Мазмұны кіріспе І. ОҚу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері



бет36/37
Дата13.01.2022
өлшемі155,83 Kb.
#111486
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
stud.kz-88862 (1)

Оқушылардың білім деңгейлері №4- сурет


Қорытынды
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жүргізілген жұмыстың нәтижесі мынадай қорытында жасауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталып көрсетілгендей еліміздегі экологиялық жағдайлар кейбір жерлеріміздің экологиялық апат аймағына айналуы, экологиялық тәрбиеге байланысты, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әр түрлі табиғат қорғау туралы заңдарға талдау жасау, бұл мәселенің бірден пайда болмағанын, оның қоғам дамуы барысында адам мен табиғаттың қатынасы негізінде пайда болып, қазіргі кезеңде аса маңызды, дүние жүзіндегі мәселеге айналып отыр.

Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мүмкіндіктерін шешуде жалпы орта білім беретін пәндердің алатын орны ерекше. Барлық пәндерді экологиямен байланыстырып, пәнаралық байланыста жүргізілуі керек. Солардың ішіндегі экологиялық білім мен тәрбие беруде биология пәнінің орны ерекше.

Тақырып бойынша жүргізілген тәжірибелік зерттеу жұмысымызда жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің жәй күйі зертттеліп мына міндеттерді шешуге бағытталды:



  • жоғары сыныптың бағдарламалары, оқулықтары, әдістемелік құралдардың оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі қазіргі жағдайын қарастыру;

  • мұғалімдермен экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу;

  • экологиялық білім мен тәрбие үлгерімінің көрсеткіштерінің бастапқы және соңғы деңгейін анықтау.

Жоғары аталған міндеттерді шешу үшін биология пәнінен өткізілген сабақтардың, сыныптан тыс өткізілген жұмыстар негізінде, оқушыларға және мұғалімдерге сауалнама, КВН, оқушылардың шығармалары арқылы жүзеге асты.

Сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы мына бағыттарда жүргізілді:



  1. Экологиялық апталық, факультатив сабақтар, экологиялық тақырыптағы әңгімелер.

  2. Табиғи ортадағы жұмыстар: қоғамдық пайдалы еңбектер және «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру.

Осы бағытта жүргізілген жұмыстар оқушылардың табиғатқа жауапкершілік сезімдерін, экологиялық тәрбиелігін қалыптасытыруға мүмкіндік беретініне зерттеу жұмысымның барысында көз жеткіздім.

Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде экологиялық апталықтың орны ерекше, себебі экологиялық білім беру жүйесінде апталықтар ерекше міндеттерді атқарады да оқушылар ат салысып қатысады.

«Сабақ беру – үйренуші жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп ғұлама ғалым Ж.Аймауытов айтқандай, әрбір жүргізілген жұмысқа сараптама жасаған кезде педагогикалық технологиямен үздіксіз жүйелі жұмыс істейтін мұғалімдердің көресткен нәтижелері жақсы деңгейде екені байқалады.

Мектептің оқу тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім беру әдістері көрсетіліп, жан-жақты ашылып меңгере отырып, нәтижесін өз дәрежесінде көру әр пән мұғалім үшін ең басты мәселе.

Экологиялық тапсырмалар беру арқылы біз оқушының өтілген тақырып бойынша білімін саралап, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылықпен айналысуға, сабақ кезінде пайдалануға мүмкіндік бердік.

Мектептің оқу – тәрбие үрдісінде жүргізілген эксперименттің нәтижелері сараланып көрсетілді. Зерттеу барысында оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың экологиялық білім үлгеріміне, білімдерінің сапасының артуына жол ашатындықтары дәлелденді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет