А. С. Макаренконың қызметi мен еңбектерi (1889-1939)
''Педагогикалық поэма'', ''Мұнара үстiндегi ту'', ''Ата-аналар кiтабы'' т. б. еңбектердiң
авторы. Тəрбие теориясын ұжымдарда жəне ұжым арқылы жасап, iске асырды. Ол балалар
ұжымын, педагогикалық басқарудың принциптерiн ұсынды. Еңбек тəрбиесiнiң əдiстемелiгiн жасау баланы отбасында тəрбиелеу жəне саналы тəртiп қалыптастыру проблемаларын зерттедi.
''Балаларды тəрбиелеу туралы лекциялары'', балаларды отбасында тəрбиелеу жөнiндегi
өте маңызды ғылыми жəне көркем əдебиет болып есептеледi. Бұл еңбектер ата-аналар
арасында жүргiзiлетiн педагогикалық үгiт жұмысынан бастап, оны өрiстетуге жəне бүкiл тəрбие
жұмысының құлаш жаюында ерекше рөл атқарады. Отбасы үлкен, аса жауапты жұмыс, бұл
жұмысты, ата-аналар басқарады, бұл үшiн адам қоғам алдында, өз бақыты жəне балалары
алдында жауап бередi''- дедi Макаренко. Ол жеке тұлғаны дамыту, оның қоғамдық рөлi туралы
көптеген жұмыс iстеген педагог.
Оның айтуынша ''Жеке тұлғаны дамытудың жолдары - ұжымшылдық, еңбек сүйгiштiк,
жоғары адамгершiлiк, биiк саналылықты, осыларды тұтас, жиынтық негiзiнде жүргiзу'' - дедi А. С.
Макаренко.
В. А. Сухомлинский мен В. Ф. Шаталовтың өмiрi мен қызметi (1918-1975)
В. А. Сухомлинский ''Жастарды адамгершiлiкке'' тəрбиелеудiң проблемаларын'' зерттедi.
Сухомлинский еңбектерi басты да күрделi мiндеттердi шешу - барлық жастарға орта бiлiм беруге
арналған. Педагогиканың мұндай күрделi де маңызды мiндеттерi - комплекстi түрде, мектеп
практикасы арқылы, мектептiң қазiргi жағдайына байланысты шешiлiп, нəтижесi тез арада тарап
кеттi. Ол халықтық педагогиканың үлгiсiне сүйенедi. Ол халықты нағыз тiрi құрал ретiнде
педагогикалық даналықтың көзiне айналдыра отырып зерттедi.
Бiлiм беру мен оқыту органикалық талдаудың көзi, дамыған сезiм мен ақылдың бiрлiгi,
халық пен адамның үзiлiссiз бiлiм алуының қалыптасқан сұранысы. Сухомлин-ский өзiнiң көптеген еңбектерiнде ең маңызды ой-пiкiрi - педагогтың мынадай екi мəселенi шешуiне арналады.
Бiрiншiден, оқушыларға бiлiм қорын жинақтауға мүмкiндiк беру. Екiншiден, оқушыларды ұдайы,
барлық өмiр бойы өз бiлiмiн толықтырып отыруға əсiресе, адамзат мəдениетiнiң қазынасын тиiмдi
пайдалануға үйрету. Оның айтуынша, бiлiм беру творчестволық процесс - адамның, жеке
тұлғаның қалыптасуы өмiрлiк толастамайтын ағынды, тасқынды процесс. Оқыту, бiлiм беру,
тəрбие бiр-бiрiмен тығыз байланысты, бiрiн-бiрi толықтырып, кезекпе-кезек жалғасып отыратын
тарихи процесс. Сухомлинский: ''Адам бiлiм арқылы жұмыс iстеуге үйренуi - адамгершiлiктiң ең
жоғарғы мұраты'' - деп тұжырымдады.
Қазiргi Россияда кəсiптiк даярлыққа асқан қызығушы-лықпен талаптар қойылуда. Жаңа
типтi оқу орындары ашылып, оған жаңа оқу-құралдары жасалуда, гимназиялар, колледждер,
лицейлер, жоғары кəсiптiк училищелер, жекелей кəсiптiк авторлық мектептер ашылып өз
концепциясын жасау үстiнде. Инженерлiк - педагогикалық институттар, индустриальдық-
педагогикалық техникумдар, педагогикалық колледждер көптеп ашылуда. Кəсiптiк бiлiм беру
ұдайы дамуда. Бұл басқа ғылымдар мен ұдайы байланыста дамып, бiлiм берудiң комплекстi
жүйесiн iске асыруда, жаңа теория мен концепция жасауда, мұның барлығы практикада сыналу
үстiнде.
В. Ф. Шаталов - Донецк мұғалiмi.
Бүкiл Жер жүзiне белгiлi педагог ғалым, жазушы. Шаталов педагогикалық процестiң
мақсаты - барлығын оқытып, барлығына берiк бiлiм беру (барлық балалар талантты болу), оның
ұраны - бiлiм барлығына. Педагогикалық процестiң басты принципi -ашық болашақ. Мiнез,
орындалған жұмыс үшiн, оған ешқандай көмек болмаса, оған ''бестiк'' баға қойылатыны даусыз.
Басқа принциптерi материалды бiрнеше рет қайталау, аса биiк теориялық даярлық оқудың
жоғарғы типi жəне уақыт үнемдiлiгiн сақтау. Мұның барлығын сақтау - өмiр, мектеп ұраны.
Сапалы бiлiм, саналы тəртiп.
В. Ф. Шаталов педагогикасы - оқушылардың ойлау iс-əрекетiне, психологиялық тiрек
жасайды. Ол оқу про-цесiндегi үлгерiм, сапалы сабақ, тұрақты бiлiм беруге негiзделедi. Шаталов
оқу материалын мүлде қайта қарап толықтырады. Ол одан iрi блок жасады. Көп қайталаудан бұл
блоктар ''ықшамдалады'' жəне ''жинақталады''. Оқу материалы схемаға тұсiрiледi, конспект
жасалады.
В. Ф. Шаталов қолданған əртүрлi əдiстер: түсiндiру, тiрек конспектiлер (сигналдар),
символдар, дыбыстандыру, оқулықпен жұмыстау, тiректi сигналдарды жазбаша қайта жаңғырту,
өзара бақылау қағаздарын толтыру т. б. Оқудың мазмұнын байланыстыру жəне бұл əдiстi бiр
тұтас педаго-гикалық процеске пайдалану жаңашылдардың оқушылардың танымдық iс-қимылын
сатылы түрде дамуын қамтамасыз етедi. Бұл туралы В. Ф. Шаталов өзi былай деп жазды:
''Бiрiншi саты - көпсалалы, бiлiмдарлықпен - жүйелi, эмоциональды түрде таңдаған параграфты
мұғалiмнiң сабақты түсiндiруi. Екiншi саты - тiрек плакаттары бойынша, оқу материалдарын
түсiндiру, дауыстап оқыту, негiзгi ұғымдарды əртүрлi символ-дардың көмегiмен, кодты шешу
арқылы түсiндiру жəне олардың өзара логикалық байланысын анықтау. үшiншi саты, тiрек
сигналын үйрену, сол арқылы əрбiр оқушы үйренедi жəне альбомдарына жапсырады. Төртiншi
саты - оқулықпен жəне үй жағдайында - тiрек сигналдарының беттерiмен жұмыс iстеу. Бесiншi
саты - келесi сабақта тiрек сигналдарын жазбаша еске түсiру. Алтыншы саты - тiрек сигналдары
бойынша жауап қайтару (жазбаша жəне ауызша жай дыбыспен, магнитофонды өзара бақылау
қағаздары бойынша т. б.) Жетiншi саты - бұрын өткен материалды тереңдету жəне жай қайталау.
5.5 Қазақстан педагогтарының еңбектерi мен ой-пiкiрлерiнiң қалыптасуы жəне дамуы
Шоқан Уəлиханов - ғалым, ағартушы (1835-1865)
Тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зерттеушiсi, археолог, этнограф, саяхатшы,
ағарту-шы-демократ. Құсмұрын бекiнiсiнде (Көкшетау облысы), Абылайханның немересi, қазақтың
сұлтаны Шыңғыс Уəлихановтың отбасында дүниеге келген. Ауыл мектебiнде оқыған, кадет
корпусын бiтiрген (1853). Батыс Сiбiр Генерал -губернаторында əскерлiк қызмет атқарған. Орта
Азия мен Қытайға жасалған бiрнеше экспедицияға қатысқан. 1859-1862 ж.ж. Петербургке барған
кездерiнде А. Щапов пен Т. Елисеев т. б. тобындағы, тəрбиесiндегi демократиялық бағыттағы
интелегенциямен араласады. Н. Г. Чернышевскийдiң ''Современник'' жəне А. И. Герценнiң
''Колоколымен'' танысады. Ғылым Академиясының жəне орыстың география-лық қоғамының
жұмысына белсене араласады.
Шоқан Уəлиханов мұсылман дiн басшылары халық ағарту iсiн өз қолына алғанын, мектептер
мен медреселер құнды оқушыларға құрғақ жаттататынын, оның маңызын түсiнбей-тiнiн, сол кезең
үшiн, оның ешбiр пайдасыз екенiн қатты сынады. Қазақтардың бiлiм сипатының, оның мəндiлiгi
мен маңызын, сол кезең үшiн гумандық, халықтық - деп түсiнген Шоқан, бiлiм мен оқу ғана
қазақтарды əлеуметтiк-əдiлеттi күреске жұмылдырады, тек бiлiм мен оқу көшпендiлердi қоғамдық
прогресс пен еркiн дамуға жол көрсетедi - деген үлкен гуманистiк ой-пiкiрде болды.
Шоқанның көзқарастары материалистiк бағыт ұстады. Психологияны, оның iшiнде
этнопсихологияны, оның этнопсихологияның табиғатын түсiнуi, оның əртүрлi факторларын
толықтыруы соны көрсетедi. Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Түркiстан халқының психологиялық
ерекшелiгi туралы мəселенi Ш. Уəлиханов жалпы мəдениеттi дамыту жəне ''халықтық рухты''
қайта ояту проблемаларымен берiк байланыста етiп шешуге тырысты. Ғалым Шоқан халық
мiнезiнiң сипатын, оның пайда болуын көп жоспарлы, сан қилы мақсатта қарастырды. Сөйтiп, ол
өзiнiң көптеген шығармаларында халық тұрмысын, əдет-ғұрпын, тiлiн, өзара қарым-қатынасын,
дiнiн, оның əрқайсының ерекшелiгiн асқан дəлдiкпен талдау жасады.
Ш. Уəлихановтың оқу-ағарту қажеттiлiгi туралы ойы, ғылым халықты дамытатынын, олардан
оқу-тəрбиедегi маңызды жол ұрпақ тəрбиесiнiң бастауы екенiн дəлелдеуi, оның прогрессивтiк
көзқарастарының ерекшелiктерiн көрсете отырып, Қазақстандағы қоғамдық ойдың дамуына
айтарлық-тай əсер ететiнiн дəлелдейдi.
Ғалымның шығыс, батыс халықтарының көптеген тiлдерiн бiлуi əр түрлi қайнар көздерге
сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра зерттеуге, тарихи шындықты ашуға
мүмкiндiк туғызды. Шоқан өз ойын нақты дəлелдеу үшiн Орта Азия халықтарының тарихын көп
зерттеген Жолбарыс əулетiнен шыққан Абылғазының ''Түрiк шежiресi'' атты белгiлi кiтабына
жүгiнедi. ''Түрiк шежiресiн'' толықтыра түсу мақсатында ол ''Қазақ шежiресi'' еңбегiн жазады.
''Қазақтардың көшпелi еркiн тiрлiгi Азияда дүниеге келiп, дамығаны күмəн туғызбаса керек. Олай
дейтiн себебiмiз, орыс жылнамалары (Псков жылнамалары) бiздiң сөзiмiздi растайды'', - деп
баяндайды да, сол кездегi көптеген авторлардың еңбектерiне шолу жасайды, олардың дерек-
терiн шежiрелермен салыстырады.
Қазақтың əрбiр ру басылары өз ру-тайпасының шежiресiн - шыққан тегiн, елдiң əдет-ғұрып
заңдарын, ескi жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған
ақсақалдардан ыждаүатпен үйренiп, өзiнiң шешендiк өнерiн шыңдауда аңыз-əңгiмелердi, мақал-
мəтелдердi, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздердi ұзақ уақыт жаттайтынын,
сондай дайын-дығы бар билердiң аузынан шыққан сөздердi халық ұйып тыңдайтынын, ол нақыл
сөздердiң өмiрдiң бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тəлiм-тəрбиелiк, ғибраттық мазмұнға
толы болатынын ұлы ғалым тебiрене жазған.
Зерттеушi тарихи аңыздар - тарихи деректер жаңғырығы деп бiлген. Оның танымдық
мағлұматтарын ғылыми еңбектерiнде шебер пайдаланған. Ауызша айтыл-ған тарихи
толғаныстарды, жазба жəне археологиялық мəлiметтердi өзара салыстырып, ең сенiмдi дегенiн
кəдеге жаратқан. Тарихи аңыздардың маңызын ашуда Шоқан-ның асқан бiлiмпаздығын танытатын
мұрасының бiрi - ''Оңтүстiк Сiбiр тайпаларының тарихынан жазбалар''. Зерттеушi бұл еңбегiн жазу
үстiнде дүние жүзi шығыс-танушыларының бұрын-соңды жарық көрген шығарма-ларына жүгiнгенiн
көремiз. Левшин, Риттер, Клапрот зерттеулерiндегi пiкiр қайшылықтарын, немiс шығыстану-шысы
Вильгельм Шоттың жəне орыс этнографы Евгений Огородниковтың якут (саха) халқының тарихы
туралы айтқан пiкiрлерiндегi бұрмалаушылықты____________, қателер мен үстiрт жорамалдарды ғалым
аталған еңбегiнде сынайды, өзiнiң батыл ойларын айтады.
''Қазiргi қолда бар деректердi ел аузындағы аңыздар-мен, ноғайлармен қарым-қатынас
жайлы орыстың елшiлiк фактiлерiн Жалайридың ''Жылнамалар жинағымен'' салыстырған жөн'' -
деп жол сiлтеген кемеңгер ғалым ''Қырғыздар туралы жазбаларында'' Орта Азия көшпелi-
лерiнiң өздерiнiң ата-бабаларының, даңқты батырларының ерлiк iстерiн баяндайтын, құйма-құлақ
аңызшылар аумай-төкпей жеткiзген аңыздары бар, бұл аңыз-ертегiлер халықтың өткендегi
өмiрiнiң қысқаша тарихи суретiн бейнелейдi, өздерiнiң батырлары мен халық арасындағы
оқиғалары туралы аңыздарды жырға айналдырырп, келешек ұрпаққа от басындағы естелiк-əңгiме
ретiнде жеткiзiп отыру барлық көшпелiлерге тəн салт'', - деген салиқалы қорытынды жасайды.
Ш. Уəлихановтың əдеби мұрасынан халық ауыз əдебиетiнiң барлық нұсқаларына
байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның
''Бұқардың Абылайға айтқаны'', ''Абылай туралы жырлар'', ''Шора'', ''Орақ жырлары'', ''XVIII ғасыр
батырлары туралы тарихи аңыздар'' т. б. шығарма-лары қазақ əдебиетi тарихына қатысты
көлемдi зерттеулер болып табылады. Сондай-ақ Шоқанның ''Қазақ халық поэзиясының түрлерi
туралы'' еңбегi поэзиямыздың теориясы жөнiндегi алғашқы зерттеулердiң қатарына жатады. Ал
атақты ''Жоңғар очерктерi'', ''Қырғыздар туралы жазбалар'' сияқты монография дерлiк
шығармаларының көптеген беттерi қазақ əдебиетi мəселелерiне арналған.
Ш. Уəлиханов қазақ өлеңдерi мен ауыз əдебиетi туралы алғаш деректер жинаған Н. П.
Рычковтың 1770 жылы жарық көрген ''Күнделiк жазбаларын'', А. И. Лев-шиннiң 1832 жылы
баспадан шыққан ''Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласы туралы
жазбаларын'' т. б. ғалым-саяхатшылардың жазғандарын ой елегiнен өткiзiп, сын-ескертпелер
жасағанын айта кеткен жөн.
Əдебиетiмiздi, тарихымызды, мəдениетiмiздi, ағарту-шылық тəлiмдi терiс түсiндiрудi
көздегендерге батыл наразылық бiлдiрген Уəлиханов өзi бас болып əдеби мұрамыздың шынайы
мəнiн ғылыми негiздеуге арналған зерттеулер жазды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш
теориялық талдау жасады.
Ғалым өзiнiң ''Жоңғар очерктерiнде'' халық аузын-дағы нақыл сөздердi зерттеудiң
этнография үшiн орасан зор маңызы бар екенiн, оны өзiнен бұрынғы ғалымдар да сан рет
аңғарғанын, өйткенi одан халықтың тұрмысы мен əдет ғұрпы айқынырақ көрiнетiнiн тебiрене
жазған. ''Ескi нақыл сөздерге бай келу Солтүстiк Азия мен Орта Азия-ның көшпелi халықтарының
ерекше бiр қасиетi болып табылады. Ондай нақыл сөздер не ру ескерткiшi ретiнде, мəселен заң,
ғұрып аңыздары ретiнде қариялар аузында қасиеттелiп сақталып отырады, не халық жыры
түрiнде бiр ұрпақтан екiншi ұрпаққа белгiлi жыршылар арқылы жеткiзiлiп отырады''.
Қазақ мақалдары ықылым замандағы көрiнiстi, сенiмдi айқындай түсетiн құрал ретiнде
пайдаланыла-тынын жазады. Қазақ тiлiнде халықтың мiнез-құлқын, жалпы ерекшелiгi туралы
ұғымды нақты бiлдiретiн мақалдар да бар екенiн айта келiп, мақалдарды бiр тiлден екiншi тiлге
аударғанда мəнi кететiнiн, оны дəл аударудың қиындығын айтқан жəне өзiнiң үш жүздей мақал
жинағанын да бiлдiрген. Зерттеушi халықтың тұжырымды ойға құрылған мақал-мəтелдерiнiң
қайсыбiреулерiнiң мазмұнын дəл сақтай отырып орыс тiлiне аударды, оған түсiнiктер бердi.
Ондағы ойы орыс оқырмандарын халқымыздың мəдениетiмен, əдебиетiмен тереңiрек таныстыра
түсу болды.
Əпсаналар мен аңыздарда əр қырынан көрiнетiн, бүкiл түркi тектес халықтарға ортақ тарихи
тұлғалардың бiрi - ұлы бабамыз Қорқыт Ата туралы Шоқан Уəлиханов қысқа болғанымен мəндi,
мағыналы мағлұматтар келтiредi. Əр халықтың жазба мəдениетi, ауыз əдебиетiнiң үлгiлерi жайлы
баяндағанда, Қорқыт ____________Атаның да көптеген халықтарға танымал бейне екенiне тоқталады.
''Жоңғар очерктерiнде'' Қорқытқа байланысты ертегi, жырлар территориялық жəне тiл жағынан
жақын халықтардың əдеби, мəдени бiрлiгiн нығайтуға септiгiн тигiзгенiн айтады.
Əлемдiк əдебиет пен мəдениетен жəне оқу-ағарту iсiнен хабардар болған Шоқан - түркi
тектес халықтардың əдеби мұраларын да бiлгiрлiкпен зерттеген ұлы ғалым. Əсiресе, қырғыз
елiнiң ''Манас'' жырына айырықша көңiл бөледi. ''Манасты'' өркениеттi елдерге тұңғыш таныс-
тырушы Ш. Уəлиханов екенiн мақтан етуге тиiспiз.
Зерттеушi өзiнiң ''Қырғыздар туралы жазбалар'' еңбегiнде халық есiнде, тамаша философ
ретiнде сақталған Асанқайғының Жырғаланда көшiп-қонып жүрген қазақ екенiн, оның аты тек
қазаққа ғана емес көршi қырғыз елiне де мəлiм болып, ''Манас'' жырында кездесетiнiн, зираты
Ыстықкөлдiң маңында екенiн ескертедi.
Шоқан аса қабiлеттi қайсыбiр жыршылар мен жыраулардың өмiрiне, ол туралы айтылған
естелiк аңыз-дарға, жыршылар мен жыраулардың өздерi шығарған өлеңдерге айтарлықтай мəн
берген. Ол ''XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар'' деген мақаласында Бұқар жырауға
қатысты бiраз мəлiметтер келтiрдi. Жырау-дың Абылай алдында айтылған өлеңiнiң аудармасын
жасайды. Сөйтiп, Бұқар жырауды орыс оқырмандарына тұңғыш рет Шоқан таныстырды.
Шоқан қазақтар импровизаторлық өнерге шебер келетiнiн атап көрсетедi. Зерттеушiнiң
көшпелi елдердегi суырып салушылық өнердiң жоғары дəрежеде дамыған-дығы жайлы
пiкiрлерi назар аударарлықтай мəндi. өлең сөздi суырып салып айту, кiдiру-мүдiру дегендi бiлмеу
себебiн өзiнше топшылай келiп, Шоқан: ''Мұндай қасиет-тiң болуына көшпелiлердiң алаңсыз өмiрi
əсер еттi ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тiзiлген жұлдызды, көк, ашық
аспанды сұлу табиғат əсер еттi ме, ол əзiр бiзге мəлiмсiз'', -деп жазады жəне ''қазақ ақындарының
импровизаторлық өнерi көшпелi елдiң салт-тұрмысына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан
ақындық дəстүр негiзiнде туып, дамыды''... ''Импровиза-торлық өнерi жағынан қазақ ақындары
көшпелi араб ақындарынан бiр де бiр кем түспейдi'', - деп салыстыра ой түйедi.
Естелiктерден Ш. Уəлихановтың өнерге, оны баян-даушыға деген сүйiспеншiлiгн, екiншiден,
ана тiлiмiздiң қоспасыз, таза күйiнде сақталуын қадағалаған қамқоршы екенiн жəне халық
арасында жылт етiп көрiнген игi нышанды қалт жiберммей тыңдай да, зерттей де бiлгенiн
аңғарамыз.
''Қазақтар жаратылысының өзiнен-ақ қабiлеттi, дарынды жəне ғажайып сезiмтал келедi...
Сұлтандардың ерлiк iстерi мен естелiктерiн жырлайтын суырып салма ақындары олардың барлық
руларында кездеседi. Қазақ-тардың батырлық эпосы мен аңыздары, ертегiлерi өте көп жəне олар
өлең мен музыканы жақсы көредi''.
Шоқанның бұл пiкiрлерi поляк саяхатшысы Адольф Янушкевичтiң ойларымен үндес келедi:
''... мен алғаш рет өлеңшiлердi тыңдауға мүмкiндiк алдым. Бұлар қазақ трубадуралары, даланың
бардтары - ұлы ақындары. Олардың өлең шығаруы мен қазақтардың көбiне тəн орындау дарыны
осы халықтың ақыл-ой қабiлетiн тамаша айғақтайды, қазақтар еңбекке де бейiмдiлiгiн байқатады''.
''Қытайлар мен мұсылман жазушыларының деректерi бойынша, ертедегi қазақтардың өз
жазуы болған жəне басқа көшпелiлерге қарағанда мəдениеттiң анағұрлым жоғары сатысында
тұрған''. Шоқанның мұндай қортын-дыға келуiне оның Орхон-Енесей, Талас жазба нұсқа-ларымен
де таныс болуы, Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының iшкi жəне сыртқы саяси жағдайының
нығайғаны, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдiң арасындағы алғашқы саяси байланыстар осы
кезеңде жасала бастағаны, мұндай дипломатиялық қатынастардың болғандығын 1575-1584
жылдары жүргiзiлген патша архивiнiң тiзiмдерi айқындайтыны, ''38-шi жəшiкте Қасым ханның
тұсын-дағы қазақ кiтаптары мен көшiрмелерi бар'' деген деректi дəлел, басқа да көптеген көне
жазба нұсқаларда сақталған нақты фактiлер себепшi болған сияқты.
Шоқан Уəлихановтың əдебиет зерттеу ғылымына қосқан үлесi оның И. Н. Березиннiң ''Хан
жарлығына'' жазған пiкiрi мен Жалайридiң ''Жəмих-ат-тауариғы'' (''Жылнамалар жинағы'')
тарауларын алғаш орыс тiлiне аударып, ондағы шығыс терминдерiнiң сөздiгiн жасағанынан да
көрiнедi.
Ш. Уəлиханов ''Профессор И. Н. Березиннiң ''Хан жарлығы'' кiтабына ескертпе'' деген
шығармасында Сеадат-Гирей жарлығында ноғайлының Орал ордасындағы рубасы, ақтастық Əли
бидi қазақ жырларында күнi бүгiнге дейiн айтылатын Кiшi орданың батыры Шораның қалай
талқандағаны суреттелген.
''Жəмих-ат-тауарихты'' тарихи, əдеби құнды мұра ретiнде бағалаған Ш. Уəлиханов
Қадырғали Жалайри халқымыздың тарихын, өмiрiн басқа тарихшылардан жақсы бiлгендiктен, өз
еңбегiнде оларға кең орын бер-генiн, тiлi өте көркем екенiн қызыға жазған. Есiмi аңызға айналған,
түрiк тiлi арқылы дүние жүзiнiң барлық негiзгi тiлдерiне аударылып, əлемдi шарлаған атақты
''Оғыз-нама'' эпопеясының бас қаүарманы Оғызхан жайыл мəлiмет-терге зор көңiл бөлген.
Ш. Уəлиханов зерттеулерiнде ''тарихи жыр'' терминiн қолданған. А. Байтұрсыновтың
''Əдебиет танытқыш'' еңбегiнде тарихи жырдың жанрлық ерекшелiгiне мынан-дай анықтама
берiлген: ''Тарихи жыр деп, тарихта болған оқиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа
жұрттардың тарихында жазылған мағлұматтар бар, халық-тың өзiнiң есiнен кетпеген, қазақ
басынан кешiрген оқиғалары толып жатыр, солар туралы өлең етiп шығарған сөздер болса, солар
тарихи жыр болады''. Шоқан XVIII-XIX ғасырларда, Абылай заманы тұсында ерекше дамыған
тарихи жырларға зор мəн берген. Ғалымның ''XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар''
атты еңбегiнде тарихи жырларда, аңыздарда есiмдерi зор сүйiспеншiлiкпен айтылатын тарихи
тұлғаларға, олардың қаүармандығына ғылыми дəлдiкпен, көркем барлау жасаған.
Шоқанның ''XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз'' шығармасында атақты Баян
батырдың қазасы, қалмақ əйелдерiнiң (Шарыштың анасының, Темiржан батырдың қарындасының)
жоқтау зары, елшiлiк алмасу дəстүрi жəне басқа да жайлар қамтылған.
''XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз'' -белгiлi сюжетке құрылған, оқиғасы
қызғылықты, адам психо-логиясын терең ашып суреттеген асыл мұра, əрi қысқа, əрi нұсқа туынды.
Ұлы зерттеушi осынау құнды шығар-масында тарихи кейiпкерлердi қандай шебер шоғырлан-
дырған, заман тынысын қалай дөп басып, естен кетпестей айшықты бейнелеген десеңшi! Көз
алдыңызға кесек бiтiмдi, мəрт мiнездi iрi тұлғалар, жанды қаүармандар келедi. өзiңiздi қазақ
даласындағы ұрыс майданына араласып кеткендей сезiнесiз. Бұл қаламгер дарынының сиқырлы
құдiретi болса керек!
Ш. Ш. Уəлиханов өзiнiң атақты ''Жоңғар очерктерi'' арқылы əлемге танылды. Бұл ғылыми,
əдеби, тарихи, публицистiк құнды еңбек өткен ғаырдың алпысыншы жылдарында Еуропа
ғалымдарын, шетел баспасөзiн, əсересе немiс зиялыларын елең еткiздi. ''Жоңғар очерктерi''
Шоқанның ардақты есiмiн дүниеге асқақтата шарлатты.
Онда саяси-əлеуметтiк мəнi бар оқиғаларды ұлы ғалым жалынды публицистикаға тəн
сипатта шебер баяндайды. Философиялық терең ой түйiп, батыл пiкiрлер айтады. Сөйтiп,
ғылыми очерктi саяси деңгейге көтередi. Ал өзiнiң аса көрнектi мұрасы ''Сот реформасы туралы
ғылыми хатында'' саяси көзқарасын бұрынғыдан да тереңдете түскен.
Ш. Уəлиханов Қашқарға барған сапарында көптеген материалдар, ауыз əдебиетi үлгiлерiнiң
бiрнеше түрлерiн, аса сирек кездесетiн кiтаптар алып қайтты. Этнографиялық очерктер, санақ
мəлiметтерi, тарихи хабарлар, онда халық əдебиетiнiң үлгiлерi, бiлiм, ғылым, оқу қырлары жинақ-
талған деректер толы. Шоқанның тарихи тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа сақталады.
Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогиксының негiзiн қалаушы (1841-1889)
Қазақ педагогикасының негiзiн салушы, педагог - ағартушы, ақын жəне прозаик, публицист
балалар жазушысы, орыс графикасы негiзiнде қазақ алфавитiнiң негiзiн қалаушы. Алтын-сарин
мектеп пен тəрбие өз халқының тұрмысы мен өмiрiнiң тарихи ұлттық ерекшелiгiне сəйкес келу
идеясын ұсынды. Сондай-ақ, оның тамаша тарихи болашағына асқан сенiммен қарады. Ы.
Алтынсаринның пiкiрi бойынша, ауыл мектептерi болыс мектеп-терiнiң бiрiншi бөлiмiнiң
бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға тиiс болды. Оқу ана тiлiнде жүргiзiлуi тиiс - деген қағида
ұсынды. Ы. Алтынсарин қазақ халқына бiлiм беру тек бастауыш мектеппен ғана шектеледi -
деген пiкiрден аулақ болды. Ол орта мектептер құру туралы ойларын халқына жеткiздi жəне қазақ
балаларының университеттерде оқуын қалады. Алайда, ол Россия патшаларының
жағдайындағы осыған ұқсас жоспарлардың өмiрге сəйкес келмейтiнiн ескере отырып, Оренбург
жəне Троицк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттерiнде оқитын қазақ балаларымен
жастарға арнаулы стипендия тағайындады. Ы. Алтынсарин кəсiптiк бiлiм берудiң маңызын жете
түсiндi жəне жақтады. Ол Торғайда төменгi қолөнер учлищесiн ашудың жоспарын жасады жəне
оны ашуды қолға алды. Ағаш - токоры, слесарлы - ұсталық, тiгiн бөлiмi бар Торғайдағы Яковлев
қолөнер училщесi тек 1884 жылы ғана ашылды. Ы. Алтынсарин Қостанайдағы
ауылшаруашылық училщесiн ашу үшiн өзiнiң екi үйiнiң орынын жəне училище учаскесi үшiн
қыстауындағы жерiн бердi. Алайда, бұл үстемдiк етушi топтың əсерi салдарынан ол ұлы Октябрь
төңкерiсiне дейiн ашылмады, қолдау таппады. Училище сол күйiнде ашылмай қалды. Ы.
Алтынсаринның табандылығымен Орынборда 1886 жылы мұғалiм даярлай-тын қырғыз мектебi
ашылды. Бұл Орыс-қазақ мектеп-терiне мұғалiм даярлаудың орталығына айналды. Сөйтiп,
Алтынсарин қазақ халқының өмiр мен салтына сəйкес келетiн қолтума қазақ мектептерiн ашудың
жолдарын көрсетiп бердi, өзi ашты. Бұл жүйенiң ең басты құндылығы барлық мектеп типiнiң
мирасқорлығы болып есептеледi. Мұның ерекшелiгi осында. Россия жағдайындағы мұндай
мектептердiң көпшiлiгi тұғырына тiрелген едi.
Тұңғыш қазақ мектебiн ашып, оқытуға кiрiскен Ыбырай соған тiкелей көмектескен Н. И.
Ильминскийге жазған (1864 жыл, 16 март) хатында: ''Осы жылы наурыздың 8 күнi менiң көптен
күткен iсiм орнына келiп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кiрдi, бəрi де естi, жақсы балалар.
Мен оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кiрiстiм. Бұл балалар да менiң айызымды
қандырып, небəрi үш айдың iшiнде оқи бiлетiн жəне орысша, татарша жаза бiлетiн болды... Кейiн
парақор болып шықпаулары үшiн, оларға адамгершiлiк жағынан əсер етуге де бар күшiмдi салып
отырмын. Күлсеңiз, күле берiңiз мен кейбiр оқытудан бос уақыттарда оларға ресми түрде молда
болып та қоямын, сөйтiп, оларға дiн тарихынан бiлгенiмдi айтып, оған басқа да пайдалы жəне
түсiнiктi əңгiмелердi де қосып айтамын. Менiң қашаннан арман-тiлегiм қалай да пайдалы адам
болып шығу едi. Ал қазiр осыған қолым жетiп отырғанын ойласам, көңiлiм толық жұбаныш
табады'', - деп жазады.
Ұлы ағартушы-педагог тек мектеп ашумен шектелiп қалуға болмайтынын, бұған лайықты
оқу-əдiстемелiк құрал-жабдықтар керек екенiн жақсы түсiндi. Сондықтан Ы. Алтынсарин
Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тəрiздi педагогтардың əлiппе, оқулықтарын негiзге ала
отырып, қазақ балаларына арнап ''Оқу құралын'' жазды. Сондай-ақ ол əдiстемелiк мəнi бар ''Семья
мен мектеп'', ''Халық мектебi'' журналдары мен қолөнерi үшiн қажеттi Гестерманның техникалық
коллекциясын, физика, химия кабинеттерi үшiн құрал-жабдықтар алдыруға 600 сом жинағанын
айтады. Мұның бəрiнен оның жалаң оқумен қанағаттанып қалмағанын, бұған қоса ғылым мен
техника тетiктерiн үйретуде көрнекiлiк тəсiл ұстанғанын көрсетедi. Сондай-ақ аса қажеттi кiтаптар
мен жорналдарды орталық мектептерге топтап жинау арқылы сондағы кiтапханаларды байытуды
көздедi, оқимын деген жастар мен мұғалiмдердiң өз бiлiмiн көтеруiне қолдан келгенше жағдай
жасамақ болады. Автор сол тұстағы мектептерде дiн сабағының өту мүмкiндiгiн пайдаланып,
қазақ балалары үшiн ''Шариятул-ислам'' атты оқулық жазды. Бұл кiтап кезiнде балалардың
мұсылман дiнi-нiң қағидаларын игеруiне айтарлықтай үлес қосты.
Ыбырай жастарды оқу-бiлiм, өнерге үндегенде, құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын
нақтылықпен дəлел-деуге ұмтылады. Айтпақ пiкiрдi оқушы зердесiне еркiн сiңiру үшiн əр алуан
ұстаздық амал-тəсiл қолданады. Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендiк қайталауларды ұтымды
пайдаланады. Ақын əр шумақ сайын:
Бiр Құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңiлге
Ықыласпен тоқылық!-
деген жолдарды əдейi қайталай отырып, оқу-бiлiмнiң пайдасын айтуда бала жүрегiне жол
таба бiлген. Сол хрестоматияға сөз басы ретiнде берiлген ''Бiр Құдайға сыйынып, кел, балалар,
оқылық'' атты өлеңде ақын оқушы түсiнiгiне жеңiл қарама-қарсы ұғымдарды əдейi шендес-тiрiп
қолданады. Мəселен, ол бiлiмдiлiк пен надандықтың аражiгiн ашып көрсету талабында жарық пен
қараңғылық-ты қатар, жарыстыра алып сипаттайды. Осы орайда алды-мен оқудың пайдасын
жарыққа балап:
Оқысаңыз, балалар
Шамнан шырақ жағылар.
Тiлегенiң алдыңнан
Iздемей-ақ табылар -
десе, надандықтың мəн-жайын:
Оқымаған жүредi,
Қараңғыны қармалап, - дейдi.
Автор өзi үндеп отырған оқу-бiлiмнiң тек iзденiс, еңбекпен табылатынына үлкен мəн бередi.
Ол үшiн инемен құдық қазғандай ыждаүат, сабырлылық қажет екенiн ескертедi. Сондай сарыла
iзденудiң арқасында қол жеткiзген оқудың азбас, тозбас өнерге айналатынын айтады. Ақын
ойынша: оқу-бiлiм мəңгiлiк, ол жұтамайды, таусылмайды. Ал бұған қарама-қайшы тұратын
надандықты ақын:
Надандықтың белгiсi -
Еш ақылға жарамас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас...
Жөн бiлмеген наданға
Қыдыр ата дарымас, -
деп бейнелейдi. Сондықтан ол өз ойын қорытқанда да оқу-бiлiмiнiң өмiрдегi орнын, қажеттiлiгiн
баса көтередi. Осы орайда да Ыбырай бала жүрегiне жақын ата-ананың ертеңгi күнiн көлденең
тарта сөйлейдi.
Əлпештеген ата-ене
Қартаятын күн болар.
Қартаяғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата-енең қартайса,
Тiреу болар бұл оқу.
Қартайғанда мал тайса,
Сүйеу болар бұл оқу! - дейдi.
Əдебиетiмiзде бұған дейiн оқу-бiлiм өнерге бiрыңғай шақыратын мұндай жырлардың
жоқтығын ескерсек, осы ''Кел, балалар, оқылық'' өлеңiнiң мəн-маңызы атты өлеңiн бастан-аяқ тың
мазмұнды, жаңа сипатты шығарма дей аламыз. Ыбырай мұнда қазақ балалары түгiл,
ересектердiң ұғымын-да жоқ техника тетiктерi мен құрал-жабдықтарының iс-əрекет, қозғалысы мен
адамға көрсетер қызметiн суреттейдi. Шынында, құлақ естiп, көз көрмеген паровоз, пароход,
радио, телеграф, телефон, газ, электр, самолет, т. б. Сондықтан бұлар-ды қазақ балаларына
айтып түсiндiру талабында ол ел өмiрiнде бұрыннан бар жұмбақтау тəсiлiн ұстанады.
Автор сол таныс емес техника заттарының iс-əрекет-терiн алдымен өзiмiзде бар
нəрселермен теңеу арқылы ұғындырмақ болады. Айталық, ол паровозды ''аты жоқ құр арба'' деп
бейнелесе, ал суда жүзген кеменi кəдiмгi нəн балыққа балайды. Бұл, бiрiншiден, жұмбақ шешiп
үйренген қазақ балаларының ойлау қабiлетi мен соған деген ықылас-ынтасын арттырса,
екiншiден, жаңа заттың болмысы мен қызметiнен хабардар болып, нақты түсiнiк алады. Осындай
танымдық сипаты жағынан теңдесi жоқ бұл жырлардың бiр үзiндiсi төмендегiше болып келедi.
өнер-бiлiм бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзiңдi ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал iстейтiн жұмысты
От пен суға түсiрдi.
Отынсыз тамақ пiсiрдi,
Сусыздан сусын iшiрдi! ...
Рас, еңбек пен өнердi игеруге шақыру халық ауыз əдебиетi үлгiлерiнде бұрыннан бар,
алайда мұндағы негiзгi мақсат көшпелi өмiрдiң талап-тiлектерi төңiрегiнен аса қоймайтын.
Ы. Алтынсарин алғаш балаларға арнап жазған əңгiмелерiн өзiнiң төл өлеңдерiне қосып,
сол Хрестоматия-сына енгiздi. Осы қысқа əңгiмелерiнде ол жас шəкiрттердi адамгершiлiкке, iзгiлiк
пен бауырмалдыққа, адал еңбек пен əдiлдiкке, əдептiлiк пен сабырлыққа, зейiндiлiк пен бiлiмдi
еркiн игеруге шақырды. Ыбырай прозасының басты ерекшелiгi қазақ халқының мəдени-əлеуметтiк
өмiрiн арқау ете отырып, жаңа буын жастардың өсiп жетiлуiне қажеттi үлес қосу едi. Ұлы ағартушы
өз Хрестоматия-сының түзiлiм мiндетi туралы Н. Н. Ильминскийге жазған хатында былай дейдi:
''Қазақ балаларына, менiңше, мағы-налы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын əңгiмелер
немесе оларды қызықтыратын, мысалы, жiбек құртының, көбелектерiнiң өзгерулерi сияқты
əңгiмелер тəуiрiрек болады. өлең жағын мен мүмкiн болғанынша қазақ өлеңдерiнiң арасынан
iрiктеп аламын. Екiншi кiтабымды мен балаларға қызықты етiп, табиғат құбылыстары, табиғат
күштерi туралы, тарих жəне географиялық-ғылыми əңгiмелер келтiрмекпiн''. Бұдан тұңғыш
ұстаздың шəкiрттерге ғылымның əр саласынан тыңғылықты бiлiм беретiн пəндiк оқуды енгiзудi
ойластырғанын көремiз.
Ыбырай əңгiмелерiнiң негiзгi түйiнi: жас буынды өнер-бiлiмге үндеу, адамгершiлiк мiнез-
құлыққа тəрбиелеу болып келедi. Ол ел-жұртқа қажет бiлiм мен өнердi игерудiң төте жолы тұрақты мектептер арқылы iске асады деп санады. Сондықтан ағартушы қазақ халқын егiн егiп күн көретiн отырықшылыққа шақырды. өз əңгiмелерiнде отырықшылықтың артықтығын дəлелдеуге ерекше зер салады. Мысалы, ''Қыпшақ Сейiтқұл'', ''Киiз үй мен ағаш үй''.
''Қыпшақ Сейiтқұл'' атты əңгiмесiнде автор мал баққан халықтың жұт пен барымтаға
тəуелдi екенiн айта келiп, жоқшылыққа ұшыраған отыз үйлi тобырдың басшысы Сейiтқұлдың
ақылдылығы мен тапқырлығын жастарға үлгi етiп ұсынады. Ол сауда жасауға мал жоқ, ұрлық
iстеуге оның түбi қорлық деп санап, өзен-сулы Қабырға деген жерге елiн көшiрiп келiп
қоныстандырады. Жұртқа кетпен берiп, аз жылда малды ауыл болып, байып та кетедi. Ойдан-
қырдан келушiлер көбейiп, артынша төрт жүз үйлi ауылға айналады. Сөйтiп, адал еңбек, маңдай
терiмен байыған жұрт өзгелер батып келе алмайтындай қорған тұрғызып, қалалардан киiм-кешек,
азық-түлiк алдырып, мамыражай өмiр кешедi. Бұларға кезiнде қосыл-маған Сейiтқұлдың ағасы
ұрлықпен жүрiп қолға түсiп мерт болады. Ыбырай осы оқиғаны тартымды да көркем етiп əңгiмелей отырып, жортуылшының басы жолда қалғанын, ал адал еңбек еткендердiң аз жылда ел қатарына қосылғанын нақты дəлелдей алған.
Сондай-ақ жазушы ''Аурудан аяған күштiрек'', ''Асыл шөп'', ''Малды пайдаға жарату'' атты
əңгiмелерi қайрым-дылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылық секiлдi қасиеттердi
тəрбиелеуге арналған. Ендiгi бiр алуан əңгiмелерi табиғат құбылысы мен оған деген адамның
қарым-қатынасын ашуға құрылады. Автор өмiрлiк құбылыстың сан алуан болып келетiндiгi секiлдi соларды ұғып түсiнудiң де əр қилы екенiн ашып аңғартуды көздейдi.
Сондай-ақ жазушының балаларды əдеп пен əдiлдiк-ке, қанағатшылдық пен жомарттыққа,
сақилық пен тазалыққа, iзеттiлiк пен бауырмалдыққа шақыратын əңгiмелерi де бiр төбе. Бұлардың
iшiнде жан-жануарлар тiршiлiгiнен алып жазылғандары да аз емес. Мысалы, ''Түлкi мен ешкi'',
''Қарға мен құрт'', ''Сауысқан мен қарға'' т. б. Алайда, оның балалар табиғатына жақын, қазақ
өмiрiнен алып жазған шығармаларының өзi аса елеулi. Осы орайда қара сөзбен келсе де айтыс
өнерiн еске түсiретiн ''Жан-жануарлардың дауласқаны'', ''Байұлы'', ''Сəтемiр хан'', ''Жəнiбек батыр'',
''Оқудағы балалардың үйiне жазған хаттары'' тəрiздi топтамаларында тапқырлық, шешендiкке
баулуды мақсат етедi. Ыбырай өз əңгiмелерiн де шешендiк, нақыл, аталы сөздердi жиi қолданып
отырады. Айталық, ол ''Əке мен бала'' əңгiмесiнде ақыл-насихатқа толы: ''Аз жұмысты
қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат ете бiлмесең, көптен де құр қаларсың''
секiлдi жолдарды ұсынса, ''Қыпшақ Сейiтқұлда'': ''Сейiтқұл жұрт ағасы болды, ендi сол жұртының
адал бейнет, табан ет, маңдай термен тапқан дəулетiн аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы
бөрiден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды'', - деп шешендiк үлгiде сөйлейдi.
Сонымен Ы. Алтынсарин өзiнiң қара сөздерiнде тəрбиелiк мəндi, қысқа сюжеттi, шағын
əңгiмелердiң алғаш рет негiзiн салды.
Демек, осы тұрғыдан алып қарасақ Ыбырай ақын, тұңғыш педагог, ұстаз - ғалым. Оның
мұрасы тарихқа да əдебиетке де тəн, ұстаздық тəрбиелiк ой-пiкiрiлерi қазақтың таусылмас
қазынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |