Мазмұны кіріспе I тарау. Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері



бет9/11
Дата07.04.2022
өлшемі61,14 Kb.
#138203
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
достық бақыт

Фрейм –статикалық (қозғалыссыз, тұрақты), сценарий – динамикалық (қозғалмалы) ойлау образы. Фрейм – стереотипті ситуацияға қатысты ойлау образы... /187/. Фрейм мазмұны міндетті (негізгі) және қосалқы (факультативті) белгілерден немесе “түйіндер” мен “терминалдардан” (М.Минский) тұратын құрылымнан тұрады.
а) Міндетті, негізгі белгілер фреймның когнитивтік-пропозиционалды құрылымымен объективтенеді. Олар мәндік элементтер ретінде екінші аталым бірліктерінің семантикалық құрылымына енеді;
ә) қосалқы белгілері фреймнің құрылымында нақтылаушы қызметін атқарады. “ұяшық” түрінде көрінетін олар таным процесі барысында “қажетті, лайықты, сәйкес мысалдармен немесе деректермен толықтырылады”.
Гештальт – бейнеленіп отыпған денотивтік ситуациядағы барлық сезімдік және рационалды элементтерді өзіне шоғырландыра ұстап, жинақтай алатын бейнелі-тұтас құрылым. Тұтастың бөлшектерден құралатына және олардың бүгінге тәуелді, бағынышты болуы гештальт тұтас гештальтқа тәуелді болады. Гештальт психология бөлшектердің қабылдануына тұтастың тигізер әсерін және бөлшектердің тұтасқа бірігу факторын анықтайды.
Фразеологиялық мағына жасаушы гештальттың мән тудырушы рөлі оның когнитивтік құрылымының идиомалылығына байланысты болады. Гештальт мәнділігін идиомалылығы анықтайды: ол (гештальт) әрі тұтас, әрі бөлшектенетін (талданатын) болады, ол бөліктерден тұрады, бірақ оны сол бөліктредің жиынтығы деп қарауға болмайды (Дж. Лакофф).
Фразеологиялық полисемияның жасалуы гештальттың қасиеттері мен оның бөліктерінің арақатынасына негізделеді. Ол қатынастар басшылыққа алынған көзқарасқа немесе дискурсивтік контекстке қарай әр алуан болады.
Концептінің а) әмбебап (универсалии); ә) бірегей (уникалии) түрлері болады.
А) Әмбебап концептілер когнитивтік санада білімдердің, түсініктердің, ассоциациялардың, басқа да күйлердің “жиынтық” “түйдегі” ретінде өмір сүрсе (Т.А.Фесенко);
Ә) бірегей концептілер когнитивтік (яғни этноэйдемдер мен ономатопоэтикалық түсініктер) ғаламның тілдік бейнесін еске түсіріп, жасап, туындатып қана қоймайды, этномәдени бейнелерді асқан шығармашылықпен (жасампаздықпен) этнотілдік дүниетанымның бір “жанды” фрагменттері ретінде қайта жасайды (Алефиренко, 195). Аталған түрлерді әр алуан ойлау құрылымдары емес, концептінің әр түрлі қырлары, яғни кешенді ойлау бірлігі ретінде қарастырған жөн. Ол кешенді ойлау бірлігі (концепті) сөз арқылы ойлау әрекеті барысында өзінің бір қырынан ұғым, фрейм, схема немесе елестету түрінде көрінеді.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас барысында бұл концептуалды мәнділіктер алуан түрлі комбинацияда құрақтала қолданылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет