Мазмұны кіріспе I тарау. Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері



бет6/11
Дата07.04.2022
өлшемі61,14 Kb.
#138203
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
достық бақыт

Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынның Lingua- тіл, Gultura –мәдениет, Logos – ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Осы орайда В.Н.Телия: “Лингвомәдениеттану – тілдің корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлшегі”, /8.217/ деп сипаттаса, лингвомәдениеттану ғылымының теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым В.В.Воробьев оны “менталингвистика” ғылымы ретінде танытуға ғылыми бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәдениеттің өзара әсерінің негіздерінен туындағанын дәлелдейді, әрі мынадай ғылыми анықтама береді: “Лингвокультурология – комплексная научная дисциплина синтезирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система норм и общечеловеческих ценностей)” /9.37/.
Ғалым В.А.Маслова бұл пәнді халық мәдениетін танытушы ғылым деп санап, былайша анықтайды: “Лингвокультурология – это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологи и исследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке” /10.8/
Көріп отырғанымыздай, Воробьев, Маслова, Телияның бұл ғылыми тұжырымдарына арқау болған мәдениет пен тіл арасындағы байланыстың сыры американдық ғалымдар Э.Сепир мен Б.Уорфтың “Лингвистикалық ықтималдық теориясының” негізін танытқан “этнос дүниетанымындағы ерекшеліктің ізі халық тілінде сақталады” деген қағидамен астасып жатқандығы сезіледі. Бұл жайт лингвомәдениеттану пәнінің этнолингвистика ғылымы мен туыстығын ашық көрсететіндей. Көп жағдайда этнолингвистика мен лингвомәдениеттану пәндерінің ортақтық, тіпті ұқсас жақтары бірізді сөз етілгенімен, В.Воробьев атап көрсеткендей, этнолингистика ғылымының өзіндік ерекшелігін былайша түсіндіруге болады: “Этнолингвистика комплексті этнографиямен шектес, халық мәдениеті, тарихтың шығу тегі мен таралуын зерттейді. Бүгінгі ғылымда этнолингвистиканың зерттеу мақсаты – тілдің қызметі мен дамуына лингвистикалық, этномәдени, этнопсихологиялық факторының әсерін ерекше қарастыру, ұлттық болмыспен ұштастыру” /9.15/
Тіл ғылымында лингвомәдениеттану-лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингистика мен елтануды да ортақтастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Лингвомәдениеттану пәнінің мақсатына қатысты негізделген ойымызды маман-ғалым В.Воробьевтің мына пікірі толықтыра түскендей: “Исследование “загадки” России, русской литературы и цивилизации – одна из важнейщих задач лингвокультурологиии: она позволяет открыть и освободить от всяческих наслоении духоный источник силы русского народа, может дать разгадку многих устоичивых языковых выражении, словесных и художественных образов, “подтекст”, которых иначе останется не вполне ясным, осознанным” /9.9/. Осы орайда лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу объектісінің ауқымы ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда тағы басқа да берілуі арқылы кеңи түсетіні көрінеді. Олай болса, бүгінгі қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пән ретінде жаңа қадам басып жатқанымен, ұлттық мәдениет пен болмыстық ерекшеліктерді таныту,
лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұбанов, М.Әуезов еңбектерінен бастап, ғалым-тілшілер І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жұбанов, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, А.Жылқыбаева, Қ.Рысбергенова, Р.Шойбеков тағы басқа ғалымдар еңбектерінде тіл фактілеріндегі сипаты ретінде танытылады. Мысалы, Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде (Алматы,1966) тілімізде көне сөздер ретінде танылатын әбдесте, барымта, адырна, дулыға тағы басқа сөздердің халықтық танымының сыры ашылған.
Этнолингвист -ғалым Е.Жанпейісов “Этнокультурная лексика казахского языка” еңбегінде М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясындағы этнографизмдерді тілдік әрі халықтық болмыс тұрғысынан зерттеуі қазақ халқының мәдениетін тіл деректері арқылы танытуда қосқан зор үлес деп білеміз. Көне сөздердің табиғатын танытқан белгілі тілші-ғалым Р.Сыздықова өзінің «Сөздер сөйлейді» тағы басқа еңбектерінде бүгінде жұртшылыққа таныс емес, бірақ ана тіліміздің қазынасында сақталған бірқатар сөздер мен сөз тіркестерінің (абжыландай толғану, Кеше, жыға, бес жетім тағы басқа) тарихи-тілдік мағынасын ашып, “қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен ғасырда өмір сүрген ақын-жырауларының тілінде, жырларды ескі тұрмыс-салтқа байланысты бұл күнде ұмыт бола бастаған немесе мүлде ұмытылған, я болмаса мағынасы өзгерген сөздер мен сөз тіркестерінің кездесуі табиғи құбылыс” деп көрсетеді /11.5/
Тұрақты сөз орамдарының мәдени -ұлттық мазмұнын халық тілінің байырғы лексикасының сан алуан сырына байланысты көптеген нақты пікірлерді осы саланы “індете” зерттеп жүрген маман-ғалым Н.Уәлиевтің еңбегінен табамыз. Автор: “Халық өзінің өткен дәуірлердегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Түп төркіні беймәлім сөздердің сәті түсіп, кілті табылғандай болса, көп нәрсені баян етіп, халықтың өткендегі ой-қиялы, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады” /12.12/ Дей келе, қасиетті жеті, он екі, тоғыз санымен тіркесті атаулардың (жеті көк, жеті ғалам, жеті ғашық, он екі мүше, тоғыз сәлемдеме) уақыт өлшемдерінің халықтық атауларының (он екі сәт, сәске, тәулік, екінді, марқа туған тағы басқа) мәнін қазақ халқының күнделікті мәдени өмірімен біте қайнасып тәжірибесінен туған атаулар екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Осы аталған авторлар еңбектерінде сөз етілген ұлттық тіл деректерінің зерттелуін лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу аясына жатқызуға болады.
Бүгінде мәдениеттану ұлттық тілді танудың негізі екені соңғы кездегі біраз зерттеулерде (Г.Смағұлова, А.Алдашева, А.Салқынбай, А.Сейсенова, Г.Қажығалиевалардың тағы басқа) сөз болуы, назар аударылуы лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптаса бастағаны байқатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет