Мазмұны кіріспе І тарау. Тарих толқынындағы көне қалалар


Тараздың көне шаһарларының өркениеттік мазмұндары



бет3/4
Дата11.02.2018
өлшемі0,93 Mb.
#37522
1   2   3   4

2.2. Тараздың көне шаһарларының өркениеттік мазмұндары.

2000 жылдың тарихы бар көне қаланы атақ-даңққа бөлеген мәңгілік сөнбес шырақтар жүздеп саналатын шығар. Жиырма ғасырда мұнда әлем өркениетіне әсер еткен талай-талай оқиғалар болды. Осында Түркі қағанаттарының дамып күшейгенін және осы өңір ислам дінінің даму орталығыы бояғанын тарих жоққа шығармайды. Шығыстағы көршімен тайталасып, халық болып сакталып қалмауымызға бағытталған келісімдер Таразда бастау алғанын көне шежірелер біледі. Түркі және парсы тілдес халықтар ықпалды күшке ие болу үшін мұнда қырғын соғыстар өткен. Монғол, орыс шапқыпшылығын да басынаи өткізді. Жоңғар шапқыншылығының ауыр күндерін де Тараз көрді. Біздің жыл санауымыздан бастап Тараз саяси және экономикалық орталыққа айналды. Бірақ, барымызды тани алмай, ғасырлар бойы ойымыз бодандықта болғаны да жасырын емес./58/.

Тәуелсіздігіміздің туы желбіреумен бірге тарихымызды тану жаңа сатыға көтерілді. Соның нәтижесінде ЮНЕСКО шеңберінде Тараздың іргетасы қалануының 2000 жылдығын ел болып атап өту белгіленді. Осы орайда тарихымызды бүкіл әлемге таныту үшін алдымен сол тарихты өзіміз білуіміз керек.

Тараздың тарихы тереңде екенін дәлелдейтін орта ғасырлық ғимараттардың арасында Айшабибі күмбезінің сәулет өнерінде алатын орны ерекше. Бұл күмбез көне шаһардың ғана емес, бүкіл бір дәуірдің інжу-маржаны, алтын алқасы іспетті. Ғалымдар мен сәулетшілердің айтуынша, Айшабибі күмбезіңде пайдаланылған құрылыс материалдары да ғажап. Оған қаланған кірпіштің құрамы тіпті өзгеше. Мүжілмейтін, тұзданбайтын сынадай кірпіштердің бір-бірімен қабысқанда әрқайсының өз орны бар. Себебі, мұнда пайдаланылған кірпіштердің түрлері де әртүрлі. Тіпті оларды кірпіш деп айтуға да болмайды. Себебі кірпіш дегенде біздің көз алдымызға әдетте төрт бұрышты, саз балшықтан құйылған құрылыс материалы елестейді. Ал мұнда

ондай үлгідегі құрылыс материалдары жоқ.

Кесенені тұрғызуда 62 түрлі кірпіш пайдаланылған. Олардың басым көпшілігінің сырт жағы ғана төртбұрыш болып келгенімен, ондағы өрнек-ою әртүрлі және оның ішкі жағының да кескіні әртүрлі. Бірі сына секілді болып келсе, екіншісі бірнеше қырлы, үшіншісі жалпақ қалақ сияқты болып келеді. Кірпіштердің ою-өрнегі еріксіз таңғалдырады. Сегіз, алты бұрышты кірпіштердің ортасындағы оюлар ерекше нақышпен жасалынған. 62 түрлі кірпіштегі ою-өрнектер бір-біріңе ұқсамайды. Осыған қарап-ақ махаббат тәжіне айналған Айшабибі кесенесін салуға оның ғашығы Қарахан шын ниетін, барлық жан-дүниесін бергенін байқауға болатындай. Мұндай өшекейлі, айшықтары айрықша кесене бүкіл Орта Азияда жоқ. Аңыздарға сенсек, Қарахан әулие кесенені тұрғызуға шығыстың ең таңдаулы сәулетшілерін шақырып, кескінін өзі жасап беріпті деген сөз бар. /59/.

Кесененің маңдайына Қарахан жүрек сезін жазғанға ұқсайды. Бізге жеткені «Күз... Бұлттар... Жер ғажайып...» деген сөздер ғана. Бұл сөздер нені меңзейді? Мұны жеті-сегіз аталарынан бері Айшабибі кесенесінің шырақшысы болып келген Әбділда атамыздың ұрпақтары да айта алмайды. Әулие атанған атамыз сол сөздер арқылы нені айтқысы келгені белгісіз. Егер патшалық Ресей, одан қызыл империя әскерлері кесенені зеңбірекпен атқыламағанда, кейбір нақұрыстар оны бұзбағанда бүгін бізге жұмбақ болып қалған сөз мағынасын білетініміз анық еді. Әттең, барымызды сақтай алмай қалғанымыз өкіншті-ақ. Міне, отыз жылдан бері кесенені жаңғырту мәселесі көтереліп келе жатқанымен, бір рет те ол соңына дейін толық шешімін тапқан жоқ. Қазір кесене қайта жаңғыртылуда. 60/.

Айшабибі кесенесінің жанында кішкене ғана күмбез тұр. Ол — Бабажа Хатун кесенесі. Тарихшылар ол туралы әртүрлі пікірлер айтады. Бірі ол кісіні Айшаның күтушісі десе, екінші біреулер басқаша қисын айтады. Біздің мақсатымыз олармен пікір таластыру емес. Бір қуаныштысы, кішкентай болса да біздің заманымызға өзгелерден өзгеше тарихи ескерткіштің жеткені. Бұл ескерткіш жаңғыртылып, жөнделген. Қарахан әулие басына күмбез тұрғызып, ғашығының күтушісіне де құрмет көрсеткен болар.

Ал Қараханның өзінің кесенесі бастапқы құрылысы өткен ғасырдың басында бұзылып, қайта салынған. Өкінішке орай, оның бастапқы қалпы сақталмаған. Кезінде Қарахан әулие «Айшабибі мен екеуміздің кесенеміздің төбелері бір сызықтың бойында әрі бір-біріне көрініп тұрсын» деген аманат айтыпты деген аңыз бар. Солай бола тұра, Айшабибі кесенесінің кіре берісі ойыс жағында болса, Қарахан әулие күмбезінің есігі оңтүстікке қаратылыпты. Соңғы жылдары Қарахан әулиенің кесенесіне келушілер көбейген./61/.

Қарахан әулие кесенесінің жанында, Талас өзенінің жағасынан салынған орта ғасырдың тағы бір кесенесі біздің заманымызға жеткен. Ол Дауытбек кесенесі. Аңызға сенсек, ол Қараханның күйеу баласы әрі әскербасы болса керек.

Жоғарыда әңгіме болған үш кесене жарым-жартылай болса да сакталып қалған. Өкінішке орай, Тараз өңірі аса қадір тұтатын Тектұрмас әулиенің кесенесі өткен ғасырдың отызыншы жылдары нақұрыстардың қолымен қиратылып кеткен. Тектұрмастың кім болғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Ғалымдардың бір тобы оны ислам діні жерімізге келгенге дейін өмір сүрген әулие, ғұлама десе, енді бір тобы Тектұрмасты ислам дінін уағыздаушы сахабалардың қатарына қосады. Кім болса да Талас өзенінің жағасындағы Қаратау сілемдерінің ең биік жеріне салынған кесененің орны ғасырлар бойы халықтың жадында болуы ол кісінің тегін адам болмағанын көрсетеді. Оған төу етушілер қай жылдары болмасын тыйылмаған. Соңғы жылдары тараздық азамат, Алланың нұры жауғыр Амангелді Момышев өз күшімен әулиеге кесене салды./62/.

Бір қызығы, тура осы кесене тұрған жерде жер, асты жолы бар екені анықталып, зерттеушілер оны ішіне кіріп, бойлаған. Бұл жер асты жолы Тараздың бас қорғанымен Талас өзенінің асты арқылы байланыс орнатқан дейді

аңыз. Мүмкін тап осы жердегі алтын кен байлығын пайдалану үшін қазылған үңгір болар. Ондай ойға Таразда әр кезде тиын ақшалар, алқалар мен сақина-сырғалар жасалғаны жетелейді. Олар қажетті алтынды тап осы жерден алуы да мүмкін ғой.

Көне шаһардың мәнгілік ескерткіштерінің бүгін жатқан құпиясы көп.

Кім білсін, мүмкін Жүсіп Баласағүн өзінің атақты «Құтадғу білік» еңбегін өз халқына ана тілінде тап біздің Таразда ойшылдармен ой бөлісе отырып жазған болар. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады. Тіл адамға жапа да шектіреді. Абайламаса басынан да айырады» деген мәңгілік ой тап осында, Таразда, шырағданның сәулесімен жазылған шығар.

«Түркі сөздерінің жинағы» еңбегімен артында өшпес белгі қалдырған Махмұт Қашқари Таразда түлеп, қанаттанғанын да жоққа шығару қиын болар. Жоғарыда аты аталған ғұламалардың еңбектерін айта беру біздің міндетіміз емес. Біз Әбсаттар ағамыздың «Қазақ даласының жұлдыздары» кітабында айтылған кейбір м»ліметтерді ғана сөз еттік./63/.

Сол сияқты ел билеген Афрасиабтың ұрпағы Әулиеата Қарахан, Шамансұр-Дауытбек, тағы басқа біз білмейтін даналар мен ақылгөйлер түркі халықтарын сактап, оның керегесін кең ету үшін күрес жолдарына осы шырағдандардың сәулесінің жарығында бәтуаласқан болар.

Кім білсін, Тараздың сұлуларын жырларына қосқан шығыстың көп шайырлары, Қаратаудың теріскейінде туып, өмір сүрген ғұламалардың ұстазы Әбунасыр әл-Фараби бабамыз шаһарға келіп, талайлармен пікірлесіп, кеңескенде ойына келіп қалған трактаттарының сұлбасын осы шамдардың жарығымен жазған болар. /64/.

Қалай болғанда да облыстық тарихи өлкетану мұражайында ең көп кездесетін бұйым — шырағдандар. Тараз бен оның айналасындағы ондаған қорғандар мен қалаларды қазған сайын археологтар шырағдан табады. Осыдан-ақ тараздықтар түнде де еңбек еткенін байқауға болады. Бір қызығы олардың түрлері де көп. Біреуі қоламыстан сөнді етіп, үш аяғы, төрт-бес пілте қоятын орны болса, екіншісі күйдірілген балшықтан жасалынса, енді бірі боялған. Құмғанға, құмыраға, тіпті саз балшықтан күйдіріліп, қызғылт түстегі шырағдан қазіргі Останкино мұнарасына да ұқсас болуы бізді ерекше таңғалтты. Қай-қайсында болсын бабаларымыздың қолтаңбасы бар өрі олар ұзақ уақыт тұтынылғанын да аңғаруға болады. Кейбіреулерінің жақтауларында ою-өрнек, тіпті жазу да бар сияқты. Түрлеріне қарап оның тұтынушысы кім екенін білуге болады. Саз балшықтан жасалынған кішкентай шамға қарап, оиың иесі қарапайым адам екенін білесіз. Мұндай шырағдандар табылған қорғанда негізінен кедейлер тұратынын білсеңіз, қоладан, боялған саз балшықтан жасалынған шамдарды тапсаңыз, ол жерде бақуатты кісі тұрғанын аңғарасыз. Өте сирек кездесетін шырағдандардың бірі — сегіз пілтелі шам. Бұл шырағдан тоқсаныншы жылдардың соңында Тараздың қорғандарынан табылған бірнеше жәдігермен бірге Италияда крмеге қойылыпты. Ою-өрнегі көз тартады. Мұндай нәзік дүние тек шеберлердің қолынан ғана шықса керек. Сол көрмеге ғұндар дәуірінде жасалынған қоладан жасалынған ыдыс та апарылыпты./65/.

Ғасырлар бойы топырақ басып, көміліп жатқан шырағдандар қазір халыққа басқаша қызмет көрсетуде. Олардың түр-түсіне, үлгілеріне қарап-ақ қазақ жерінде мәдениет пен қол өнері, өндіріс пен сауда дамығанын аңғармау мүмкін емес.




2.3. Тараз-рухани байлығымыздың алтын діңгегі.

Тараз қаласының 2000 жылдық тойы Үкімет комиссиясының шешімімен 2002 жылы қыркүйек айының 25,26,27 жұлдыздарында өтті. Үкімет Тараздың 2000 жылдығын тойлауға 1,5 миллиард теңге бөлді. Аз уақытта бұл қаржыны игеру шын мәнінде үлкен еңбекті, мандай терді қажет ететіні сөзсіз. Сондықтан да мерекелік ғимараттарды тандағанда облыс өкімі Серік Үмбетов көп жылдардан бері жөнделмеген мәдени-тұрмыстық ғимараттарды жаңғыртуға, қалада қалқайып, бітпей қалған мектептерді, тұрғын үйлер мен мәдениет ошақтарының құрылысын аяқтауды ұсынды. Бұл ұсыныстың өміршең екендігіне көз жеткізген Үкімет комиссиясы облыс әкімін қолдады./66/.

Тараздың 2000 жылдығы құрметіне салынып және жаңғыртылып жатқан мерекелік ғимараттар тізіміне назар аударсақ қала жаңғырып, жасаратынына көзіңіз анық жетеді. Олар — орталық стадион, қысы-жазы жұмыс істейтін жүзу бассейні, "Баласағұн" мәдениет орталығы, Жастар сарайы, облыстық драма театры, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Бауыржан Момышұлы атындағы атшабар, «Тараз» теміржол бекеті, өкпе ауруына ұшыраған балалардың емхана-мектебі, қалада құрылысы аяқталмай қалған бес тұрғын үй және екі мектеп. Мұның сыртында қаланы көркейту, безендіру және жаңадан салынатын демалыс сквері мен «Достық» алаңының құрылыстары жүргізілетіндігін айтсақ қысқа мерзімде көп жұмыс атқарылатындығын аңғару қиын емес. Сонымен бірге еліміздің мақтанышына айналған Айшабибі, Бабажа хатун, Дәуітбек, Қарахан сияқты ортағасырлық тарихи ескерткіштер жаңғыртылады. /67/.

Осыншама құрылысты жүргізу аса қиын екені белгілі. Сонымен бірге қаржының жетімсіздігі де байқалды. Алайда, әзірге Үкімет қосымша қаржы бөлінбейтіндігін ашық айтты. Бір кызығы, Түркістанның 1500 жылдығын өткізуге бүкіл республика үлес қосса, бірінші қыркүйекке дейін бірде-бір облыс «Тараз -2000» корына бір тиын да аудармады. Сонымен бірге ірі ұлттық компаниялар мен ұйымдар, кәсіпорындар да сырт қалып отыр. Дегенмен де Серік Үмбетов ай сайын журналистермен кездесіп, той жоғары деңгейде өтетіндігіне сендіруде. Атқарылып жатқан істерден бұл анық көрініс тауып отыр. Қазір бұл құрылыс көпшілігі пайдалануға берілді./68/.

Қазір облыс әкімінің Интернетте ресми сайты ашылып, атқарылған жұмыстардың бәрі әлемге таратылуда. Барлық міндет — Тараз тарихын әлемге таныта отырып, қазақ тарихынан хабардар ету. Осы мақсатта алыс-жақын шетел ғалымдары қатысқан ғылыми мәслихаттар өткізілді. Олардың жұмыстарын қорытындылау ретінде 26 кыркүйек күні ірі мәслихат өткізіледі. Көптеген ғылыми және көркем шығармалар шығарылды. Солардың бірі — тамаша суреткер, ойшыл азамат Әбіш Кекілбайұлының Тараз тарихының тағылымдары туралы жазылған тың еңбегін айтуға болады. Сонымен қатар Тараз тарихын танытатын энциклопедия да жарық көреді. Ал, тағылымы мол мәдени-көпшілік шаралар өте көп. Ақындар айтысы дейсіз бе, эстрада жұлдыздарының сайысы, ұлттық ат спорттары, тағысын тағылар... Олардың бәрін айтып жеткізу мүмкін емес. Әйтеуір іс басында отырғандардан ұйқы кеткені анық./69/.

Біздің міндетіміз: киіз үй тігіп, той тойлап, тамақ ішіп, ән айтып, Тараздың 2000 жылдығын тойлау емес. Бұл тойдың тарихи тағылымы мол болуы керек. Әулиелер қаласы болғандықтан той дастарқанына спирттік ішімдік қойылмайды. Артта қалар белгілер мол болуы үшін ескерткіштер салынып, көшелер жаңғыртылып, әрбір тараздықтың бойына «бұл менің қалам», «менің елім» деген мақтаныш сезімін қуюы керек. Солай болады да. Сонымен бірге Президенттің Тараздың тойы жұмыс орнын кебейтуге ықпал жасауы керек деген тапсырмасын да орындадық. Барлық жұмыс осындай міндеттерді орындауға бағытталған, -дейді облыс әкімі С. Үмбетов./70/.

Қазір қала көркі ерекше көз тартады. Тотыдайын таранған қаланың әрбір көпірі мен аялдамалары да безендірілгенін көргенде көңілің толады. Әрбір көрініс қаланың тарихы мен мәдениетін көрсетуге бейімделген. Ең бастысы, Тараз өзінің тарихын халқымыздың тарихынан бөліп қарамайды. Тұтастық, бірлік көк байрақтың астында дамитындығын бойыңызға сіңіріп, ойыңызға тарихымыз тереңде екеніне сендіреді./71/.

Бөлінген қаржыны-тиімді игеруге ерекше назар аударылған. Елбасы талап еткендей қала мерекесін тойлау бағытында атқарылатын жұмысты жүзеге асыру үшін қосымша жұмыс орыңдарын ашуға мән берілді. Сонымен бірге мемлекеттік комиссия белгілеген жұмысқа қосымша қаланы безендіру, көркейту жұмыстарын жүргізу үшін қаржы жинақтау мақсатында «Тараз-2000» қоры құрылды. Жақында қор облыс, республика жұртшылығына, түркі әлемі мен өркениетті әлем азаматтарына Тараз тойына үлес қосуға шақырған Үндеу қабылдадық. Қазірдің өзіңде қорға миллиондаған қаржы құйылды. Бұл да қосымша жұмыс орнының ашылуына үлкен негіз қалайтыны сөзсіз. Осының нәтижесінде қаладағы мерекелік құрылыстарға, көшелерді безендіруге 500-ге жуық адам тартылды. Құрылыстарды жүргізу құқына ие болғандарға жұмысқа жергілікті тұрғындарды алу міндеті қойылды. Көшелерге асфальт төсеу аса қарқынды жүргізілуде. Бұрынғы тарихи аты Атшабар деп аталатын аланды көркейту — қаланың сәнін салтанатқа ұластырады. Тағы бір айта кететін жағдай, Таразда кезінде құрылысы басталып, пайдалануға берілмей қалған тұңғыш үйлерді бітіруді де қолға алдық. Қаланың бас көшелеріңдегі 20 қақпаның бәрі қала тарихына жақын өрнектермен, кескіндермен безендіріледі. Талас өзенінің тарамдарындағы көпірлерді де жаңғыртамыз./72/.

Қала мерекесін Тойлауға бүкіл дүние жүзі қазақтарының құрылтайына келгендер де қатысты. Сондықтан да олардың әрқайсысы Тараз жерінен ескерткіш болар бұйымдар алып қайтуын да ойластырып отырмыз. Мәселен үш тілде шығарылатын Тараз тарихы туралы естелік кітаптың ішінде екі компакт дискіге қазақтың халық және көп тараған әндері жазылатын болады. Бұдан да басқа танымдық деректер көп болады. Фарфордан жасалынатын ыдыстарға қаланың көркі бейнеленген. Өткізілетін әрбір спорт, өнер сайыстары шын мәнінде қала өмірінде ерекше оқиға болып қалумен бірге, мерекеге қатысушылардың рухани дүниетанымын арттыратыны сөзсіз. Негізгі үйлестіру жұмыстары осыған бағытталған./73/.

Қазір жүргізіліп жатқан жұмыс көлемін саралап көрсек — Тараз бұрынғыдан да құлпырып, ажарлна түседі. Салынып немесе жаңартылып жатқан нысандар сәулеті бірегей болатынына да сенімдіміз. Бір сөзбен айтқанда, тойдың сәні де, салтанаты да мол болады. Тараз тойын тойлау рухани байлығымызды бүгінгіден де молайтады. Қала тарихын байьпумен бірге халқымыздың да тарихы байытыла түседі. Бұл бағытта ел газеті «Егемен Қазақстанның» тарихымызды тану және Тараздың 2000 жылдығын тойлау қарсаңында атқарылып жатқан жұмысты республика жұртшылығына жеткізу туралы бүгінгі бастамасын еліміздің басқа да басылымдары қызу қолдаса деген тілегімізді де жасырмаймыз. Себебі, Тараз тойы — халқымыздың ғана емес, бүкіл түркі елдердің терең тарихын айшықтай түсетінін шығармағанымыз жөн.

Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбеті де көз қуантады. Екі мың жылдық тарихы бар шаһарды ЮНЕСКО қолдап, дүниежүзіндегі мәдени және рухани игіліктерге көз қырын салып отыратын қара шаңырақтың батагөй өкілдері жол болсын айтқалы бергі жылдың ішінде көп іс тындырылды. Мемлекеттің қаржысы қала тұрғындарының мәдени және әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмсалғаны көрініп тұр. Той иесінің ең алдымен үй-жайын әктеп- көктейтіні сияқты, Тараздың тарихын төрткүл дүниеге паш ету үшін тараздықтар да аянып қалмағанға ұқсайды. Облыс орталығындағы жаңадан пайдалануға берілген Жастар кешені, тұрғын үйлер, «Дельфин» жүзу бассейні, ине-жіптен жаңа шыққандай жөндеуден өткен Баласағұн атындағы концерт залы, вокзал, театр, стадион, мектептер, балалар ауруханасы, бәрі - халықтың игілігі. Тарихи жәдігерлер Қарахан, Айша бибі, Баба әжі хатун, Қали Жүніс моншасы, Дәуітбек және Тектұрмастың басындағы жаңғырту жұмыстары да тарихқа құрмет таразылықтардың мақтанышы. Бұл Тараздың тойы - тарихтың тойына, тарихтың тойы - халықтың тойына айналып отырғанын көрсетеді. Елбасы ортақ

қуаныштың ортасына келіп, ел-жұртымен емен-жарқын ой бөлісті. Тараздың тойына арналған қаржының ас-суға емес, ертеңгі игілікке жұмсалғанын көріп сүйсінді. Қала көркін асықпай аралады. Етектегі ауылға да ат басын бұрып, Талас ауданындағы ағайындармен емен-жарқын пікір алысты. Жағдайлары түзеліп, мыңғыртып мал баққан шаруаларды мал өнімдерін өндірумен айналысуға шақырды. Сол үшін уақытын бөліп, балықшы туралы күлкілі әңгіменің де тиегін ағытты./74/.

Тараздықтар «Денсаулық жылын» сол саланың шеңберінде атқарылатын іс-шаралармен ғана шектеп қоймай, облыс бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыруға ден қойған. Қала көшелеріндегі қымызханалар - бие байлап, қымыз ішкен халқымыздың болмыс-бітімдеріне жарасып тұр. Ұлт болып мақтан тұтатын мұндай істерді іліп алып, еліміз бойынша қолға алса деп ойладық. Әбсаттар қажының елді салауаттылыққа шақырып шыр-пыр боп жүрген бастамасын жамбылдықтар бастап та жіберіпті.

Соңғы жылдары еліміздің экономикасы өркендеп, халқымыздың әлеуметтік және мәдени жағдайы жақсара түсті. Мұны Жамбыл облысының экономикалық жағдайынан анық байқауға болады. Көптеген кәсіп орындары іске қосылып, төрт-бес жылдан бері тоқтап тұрған химия- зауыттары жұмыс істей бастады. Кәсіпкерліктің ауқымы кеңейіп, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылды. Атап айтсақ, еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайту жолындағы игі істердің бірі - облыс территориясындағы Амангелді газ орнындағы бұрғылау жұмыстарының басталуы жергілікті тұрғындардың үмітін оятып отыр. Бүгіңде газ кен орнынан облыс орталығына қарай құбыр тарту жұмысы басталып та кетті. Құдай қаласа, келесі жылы тараздықтармен бірге еліміздің оңтүстік облыстары Амангелді газының игілігін көре бастайтын болады.

Облыс басшылары алдағы уақытта Тараз қаласынан болат өнімдерін шығаратын жаңа электрометаллургия зауытын салуды көздеп отыр.

Жылына 350 мың тонна өнім өндіретін осы зауытты салу арқылы Жамбыл ГРЭС-і толық қуатында жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ аймақта мыңға тарта адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады. Мұндай кәсіпорынның құрылуы Қазақстандағы қара металлургияға жаңа перспективалық жол ашады. Еліміздің ішкі ресурсын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Шабан мінгеннің тақымына тыным жоқ, арғымақ мінгеннің ақылына тыным жоқ». XXI ғасыр тәуелсіз мемлекетімізді төрт аяғынан тік тұрғызу жолында салмақты, салиқалы, сарабдал міндеттер жүктеп отыр. Алдымыз да, артымыз да ұланғайыр көш. Көне тойдың ырысы Қазақ елінің жаңа тойларына жұғысты болғай.

ҚОРЫТЫНДЫ
Тараз тарихы көзі ашық, көкірегі ояу кімді де болса енжар қалдырмаса керек. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, ол — рухани байлығымыздың алтын діңгегі. Ол — қазақ халқының мөлдір бастауларының бірі, бабаларымыздың өлмес көзі.

Таразды тану — қазақ тарихын таратып, қырық қатпар астарын, ара жігін айыру.

Тараз тарихы — қазақ үшін шығыстың ұлы Жібек жолы. Адамның алпыс екі тамыры сияқты еліміздің ықлым заманғы болмыс-бітіміне, табиғатына, өнері мен өміріне, мәдениеті мен әлеуметтік жай-күйіне тереңдеп алып кетеді.

Тараз тарихының осындай ғажайып сиқыры бар. Оған үңілмей, оның айналасындағы жұмбақ сырларға құлақ түрмей отыра алмаймыз. Айша бибі, Қарахан тағдырына, оның құпияларына мен еріксіз ден қойдым.

Тараз туралы ең алғашқы жазба деректер Қытай тарихында сақталып қалған. Онда Тараздың біздің дәуірімізге дейінгі жүз жылдықтың бастапқы кезіндегі түрік тайпалар бірлестігінің орталығы болғандығы айтылады. Ал жыл санауымыздың 36-жылдары шамасында мұнда түркі тайпасының көсемі Чжичжи өзінің астанасын тігеді. Бұл туралы тарихи деректерде «Чжичжи Таластың жоғарғы жағынан келіп... болашақ мемлекет астанасы болады, деп қала салды. Қала сыртынан айнала терең ор қазылды, мұнаралары бар биік ағаш қорған салынды, одан әрі топырақтан дуал тұрғызылып, ол екінші қорғау болды», деп жазады. Ал VIII ғасырдың алғашқы жартысында Хаджадағы қол-жазбада Тараз «Даңқы шыққан және құдай жарылқаған шарқ түркілер қаласы» деп көрсетіледі. Еуропа Таразды Византия елшісі Земарх арқылы 568 жылы білді. Бұл шамада Қытай тарихшы Сюань Цзанның көрсетуіне қарағанда Тараз шеңбері 8-9 ли келетін сол дәуірдегі өте іргелі де маңызды сауда орталығы болған. X ғасырда араб тарихшысы Макдиси Таразда болып, оны бау-бақшалы үлкен бекініс, халқы көп 4 қақпалы, негізгі қақпа түбінде үлкен өзені бар сауда орталығы деп суреттейді. Рубрук «Мен онда жүзім сабақтарын көрдім және екі рет шарап іштім» деп жазады.

Орта ғасырда, әсіресе Қараханидтер дәуірінде Тараз өркениеттің, мәдениеттің, сауданың, өнеркәсіптің, ғылымның ордасы болған. Осы күнге дейін жүргізілген қазба жұмыстары XI-XII ғасырларда бүкіл қала жер асты су құбырларын жүргізу арқылы сумен қамтамасыз етілгенін, көлемі 152 шаршы метрлік моншасы, дербес теңге сарайы, тері — жүн өңдейтін, керамикалық-зергерлік бұйымдар жасайтын шеберханалары болғанын анықтады. Бұл ортағасырлық тарихшылардың жазба деректерін толық делелдеп отыр. Сауданың Таразда ерекше дамығанын Тараз көпестерінің Исфахан (Иран) секілді іргелі Қалаларда колониялары, ал Таразда Исфахан, Екіоғыз, Қойлық, Жаңакент, Хорезм көпестерінің жайлары болғаны көрсетеді.

Архитектуралық ғимараттар жөнінен ХІ-ХІІ ғасырда Тараз барынша дамыған. Солардан қалған ескерткіш Қарахан мавзолейі XX ғасырдың басына дейін сақталған. Өкінішке орай XX ғасырдың басында ол қайта құрылып, соның салдарынан оиың жоспары бұзылып, сәндік өрнектері өшіп кеткен. Ал қалаға жақын рналасқан Айша-бибі мавзолейінің ежелгі келбеті, ондағы кірпішке құйылып жазылған «Күз тұман, жер керемет...» — деген Айша анамыздың соңғы сөздері бүгінгі күнге дейін сақталып, барша сеулетшілер мен ғалымдарды таңқалдырып келеді. Бүгінгі тарихшылардың баяндауынша Орта Азияның сол дәуірдегі архитектуралық ғимараттарында бұл мавзолейлердің қалану тәсілі күрделі де озық үлгі болып саналған.

Тараз орта ғасырда сондай-ақ көшпелілері мен отырықшы елдерді бөліп тұрған шекаралық бекініс, Ұлы Жібек жолының бойындағы бекет қызметтерін де атқарған.

Тарихшылардың баяндауынша қаланың құлдырау сәті Қараханидтер мемлекетінің әлсіреп, қаланы қарақытайлардың басып алуына сай келеді. Олар ислам дүниесін түгел қиратып, мұсылман дін басыларын, ғалымдарды аяусыз қудалайды. Медресе, шіркеу басқа да мәдени ғимараттарды қиратады. Тараз қолдан қолға ауысады. Ал, монғол шапқыншылығынан соң қала өзінің бекініс, Ұлы Жібек жолындағы бекет ретіндегі стратегиялық маңызын жоғарылатып, шағын елді мекенге айналады.

Қаланын қайта өсіп-көркеюі қазақ хандығының құрылуына сәйкес келеді. Тарихи деректерде қазақ хандығының қалалар үшін жасаған соғыстарында Тараз да ерекше маңызға ие болғанын көреміз. Тараз туралы тек саяхатшылар мен тарихшылар ғана емес. Шығыстың ұлы ақындары да жыр еткен. Мысалы, «Шахнама» аталатын ұлы туындыны дүниеге келтірген Фердауси «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» деп жырлайды.

Бүгінгі қолда бар деректер, әрине, Тараздың 2000 жылдық тарихын бізге толық көрсетіп бере алмайды. Біздің бұл орайда білгеннен білмегеніміз көп. Ал түркі тарихының өн бойындағы күллі маңызды оқиғалардың бірде-бірінің Таразды тыс қалдырмауы оның түркілер үшін әр кезде де аса маңызды қызмет атқарғанын көрсетеді. Тараз Персия патшасы Кирді тізе бүктірген Томиристің, Ескендір Зұлқарнайды шекарадан аттап бастырмаған сақтардың, Атлах соғысында Қытайдың 100 мыңға жуық әскерін арабтармен бірігіп, жермен жексен еткен түркілердін, әлемдік өркениетке өшпес үлкен үлес қосқан Қараханидтердің отаны. Қазақ хандығының іргесі де Таразға таяу тұс, Шу өзенінің бойында қаланған. Одан бергі жылдар ішінде де Тараздың тарихы батырлық пен ерлікке толы. Осының бәрін зерттеу, келешек ұрпаққа жеткізу алдағы уакыттың, егеменді еліміздің еркін ойлы болашақ ғалымдарының міндеті. Ал біздін басты парызымыз 2000 жыл бойы бір орнынан тапжылмай тұрған Түркі елемінің ең көне жәдігерлерінің бірі — Таразды одан әрі көркейтіп, гүлдендіріп, ата-баба дәстүрімен келер ұрпаққа мирас ету. Өйткені шығыс ақыны Омар Хайям айтқандай: «Кімде кім өзінің өткенін ұмытса, өзінің тамырларын қастер тұтпаса, қаһарға ұшырайды».

Биылғы жылғы қыркүйек айында Республика Президенті Н.Назарбаевтың тікелей қолдауы нәтижесінде ЮНЕСКО аясында қаламыздың 2000 жылдық мерей тойы атап өтілгелі отыр. Бұл мақсатқа Республикалык бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді. Ал, облыстық және қалалық бюджеттен 633 млн. теңге қарастырылды. Бүгінгі күнге мерейтой қарсаңында атқарылатын құрылыс, негізгі мәдени-көпшілік ғимараттары мен спорттық кешендерді күрделі жөндеу және қайта жаңғырту мен мәдени іс-шараларға, жол жөндеуге қаржы бөлінді.

Жоспарланған жұмыстар бойынша орталық стадионды жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын. Мұнда 12800 көрерменге арналған жаңа үлгідегі орындықтар орнатылды. Стадионның іші-сырты әлемдік үлгіге сай қайта жасалуда. Мерекелік шеру, нігізгі іс-шаралар осы стадионда өтетін болады. Мұндай күрделі қайта жөндеу жұмыстары «Дельфин» жүзу бассейнінде, облыстық драма театрында, «Баласағұн» мәдени орталығында, облыстық өлкетану мұражайында қызу қарқынмен жүргізілуде. Қаланың 2000 жылдық мерейтойына төрту ретінде жан-жақты жабдыкталған «Жастар сарайы», жалпы көлемі 12 мың шаршы метрлік тұрғын үй құрылыстары іске қосылатын болады. Қала ішіндегі 18,1 шақырым жол күрделі, 25 мың 430 шаршы метр жол ішінара жөндеуден өткізілді. Барлық саябақтармен демалыс орындары, қаланың ішкі келбеті мен жасыл алқаптары, көше бойлары дерлік қайта жаңғыртылып, көркейту-көгалдандыру, жарықтандыру мен көрнекті безендіру ісіне ерекше мән беріліп отыр. Негізгі көше бойларына жарық беруші адамдар орнатылып, орталық алаңдарға, көпшілік орындарға гирляндтар мен салюттер қойылды, негізгі ғимараттрға ескерткіштерге жарық беруші қондырғылар жасалды. Бір сөзбен айтқанда ежелгі Тараз бүгінде толығымен жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеу, көркею үстінде. Мұнда бір сәттік мерекелік мақсат емес қаланың болашағы, қала тұрғындары мен қонақтардың мүдделері ерекше ескерілуде. Өйткені әлемдік деңгейдегі ғылыми ортада, туристер арасында әлемнің төрт бұрышын жалғастырып жатқан — Ұлы Жібек жолы тарихына деген қызығушылық жыл санып өсе түсуде. Оның үстіне адамзат баласының жер шарының түкпір-түкпіріне таралуында бүгінгі қазақ жерінің алтын бесік болғаны тарихшылар арасында кеңінен жазылып жүр. Мұның өзі болашақта Тараз қаласының әлем туристерінің, тарихшыларының жиі бас қосатын орталығына айналатынын көрсетеді.

Біз жоғарыда Тараз қаласының ежелден өркениет, соның ішінде ірі өнеркесіп орталығы болғандығын, мұнда түрлі өндіріс бұйымдарын өндіретін шеберханалардың жұмыс істегендігін тарихи деректерге сүйене отырып атап өттік. Ал, кешегі кеңес дәуірінде Тараз одақ бойынша ең ірі химия өнеркәсібі орталығы болды. Қарт Қаратау қашанда болсын жер асты байлығының қайнар көзі ретінде танылып келеді. Бүгін біздің алдымызда жеріміздің осы байлығын егеменді еліміздің игілігіне жарату міндеті тұр. Бұл орайда химия өнеркәсібін қалпына келтіру мен одан өндірілетін сары фосфордың, кальцийлі соданың өзіндік құнын төмендетіп, бәсекеге жарамды етудің мәні зор. Бүл ұшін ең алдымен арзан және өзгеге тәуелсіз энергия көздері қажет. Амангелді газ кеніші көзін игеру мен іске қосудың маңызы зор. Сондай-ақ қалада жұмыс істеген тері өңдеу — аяқ-киім фабрикасын, алғашқы жүн өңдеу зауытын, мрамор зауытын, цемент өңдеу зауытын, қосалқы бөлшектер зауытын, шыны өнімдерін шығару цехтарын, басқа да қала өміріне, ел игілігіне қызмет ететін өндіріс орындарын қалпына келтіріп қана коймай одан әрі дамыту басты міндет.

Тараз Оңтүстіктегі ек іргелі — Жамбыл облысының орталығы. Ал, Жамбыл жері қашанда болсын өзінің құнарлылығымен, ауыл щаруашылығына қолайлылығымен танымал. Мұнда жеміс — бақша өнімдерін өндіру ежелгі кәсіп болса, Қаратау мен Мойынқұмның бауыры малға толы. Бидай, арпа, қызылша, басқа да дақыл түрлерін егуді, одан мол өнім алуды жамбылдықтар дәстүрлі кәсіп санайды. Осынау мол байлықты игеру, ұксату мақсатында Тараз қаласында ілгері уакыттан бері- арақ-шарап зауыттары, үн комбинаты, қант зауыты жұмыс істеп келді. Бүгін міне, осы зауыттардың өнім өңдеу, шығару, тарату мүмкіндіктерін кеңейтудің де маңызы зор болып отыр. Сондықтан Тараз

тойының қарсаңында бұл жұмыстарға да жан-жақты мән-мағына берілуде.

Ел өркениеті оның мәдениеті мен әдебиеті, ғылымы мен өнері, ерлігі мен бірлігі арқылы өлшенеді. Сондықтан, әсіресе соңғы жылдарда бұл мәселелер бірінші кезекке көтеріліп отыр. Қаладағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдени-спортгық кешендер мен мекемелердің қатары көбейтіліп, олардың жұмысы жандана түсуде. Мәдени-спорттық кешеңдерді жаңғырту мен олардың жұмыс ауқымын, мүмкіндігін көтеруге байланысты бірқатар шараларды біз жоғарыда айтып өттік. Ал, білім беру саласында бүгінгі таңда қалада 9 жоғары, 11 орта арнаулы оқу орындары жұмыс істеуде. Жалпы білім беретін 51 мектеп бар. Оның біреуі, №50-мектеп 1999 жылы іске қосылып, мұнда 895 бала тәрбиеленуде. 2001 жылы қаланың «Қант зауыты» алқабындағы № 14-мектеп кеңейтіліп, қайта сақталды. Үстіміздегі жылы 18- мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, 604 орынға №50-мектеп одан әрі 326 орынға кеңейтілді. 20 емдеу орындарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұрын жабылып қалған балалар мекемелері де калпына келтірілуде. Тұтас бір мемлекет өз алдына бөлініп, егемендік алу осы негізде күллі экономикасын әлеуметтік-саяси жүйесін қайта құруы оңай шаруа емес. Қазақстанның егемендік Туын тігу кезеңі де осындай қиын да күрделі кезеңді бастан өткерді. Қалыптасқан байланыстардың үзілуі әсіресе әлеуметтік-экономикалық салада қайшылықтардың тууына себеп болды. Бүгінгі таңда Республика Президенті Н.Назарбевтың ілкімді саяси басшылығының нәтижесінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдары пайда болған қайшылықтар толық жойылып, егеменді еліміздін даму кезеңі басталды. Бұл біздің алдымызға да орасан зор міндеттер қойып отыр. Сондықтан Тараздың 2000 жылдық мерей тойын өткізуге арналған іс-шаралардың барлығы да қоғамымызды дамытудың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында, ел Президентінің Қазақстан халқына арнауында көрсетілген міндеттерге сай атқарылуда.

Қазір Таразда болып жатқан барлык өзгерістер тек бір сәттік мерейтойды өткізуге ғана арналып отырған жок. Негізгі мақсат халқымыздың тамыры терең тарихынан басталатын руханиятын бүгінгі және болашақ ұрпақтарға паш ету, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып, Таразды әлемдегі іргелі қалалардың біріне айналдыру. Ол тек қазақстандықтар үшін ғана емес, барша

халықтар үшін мұражай — қала, тарихи ескерткіш ордасы болып қалары сөзсіз. Бүгінгі жасалып жатқан жұмыс көлемі оған толық дәлел бола алады.

Қаламызда ежелгі дәуірден қалған ғимараттар саусақпен санарлықтай болса да аңыз әңгімелер арқылы жеткен бабалар ғибраты жеткілікті. Олардан біз көне Тараздың әулиелер атасы атанған, ел билеген Қарахан бабаны, махаббат символы Айша-бибіні, ел шетін жаудан қорып, оқшау өмір сүрген Тектұрмас бабаны, Тараз бен Тараз сұлуларын жырлап өткен Фердауси бастаған ұлы ақындарды, Сюань Цзан бастаған Қытай, Земарх бастаған Еуропа, Ал-Макдиси бастаған араб саяхатшыларын қаланы картаға түсірген М.Қашкари секілді ғұламаларды, басқа да ұрпаққа үлгі болар таусылмас шежіре-өмірлерді көреміз. Тараздықтар өздерінін осынау ұлы тарих бастау алар ежелгі қалада туып-өскендерін үлкен мақтаныш тұтады және өздерін осы тарихты жалғастырушылармыз деп біледі.



Жасарған, жаңарған Таразды Орталық Азиядағы көне қалалардың бірі екенін айшықтау, ежелгі мемлекеттердің астанасы, орта ғасыр қалаларының шоқ жұлдызы болғанын дәлелдеудің бүгінгі күні қажеті жоқ. Оны тарих, тарихшылар айтқан. Қазіргі міндет- біз халық болып, Тараздың осы тарихын таныта білуіміз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет