былай түсiндiредi: ''Ақынды дана, рахымды əдiл, шынға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты

тезге салмақ болған, бұзықтықпен алысып өткен Абай едi. Қазақтың əдебиетiне жан берген:

сөздiң сырын сырлап, iшiн түрлеген, өлеңiнен өрнек шығарған, ақындық, сыншылдық бiрдей

дарыған Абай едi. ''өнер тап, оқы, харакет қыл, тəрбие ал, ынсапты адам бол'', - деп қақсап өткен

Абай едi. ''Халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұт, адамшы-лыққа қызмет ет'', - деген Абай

болатын. өмiр жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл бiлiм, сезiм, терең ойлылығына қарағанда,

Абай - қазақтан шыққан философ данышпан''.

Абайды философ деп, хакiм деп ендi-ендi ғана танып, бiлiп жатқанда, бұдан 75 жыл бұрын

Абайдың кiм екенiн тап басып тұрып бiрiншi болып айтуы - Жүсiпбек Аймауытовтың да ойлау

дəрежеснiнiң жоғарылығын, көзқарасының жан-жақтылығын, бiлiмiнiң тереңдiгiн анық бiлдiрiп тұр.

Абайдың ____________этикалық өсиеттерi ''адам бол'' деген гуманистiк идея едi. ''Адам болам десеңiз:

бес нəрседен қашық бол, бес нəрсеге асық бол'', - деп, оның үлгiсiн берген Абай өз

шығармаларында адам болудың бiртұтас кодексiн жасады. Олардың негiзгiлерi: ақылды дұрыс

пайдалану, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, бiлiм алу, дүние тану, əр нəрсенiң өлшемiн

бiлу, өз арының алдында жауап беру, күрес, əдiл, сыншыл болу, жамандықтан бойын аулақ ұстау

жəне тағы басқалары. Ал Жүсiпбек бар болмысымен осы көзқарастарды түгелiмен қабылдап,

өзiнiң өмiрлiк өсиетiне айналдырды.

Ғылымсыз бiлiм сыңаржақ: ғылым бiлiмдi ұлғайтады; ғылымсыз бiлiм тым құрғақ, бiлiмдi

орнына жұмсау керек. Бiлiмдi орнына жұмсайтын не? Ол - тəрбие''. Сонымен, бiлiмнiң адамзат

игiлiгiне жұмсалуы, жұмсалмауы тəрбиеге байланысты екен. Тəрбиесiз бiлiмдi адам сол бiлiмiн

адамзаттың игiлiгiне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруi мүмкiн. Тəрбиелi адам, яғни иманды

адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол бiлiмiн өз орнына, игiлiкке, адамзаттың гүлденуiне

жұмсайды ...''Мiне, осындай-осындай iзгi ойларға жетелейдi. Жүсекеңнiң кезiнде ''Тəрбиеге

жетекшi'' (Орынбор, 1926 ж.) ''Психология'' (Ташкент, 1927 ж), ''Жан жүйесi жəне өнер таңдау'' (-М.,

1929 ж.), ''Сабақтың комплекстiк жүйесiнiң əдiстерi'' (Қызыл-Орда, 1929 ж.) секiлдi оқулықтар

жазуы тегiн емес. Педагогикалық көзқарастары адамға, оны тəрбиелеу мүмкiндiгiне деген

сенiмiнен басталады. өзiнiң ''Тəрбие'' деген мақалаларында Жүсiпбек, адамның хайуаннан

айырмашы-лығы жайында əңгiме қозғай отырып, адам бойындағы ұнамсыз мiнез-қылықтарының

барлығы тəрбиенiң кемдiгiнен деп қорытынды жасайды. Оның айтуынша, адам табиғаттың емес,

тəрбиенiң құлы болуы керек. Адам өмiрiндегi тəрбиенiң рөлiн зор бағалаған ол тарихтағы iрi

құбылыс-тардың бəрiн тəрбиемен байланыстыра отырып, былай деп жазды: ''Алғашқы екi

ғасырдай афиняндар мəдениеттi, ғылымды күштi жұрт болған, неге? Данышпан Солонның

жасаған ережесiмен тəрбиеленгендiктен. Рим халқын атақты, күштi қылған кiм? Тəрбие. Ескендiрдi данышпан хакiм қылған кiм? Аристотельдiң тəрбиесi.

Тəрбиешiге қоғамда өте үлкен маңыз берген жазушы оны дəрiгермен ғана салыстырады,

тiптi, одан да жоғары қояды: ''Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дəрiгерден де тəрбиешiнiң көп

болғаны артық. Дəрiгер адамның денесiн сауықтыратын болса, тəрбиешi адамның ақылын,

мiнезiн, жанын сауықтырады'', - дейдi. Тəрбие мəселесiн мемлекеттiк дəрежеге көтеру қажеттiгiн

жете түсiнiп: ''Тəрбиешiге Отан-ның келешек өмiрiн тапсыруға болады, себебi, тəрбие нəтижесiнде

ақылды адам көбейсе - Отанның күзетшiсi, қорғаны'', - деп атап өтедi.

Болашақ ұрпақты озық жетiстiктерге тəрбиелеу, оларға бiлiм беру процесiн сол халықтың

мiнез-құлқымен тұрмыс-салтын, əдет-ғұрпын еске ала отырып жүргiзудiң қажеттiгiне Жүсiпбек аса

зор көңiл бөледi.

Абайдың көрнектi шəкiрттерiнiң бiрi болған Жүсiпбек өзiнiң туған халқын қатты сүйсе, дəл

солай оның кемшi-лiктерiн де көрсетiп, қатаң сынға алып отырады. Мысалы, ''Қазақтың өзгеше

мiнездерi'' деген мақаласында өз халқы-ның бұрынғы уақыттарда ''ұйымшыл, елi жауынгер, биi

əдiл, намысқор, адамы əрi бiтiмдi, қайратты, сауықшыл, досымен достасып, жауымен жауласуға

табанды'' болғанын айта отырып, отаршылдық езгiнiң əсерiнен осы мiнездер өзгерiп, ''ұрлық,

зорлық, өтiрiк, өсек, алдау, қулық, айдату, байлату, кiсi өлтiру, өтiрiк мақтану, ынсапсыздық, тұрақ-

сыздық, жалқаулық сияқты жағымсыз қылықтар'' көбей-генiне қынжылады, сөйтiп, ''ұсақтап келiп,

жаужүрек батыр-ларымыздың батырлығы ауыл үйдiң малын ұрлауда. Бұрынғы билердiң жұрнағы

кiшкене дөңгелек жер болып қалды'', - дейдi. Ал ендi осы жағымсыз қылықтардан құтылудың ең

басты құралы, Жүсiпбек түсiнiгi бойынша, тəрбие, оқу, бiлiм.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет