17
Алайда уақыт бірлігі ішінде сұйықтан бөлініп шығатын молекулалар саны тек температураға тәуелді,
ал будың сығылуы ол санды өзгерте алмайды.
Бұл процесс, тепе-теңдік пен тығыздық қайтадан
қалыптасқанша, яғни молекулалардың шоғыры алғашқы мәніне жеткенше жүре береді. Олай болса,
тұрақты температурада қанықкан бу молекулаларының шоғыры көлемге тәуелсіз болады. Қысым
молекулалар шоғырына
пропорционал болғандықтан
(p = nkt,),
қаныққан бу қысымы будың өзі алып
тұрған көлеміне тәуелсіз екендігі шығады.
Сұйық өзінің буымен тепе-теңдікте болған жағдайда, көлемге тәуелсіз бу қысымы —
р0
қаныққан бу
қысымы делінеді. (1)
Қаныққан буды сыққан сайын, оның көбірек бөлігі сұйық күйге көшеді. Сұйықтың берілген массасы
дәл сондай бу масса-ына қарағанда аз көлем алады. Қаныққан бу қысымының температураға
тәуелділігі:
P
0
=nkT (1)
Температура
жоғарылаған сайын, қысым да артады. Қаныққан бу қысымы көлемге тәуелсіз
болғандықтан, қысым тек температураға ғана тәуелді болады.
Қайнау.
Сұйық температурасының артуымен бірге булану күшейе түседі. Ақырында сұйық қайнай
бастайды. Қайнау кезінде сұйықтың барлық көлемі бойынша тез ұлғаятын бу көпіршіктері пайда
болады да, олар сұйық бетіне қалқып шығады. Сұйықтың қайнау температурасы тұрақты болып
қалады.
Мұның бұлай болуы — сұйыққа берілген энергияның барлығы оны буға айналдыруына
жұмсалуында. Сұйық ішінде еріген газдар қашан да бар. Олар ыдыс түбі мен қабырғаларына және
сұйықта жүзіп жүрген шаң-тозаңдардан бөлініп шығады. Көпіршіктер ішіндегі сұйық булары да
қаныққан бу болып есептеледі. Температураның өсуімен бірге қаныққан бу қысымы да артады,
көпіршіктер ұлғаяды. Кepi итеру күші әсерінен олар жоғары көтеріледі. Егер сұйықтың жоғары
қабаттарының температурасы едәуір төмен болса, онда бұл қабаттардағы көпіршіктер ішінде будың
конденсациясы байқалады. Қысым күрт төмендейді де, көпіршіктер жарылады. Жарылудың тез
өтетіні сонша, көпіршік қабырғалары соқтығысып өз шама шарқынша кішкентай қопарылыс
болғандай күй кешеді. Осындай көптеген микро-қопарылыстар өзіне тән шу туғызады. Сұйық едәуір
қызғанда, көпіршіктердің жазылуы тоқталады да, олар сұйық бетіне қалқып шығады. Сұйық
қайнайды. Плита үстіндегі шайнекке зер салып бақылаңдар. Шайнектің қайнау алдында ызылдауын
тоқтатқанын байқайсындар.
Достарыңызбен бөлісу: