Мазмұны кіріспе І. ОҚу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері


Оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі



бет16/37
Дата13.01.2022
өлшемі155,83 Kb.
#111486
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
stud.kz-88862 (1)

1.3. Оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі
Қазіргі кезде халықаралық экологиялық білім беру жүйесінде педагогикалық теориясы мен практикасында қалыптасқан үш жағдайы бар.

Біріншісі – көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту мазмұндарына экологиялық мәселелердің жеке бөлімі, жекелеген тақырыптар енгізіледі және бұрынан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен баяндалады.

Екіншісі – бір пәнді үлгі. Мұның бір ерекшелігі орта мектептердің экологиялық оқу топтарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс-жүзінде асады.

Үшіншісі – аралас сабақтар үлгісі. Мұнда 9-шы сынып оқушылары үшін экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылады. Содан соң, ол сабақтардың бастарын біріктіріп, қорытындылайтын арнайы сабақ өткізіледі.

Біз, ендігі кезекте оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мақсат, міндеттері, ұстанымдары мен мазмұндарында І тарауда айтқанбыз.

Экологиялық мақсат, міндет және ұстанымдар жайлы ұғым, түсініктерге байланысты ойымызды келтіруді орынды деп санаймын. Экологиялық тәрбие берудің мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға байланысты жауапты және аяушылық сезімде болып, іскерлік қарым-қатынас жасайтын ғылыми білім көзқарастар мен сенімдер жүйесінің біркелкі қалыптасуын айтамыз.

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі негізгі міндеттер:

1. Экологиялық идеяларды, негізгі түсініктерді, ғылыми дәлелдерді іріктеп саралай біліп, білім құрамын көбейту, табиғат заңдылықтарын ұғыну;

2. Табиғат – ресурстардың, өндірістік өнімдерді және адамзат мәдениеттерін дамытудағы негізгі көз екендігін білу, оларды пайдаланудың ғылыми-техникалық немесе ғылыми-экономикалық технологиясынан хабардар болу;

3. Табиғатты ұтымды пайдаланудың жолдарына байланысты қолданбалы білім, практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгеру;

4. Қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарап, оның бүгінгі жағдайы мен болашағы жайлы бағалай білу, зиянды құбылыстардың алдын алу, оны жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдап, өндіретін және қоғамдық еңбектердің әсерлерін түзету;

5. Табиғи ортаға зиян келтірмейтін, ластамайтын, бұзбайтын нормаларды саналы түрде сақтап, табиғатты қорғау идеяларын насихаттау;

6. Әрбір оқушының табиғатпен қарым-қатынас жасауға десек рухани қажеттілік дамыту, оның адам жандүниесінің экологиялық, талғам-сезімдерін қалыптастырудағы ықпалын ұғыну.

Жалпы, эколог-ғалымдардың «экологиялық тәрбие беру» ұғымына берген анықтамаларынан туындайтын және өзіміздің пікірімізше экологиялық тәрбие берудің мәні – табиғатқа сыншы қарым-қатынас жасайтын, қоршаған табиғи ортаны қорғайтын, табиғи қорды тиімді пайдаланып, әсемдігін көрсететін қасиеттер адамгершілік-эстетикалық тұрғыдан ұғындырып, оқушылардың экологиялық-лирикалық серпін тудыру арқылы мақсат, міндеттерге жетумен мінезделінеді.

Сонымен, 9-шы сынып оқушыларында экологиялық білім мен тәрбие берудегі мазмұна кіретін оқыту материалдары төмендегідей ұстанымдардағы негізделіп құрылды:

1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің бір жүйелілігі және үздіксіздігі;

2. Оқу мазмұнында әлемдік, ұлттық және туған өлке мәселелерінің өзара байланыстылығы;

3.Оқушылардың экологиялық дүниетанымдарын қалыптастырудағы пәнаралық бірлігі;

4. Табиғи ортаны қорғау жайлы білім алып, оны аялау, сақтау, көркейту туралы интелектуальдық және эволюциялы адамгершілік негіздегі іс-әрекеттерінің бірлігі.

Жоғарыда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсат, міндеттері, оларды іс-жүзіне асыруға ұйымдастырғанда басшылыққа алынатын ұстанымдарды атап шықтық. Енді, мектептегі 9-шы сынып оқушыларына берілетін экологиялық тәрбие оқу-тәрбие процесінде екі бағытта жүргізілуі керек:

1. Оқушылардың мінез-құлқында және әртүрлі іс-әрекеттерінде, қызметтерінде табиғи ортаға деген жауапкершілік қатынас нормаларын қажеттілігіне тәрбиелеу;

2. Қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, табиғат байлығын ұқыптылықпен пайдалану, ысырапшылық пен немқұрайлыққа төзбестей күрес жүргізуге тәрбиелеу.

Бұл бағыттар негізінде оқушылардың экологиялық білімін танымдық іскерліктері мен әдет-дағдылары, айналасымен адамгершілікті имандылық қарым-қатынастарда болып, сана-сезімдері көзқарастары, мінез-құлықтары ізгілікті түрде қалыптастыруға жағдай жасайды.

Жеке пән «экологиялық» «арнайы» курс 9-шы сынып оқушылары үшін Алматы қаласындағы №30 мектепте жүргізілді.

Ал, енді сол арнайы курстың мазмұнын қарауға келгенде қиындықтарға кездестік, сонда да экологиялық тәрбие берудің мазмұндарының қисынды құрылымдық жүйесін жасауға талпындық.

Экологиялық курстың бірінші мазмұны – қоғам мен табиғаттың өзара байланысы, экологиялық құндылықтар, адамдар мен табиғат қарым-қатынастарындағы ережелер мен шектеулер, табиғаттан үйрену және қорғау жайлы іскерліктер мен дағдылар болып табылады. Мұнда оқушыларға адам мен қоғам және табиғат қарым-қатынастарының әлеуметтік мәні, бір-біріне тәуелділігі мен ықпалдарының тарихи қалыптасуы, әр қоғамдық формациялардың ерекшелігіне тәуелділігін әлеуметтік ғалымдар тұрғысынан ұғындырылады.

Табиғат туралы деректер, ұғымдар мен заңдарды жаратылыстану ғылымдары береді. Бұл заңдарды білу адамның табиғатқа ықпалын ұтымды шектеп, оны үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін түсінеді.

Үш фактордың өзара байланысы заттардың биохимялық айналым арқылы жүзеге асырылу жаратылыстану ғылымы негізінде экологиялық ұғымдар жүйесі құрылады. Олар: тірі ағза, экологиялық жүйе, факторлар, биосфера және басқалары. Тірі ағза, зат алмасу және тірі материяны сипаттайтын белгілерімен ерекшелінеді.

Жер бетіндегі тіршілік жасайтындар биологиялық жүйе биосфера құрайды.

Экологиялық тәрбие берудің екінші оқушылардың мінез-құлықтарына экологиялық құндылықтарды қалыптастыру, соның негізінде экологиялық сананы тәрбиелеу. Өйткені, табиғат – қоғамның сондай-ақ әр адамның қажеттілігін өтейтін қазына байлық негізі екені белгілі. Адамның қажеттілігі материалдық, рухани және парктикалық тұрғыда болуы мүмкін. Практикалық қажеттілігін өтеу арқылы адам өмір сүріп, тіршілік етеді, ал материалдық қажеттілігін өтеу барысында өндірісті, ғылымды, техниканы қамтиды. Ал, рухани қажеттілігін өтеу негізінде ақыл-ойын және адамгершілік, эстетикалық талғам-сезімін қалыптастырып, дамытады.

Экологиялық тәрбие берудің үшінші мазмұны – оқушылардың бойында экологиялық этиканың қалыптастырумен анықталады. Ұзақ жылдар бойы қоғамның, адамның табиғатқа қарым-қатынасы, тек тұтыну жағы басым болғандықтан, пайда табу мақсатында алып құрылыстар, өндірістік орындар ысырапты игерілуде, соның барысында Арал қасіреті, Семей полигоны, Лабнор полигоны, Чернобыль АЭС-ң жарылуы туындады. Мұның салдарын адамзат түсінгендіктен, өлкелік мәселелер әлемдік проблемаға ұласты.

Экологиялық тәрбие берудің төртінші мазмұны оқушыларды қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасты әрекеттерді түсіндіру, оны қорғау мен сақтауға практикалық іс-әрекеттермен қаруландыру болып табылады. Олар, табиғаттағы заттармен құбылыстарды жәй-күйін бақылау, экология жайлы білімді жетік меңгеріп, оны жұртшылық арасында кеңінен насихаттау.

Жоғарыда көрсетілген оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұндары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы сабақ және сабақтан тыс жұмыстар арқылы іс-жүзіне асырылады[24,25,26].

Баршамыздың елімізде ұстайтын жәй – экологиялық тәрбие беру үздіксіз және жүйелі жүргізу барысында ғана өз нәтижесін береді. Ал, экологиялық нәтиже болса, оқушылардың әдет-дағдыларында, іскерліктерінде байқалынады.

Сонда, оқушылардың табиғатты қорғау, аялау, сақтау, жетілдіру қатынастарын, іскерліктерін есепке алуды мынадай ерекшеліктеріне назар аударуымыз керек:


  • оқушының табиғатқа деген қатынасын бағалау;

  • табиғатты қорғауды, аялауды және жетілдіруде қосқан үлесіне, нәтижесіне талдау беріп, әр оқушының еңбек санасының қорытындысын шығару;

  • табиғат объектілерін зерттеп, оның құбылыстарын тану, оған сипаттама беру;

  • оны жақсартуды жетілдіруде дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін есепке алу;

  • табиғи ортаны қорғауға байланысты нормаларды сақтау;

  • табиғатқа қамқор болу идеяларын насихаттау.

Егер де аталған іскерліктер табиғатқа деген жауапкершілік, жанашырлық, сүйіспеншілік т.б. қасиеттер балалардың мінез-құлықтарында болып, былайша айтқанда, адам-қоғам-табиғат арасындағы алуан түрлі диалектикалық байланыс және бір-біріне тәуелділік деңгейлерді бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштер сұрыпталып, оларға ғылыми-әдістемелік сипаттамалар жасаймыз.

Қазіргі кезде барлық дәстүрлі ғылымдар экологияландырылып, экологиялық туындаған мәселелерді әлеуметтік-экономикалық, техникалық, технологиялық мәселені психологиялық, педагогикалық жағынан зерттеу барысында бірнеше жаңа ұғымдар қалыптасты. Олар «экологиялық білім», «экологиялық сауаттылық», «экологиялық мәдениет», «экологиялық этика», «экологиялық сана», «экологиялық ойлау», «табиғатқа экологиялық қатынасы» т.б. Бұлардың мазмұндарына қарай ортақ құрамдас түсініктер, бір бірімен байланысқан, бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар. Осылар оқушылардың көзқарастарында, мінез-құлқында, табиғатқа қатынастарында қандай орын алады.

Соның мазмұнын анықтау үшін аталған ұғымдарға қысқаша мінездеме берсек.

Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі, адамның табиғатқа өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет