Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi



бет10/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз


тəуелдiлiк пен бағыныштылыққа негiзделген. Мұндай теңсiздiк арадағы көңiл жақындығы не

алшақтығымен өлшенедi. Балаларға қойылатын шектеулер осы қатынасқа тəуелдi. Бала-

ларыңызбен қатынастың қандай да қаншалықты болары - өз шешiмiңiзге орайлас.

26. Басқалар көзiнше берiлген ескертудi бала əрдайым жазғыру, кiнə қою ретiнде

қабылдайтыны белгiлi. Балалар-мен тiлдесудi мұны ешқандай ұмытуға болмайды.

27. Талаптар əрқашан əдiл де анық қойылып, нақты орындалуы тиiс. өз педагогикалық

талаптырыңызды орынсыз, қажетсiз түсiндiрме, құрғақ сөздi, екi ұшты насихаттармен

күрделендiрмеңiз.

28. Тiл алмайтын балаларды күтiлмеген, ''тосын жағдайға'' салып тəрбиелеңiз.

29. Балаға болған қадағалау неғұрлым жақын болса, оның арқасында орындалатын

бағындыру қызметi тиiмiдiлеу келедi. өз қалауыңызға орайластыра қадағалау дəрежесiн белгiлеп

алыңыз.


30. өзiңiз таңдаған тəрбие ықпалы нəтиже бермей жатса, əрекетiңiздiң бағдарын шұғыл

өзгерткенiңiз жөн.

31. Балалар саналы парасаттылықтан гөрi тұрақтылықты сезiнгiш. өте дұрыс, бiрақ ''бiр

мезеттiк'' ықпалға қарағанда, оншама ойланылмаған, бiрақ ұзаққа созылған əсер пайдалылау

келедi.


32. Тар шеңбердегi адамдармен болған қатынас өзара, қызығушылықты кемiтедi. Егер

мұндай байланысты кемiте алмайтыныңызға көзiңiз жетсе, ата-аналар назарын, мiндетiн өзiңiзге

аударудың жолын қарастырыңыз. Сонда əке мен шеше мiндетi қандай да уақытқа ауысып –

балалар сiзден тартынатын болады.

33. Əр адамның өз келеңсiз тəжiрибесiнiң күшi əсерлiлеу келедi, яғни ''балық басын

жарға ұрмай қайт-пайды''. Сөзбен қайталай үйрете бергенше, кейде балаға ыстық үтiкке қолын

басып күйдiруге, мұрнын қанатуға, тiзесiн жарақаттап алуға ''рұқсат'' бергеннiң кемiстiгi болмайды.

Айтылғандардың бəрi – отбасылық тəрбиеде қажет болар тəуелдiлiктердiң шет-шеңберi

ғана. өз тəжiрибе, қорытуларыңызбен бұларды толықтырып бару ата-аналар мен педагогтар

тəрбиесiнiң ықпалын көтерудiң мiндеттерi де қажеттi шарттары.



4. Отбасына педагогикалық қолдау беру

Мөлтек ауданындағы отбасы мен қоғамдық тəрбие iстерiн ұйымдастырудағы жетекшiлiк

мектепке жүктелген. Тəрбиелiк ықпал көздерiн орайластыруда бүгiнде ол өз жұмыстарын

қайта қарастырып, өткен дəуiрлердегi ата-аналар мен қоғамдық мекемелер арасында

қалыптасқан бiр тарапты формальды iстерден бас тартып, педагогикалық ағарту –

сауаттандырудың гуманистiк бағдарына өткенi қажет.

Балаларды тəрбиелеуге байланысты осы заман тəжiрибесiнде мектеп, отбасы жəне

қоғамдық iс-əрекет-тердi бiрлестiре орындаудың келесiдей ұйымдастыру формалары

қабылданған:

1. Педагогикалық ұжым, ата-аналар комитетi, жер- жердегi қоғамдық кеңестер, клубтар,

кiтапханалар, стадиондар, тəртiп сақтау жəне денсаулық мекемелерiнiң жоспарларын бiрiктiре

түзу, сонымен тəрбие процесiне қатысушылардың нақты мiндеттерiн айқын бөлiстiрiп беру.

2. Мектеп күшiмен ата-аналар жəне қоғам өкiлдерiн балалармен жұмыс жүргiзудiң тиiмдi

тəсiлдерiмен таныс-тырып, жүйелi оқыту.

3. Тəрбие жұмыстарының барысын тыңғылықты зерттей отырып, олардың нəтижесiн бiрлiктi

талдауға салу, сонымен кезiккен кемшiлiктердiң алдын алып, оларды болдырмауға бiрлiктi ат

салысу.

Ата-аналарға арналған негiзгi жұмыстарды мектеп ата-аналар бiрлестiктерi (комитеттер,



кеңестер, конгрестер, қолдау қоғамдары, кешеңдер, клубтар, т.б.) арқылы орындап барады.

Мұндай бiрлестiктердiң əрбiрi өз жарғы-сына (ереже, регламент, жоспар) ие болып, олар

негiзiнде өз iс-əрекетiнiң басты бағыт-бағдарын белгiлейдi, тəрбие процесiне қатысушылардың

мiндеттерiн айқындайды. Көп жағдайларда отбасы, мектеп жəне қоғамдық мекемелердiң

бiрлiктi ортақ жоспары түзiледi.

Бмiлiм жүйесiндегi жаңа қатынастарға орай ата-аналар көптеген мүмкiндiктерге ие болып

отыр: оқу пəндерiн таңдау, олардың меңгеру көлемiн анықтау, оқу жоспар-ларын түзу, оқу

тоқсандары мен демалыс мерзiмдерiн белгiлеу жəне өзгерту, мектептiң оқу, бiлiм бағдарын

таңдау, мектепiшiлiк жарғылар қабылдау, тəртiп, оқу еңбегi, тыныс алу, тамақтану, оқушыларға

дəрiгерлiк көмек шараларын қарастыру, мадақтау жəне жазалау жобаларын ұсыну т.б. Бiр сөзбен

келiсiмдi ұйымдастырылған бiрлiктi тəрбие iстерi нəтижесiнде мектеп пен отбасы балалар

тəрбиесiнде өзара шынайы үйлесiмдi жолдас болып, өздерiне жүктелген мiндеттердi бiрiгiп

атқарары сөзсiз.

Ата-аналар бiрлестiгiнiң басты қызметтерiнiң бiрi - əрқашанда педагогикалық жалпы

сауаттылықты көтеру. Педагогикалық дəрiсбаян сағаттары, ата-аналар

университеттерi, дөңгелек үстелдер, конференциялар, ата-аналар мектебi мен басқа да үздiксiз

жүргiзiлетiн ағымды не бiр сəттiк педагогикалық ағарту iстерiнiң өз баласын жете түсiнем деген ата

мен анаға олармен дұрыс қатынас жасап, қиын мəселелердi оңтайлы шешуде, дау-дамайлы

жағдайларды үйлестiруде тигiзер көмегi орасан. Осы мақсатпен көптеген ата-аналар комитеттерi

өз мүшелерi үшiн педагогикалық əдебиеттер сатып алуға қаржы бөлiп, жағымды педагогикалық

газеттер мен журналдар шығарып, талдатуға себiн тигiзуде.

Жалпы əдептiлiк, эстетикалық, адамгершiлiк, ерiк пен сана-сезiмдiк құндылықтар қорын

түзу ата-аналар мектебiн ұйымдастырудан басталады. Қарым-қатынасқа шебер оның белсендi

мүшелерi барша ата-аналарды гуманистiк педагогика негiздерiн үйренiп, меңгеруге насихаттап,

қызметтестiк педагогика мен iс-əрекеттiк тəрбие бағыттарын игеруде үлкен табыстарға жетуде. өз

бiлiмдерiн толықтыруға ынталандыру нəтижесiнде ата-аналар отбасындағы балалар тəрбиесiн

ұйымдастыруда көп нəрсенi үйренуде.

Ата-аналардың көпшiлiгi өз балаларының дарынды да талантты, мəдениеттi де талапшаң

болғанына мүдделi. Мектеп пен отбасы арасындағы қатынас осы секiлдi табиғи

ұмтылыс негiзiнде құрылғаны жөн. Мектеп пен отбасы арасындағы қатынаста ешқандай қайшылық

болмағаны абзал. Екi тəрбие көзiнiң де ортадағы келiспеу-шiлiк сəттерiн жойып, бiртектi тəрбиелiк

əрi дамыту арна-сына түскенi əбден қажет.

Мектеп пен отбасының бiрлiктi iсiнiң бағыты - бала-лардың адамгершiлiк – имандылық

сапаларын дамыту, денсаулығын нығайту, сана-сезiмдiк қажеттерiн өрбiтiп, қоршаған дүние

əсемдiгiн қабылдауға баулу.

Қазiргi заман отбасы тəрбиесi гуманистiк педагогика принциптерiне негiзделедi. Ол

принциптердiң бастылары: - креативтiк (еркiндiк) – бала қабiлетiнiң кедергiсiз өз бетiнше дамуы;

- гуманизм – тұлға болмысын тану əрi оның беделiн мойындап, ең жоғары құндылық ретiнде

бағалау;

- демократизм – ересектер мен балалар арасындағы рухани қатынастар тендiгiн қалыптастыру;

- азаматтық - қоғам мен мемлекеттiк жүйеде тұлғаның өз ''Менiн'' танып, қастерлей бiлуi;

- ретроспективтiк – халықтық педагогика дəртүрлерi негiзiнде жүргiзiлетiн тəрбиеге арқа сүйеу;

- жалпы адамзаттық адамгершiлiк - инабаттылық қалыптар мен құндылықтар басымдылығын

ардақтай бiлу.

Отбасындағы баланың дамуы мен тəрбиесi тұлғаны көздеген бағытта қалыптастыруға

арналған көптеген iс-əрекеттiк ситуацияларды қажет етедi. Солардың бiрi əрi аса маңыздысы



отбасы мен сынып жетекшiсiнiң өзара байланыс қызметi. Сынып жетекшiсi бұл орайдағы, iс-

əрекетiн сыныптық ата-аналар комитетi, ата-аналар жиналысы, сондай-ақ, сол сыныпта оқу

жүргiзетiн мұғалiмдер арқылы iске асырып барады. Отбасымен байланыс жасауда сынып

жетекшiсiнiң атқаруы тиiс аса қажеттi мiндеттерi: оқушылар үйiне жеке өзiнiң барып, хабар алып

тұруы; баланың үй-тұрмыстық өмiр жағдай-ларымен танысуы; ата-аналарымен тəрбиелiк ықпал

тиiм-дiлiгiн көтерiп бару мақсатында бiрлiктi iс-қимылдарды орайластыру; келеңсiз нəтижелердi

болдырмау жолдарын ата-аналармен бiрге кеңесе отырып, шешу. Сынып жетек-шiсiнiң бұрыннан

қалыптасқан дəстүрлi қызметi ретiнде отбасы педагогикалық - ағарту iстерiн белсендi ұйым-

дастыра бiлу, себебi көптеген отбасыдағы əке мен шеше, ата мен əже тəрбие тақырыбындағы

кеңестер мен кəсiптiк қолдауға өте зəру. Оларды аса қызықтыратын проблемалар - отбасы

тəрбиесi мiндеттерi, формалары мен əдiстерi, нақты жастағы оқушылардың психологиялық -

физио-логиялық даму ерекшелiктерi; əрқилы жастағы балаларды тəрбиелеудiң көптүрлiлiгi;

жекеленген тəрбие бағыттары - инабаттылық - имандылық, адамгершiлiк, тəн-дене, еңбек, сана-

сезiм, нарықтық заманға орай жаңа көзқарас - ұғым (экономикалық, экологиялық, шаруашылық,

құқықтық тəрбие) қалыптастыру мəселелерi. Сонымен бiрге ата-аналар лекторийлерiнде бала

денсаулығын нығайту, салауатты өмiр салттарына баулу, азаматтық, ұлтжандылық пен Отан

сүйгiштiк сезiмдерiн ерте бастан ояту, баланы жас шағынан тəртiпке бағынуға, борышын

мойындау мен жауапкершiлiктi сезiнуге үйрету мəселелерiне үлкен мəн беру - сынып жетекшiсiнiң

мiндетi. Отбасы тəрбиесiнiң кейбiр мəселелерiн оқшау қарастырған жөн. Олар: ата-аналар мен

балалар арасындағы алшақтық, отбасы тəрбиесiндегi дау-дамай мен жанжал; қоғам, ел, Алла

алдындағы жауапкершiлiк.

Ата-аналар жиналысында балалардың үлгерiмi мен сабаққа қатынасы, тəртiпсiздiктерi,

оқудағы үлгермеуi жөнiнде ақпарат берiп шектелместен, келеңсiз құбылыс-тардың алдын алу

жағдайдарына орай нақты шаралар жолын сөз еткен пайдалы. Ата-аналар жиналысын құрғақ

уағыз бен кейiп-сөгу, оқушымен оның отбасын əшкере ету де сынып жетекшiсiне жараспайды.

Ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты жақындатудың бiр жолы баланың əке-

шешесiн мектепке шақырып, сабаққа қатыстырып, оқушы үлгерiмi мен тəртiбiнен хабардар етiп

тұру. Бiрақ, мұндайға себеп болатын бiр келеңсiз жағдайдан гуманист сынып жетек-шiсiнiң аулақ

болғаны жөн. Мысалы, əмiршiл-əкiмшiл жүйеден босай алмаған мектепте ата-аналарды мектепке

шақырудың себебi бiреу-ақ: оқушы тəртiбi мен үлгерiмi-нен қанағаттанбаушылық, ал сылтауы -

нақты факт. Ал осындай ата-аналардың көңiлiне тиiп, ашу-ызаға булық-тыратын мұндай

шақырулар оларды мектептен бездiредi, мектеп баладан безiнедi.

Қызметтестiк педагогикасын ұстанған мектепте келесiдей ереже қалыптасқан: əрбiр əке не

шеше мiндеттi түрде аптасына бiр рет мектептен хабар алып тұруы. Мұн-дай да кезектi мектепке

келу алдынан болған оқушының қандай да болымсыз əрекетi қалыпты қабылданып, жалпы

ұнамды фонда аса қатерлiдей, ата-ана жанына батқандай сезiлмейдi осындай формада

жүргiзiлген жұмыспен мектеп, сынып жетекшiсi ата-аналарға өз балаларының тəрбиесiмен жүйелi

айналысуға көп себiн тигiзедi, əрi осындай тəрбие-лiк iспен тұрақты шұғылдануға үйретедi.

Əлбетте, мұндайда сынып жетекшiсiнiң жүктемесi ауырлайды: əр күнi ол 3-4 ата не анамен

қатынас жасауына тура келедi, дегенмен бұдан түсер пайда отбасы үшiн де, мектеп үшiн де

орасан. Уақыт озуымен ата-аналардың мектептен хабар алып тұруының тұрақты ''кестесi''

қалыптасады, ал бұл барша оқушылардың - үздiктердiң де, үлгермейтiндердiң де, тəртiпсiз не

тəртiптiлердiң де жалпы оқуы мен қылық-тарының жақсара түсуiне ұнамды ықпал жасайды.

Сынып жетекшiсi өз тəрбиеленушiлерiнiң үй тұр-мыстық жағдайларымен, үйдегi тəрбие

жөнiмен жақыннан танысуы үшiн отбасынан хабар алып тұруы - мiндеттi iстердiң бiрi. Үйдегi

жалпы ахуал, отбасы мүшелерi арасындағы үлкендi-кiшiлi қатынастар тəжiрибелi ұстазға көп

нəрседен ақпарат бередi. Оқушы отбасының босағасын аттауда сынып жетекшiсi аса əдептiлiк

сақтап, келесi ережелерге бағынғаны өте қажеттi:

- шақырусыз бармаңыз, қандай да жолмен болса да ата-ана рұқсатын алуға тырысыңыз;

- отбасының ересек мүшелерiмен əңгiмелесуде аса жоғары əдептiлiк мəдениетiн сақтаңыз,

əрқашан əңгiменi көңiлге жылу беретiндей сөздермен, мақтаумен бастаңыз;

- оқушыңыз үлгерiмi не тəртiбi жөнiнде арыз айтуды тiптi де естен шығарыңыз, ойыңызда

болса, ондай жағдайларды үлкен, маңызды проблемалармен жанама-ластырып, шешу

жолдарынан кеңес айтыңыз;

- əңгiмелесу кезiнде оқушыларыңыз қастарыңызда болғаны жөн, ата-анамен көзбе көз

сөйлесулердi аса қажеттi жағдайда ғана қолданыңыз;

- ата не анаға мiн тағудан сақтаныңыз;

- оқушы тағдырына жаныңызбен ортақ екпiнiңiздi бiлдiруге тырысыңыз;

- кеңестерiңiз бен ұсыныстарыңызды ата-ана мойнына таға салуға тырыспаңыз, өз

талаптарыңыз бен отбасы мүмкiндiктерi сай келетiн болсын;

- бiрлiктi атқарылатын жобалар ұсыныңыз, екi талап-тың бiрдей қатысып, орындалу мүмкiн

iстер жөнiнде келiсiңiз;

- негiзсiз уəде беруден тартыныңыз, қандай да күрделi жағдайларда ұстамды болыңыз,

бəрiде жақсы болып кетерiне сенiм, ниет бiлдiрiңiз.

өкiнiштiсi, ата-аналармен жұмыс алып баруда сынып жетекшiсiнiң, жалпы педагогтардың

кəсiби деңгейiнiң төмендiгi мұғалiмдер мен мектептiң абырой-беделiне нұқсан келтiредi.

Отбасының ересек мүшелерiн бiрлiктi iстер мен бұдан былайғы байланыс-қатынастарға қызық-

тырып тартатын бiрден-бiр себеп – сынып жетекшiсiнiң отбасы балаларының тағдырына етене

жақындығы жəне ол үшiн жанпидалыққа баратыны.

Бақылау сұрақтары

1. Қоғамдық жəне отбасы тəрбиесiнiң өзiндiк фун-цияларын айырыңыз?

2. Осы заманға педагогикадағы əлеуметтiк жұмыстардың теоремалық дамуы.

3. Қоғамдағы арнайы ұйымдастырылған əлеуметтiк жұмыстың мазмұнын ашып берiңiз.

4. Отбасы тəрбиесiнiң қоғамдық рөлi қандай?

5. Ата-ана тəрбиесiнiң мəнiн айқындайтын шарттары қандай?

6. Отбасы тəрбие ережелерiнiң мəнiн тұрмыстық тəжрибемен байланыстыра ашыңыз.

7. Отбасын педагогикалық қолдау үйрету дегендi қалай түсiнесiз?



ДИДАКТИКА - БIЛIМ БЕРУ ЖƏНЕ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ

1. Дидактика пəнi жəне категориялары

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидак-тика (didaktikas - оқытушы, didasko -

оқушы) ұғымы грек тiлiнен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.

Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгiзген немiс педагогы Вольфганг Ратке (1571-

1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзiнiң

''Ұлы дидактика'' еңбегiн жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''ненi оқыту'' жəне

''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап бередi. Заманауи ғалымдардың зерттейтiн сұрақтары:

кiмдi, қашан, қайда, неге оқыту.

Қазiргi түсiнiк бойынша, дидактика - бiлiм беру мен оқыту мəселелерiн зерттейтiн



ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пəнi оқыту мен

оқудың себептерi, барысы, нəтижелерi.

Зерттеу пəнi аясына байланысты жалпы жəне жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы

дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерiн қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу

пəнiнiң мазмұнын, барысын, түрi мен əдiстерiн зерттеуiне қарап оқыту əдiстемесi деп аталады.

Мысалы, математиканы оқыту əдiстемесi, тарихты оқыту əдiстемесi.

Дидактика əрi теориялық, əрi қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық жəне

қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметi: бiлiм беру мен

оқыту процестерiнiң мəнi мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерiн, ұйымдастыру формалары

мен əдiстерiн зерттеу. Дидактиканың қолдан-балы қызметi: бiлiм мазмұнын оқыту мақсатына

сəйкес-тендiру, оқыту принциптерiн белгiлеу, оқытудың тиiмдi əдiстерi мен ұйымдастыру

формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгiзу.

Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тəрбие, педагогтiк iс-əрекет, бiлiм беру)

пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: бiлiм беру, оқыту, оқу,

оқыту принциптерi, оқыту процесi, мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, түрлерi, əдiстерi, құрал-дары,

оқытудың нəтижесi. Кейбiр категорияларға анық-тама берейiк.



Оқыту - оқушыны бiлiмдендiру, тəрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала

жоспарланған iс -əрекет.



Оқыту мазмұны - өкiмет арнайы таңдап анықтаған белгiлi салада жұмыс iстеу үшiн

қажеттi адамзат тəжiрибесiнiң бөлшегi. Ол - оқытудың нəтижесi болатын бiлiм, бiлiк, дағды,

тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

2. Оқыту процесiнiң мəнi, оның ерекшелiктерi мен қызметi



Оқыту процесi - бiлiмдi, бiлiктiлiк пен дағдыны меңгертетiн, оқушылардың

дүниетанымын, күш-қайратын, қабiлеттерiн тəрбиелеп дамытатын iс-əрекет барысы. Оқу

барысында оқушының сана-сезiмi, адамгер-шiлiк қасиеттерi, эстетикалық талғамы, тұлғалық

қасиеттерi қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекше-лiктерiне назар аударайық.



Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, əдiс тəсiлдерi мазмұны мен

мiндеттерi қоғам талабынан туындап, ұдайы өсiп, жаңарады.



Оқыту - таным процесi. Танымның ерекшелiгi оқушыда бiлiмге деген қызығушылығы

ұдайы өсiп арта түседi.

Оқытудың мiндетi – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) жəне адам дамуының негiзгi

заңдылық-тарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгiлi болған, зерттелiп

дəлелденген жаңалық-тарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды əрi қарай дамыта түседi.

Оқытуда ғылым негiздерiн оқып үйренудiң өзi, ғылым тарихымен, оның əдiстерiмен танысу,

ұлы ғалымдардың өмiрi мен қызметi жайлы ақпарат алады.

Оқыту – даму негiзi. Педагогикалық процесс өзiне тəн негiзгi екi белгiнi: организмнiң

өзiндiк дамуына жүйелi түрдегi көмек жəне жеке бастың жан-жақты жетiлуiн түйiстiредi.

Баланың өзiндiк дамуына əсер ететiн негiзгi фактор-дың бiрi - өзара қарым-қатынас жасау

iс-əрекетi. Сөйтiп, оқыту процесi – мұғалiмнiң баламен үнемi рухани қарым-қатынаста,

ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етедi. Оқыту процесiнде бала тек мұғалiмнiң əсерiн

қабылдаушы ғана емес, оның оқу iс-қимылы мен өзiнiң психикалық процестерiн басқару,

ұйымдастыра бiлуi (iс-əрекетiн бiлуi, бағалауы, өзiн-өзi басқаруы) оқытудағы субъектi екенiн

айқындайды. Оқыту процесiнде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тəсiлдерiн қолдануға

жəне дербес шығармашылық əрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту –

баланың рухани жағынан жетiлуiн қамтамасыз етедi; оқыту – бала дамуының алғы шарты. Демек,

оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады. Л. С. Выготскийдiң баланың

дамуынан iлгерi жүретiн, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың кешегi күнгi дамуына

емес, ертеңгi күнгi дамуына қарау керек деп ескертедi, осыған орай, бала дамуының ''екi зонасы''

болатынын айтады. ''Бiрiншi зона'' – бала дамуының қазiргi қол жеткен сатысы, осыған

қанағаттанып қоймай, мұғалiмнiң оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына (''екiншi

зонаға'') жеткiзуге мiндеттi екендiгiн айтады.

Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегi оқу мен оның өздiгiнен оқуына тығыз

байланысты. Оқушының ойлау қабiлетiнiң дамуына оқу процесiнде қолайлы жағдай туады. Бiлiм

мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.

Оқыту - екi жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалiм-нiң өзара бiрлесiп жасайтын

əрекетiнен тұратын күрделi процесс. өйткенi, оқыту – мұғалiмнiң бiлiм берудегi негiзгi iс-əрекетi

болса, оқу – баланың өзiнiң танымдық, практикалық əрекетi. Сөйтiп, оқушының таным əрекетi

мұғалiмнiң басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.



Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалiм оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелi

қамтамасыз етуi үшiн оқыту процесiн жоспарланған, ұйымдастырылған ___________түрде жүзеге асырады.

Оқушы бiлiмдi қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертiлген жолмен мұғалiмнiң жəне арнайы

жазылған оқу құралдарының көмегiне сүйене отыра меңгередi.

Сөйтiп, оқыту процесi оқушылардың жас ерекшелiк-терiнiң сəйкестiгiн ескере отырып,

таным қызметiнiң формасы мен əдiстерiн соған орай өзгертiп отырады.



Оқыту – бұл күрделi процесс. Ол тұлғаға бiлiм беру, тəрбиелеу жəне ақыл-ойы мен

творчестволық қабiлетiн, демек бiлiктiлiгi мен дағдысын дамыту негiзiнде жүзеге асырылады.

Мұның мəнiсi, жеке тұлғаға бiртұтас (комп-лекстi) ықпал жасауды көздейдi. Осы негiзде, оқыту

процесiнiң бiрiншi қызметi – оқушыларға бiлiм беру.

Бiлiм беру, бiрiншiден, ғылым негiздерiне сай оқушыларды нақты фактiлермен, қағида жəне

түсiнiктер-мен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екiншiден солардың негiзiнде,

айналасындағы əртүрлi құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Екiншi қызметi – тəрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық бiлiмдер

жүйесiмен қарулан-дырып, жеке тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырып дамыту. Сонымен бiрге

оқыту барысында тəрбиенiң мақсат, мiндеттерi жəне мазмұны мен тəсiлдерi анықталады. Оқытуда

тəрбие мен оқытудың байланысы бiржақты қарастырылмайды, керiсiнше бiртұтастық принципке

негiзделiп, бiрлiкте қолданылады. Демек, тұлғаға бiлiм бере отырып, оны тəрбиелеймiз, тəрбиелей

отыра бiлiм беремiз. Сөйтiп, тəрбие процесi дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың

барысына қолайлы ықпал етедi, соның негiзiнде тұлғаның танымдық қызметi мен оқуға деген

қызығу-шылығы артады.



Үшiншi қызметi – дамыту. Оқыту барысында оқушы-ларға бiлiм беру, оларды тəрбиелеу

негiзiнде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезiмi, шығармашылық қабiлетi т.б. көптеген тұлғалық

қасиеттерiнiң дамуына, бiлiктiлiктерi шыңдалып, қабiлеттерiнiң артуына оң əсер етедi. Демек,

тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есi, қиялы секiлдi психикалық

процестерi де қарастырылады).

Даму қызметiнiң ерекшелiгi сол, ол өз алдына жеке өмiр сүрмейдi, керiсiнше оқытудың бiлiм

беру мен тəрбие-леу қызметiнiң жалғасы боп есептеледi. Сондықтан, даму-дың қарқынды, жан-

жақты əрi, терең болуы бiлiм беру мен тəрбиенiң қандай дəрежеде iске асырылуына байланысты.

Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың бiлiм беру мен тəрбиелеу қызметiнiң негiзi болып саналса,

даму өз алдына олардың қызметiнiң нəтижелi болуына қолайлы ықпал етедi.

Дидактикада ''Жетiлдiре оқыту'' процесi 1960 жылдар-дан басталды. Осы негiзде Л. В.

Занков, Н. А. Менчин-ская, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, М. А. Данилов, М. Н. Скаткин

еңбектерiнде, оның жолдарын шешу үшiн əртүрлi принциптердi ұсынды. Солардың iшiнде Л. В.

Занковтың оқу процесi арқылы бiлiм берудi қарқынды, ұйымдастыру, оқушылардың оқуды саналы

меңгеруiн қамтамасыз ету ережесiн ұсынылды.

Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана емес, ол тұлғаның дамуынада оңтайлы əсер

етедi.

3. Педагогикалық процестiң құрылымы

Педагогикалық процес - тəлiм-тəрбиелiк қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тəсiлi.

Педагогикалық процестi ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процес - бiрнеше элементтен

құрылатын жүйе. Педагогикалық процестiң үш құрылымы болады: педагогикалық,



əдiстемелiк, психологиялық.

Педагогикалық процестiң педагогикалық құрылымы: мақсат - принциптер - мазмұн -

əдiстер - құралдар - түрлер.

Мақсат - ұстаз бен шəкiрт арасындағы педагоги-калық қатынастардың нəтижесi.

Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға

берiлетiн тұлғалар тəжiрибесiнiң бөлiгi. Əдiстер - мұғалiм мен оқушының мазмұнды жетiлдiру-

қабылдауға арналған iс-əрекеттерi. Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық

тəсiлдер мен əдiстер.

Педагогикалық процестiң əдiстемелiк жүйесiн жасау үшiн мақсат бiрнеше мiндеттерге

бөлiнедi. Əрбiр мiндет ұстаз бен шəкiрт iс -əрекеттерiнiң кезеңдерiн анықтайды. Мысалы, сабақтың

əдiстемелiк құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткiзу, сабақты талдау; экскурсияның

əдiстемелiк құрылымы: дайындық, керектi жерге бару, бақылау, көргендi бекiту, нəтиженi талдау.

Педагогикалық процестiң психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау,

ойлау, есте сақтау, ақпарат сiңiру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабiлеттi, ынтаны

айқындау), қуат (көтерiңкi не түсiңкi дене мен жан күш-қуаты, белсендiлiк, еңбекқорлық не шаршау

динамикасы).

Оқыту адамның қызметiнiң бiр ғана түрi, ол екi жақты сипатта болады. Ол мұғалiм мен

оқушылар арасында оқудың мақсат - мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты бiр мезгiлде өзара

қарым-қатынастары мен оқу əрекеттерiнен тұрады. Оқу əрекетi дегенде: мұғалiмдер тарапынан

бiлiм беру қызметiне басшылық болса, оқу - бұл оқушылар тарапынан бiлiмдердi белсендi түрде

меңгеруi, таным əрекетi. Мұғалiм оқушыларға бiлiм беруде қаншалықты белсендiлiк

танытқанымен, егерде ондай белсендiлiк оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нəтижелi

болмайды. Сондықтан, белгiлi бiр мақсатқа бағытталған бұндай өзара қарым-қатынаста бiржақты

көзқарас болмауы тиiс. Оқыту процесi тек мұғалiм мен оқушылар арасындағы оқу əрекетiнен

құралмайды, сонымен бiрге оқытудың басқа да элементтерi бар. Олар мыналар:

1. Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалiмнiң оқылатын тақырыптың мақсат-мiндеттерiн айқын

қарастыруы көзделедi.

2. Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетiстiктерiн меңгерудi, бiлiмдерiн дамытуды

мiндеттейдi.

3. Оқыту формалары мен тəсiлдерi. Оқыту мазмұнын қандай амал-тəсiлдермен, нақтылы

практикалық жолдармен меңгерудi баяндайды.

4. Оқыту нəтижесiн талдау жəне бағалау. Мұғалiмнiң жəне оқушының оқу əрекетiнiң құрылымын

бiрлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргiзуi, оқушылардың оқу əрекетiнiң сапасына көзқарасын

бiлдiрiп, бағалап жəне бiлiм деңгейiн тексерiп отыруы. Оқушылардың өзiн-өзi қадағалап, тексерiп

отыруы.

Мектеп тарихының бастапқы кезеңiнен оқыту, бiлiмдер жүйесiн оқушылардың меңгеруi



белгiлi бiр дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:

1. Оқушыға берiлетiн бiлiм мақсаты мен қажетiн түсiндiру жəне оларды əрекетке бағыттайтын

мотивтердi туғызу. Осыған орай оқу мiндеттерiн (тапсырмаларды) анықтау.

2. Оқушыға жаңа берiлетiн бiлiмдi баяндау жəне оны қабылдауға жағдай туғызу.

3. Оқушының бiлiмдi қабылдауы жəне оның санасында жаңа бiлiмнiң қорытылып, ғылыми ұғымдар

мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкiндiк беру.

4. Берiлген бiлiмдi бекiтуге басшылық ету.

5. Бiлiмдi практикада қолдануға қаракет ету.

6. Оқушының бiлiмi мен дағдысының сапасы жəне деңгейiн есепке алу, тексеру жəне бағалау.

Оқыту процесiнде мұндай басқару жүйесi оқушы-лардың бiлiм алудағы таным əрекетiнiң

ерекшелiктерiне байланысы, бiлiмдi жүйелi түрде ұғынуға мүмкiндiк туғызады.

Демек, бiлiмдi бекiту кезiнде жаңа бiлiмдi қайталау, жаттығу, практикада қолдану т.б. оқыту

процесiнiң элементтерi қолданылады.

Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық əр кезеңнiң өзiне тəн ерекшелiгi болатынын

ұмытпаған жөн.

Бiлiм алудың мотивi мен мақсатын анықтау -белгiлi бiр мақсатқа жетуге бағытталады.

Сөйтiп, ол оқушының бiлiм алудағы əрекетi де мотив пен мақсатқа сəйкес iске асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет