53
Магнит ағынының бiрлiгi ретiнде ауданы 1 м2
болатын бетке
перпендикуляр бағытталған 1 Тл магнит өрiсi тудыратын ағын алынады.
Оны 1 Вебер (Вб) деп атайды, яғни 1 Вб = 1 Тл·м2.
Жоғарыдағы келтiрiлген Х.Эрстед тәжiрибесi электр тогы өзiнiң маңындағы
кеңiстiкте магнит өрiсiн туғызатындығын дәлелдейдi. Бұл дерек, өз
кезегiнде электр және магнит өрiстерiнiң арасында қандай да бiр байланыс
бар екенiне нұсқағандай. Осымен байланысты мынадай заңды сауал
туындылайды: «керiсiнше, магнит өрiсi электр тогын туғыза ала ма?». Бұл
сауалдың жауабын 1831 жылы ағылшын ғалымы М.Фарадей бердi. Фарадей
тәжiрибесi өткiзгiштiң тұйық контурын тесiп өтетiн магнит ағыны өзгерген
кезде ол өткiзгiште электр тогы пайда болатынын көрсеттi. Физика мен
техниканың одан арғы дамуында үлкен
роль атқарған бұл құбылыс
электромагниттiк индукция құбылысы деп, ал сәйкес контурда пайда болған
ток индукциялық ток деп аталды.
Магнит индукциясының беттік өріс ауданында көбеюуі магнит ағыны деп аталады. Ф – магнит ағыны.
Ф=B*S (Вб) (6)
B=Ф/S (Тл) (7)
Тоғы бар өткізгіш магнит өрісіне перпендикуляр орналаса онда оған әсер ететін күште перпендикуляр болады
және тоқ күшіне, өткізгіш ұзындығына және магнит индукциясына тура пропорцинал болады.
F = I×B×L (8)
F –өткізгішке әсер ететін күш
B –магнит индукциясы
I - тоқ күші
Параллель өткізгіштердің өзара әсері. Тоқ өткен өткізгіштердің өзара әсері яғни, қозғалыстағы электр
зарядтарының арасындағы өзара әсерлесуі магниттік өзара әсерлесуі деп аталады. Тоқ өткен өткізгіштердің бір
– біріне әсер ету күші магниттік күштер деп аталады. Егер параллель өткізгіштер немесе параллель тоқтар
таңбасы бірдей болатын болса бұл тоқтар бір – біріне тартылады.
Егер параллель өткізгіш немесе параллель полюстері әр түрлі болатын болса онда тоқтар бір –
бірінен
тебіледі. Осы зңды ампер заңы деп атайды.
Параллель тоқтарды өзара әсерлесуінің магниттік күші мына формуламен анықталады:
F =
(9)
I
1
– бірінші өткізгіштік тоқ күші
I
2
– екінші өткізгіштік тоқ күші
r – өткізгіштің бір – бірімен арақашықтығы
L – өткізгіш ұзындығы
Достарыңызбен бөлісу: