Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері


Фотоэффект теориясы. Жарық кванттары



Pdf көрінісі
бет101/125
Дата18.10.2023
өлшемі3,62 Mb.
#186554
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   125
Байланысты:
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Фотоэффект теориясы. Жарық кванттары 
Фотоэффект заңдарының теориялық түсiнiгiн 1905 жылы А.Эйнштейн бердi. Ол өз зерттеулерiнде 
М.Планктың кванттар жөнiндегi ұғымын одан әрi дамыта отырып, жарық тек кванттар түрiнде 
шығарылып ғана қоймайды, сонымен қатар кванттар түрiнде жұтылады да деп есептедi. Бұл жарық 
кванттарын ол 
фотондар
деп атады. Эйнштейннiң бұл идеялары осы кезге дейiн үстемдiк етiп 


96 
келген жарықтың толқындық теориясынан өзгеше, соны көзқарас едi. Бұл жерде жарықтың таралуы 
үздiксiз толқындық үрдiс ретiнде емес, ерекше жарық бөлшектерi – фотондардың 
с
- ға тең 
жылдамдықпен қозғалатын ағыны ретiнде қарастырылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, мәселен 
монохроматты жарыққа энергияларының мәндерi бiрдей, әрi 

-ге тең болатын фотондар сәйкес 
қойылады. Ал жарықтың затқа жұтылуы сәйкес фотондар осы затқа түскен кезде өз энергиясын 
түгелiмен заттың атомдары мен молекулаларына беруiмен түсiндiрiледi. Жарықтың табиғатына 
деген осы кванттық көзқарас фотоэффект құбылысының тәжiрибеден байқалатын барлық 
заңдылықтарын түсiндiруге мүмкiндiк бердi.
Шындығында, мәселен, электрон металлдан ұшып шығуы үшiн металл-вакуум шекарасындағы 
потенциалдық тосқауылдан өтуi, яғни қандай да бiр 
A
шығ
-ға тең шығу жұмысын iстеуi қажет. Бұған 
қажет энергияны электрон өзi жұтқан фотоннан алады. Фотон металл атомына жұтылған кезде 
өзiнiң 
ε
ν
=hν
-ға тең энергиясын толығымен электронға бередi. Онда мұндай фотоэлектрондар үшiн 
энергияның сақталу заңын мына түрде жазуға болады
(1) 
Мұндағы 
m
v
2
/2
– металлдардан ұшып шыққан фотоэлектронның кинетикалық энергиясы, ал 
A
шығ
жоғарыдағы шығу жұмысы. Бұл өрнек сыртқы фотоэффект үшiн жазылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет