Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi


Педагогикалық жүйенiң жүйе құраушы факторлары



бет17/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз


4. Педагогикалық жүйенiң жүйе құраушы факторлары

Жүйе құраушы маңызды факторлардың бiрi, педагогикалық жүйенiң қызметiнiң бастау көзi

– оқушы тұлғасының үйлесiмдi дамуы, оның өзiн-өзi айқындауына бағытталған мұғалiмдер мен

оқушылардың бiрлескен əрекетiнiң мақсаты болып табылады. Мектептiң мақсаты – тұлға

қасиетiнiң ақыл-ой, адамгершiлiк, эстетикалық еңбек, экологиялық, құқықтық жəне басқа да

базаның мəдениетiн қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу тəрбие процесiнiң жекелеген бағыттары

бойынша нақтыланады. Басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың ең басты белгiсi мектеп

басшылығының, мұғалiмдердiң, оқушылардың өзiн-өзi басқару органдарының жекелеген

мақсаттарды белгiлей алуы жəне белгiлi бiр уақыт кезеңiнде оны жалпы мақсатпен үйлестiрiп,

реттеп отыру.



5. Педагогикалық жүйенiң қызмет етуiнiң əлеуметтiк-педагогикалық жəне уақыттық

шарттары

Педагогикалық жүйенiң қызмет етуiнiң əлеуметтiк-педагогикалық шарттары деп оның

ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектептi басқарудың шарт-тары жалпы жəне

арнайы деп екi топқа бөлiнедi. Жалпы шарттарға əлеуметтiк, экономикалық, мəдени, ұлттық,

географиялық шарттарды жатқызуға болады. Ал арнайы шарттар – оқушылардың əлеуметтiк-

демографиялық құрамы; мектептiң орналасқан жерi (қалалық, аудандық); мектептiң материалдық

мүмкiндiгi; қоршаған ортаның тəрбиелiк мүмкiндiгi сияқты компоненттерден құралады.

Педагогикалық процестiң тиiмдiлiгiнiң, маңызды көрсеткiшi педагогикалық жəне оқушылар

ұжымдарындағы моральдық психологиялық ахуалдың сипаты, оқушылар ата-аналарының

педагогикалық деңгейi болмақ.

Педагогикалық жүйенiң уақыттық сипаты бала-лардың дербес-психологиялық дамуы жəне

жас ерекше-лiгiне сəйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен тұрады. Ол жалпы ұзақтығы он

бiр жылды құрайтын жалпы бiлiм беретiн мектептiң үш сатысын (бастауыш – I-IV; негiзгi орта – VIX;

жоғары – Х-ХI сыныптар) құрайды. Жалпы бiлiм берудiң əр сатысы өзiндiк мiндеттердi шешуге

бағытталғанмен, ол бала тұлғасын дамыту - деп аталатын ортақ мiндетке жұмылдырылады.

Оқытудың бiр сатысынан екiншi сатысына өту дербестiгi тұлғалық дамуда елеулi секiрiс болып

табылады. Жүйе құраушы факторлар, əлеуметтiк – педагогикалық жəне уақыттық шарттар

құрылымдық бақылау мен фнукциялық компоненттердiң ерекшелiктерiн айқындайды.



6. Педагогикалық жүйенiң құрылымдық компоненттерi

Кез келген əлеуметтiк жүйеде басқарудың жеке немесе ұжымдық субьектiсi шешушi рөл

атқарады. Мектептiң педагогикалық жүйесiнiң құрылымдық компонентерi айқындалатын нағыз

педагогикалық ұжым жəне оның басшысын немесе жүйенi басқарушының əрекетi болмақ.

Практикалық iстердi талдау жəне арнайы зерттеулер педагогикалық ұжымның алға қойған

мақсатына өз функцияларын кеңейту арқылы ғана емес, сонымен бiрге ол функциялардың

мүмкiндiгiн сарқа пайдаланып, оларды үйлестiру арқылы жетуге болатын-дығын көрсетедi.

Осыдан келiп басқару жүйесiнiң деңгейi проблемасы туындайды. Көптеген мектептердiң басқару

жүйесiнiң құрылымы басқарудың төрт деңгейiнен тұрады.

Бiрiншi деңгей - ұжым сайлаған немесе мемлекеттiк орган тағайындаған мектеп директоры:

мектеп кеңесi, оқушылар комитетi, қоғамдық бiрлестiк басшылары.



Екiншi деңгей - мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологиясы, əлеуметтiк педагог,

аға тəлiмгер, мектеп директорының əкiмшiлiк-шаруашылық iстерi бойынша көмекшiсi, сонымен

бiрге өзiн-өзi басқарушы бiрлестiктер мен органдар.

Үшiншi деңгей-оқушылар мен ата-аналарға, балалар бiрлестiктерi, сабақтан тыс үйiрмелерге

қатысты басқару қызметiн атқаратын мұғалiмдер, тəрбиешiлер, сынып жетекшiлерi.



Төртiншi деңгей - сыныптық жəне жалпы мемлекеттiк оқушылардың өзiн-өзi басқару жүйесiне

басшылық жасайтын оқушылар. Бұл деңгей мұғалiм мен оқушы қарым-қатынасының сипатын

айқындайды. Оқушы ол қарым-қатынастың обьектiсi болумен бiрге өз дамуының субьектiсi де

болады. Бұл келтiрiлген өзара қарым-қатынастар тiзбегiнен аңғаратынымыз, əрбiр төменгi

деңгейдегi басқару обьектiсi бiр мезгiлде өзiнен жоғары деңгейдегi басқарудың обьектiсi болады.

Басқару жүйесiнде оқушылар ұжымы негiзгi орын алады, оны да жалпы мемлекеттiк ұжым жəне

сыныптық ұжым деп басқарудың екi деңгейiне топтастыруға болады. Ал көлбеу бағыттағы басқару

жүйесi оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорт секциялары, шығармашылық бiрлестiктер,

үйiрмелер деп жiктеледi. Басқару жүйесi оқушылар қатысатын iс-əрекеттiң бiртұтастығын (оқу,

iзденушiлiк, спорт, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы еңбек) танытады. Тұтас педагокалық

процестiң құрылымдық компонентi ретiнде мазмұн бiлiм беретiн мекеменiң (мектеп, лицей т.б)

алдына қойған мақсатымен айқындалады. Ал педагогика-лық жəне оқушылар ұжымының оқу-

тəрбие процесi мазмұнының өзгеруi мемлекеттiк бiлiм стандарттары негiзiнде реттеледi.

Қазiргi қоғамға тəн бiлiм беру процесiн iзгiлендiру, дербестендiру жəне дифференциялау,

мəдениеттанушылық сипат беру бағыттарын iске асыру балалар мен жасөспiрiм-дердi оқыту мен

тəрбиелеудiң əдiстерi мен түрлерiн пайдаланудың ерекшелiктерiн айқындайды. Бұл бағытта

ұжымдық жəне топтық жұмыс түрлерiмен бiрге дербес жұмыс түрлерiне де баса мəн берiледi.

Педагогикалық əрекеттегi басқару жүйесiнiң басқарылушыға ықпал жасау əдiстерi де айқын

болуы тиiс. Оның тиiмдiлiгi - қолданған əдiстiң нақты педагогикалық жағдайға сəйкестiлiгiне

байланысты.

Тұтас педагогикалық процестiң ұйымдастыру əдiс-терi жүйенiң ұйымдық, функционалдық

жəне ақпараттық бiрлiгiн тоқтатуы тиiс. Сондықтан мұғалiм сендiру, жаттығу, бақылау жəне өзiн-өзi

бақылау, ынталандыру сияқты тəсiлдермен бiрге ақпарат жинау жəне оны талдау, дербес

дамудың диагностикасын жасау, түзету жəне т.б. сияқты əдiстердi де игеруi тиiс.

Сонымен, аталған жүйе құраушы факторлар педаго-гикалық процестi ұйымдастырудың iшкi

құрылымының өте күрделi екендiгiн танытады. Сонымен бiрге əрбiр компоненттi алға қойған

мақсатқа, қалыптасқан нақты жағдайға байланысты дер кезiнде реттеп отыруды қажет етедi.

Аталған компоненттер өз бетiнше өмiр сүрмейдi, олар мұғалiм əрекетiмен тығыз

байланысты болады да педагогикалық жүйенiң функционалдық компоненттерiн құрайды.

Функциялық компоненттердiң негiзiне педагог əркетiнiң процесiнде туындаған тұрақты базалық

құрылымдық компоненттер түзедi. Ал функциялық компоненттер педагогикалық процестiң

қозғалысын, өзгерiсiн танытып, оның даму қисынын айқындайды.



3.2 Мектептi басқарудың негiзгi функциялары

1. Мектеп басшысының басқару мəдениетi

Басқару мəдениетiнiң негiзгi компоненттерi. Бiлiм саласында еңбек ететiн адамдардың

басқару мəдениетi, олардың кəсiптiк-педагогикалық мəдениетiнiң құрамды бөлiгi болып табылады.

Дəстүрлi ұғымда кəсiптiк-педаго-гикалық мəдениет негiзiнен педагогикалық қызметтiң нормалары,

ережелерi, педагогикалық техника жəне шеберлiкпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы

психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мəдениет категорияларына

педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология жəне педагогикалық шығарма-шылықты

да қосатын болды.

Мектеп басшысының басқару мəдениетi, оның тұлға ретiнде мектеп басқарудың

технологиясы мен құндылық-тарын жасау, игеру жəне оны алға жылжытуға бағытталған

жұмыстарда өзiнiң шығармашылық күш-қуатын танытуы. Бұндай жағдайда басқару мəдениетiнiң

компоненттерi – аксиологиялық, технологиялық жəне тұлғалық-шығарма-шылық болып табылады.



Мектеп басшысы басқару мəдениетiнiң аксио-логиялық компоненттерi. Қазiргi

заманғы мектептi басқарудың маңызы мен мəнi болып табылатын басқару-педагогикалық

құндылықтардың жиынтығын құрайды. Мектеп басшысы басқару қызметiнiң процесiнде басқару-

дың жаңа теориясы мен концепциясын игерiп, ептiлiк пен дағдыларды меңгередi. Ал практикалық

қызмет барысын-да олардың қаншалықты маңыздылығына баға берiледi. Қазiргi кезде басқару

тиiмдiлiгiн артыруда бiлiм, идея, концепция сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар

үлкен маңызға ие болуда.

Педагогикалық жүйенi басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: əртүрлi деңгейдегi

тұтас педагогикалық процестi басқарудың мəнi мен маңызын ашатын құнды-лық-мақсаттар; бiлiм

жүйесiн басқару мақсаты, мектептi басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын

басқару мақсаты, тұлғаның өзiн-өзi тəрбиелеу, өзiн-өзi дамытуын басқару мақсаты жəне бағалау

құндылық-мағлұматтарға басқару қызметiне реттеушiлiк сипат бередi; құндылық-бiлiмдер басқару

саласындағы мектептiң бiлiмiнiң мəнi мен маңызын ашады; басқарудың əдiстемелiк негiзiн,

мектепiшiлiк менеджменттi бiлу, ауыл жəне қала мектептерi мұғалiмдерiмен жұмыстың

ерекшелiктерiн бiлу, педагогикалық процестердi басқару тиiмдiлiгiн критерийлерiн жəне т.б.

Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара

байланыстың, кəсiптiк қызметке, өзiне деген қатынастың, педагогикалық жəне оқушылар

ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мəнiн ашады;

Құндылық-сапалар басқарудың субъективтiгi ретiнде басқарушы-менеджердiң дербестiк,

тұлғалық, арасушылық қасиеттерiнiң көптүрлiгiнiң мəнiн ашады. Ол сапалар бастықтың өз

қызметiн болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре бiлу қабiлетi, өз əрекетi мен мақсатын

өзгелердiң əрекетiмен, мақсатымен салыстыра бiлу қабiлетi, ынтымақ-тасу жəне бiрлесе басқару

қабiлетiнен жəне т.б. көрiнедi.

Мектеп директорының басқару мəдениетiнiң техно-логиялық компонентi педагогикалық

процестi басқарудың əдiстерi мен тəсiлдерiн бiрiктiредi. Мектепiшiлiк басқару технологиясы

арнайы педагогикалық мiндеттердi шешу басшы-менеджердiң педагогикалық талдау жəне жоспар-

ластыру, педагогикалық процестi бақылау жəне реттеудi атқара алатын iскерлiгiне байланысты.

Мектеп дирек-торының басқару мəдениетiнiң деңгейi аталған мiндеттердi шешудiң əдiс, тəсiлдерiн

қаншалықты меңгере алуына тiкелей байланысты.

Мектеп директорының басқару мəдениетiнiң тұлғалық-шығармашылық компонентi

педагогикалық жүйенi басқаруды шығармашылық акт ретiнде қарастыру арқылы ашылады.

Мектеп басшысының басқару қызметi өзiнiң табиғатында шығармашылық болып табылады.

Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық

ерекшелiктерi мен басқару объектiсiнiң ерекшелiктерiне сай, ол құндылық-тарды өзiнше қайта

құрып, талдап түсiндiруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйенi басқару тұлғалық

қабiлеттердi iске асыратын жəне жұмсайтын сала болып табылады. Басқару қызметiнде мектеп

директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы жəне тəрбиешi ретiнде өзiн-өзi танытады.

Бiлiм беру мекемесi басшыларының

функциялық мiндеттерi

Оқу орнын басқаруды директор жəне оның орын-басарлары iске асырады, ал олардың

функциялық мiндеттерiн, тағайындау немесе сайлау тəртiбiн жалпы бiлiм беретiн мектеп жарғысы

анықтайды. Оқу-тəрбие процесiн басқаруды ең алдымен педагогикалық стажы үш жылдан кем

емес, өзiн мұғалiмдiк қызметте көрсете алған жəне қажеттi ұйымдастырушылық қабiлетi бар

мектеп директоры атқарады.

Мектеп директорының функциялық мiндеттерi ''Жалпы бiлiм беретiн мемлекеттiк оқу

орындары туралы уақытша ережесiнен'' жəне соның негiзiнде жасалатын əрбiр жалпы бiлiм

беретiн оқу орнының өз жарғысымен айқындалады.

Жалпы бiлiм беретiн оқу орнының директоры мынадай функциялық мiндеттердi атқарады:

Мемлекет жəне қоғам алдында балалар құқын қорғау талаптарының орындалуына

жауапты, оқу-тəрбие процесiн жоспарластырады жəне ұйымдастырады, оны орындалу барысын

жəне нəтижесiн қадағалайды, оқу орнының тиiмдi жəне сапалы жұмыс iстеуiне жауап бередi;

мемлекеттiк жəне қоғамдық органдар алдында мектептiң мүддесiн танытады;

мектептен тыс жəне сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қажеттi жағдай туғызады;

мектеп директорының орынбасарын таңдайды, олардың функциялық мiндеттерiн

белгiлейдi;

педұжымның, ата-аналардың жəне оқушылардың пiкiрiн ескере отырып оқу орнының

педагог кадрларын орналастырады, соның жетекшiлерiн тағайындайды;

оқу орнының педагог, əкiмшiлiк, оқу-тəрбие жəне қызмет көрсетушi кадрларын жұмысқа

қабылдайды жəне босатады;

белгiленген тəртiп бойынша оқу орнына бөлiнген бюджет қаржысының ұтымды жұмсалуын

ұйымдас-тырады;

оқу орны Кеңесiнiң келiсiмiмен шығармашылықпен жұмыс iстейтiн мұғалiмдердiң

жалақысына үстеме қосады;

шығармашылықпен жұмыс iстейтiн мұғалiмдердiң педагогикалық эксперимент жасауына,

оқу мен тəрбиенiң өзiнiң əдiстерiн практикада қолдануына қолайлы жағдай жасайды; өзiнiң

қызметi бойынша бiлiм басқармасы органының алдында жауап бередi.

Мектеп директорының бұл функциялық мiндеттерi мектептiң типiне, орналасқан жерiне,

мұғалiмдер мен оқушылар құрамының ерекшелiктерiне, ата-аналар мен қоғамдық өкiлдердiң

арасында қалыптасқан жұмыс жүйесiнiң ерекшелiктерiне байланысты, мектеп жарғы-сына одан

əрi толықтыру енгiзуi мүмкiн. Оқушылардың өзiн-өзi басқаруы, кəсiптiк бағдар, ата-аналармен

жұмыс сияқты мəселелер мектеп директорының басты назарында болуы тиiс. өз

компетенциясының негiзiнде мектеп директоры оқу орнының атынан мүлкiн пайдалану жөнiнде

келiсiм-шарт түзiп, басқа да əрекеттердi iске асыра алады.

Мектептегi жекелеген жұмыс бағыттары директордың орынбасарына жүктеледi. Олар оқу-

тəрбие iсi жөнiндегi орынбасар, сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмыс-тарды ұйымдастырушы,

ғылыми-зерттеу жұмыстар жөнiндегi орынбасар, мамандыққа бейiмделген сыныптар немесе

жекелеген пəндi тереңдетiп оқитын сыныптар жөнiндегi орынбасар жəне мектеп директорының

шаруа-шылық бөлiмi бойынша орынбасары немесе көмекшiсi.

Мектеп ___________директорының оқу-тəрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасары педагогикалық

процестi ұйымдас-тыруға, бiлiм беру бағдарламалары мен мемлекеттiк бiлiм стандарттарының

орындалуына жауапты; оқушылардың бiлiм саласы мен тəртiбi бақылауды iске асырады; оқушы-

лар мен мұғалiмдер жұмысын реттеп, сабақ кестесiн түзедi; мектептiң əдiстемелiк жұмыстарына

басшылық жасап, педагогикалық мəдениетiн көтерудi ынталандырады. Кейбiр мектептерде

мектеп директорының оқу-тəрбие iсi жөнiн-дегi орынбасарлары бiрнешеу болса мектеп жарғысы

бойынша олардың əрқайсысының функциялық мiндет-терi дербес белгiленедi.

Сыныптан тыс жəне мектептен тыс тəрбие жұмыс-тарын ұйымдастырушының (мектеп

директорының орын-басары құқында) мiндеттерiнiң аясына балалар шығарма-шылығының

сарайлары, жас натуралистер, жас техниктер станциялары, балалар бiрлестiктерi мен клубтары

сияқты қосымша бiлiм беретiн мекемелермен байланыс орнату; сынып жетекшiсiнiң жұмыс

мазмұнын жақсарту, оларға əдiстемелiк көмек көрсету, оқушылардың тұрғылықты мекенi бойынша

жұмыс жүргiзу БҰҰ Конвенциясының талаптарына сай балалардың қоғамдық ұйымдарына қолдау

көрсету сияқты өзектi мəселелер жатады.

Соңғы жылдары жаңа типтi мектептер – гимназия, лицей жəне т.б. мектеп кеңесiнiң

шешiмiмен жаңа перспективалық бағыттар жөнiнде мектеп директорының орынбасары қызметi

еңгiзiлуде. Мысалы, сондай жаңа қызметтiң бiрi – мектеп директорының ғылыми iстер жөнiндегi

орынбасары жоғары оқу орындарының ғалым-дары, оқытушыларымен, ғылыми орталықтармен

байланыс орнатып, оларды мектептегi педагогикалық жұмысқа тартады, мұғалiмдердiң тəжирибе

- экспери-менттiк жұмыстарына көмектеседi.

Мектеп директорының коммерция жөнiндегi орын-басары: орынбасар - үйлестiрушi:

демеушiлермен, комиссионерлермен байланыс орнатып, бюджеттен тыс қаржыландыруға

басшылық жасайды. Кейбiр iрi немесе ___________мамандандырылған мектептерде мектеп директорының

əлеуметтiк-педагогикалық сауықтыру iстерi жөнiндегi орынбасары қызметi енгiзiлiп, ол

сыныптарда теңестiру, педагогикалық түзету жəне бейiмдеу жұмыстарын қадағалайды.

Директорды басқару қызметiнiң тиiмдiлiгi мектеп əкiмшiлiгiнiң аппаратында мiндеттер мен

құқықтарды айқын белгiлеуге тiкелей байланысты. Қажеттiлiкке байланысты мектеп директоры

шұғыл немесе нұсқаулық кеңес, педагогикалық кеңес мəжiлiстерiн өткiзу барысында бүкiл

педагогикалық процестi үйлестiрiп отырады.

2. Мектепiшiлiк басқарудағы педагогикалық талдау

Тұтас педагогикалық процестегi педагогикалық талдаудың рөлi. Тұтас педагогикалық

процестi басқару функцияларының бiрi педагогикалық талдау болып табылады. Педагогикалық

талдау функциясын қазiргi ұғымда алғаш рет қолданып, мектепiшiлiк басқару теориясына енгiзген

Ю. А. Копержевский едi.

Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында ерекше орын алады: бiр-бiрiмен

байланысқан функция-лардан тұратын кез-келген басқару циклы талдаудан басталып, талдаумен

аяқталады. Басқару қызметiнiң жалпы тiзбегiнен педагогикалық талдауды алып тастау оның

күйреуiне жол бередi, өйткенi жоспарластыру, ұйым-дастыру, бақылау, реттеу функцияларына өз

кезегiнде талдау жасалмаса ол логикалық қорытындыға жете алмайды.

Педагогикалық талдау педагогикалық басқару процесiнде тiкелей емес, оқу-тəрбие

барысында iске асырылатын болғанықтан мұғалiм сабақ, тəрбиелiк туралы өткiзер алдында соған

тiкелей қатысты болатын педаго-гикалық жағдайдың негiзгi элементтерiн ескеруi жəне жан-жақты

талдауы тиiс. Уақытынан кеш немесе шала-шарпы жүргiзiлген талдау мектеп директорының

мақсатын белгiлеп, мiндеттердi айқындау кезеңде қателiкке, шашыраңқылыққа, көбiне негiзсiз

шешiм қабылдауға душар етедi. Педагогикалық немесе оқушылар ұжымында шынайы жағдайды

бiлмеу педагогикалық процесте жəне өзара қарым-қатынастарда дұрыс жүйе қалыптастыруда

қиындықтар тұғызады.

Педагогикалық талдаудың мектептi басқару функ-циясы ретiндегi негiзгi қызметi Ю. А.

Копержевскийдiң пiкiрiнше педагогикалық процестiң даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу,

оның нəтижелерiн объективтi бағалап, соның негiзiнде басқарылатын жүйелi жақсарту туралы

ұсыныстар дайындау болмақ. Бұл функция – басқару циклының құрылымындағы ең күрделiсi,

өйткенi, талдау зерттеу объектiсiн бөлшектеудi, оның əрқайсы-сының орны мен рөлiн бағалауды,

жеке бөлiктен тұтас объектiнi тани алуды, жүйе құрушы факторлердiң байланысын анықтауды

қамтыды. Басқа функциялар мен, мысалы жоспарластыру жəне ұйымдастыруға қарағанда

сырттай тиiмдiлiгi төмен болып көрiнетiн педагогикалық талдау жасырын, көлеңкелi сипат алады,

сондықтан ол тұлғадан жинақтау, салыстыру, жүйелеу арқылы педаго-гикалық факторлер мен

құбылыстарды талдау үшiн ақыл-ойды барынша ширатуды талап етедi.



Педагогикалық талдаудың түрлерi мен мазмұны

Мектепiшiлiк басқарудың теориясы мен практика-сында (Ю. А. Копержевский, Т. И. Шомова

жəне т.б.) педагогикалық талдаудың негiзгi түрлерi анықталған. Талдаудың субъектiсiне (не

талданады) қарай оның көп-теген түрлерi кездеседi. Солардың арасынан параметрлiк,

тақырыптық жəне қорытынды талдау деп аталатын үш түрдi бөлiп атауға болады.

Параметрлiк талдау оқу процесiнiң барысы мен нəтижесi туралы күнделiктi мəлiмет жинап,

ондағы кемшi-лiктердiң себебiн анықтауға бағытталды. Параметрлiк талдау барысында тұтас

педагогикалық процестiң барысына өзгерiстер мен түзетулер еңгiзiледi. Параметрлiк талдаудың

мазмұны ағымдағы сабақ үлгерiмi, сыныптағы, мектептегi бiр күндiк, бiр апталық тəртiп, сабаққа,

сыныптан тыс шараларға қатысу, мектептiң санитарлық жағдайы, сабақ кестесiнiң сақталуы жəне

т.б. сияқты мəселелердi қамтиды. Соның iшiндегi мектеп директоры мен оның орынбасар-

ларының негiзгi жұмысы сабаққа жəне сыныптан тыс шараларға қатысуы. Параметрлiк талдау

нəтижелерiн тiркеп, жүйелеп, қорыту тақырыптың педагогикалық талдауға негiз қалайды. Осы

тұрғыдан алғанда параметрлiк талдау – фактiлердi атап көрсету емес, оларды салыстыру,

жинақтау, оның қалыптасу себебiн анықтап, соңғы салдарын болжау. Осындай талдау нəтижелерi

жəне соның негiзiнде қабылданған шешiм шұғыл түрде iске асыруды қажет етедi.

Тақырыптық талдау педагогикалық процестiң барысында барынша тұрақты ағымдар мен

нəтижелердi зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны мынадай кешендi мəселелердi

қамтиды: оқытудың озық əдiстерiн үйлестiру, оқушылардың бiлiм жүйесiн қалып-тастыру;

мұғалiмдердiң, сынып жетекшiлерiнiң адамгер-шiлiк, эстетикалық, дене, ақыл-ой тəрбиесiнiң

жүйесi; мұғалiмнiң педагогикалық мəдениетiнiң деңгейiн көтеру; мектепте кановациялық орта

қалыптастырудағы педұжымның рөлi жəне т.б.

Параметрлiк талдау негiзiне сүйене отырып, тақырыптық талдау барысында мектеп

басшылары қорытынды талдаудың мазмұны мен технологиясын негiздейдi.

Қорытынды талдау уақыт, кеңiстiк жəне мазмұн жағынан да барынша кең көлемдi қамтиды.

Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткiзiлiп, қол жеткен нəтижелер,

олардың алғышарттарын оқып-үйренуге бағытталады. Қорытынды талдау басқару циклының

барлық функцияларын қамтиды. Қорытынды талдау үшiн мəлiметтер параметрiн, тақырыптық

талдау тоқсандық, жарты жылдық бақылау жұмыстары, мұғалiм-дер, сынып жетекшiлерi, қоғамдық

ұйымдар ұсынған ресми есеп, анықтамалардан құралады.



Педагогикалық талдаудың негiзгi объектiлерi

өз бойына балаларды оқыту мен тəрбиелеудiң барлық мақсаты, мiндетi, мазмұны, түрлерi

мен тəсiлдерiн жинақтаған педагогикалық талдаудың негiзгi объектiсi ең алдымен сабақ, сыныптан

тыс шаралар жəне мектептiң оқу жылының қорытындысы. Педагогикалық талдаудың барлық

объектiсiн бiрiктiрушi - ортақ əдiстемелiк жүйе болып табылады.

Мектептi басқарудың қызметi ретiнде педагогикалық талдаудың жүйелiк ыңғайының

əдiстемесi мен қисыны мынадай əрекеттердiң сабақтастығынан аңғарылады: -сабақты, тəрбиелi

шараларды немесе оқу жылына барынша жалпы жүйелiк бөлiгi ретiнде қарастыру, яғни олардың

рөлiн сабақтар, тəрбиелiк шаралар жүйесiндегi жəне осы оқу жылын өтпек, болашақ оқу

жылдарымен салыстырғанда алатын орнымен айқындау;

-(педұжым, оның педагогикалық мəдениет деңгейi, мектептегi моральдiк-психологиялық ахуал

жəне т.б.) тиiмдiлiгiн айқындайтын жиынтық факторларды табу;

- оқу жылында жоспарластырған жұмыстардың негiзгi бағыттарының мазмұны мен түрiн,

əдебиеттiң мақсат-тылығы мен негiздiлiгiн айқындау;

- оқу жылы бойындағы жұмыстың, сабақ, тəрбиелiк шаралар нəтижесiн талдау;

- оларды ұйымдастырудағы кемшiлiктер мен жетiстiктердiң негiзгi себептерiн айқындау;

- жаңа оқу жылында жүргiзiлетiн кешендi жұмыстарды жақсартуға ұсыныстар мен қорытындылар

жасау.


Мектеп басшыларының үнемi назарында болатын нысан - сабаққа қатысу жəне оған

педагогикалық талдау жасау. Мектептiң даму тарихында басшылардың сабаққа енуiнiң ақылға

сиятын да, сыймайтын да нормативi болды. Бiрақ, қатысқан сабақтың соңы оған жасалған

талдаудың сапасына тiкелей əсер ететiндiгi ақиқат.

Мектеп басшыларының басқару қызметiнде сабаққа талдау жасаудың кеңейтiлген, қысқа

жəне кезендiк түрлерi кеңiнен қолданылады.

Сабаққа кеңейтiлген педагогикалық талдау жасау сабаққа қойылатын тəрбиелiк,

дидактикалық, психология-лық, санитарлық-гигиеналық талаптардың барлығына тоқталуды қажет

етедi. Талдаудың бұл түрi жұмысты жаңа бастаған мұғалiмдерге, белгiлi бiр қиындыққа тап болған

мұғалiмдерге немесе iс-тəжирибесi арнайы ___________зерттелетiн мұғалiмдердiң сабағына баға беруде

қолданылады.

Сабаққа қысқа талдау жасау директор, оқу iсiнiң меңгерушiсi немесе əдiскер тарапынан

ұсыныс не ескерт-пенi барынша объективтi етiп берудi талап етедi. Сабаққа қысқа талдау жасау -

атүстi талдау, немесе сабаққа көз алдау үшiн қатысу емес, талдаудың бұл түрi мұғалiм тұлғасын

жақсы бiлу, жоғары əдiстеменiң жəне басқару мəдениетiн талап етедi.

Кезеңдiк талдау сабақтың белгiлi бiр кезеңiн, мысалы оқушылардың таным белсендiлiгiн

артыруда көрнекiлiк қолдану, немесе мұғалiмнiң үй тапсырмасын тексеру жұмысы, немесе сабақ

барысында оқушылармен топтық жұмыс жасау еркшелiгiн қамтиды.

Мектеп басшысының талдамалық қызметiнде тəрбиелiк шараларға педагогикалық талдау

жасау маңызды орын алады. Бұрын атап өтiлгендi, тəрбиелiк шаруалар iске асу процесiнде

балалар қатысатын ұйымдық, пəндiк, шығармашылық əрекеттер сияқты бiр-бiрiмен өзара

байланысты бiрнеше кезеңдерден тұрады.

Тəрбиелiк шараларға педагогикалық талдау жасаудың қисыны оның кезендерiнiң

бiрiздiлiкпен iске асуынан көрiнедi. Кезеңдердiң бiрiздiлiгi былай iске асады: тəрбиелiк шараның

мақсатымен мiндеттерiн, iске асыру түрiн бiрлесiп дайындау; бiрiгiп жоспарластыру; оқушы-

лардың дайындыққа тартылуы жəне мұғалiмдердiң педагогикалық басшылығының ерекшелiктерi;

тəрбие iсiн тiкелей жүргiзу; бiрлесiп қорыту жəне талдау жасау.

Мектептiң жəне оның басшыларының жұмыс тəжирибесiн зерттеу тəрбие iсiне

педагогикалық талдау жасаудың барысында мынадай мүмкiн мəндi нұсқа ұсынуға болады:

Тəрбие iсiн мақсатына талдау;

Тəрбие iсiнiң тақырыбына, осы iске асырудың түрiне талдау, аталған шараның сынып,

мектептiк тəрбие жүйесiндегi орнын анықтау;

Тəрбиелiк iстiң өтетiн орнын бағалау, аудиторияны безендiру, пайдаланылатын

құралдардың сапасы мен күтiмi;

Тəрбиелiк iстiң əрбiр кезеңiне талдау (кезекшiнiң тəрбиенi мiндеттi iске асыруы, кезек

мiндеттерiнiң мазмұнға сай келуi қолданылған əдiстердiң тиiмдiлiгi, кезең нəтижесiнде талдау);

Тəрбиелiк шараның оқушы тұлғасына дербес ықылас, оның балалар ұжымын

қалыптастыру, өзiн-өзi басқаруын дамытуына талдау;

Мұғалiм, сынып жетекшiсiнiң қызметiне, педагогикалық шеберлiгiне тəрбиешiнiң тəрбие

процесiн басқарудағы бiлiктiлiгi мен кəсiпқойлығына, беделi,

педагогикалық əзiрлiгiне баға беру;

Тəрбие iсiнiн жүргiзудегi кемшiлiктерi оның себептерi;

Сынып жетекшiсiне, мұғалiм мен тəрбиешiге тəрбие процесiн жетiлдiруiне ұсыныс, ақыл-

кеңес беру.

Мектептiң оқу жылында атқарған жұмыстарының қорытынды талдауының негiзгi мазмұнын

мынадай басты бағыттар құрайды:

Оқыту сапасы – мұғалiмдердiң қажеттiк дайын-дығының дамыта оқыту талаптарына сай

болуы;


Бiлiм беру бағдарламалары мен стандарттардың орындалуы; оқытудың белсендi түрлерi

мен əдiстерiн қолдану; сабақтың тəрбиелiк мүмкiндiгiн iске асыру; тұлғалық ерекшелiктер мен

дербестiк нышандарды дамыту; оқушылардың бiлiм, дағды, iскерлiгiн бағалаудың шараларын

сақтау;


Оқушылардың бiлiм, iскерлiк дағдысының сапасы – көлемi, тереңдiгi, жүйелiлiгi, түсiнiктiлiгi,

танымды-лығы; оқушылардың жалпы бiлiм берудiң барлық сатысындағы бiлiм сапасы; оқушылар

бiлiмiндегi типтiк олқылықтар мен олардың себептерi; оқушылардың компьютерлiк бiлiмi жəне т.б.

Оқушылардың тəрбиелiк деңгейi; мектептегi əдiстемелiк жұмыстың жағдайы мен сапасы;

Ата-аналармен жəне қоғамдық ұйымдармен тиiмдiлiгi;

Оқушылар денсаулығы жайлы санитарлық-гигиеналық мəдениет;

Мектеп кеңесiнiң, педагогикалық кеңес қызметiнiң нəтижелiгi; он бiр жылдық оқу жəне

тəрбие циклындағы мектеп жұмысы; мектептiң есептi баяндамасы.

Қорытынды талдау жасау оның объективтiлiгi, тереңдiг___________i, перспективлiгi жаңа оқу жылының

жоспарын жасауға дайындық қызметiн атқарады.



3. Мектеп басқаруға байланысты мақсат белгiлеу жəне жоспарлау

Кез келген педагогикалық процестi басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады.

Педагогикалық жүйенiң үнемi қозғалыста, үнемi даму үстiнде болуы оқу-тəрбие жұмысында

мақсат қою мен жоспарлауды жетiлдiрiп отыруды қажет етедi. Əрине, тəрбиеленушiлердiң

бойында белгiлi бiр қасиеттiң қалыптасуын дəл белгiлеу, жоспарлау мүмкiн емес. Ал жоспарлау

жеке тұлғаның барынша жəне жан жақты дамуына қолайлы объективтi жағдай туғызуы тиiс.

Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттер қоғамның алдындағы

жалпы мiндеттер мен мақсаттардың көрiнiсi болып табылады. Мақсат жоспардың өзегi

болғандықтан ол педагогтiң де, оқушының да əрекеттiн қамтуы керек. Басқару қызметiнiң мақсаты

– жұмыс түрлерi мен тəсiлдерiн, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.

Педагогикалық жүйеде мақсат қоюдың ерекшелiгi бұл жерде қоғамның объективтi

талаптарын бiлу жеткiлiксiз.

Бiр жерде басқару əрекетiнiң жалпы мақсаттарын оқушылардың жас ерекшелiгi мен

дербес-психологиялық ерекшелiктерiн ескерiп белгiлеу орынды. Жалпы мақсатты жан-жақты

тармақталған ''ағашқа'' теңейтiн болсақ ''басты'' мақсат оның дiңi болып шығады. Сондықтан

оның педагогикалық процестiң басты мақсаты жекелеген мақсаттардың iске асуы есебiнен нəтиже

беретiнiн ұмытпау қажет.

Сапалы түрде мақсат белгiлегенде директормен бiрге мұғалiмдер, оқушылардың да осы

жұмысқа тартылуы, оладың əрқайсысының педагогикалық процесте белгiлi бiр құқық, мiндет,

жауапкершiлiк арқалауына жағдай жасайды.

Мақсат қоюды осылай түсiну кешендi мақсатты бағдарламаны iске асыратын

жоспарластыруға мүмкiндiк бередi. Кешендi мақсатты бағдарлама мектеп жұмысы жоспарының

қысқартылған моделi емес, ол мектептiң жалпы жоспарынан бөлiп алынған барынша маңызды 3-4

мəселенi нақтылана түскен бөлiгi.

Бұндай мақсатты бағдарламаның мазмұнын айқындайтын қысқаша түсiнiктемесi болады;

оның жалпы мектептiк жоспардағы орны; басты мақсаты, мiндеттер жүйесi; мақсатқа жету

көрсеткiштерi; орындалу мерзiмi; мiндеттi орындауды басқарудың мəлiметпен қамтамасыз етiлуi;

бағдарламаның орындалуын бақылау; қорытынды талдау; бағдарламаны орындауға енгiзiлген

түзету.

Мектептегi басқаруды жоспарластыру зерттейтiн құбылысқа жасалған педагогикалық



талдаудың негiзiнде iске асатын мақсатты бағдарлама деп бiлемiз. Бұл жерде жоспар түрiнде

қабылданған шешiм ұзақ перспективаға арналуы, шұғыл, адамдағы iстердi шешуге бағытталуы

мүмкiн. Осыған байланысты мектеп жұмысының жоспарын перспективалық, жылдық, ағымдағы

деп бөлiп қарастырамыз.



Мектеп жұмысы жоспарының түрлерi жəне оған қойылатын негiзгi талаптар

Мектеп жұмысының жоспарын дайындау оның орындалуының шынайылығын, нақтылығын,

үздiксiз-дiгiн қамтамасыз ететiн бiрқатар талаптарды сақтауды қажет етедi. Ол ең алдымен

мақсатты бағытының талабын сақтауға байланысты. Мақсатты бағыттылық дегенiмiз белгiлi бiр

мақсатты қондырғы деп бағалауымыз керек. Оның мəнi педагог жəне оқушылар ұжымы

жұмысының негiзгi бағыттарын дамытып жəне тереңдетiп, мектеп жұмысының барлығы

тəжiрибесiн есепке алу деген сөз. Бұл мұғалiм, сынып жетекшiсi, қоғамдық ұйымдар

əрекетiне жəне мақсаттар қою болып табылады.

Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап бiрiншiден мақсаттың жақындығы,

түсiнiктiлiгi, қолайлы-лығы сияқты сезiмдiк сипатын бiлдiрсе, екiншiден стратегия ретiнде

мақсаттың ұзақ мерзiмдiлiгiн, сонымен бiрге iске асыруға болатын шынайылығын танытады. Ал,

жоспарластыруға қойылатын комплекстiлiк талап жоспарды түзу барысында əртүрлi құралдар,

əдiс, тəсiлдер мен əрекет түрлерiн бiртұтас байланыста қарастыруды қажет етедi. Ендiгi бiр талап

түрi объективтiлiк. Ол мектеп қызметiнiң объективтi жағдайын, орналасқан жерiн, қоршаған табиғи,

əлеуметтiк ортасын, педагог жəне оқушылар ұжымының мүмкiндiктерiн ескерудi қажет етедi.

Мектеп жұмысында бұл талаптарды ескермеу талдау негiздемесiнiң жетiмсiздiгiне,

шашыраңқылығына, мектеп-тегi өзге басқару құрылымдарының жоспарымен үйлес-пеушiлiкке

апарып соғады. Мектептердiң тəжирибесi көрсеткендей, кейде мектеп басқарудың функциясы

ретiнде жоспарлауды жоғары қояды да басшының барлық күш-жiгерi жақсы жоспар жасауға

жұмылдырылады, ал ол жоспар ұйымдастырушылық жұмыспен қамтамасыз етiлмейдi.

Мектеп жұмысының практикасында жоспардың негiзгi үш түрi кең қолданылады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет