Мазмұны кіріспе 3 i-тарау


Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші ғалымдардың ой – пікірі



бет5/14
Дата08.02.2022
өлшемі316,5 Kb.
#130875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы

1.2. Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші ғалымдардың ой – пікірі
Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, қүлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі", - деп анықтама береді.
А.Байтұрсынов «ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керегіне қарай жауап беріледі » деп ой қорытады. Ертегі халықтың қиялынан пайда болған. Сондықтан оның авторы халық. Бертін келе ауыздан – ауызға тарап, келешек ұрпаққа жетіп отырған. Ертек айтушыларды – ертекшілер деп атаған. Ертегі туралы анықтаманы М.Әуезов былай деген: Ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң елдің белгілі салтын білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады. Бұл анықтамада шыншыл ертегі жайында еш сөз айтылмаған. Ертедегі көзқарас деп көрсеткен.
Ертегілердің негізгі тарихы адам баласының сөйлеу тілі, ойлау қабілеті пайда болғаннан басталады. Алғашқы уақытта өте ақылға сыймайтын ертегілер пайда болды. Онда көбінесе жан – жануарлар тіршіліктің барлығында сөйлейді, ұғады деген адамдарда пікір қалыптасқан. Бұл ертегінің қиал ғажайып түрі. Одан кейін XV- ғасырларда қазақ хандығында құрылуымен тұспа – тұс келеді. Ертегілер батырлар мен небір шешен, ел билеген көсемдер жайлы өрбейді. Олардың халыққа еткен еңбектері, қанаушы топ шонжарлар мен байлардың тепкісіне шыдамай қарсы әрекеттері, айламен түрлі тәсілдермен сабасына келтіріп отырған көріністері бейнеленеді .
Кейінгі жылдары XIX – ғасырдан бастап халық білімге, ғылымға жол салды. Онда ұлы тұлғалардың Ш.Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Байтұрсыновтың алар орны зор. Олар өз шығармашылығын бұхара халыққа арнады. Солардың тәрбиелілігін, ұғуға ынталылығын, адамгершілік қасиеттерін көрсетті .
Ертегілердің ең алғаш зерттелуі қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, әрі оны өзге халықтарға танытушы Ә. Диваевтың есімімен тікелей байланысты. Ол 1883 жылы ертегілер жинауды бастаған . Ең алғаш Әулиеата уезі болды. Кейін ол қызметіне байланысты ел аралап, Шымкент, Сыр бойында болып, көне құлақ қарттардан ертегілер жинайды.
Диваев әңгімелер мен ертегілерді жазып алып, хат арқылы сұрап отырған. Ертекшілер мен орындаушылармен кездесіп, фольклорлық мұралар жазып алып отырған . Ол ерекше әдіс қолданған : бір ертегіні бірнеше елді мекеннен, бірнеше кісінің аузынан тыңдауды әдетке айландырып, сол шығарманың нағыз халықтық нұсқасын айқындауды мақсат еткен. Ең соңында нұсқаның толығырақ айтылған түрін баспа бетіне бірнеше рет құрастырып жазып алады да, соның толымды нұсқасын жасайды. Сөйтіп барып ол аңыз – ертегі жайлы ойын қоытындылайды .
Ә. Диваевтің тағы бір ерекшелігі ол ертегілерді жинауда сөзге мұқият қарап, баспа сөз бетінде жариялауда кейбір түсініксіз сөздерге коминтарийлер жазып, әрі сол ертегі, дастанның қанша варианты бар екендігінен мәлімет те беріп, отырған және ол материалдарды екі тілде яғни орыс, қазақ тілдерінде жариялауды принципке алған.
Ж.Аймауытов ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының роліне ерекше тоқталды. «Баланы бұзуға яки түзетуге себеп болатын бір шарт рас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке – шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Балаға қайырымдылықты, кішіпейілділікті, шыншылдықты, адамгершілікті беретін ата – ана». Баланың бойына сіңген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді.
Жас кезде дұрыс тәрбие алмаған бала өскенде қисық ағаш сияқты өсетінін отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады. Сонымен қатар өнегелі отбасынан бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен отанын, замандас, жора – жолдас, құрбы - құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуге болатынын дәлелдейді.
«Тәрбиенің негізгі мақсаты мінезі түзу, адамшылдыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» дей келе, «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала, айтып тұрғаннан көрі көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын іспен көрсете білу керек»- дейді. Бұл еңбекте Аймауытов «Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі дидактикаға ғылыми анықтама берген».
Мағжан Жұмабаев 1922жылы «Педагогика» оқулығын жазған ағартушы. Осы оқулығының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл және сұлулық пен әдеп – ғұрып тәрбиесі: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болганы. Егер де ол ыстық - суық,ашық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты, берік денлі болса, түзу ойлайтын дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын болса ған адам балсын дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы.
Балам адам болсын деген ата – ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын. Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қылып шығару»- деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Ол «Ұлттың тілі кеми бастауы- ұлттың құри бастағанын көрсетеді». Мағжан педагогикасы аса сезімтал, саясаттан тыс, бала жүрегін жараламайтын адамгершілікті педагогика.
Қазақ жастарына болашақты болжап, келешекке кемелденіп барар жолдар мен маңызды мақсаттарды біздің қазіргі заманымызға сай ұсынылды деп ойлаймыз.
Сөз соңында айтарымыз «Ертегі – соңғы қазақ ескілігін жинаушы адамдар арасында бұл жөнінде В. Радловтан ынталы, ұқыптылық көрсеткен оқымысты жоқ деуге болады.» - деп ғалым М. Әуезов жоғары бағалай, белгілі төңкеріліске дейінгі қазақ фолькорына арналған жинақтардың ішіндегі ең толыққанды, жүйелі, озық үлгісі болып табылатындығын еңбектерінің қайта басылып, көпшілікке ұсынылатындығына берік сенімдіміз.
«Алтын сандық» жинағында «Түлкінің алдағаны», «Дудар қыз», «Молданың үйінде оқыған бала», «Тазша», «Хан Шентай», «Қаракөз сұлу», «Қармақ салған жігіт», «Желкілдек», «Еркем Айдар», «Ханның қызы», «Жақсылықпен жамандық жолдас болған», «Үш ұл» ертегілерін қамтиды.
Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы асулары, арман-мұраты бейнеленген.
Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі - ертегілер.
Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған.
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. (Халық шығармасының бұл түрі «ертегі» деп аталуының өзі-ақ, онда айтылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда туғандығын анғартады).
Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық карым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сана-сезімінің үлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер, еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге ұшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесін, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген.
Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. «Образцы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В.В. Радлов қазак, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияқты кептеген Түркі тайпалардың әпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ әпосы мен ертегілерін жинап бастыру ісінде башқұрт ғалымы, профессор Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі.
Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, Казаньда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақ тілінде шығаратын болса (тілі қазақша әрпі орысша), онда қысқаша мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материалдары өткен ғасырдың бесінші жылдарынан бастап, «Дала уалаяты» газетінде, Торғай облыстық ведомосында», «Ақмола облыстық ведомосы, «Орынбор газетінде», «Орынбор губерниялық ведомосы, «Астрахань газетінде» т.б. үзбей басылып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткендер - А.Алекторов, А.Пантусов, Васильев, Б.Дауылбаев, М. Досымбековтар. Олар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-бес газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп те шығарған. Мысалы, Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде үнемі жарияланып келген және ол бір ертегіні бірнеше жерде бастыратын болған. Кейіннен ол өзі жинаған ертегілерін кітап етіп 1898 жылы «Киргизская хрестоматия» деген атпен екі тілде Орынборда шығарған.

Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене араласқан және бұл жөнінде асқан үкыптылық жасаған адамның бірі Н. Пантусов болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды, қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нүсқаларын жазып алып отырады, жинаған материалдарын орыс тіліне аударады. Оның материалдары, көбінесе, «Дала уалаяты» газетінде (орысша аты «Киргизская степная газета») екі тілде үзбей жарияланып Тұрады. Кейіннен ол «Қазақ-қырғыз» тілін үйренушілерге көмекші материалдар» және «Қазақ халық әдебиетінің үлгілері» деген атпен 1899-1909 жылдар арасында (әрпі орысша, сөзі қазақша) жеті жинақ шығарады. Олары Қазан қаласында басылады. Бұл жинақтарға казақ ертегілерінен көп


материалдар енеді.
Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив-образдар да аз емес. Ертегінің түтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демокартия сарыны елеулі болатынын кезінде М. Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен түйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет