Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет17/125
Дата18.10.2023
өлшемі3,62 Mb.
#186554
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125
Байланысты:
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Булану және конденеация.
Мұқият жабылған әтір құйылған шиша көп тұрғанмен оның ішіндегі 
әтірдің мөлшері өзгермеуі мүмкін. Егер шишаның ауызын ашық қалдырып, араға біраз уақыт салып, 
қарасақ оның ішінде ештеңе қалмағанын байқаймыз. Хош иісті заттар ерітілген сұйық әтір буға
айналды. Асфальт бетіндегі су анағұрлым тез буланады. Ауаның температурасы жоғары болса және 
жел соғып тұрса тез (кебу) буланады. Бұл құбылысты былай түсіндіруте болады: Сұйық 
молекулалары ретсіз қозғалады. Сұйықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, молекулалардың 
кинетикалық энергиясы соғұрлым артады. Ал кинетикалық энергияның орта мәні берілген 
температурада белгілі шамаға ие. Берілген уақыт мезетінде әр молекуланың кинетикалық энергиясы 
орта мәннен аз да, көп те болуы мүмкін. Бір мезетте кейбір молекулалардың кинетикалық 
энергиясының үлкен болатыны сонша, олар басқа молекулалардың тартылыс күшін жеңіп сұйықтан 
ұшып шығу мүмкіндігіне ие болады. Булану процесі дегеніміз осы. 
4-сурет
5-сурет


16 
Ұшып шыққан молекула газдың ретсіз жылулық қозғалысына қатынасады. Ретсіз қозғала отырып, 
бұл молекула ашық ыдыстағы сұйық бетінен алыстан біржола кетіп қалуы немесе сұйыққа қайтып 
оралуы да мүмкін. Мұндай процесс 
конденеация 
деп аталады. 
Булану кезінде неғұрлым жылдам қозғалатын молекулалар сұйықтан ұшып шығады. Сондықтан 
сұйық молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы азаяды. Ал бұл сұйық температурасының 
төмендегенін көрсетеді. Тез буланатын сұйықтардың бірін (бензинді немесе ацетонды) қолыңа 
жағып, бірден олардың қолға жағылған жерінің өте салқындағанын сезінесіп. Егер ол жерді үрлейтін 
болсақ, салқындау күшейе түседі. 
Жылулық қозғалыс әсерiнен пайда болатын кинетикалық энергияның артықтығынан қашанда 
молекуланың жеке бөлшектерiнiң сұйық бетiнен бөлiнiп шыға алады. Заттың сұйық күйден газ 
күйiне өту процесiн 
буға айналу
деп атайды. Неғұрлым сұйықтың температурасы жоғары болса, 
соғұрлым сұйық тезiрек буға айналады.
Буға айналудың екi түрi бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет