Мазмұны кіріспе I тарау. Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері


I тарау. Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері



бет5/11
Дата07.04.2022
өлшемі61,14 Kb.
#138203
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
достық бақыт

I тарау. Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері.
1.1. Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы.
Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлер туындау төркіні тереңде жатыр. Айтылған ой жайында В.фон Гумбольдттің: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі – материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдеиет – ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тән”, - деп көрсетеді. /1.32/. Ал, мәдениеттің көне, жанасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екенінен көрінеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э.Сепир: “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” /2.186/ деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған “Сепир – Уорф болжамы” халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты іспеттес болғаны – ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі.
Тіл – тек мәдениетті танушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш анықталады. Тіл рухының ұлы күші халықтың ой-танымында, мінез-құлқында, әлеуметтік өмірінде сақталған. Өйткені адам баласының ой-санасы, сол арқылы істеген еңбегі, мінез-құлқына сай табиғатын қалыптастыруы, өз танымына сай өмір салтын қалыптастыруы тұтастай бір мәдениеттің дүниеге келуінің үлкен себепшісінің бірі. Осымен байланысты этностың психологиялық жайын тілге қатысты болжаулармен дәлелдеген В.фон Гумбольдт концепциясында: “Тілдің табиғаты мен тегі тіл мен ойлаудың халық рухымен байланыстылығында” деген құнды пікірмен бағаланды. Осы пікірді ғылыми жолға сүрлеп түсірушілер Г.Штейнталь мен М.Лацарус. Олар өз еңбектерінде халық психикасының этнотанымдық мәні, тілдің ішкі мазмұны адамның мінез-құлқымен байланысты деп түсіндіріп “тіл мәдениетке қатысты алғанда индивидтің творчествалық әрекеті”, “халық рухы алдымен тілде” /3.92.117/ деп түйіндеген. Осы ғылыми тұжырымдардың бастамасымен бұл үрдіс ғылымда өз жалғастығын тапқандығын төмендегі сияқты пікірлерден көреміз. Ғалым А.Вежбидская бұл туралы: “Каждый язык национально спецефичен. При этом в языке отражаются, не только особенности природных условий и культуры, но и своеобразие национального характера его носителей”, - деп көрсетеді. /4.19/. Демек, этнопсихология ілімінің тіл аясында мәдени факторларсыз анықталуы оның жете танылуын қамтамасыз ете алмайды.
Тілдің ерекшелігін әлеуметтану тұрғысында зерттеген ғалым В.Вундт өз еңбектерінде күрделі интеллектуалдық әрекеттердің ұлттық мәдениетті танудағы орнына ерекше назар аударылады. Ол – ұлттық рухты жаңғыртатын факторлар, салт-дәстүрлер олардың дамуы мен халық мәдениетіндегі рөлін әлеуметтік рухани құбылыс деп бағалаудың бағытын көрсетті. Расында да, ұлттық рухтың нағыз келбетін танытатын – салт-дәстүрлер деп танимыз. Этностың бар өміріне рухани азық болған, тұрақты ұрпақ жалғастығына себепкер құбылыс салт-дәстүрлердің ұлттық мәдениет бастауы екендігі сөзсіз. Осы құбылысты дер кезінде мойындап, ғылыми тұрғыдан жаңа бағытқа жол салушы – ресейлік тілші-ғалым А.Потебня. Ол тіл халық мәдениетімен біте қайнасқан ұғым деген түсінікті қалыптастыра келіп: “Тіл – халықтық “рухтың” жемісі, сондықтан тіл ұлттық ерекшелікті көрсетеді” деп анықтайды. Мәдениет – тілдің таңбалану қасиеті арқылы танылатынын, оған дәлел халық ауыз әдебиеті үлгілері екендігін Жан-жақты сөз ете келе: “Халық рухы” алдымен тілде, содан кейін барып әдет-ғұрып, салт-дәстүрінде, ән өнерінде, фольклорында көрініс береді” /5.117/ деп қорытады. Жоғарыда біз сөз еткен ғалымдардың зерттеулері ұлттық тіл мен халық мәдениеті арасындағы сабақтастықты о бастан болжап, тілдің ішкі формасына саятын қасиеттерін танытудан туған. Оның (ішкі форманың) тілдегі көрінісін өзек қылған ғылыми құнды ойлар мен тұжырымдар тіл ғылымының жаңа бағытымен ерекшеленетін лингвомәдениеттану пәнінің болжамы іспеттес. Асылында, адамзат қоғамының дамуында - әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-сананың жетілуі, тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуы маңызды фактор. Ал, әр халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде, әлемдік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдардың саясында сөз ету мәселесі тіл ғылымының бүгінде ғылыми өрісін тереңге жайған этнолингвистика саласында сәтті бағытта іске асуда. Осымен тығыз байланысты ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланыстары бір-біріне әсері айқын деректің белгілі бір этносқа тән екендігін танытуда бізге кешеуілдеп жеткен жаңа бағыттың бірі – лингвомәдениеттану. Бірақ тіл ғылымында XV ғасырдың бас кезінен бастап ерекше қалыптасқан жоғарыда атлған ғалымдардың (Ф.Соссюр, В.Гумбольдт, А.Потебня, В.Штейнталь тағы басқа) ғылыми ой-тұжырымдарын одан әрі ұластырушы Ресейдегі фразеологиялық мектептің өкілдері В.Воробьев, В.И.Телия, Е.М.Верещагин, В.Т.Костомаров, В.Маслованың зерттеулерінің лингвомәдениеттануды дербес ғылыми пән дәрежесіне көтерілуіне, қалыптасуына зор ықпал еткенін ерекше атап өткен жөн.
Тіл мен мәдениет ұғымдарының сыбайластығы әсіресе Е.М.Верещагин мен В.Т.Костомаровтың зерттеу еңбектерінде жаңаша қырынан танылады. Олардың: “Тіл – тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол Адам өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің сол ұрпаққа тән тума қасиеттерін жинақтаушы, сақтаушы құрал, осы арқылы болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Мұны тілдің кумулятивтік қасиеті деп танимыз. Тілдің тағы бір қоғамдық қызметі - әлеуметтік өмірде адамдарды жеке тұлға ретінде, ұлт өкілі ретінде қалыптасуы” /6.10/ деген ойлары бүгінде лингвомәдениеттану пәнінің қоғамдағы әлеуметтік орнын нақтылай түскендей.
Мәдениет – қоғамдық фактор, бірақ оның мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші халыққа оның тілдік деректері арқылы баяндалады. Ал тілдік деректер деп отырғанымыз – мәденитті сипаттаушы сөз символдары мен тілдік таңбалар. Осы жайт туралы мәдениеттің тілге қатысты ерекшелігін зерттеген ресейлік мәдениеттанушы Ю.М.Лотман төмендегідей пікірмен сабақтастырады:
“Всякая культура, обслуживающая сферу социального общения, есть язык. Это означает, что она образует определенную систему знаков, употребляемых и соответствии с известными членами данного коллектива првилами. Знаками же мы называем любое материальное выражение (слова, рисунки, вещи и.т.д.), которое имеет значение и, таким образом может служить средством передачи смысла. Следовательно, культура имеет, во-первых, коммуникационную и, во-вторых, символическую природу. ” /7.6/
Ендеше жоғарыда аталғандай мәдениет ұлттық менталитет құндылықтарының түп негізі тіл қасиетінде көрініс табады. Тілдің құдыретімен бейнеленіп, шынайылықты танытады. Осы тұрғыда әр халық тілінде өзі жасаған және табиғат дарытқан ұлттық мәдениеттің ізі бар деуге болады. Бұл – тіл мен мәдениеттің тоғысу жолын көздеген лингвомәдениеттану пәнінің негізі болмақ. Сонымен, лингвомәдениеттану дегеніміз не? Ол жеке ғылыми сала ретінде нені зерттейді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет