Мазмұны Кіріспе Жаңақорған ауданының табиғи-климаттық жағдайы 5


Гидромодуль графигін есептеу



бет12/16
Дата01.06.2020
өлшемі0,79 Mb.
#71931
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Практика отчет Аида

Гидромодуль графигін есептеу

Ауыспалы егіс дақылдарының суару тәртібі - әрбір дақылдардың суару тәртібін қосу, біріктіру арқылы анықталады. Бұл қосуды, біріктіруді суару гидромодулі «q» арқылы жүргізеді.



 л/с∙га

мұнда: q - суару гидромодулі немесе бір гектар егіске бір секундта берілетін су өтімі, л/с.га;



α - ауыспалы егістегі дақылдың үлесі, %;

m - суару мөлшері, м3/га;

t - дақылдың суару мерзімі, күн.

Дақылдың суару мерзімі оның көлеміне, биологиялық ерекшеліктеріне, суару әдістеріне және еңбекті ұйымдастыру жағдайларына байланысты қабылданады. Дақылдың суару мерзімі неғұрлым қысқа болса сол алқаптағы дақыл ылғалды өзінің биологиялық қолайлы мерзімінде алады. Алайда, мұнда су өтімі өседі, сөйтіп еңбекті ұйымдастыру жұмыстары қиындайды. Керісінше суару мерзімі ұзарса су өтімі төмендейді, бірақ дақылдың биологиялық ерекшеліктері толық қанағаттандырылмайды. Осының барлығы ескерілген жағдайда дақылдың суару мерзімі шамамен 7-10 тәуілік аралығында белгіленеді.



Алғашқы тұрғызылған гидромодуль графигін жасақталмаған гидромодуль графигі деп атайды. Жасақталмаған гидромодуль графигінің екі басты кемшіліктері бар. Бірінші кемшілігі – гидромодульдің ең жоғары () және ең төменгі () мәндерінің арасындағы алшақтық үлкен. qmax = 0,90 л/с га, qmin = 0,08 л/с∙га. Демек, алшақтықтың өте жоғары екені көрініп тұр. Екінші кемшілігі – вегетациялық кезеңде егіске су берілмейтін кезеңдер бар, олардың жалпы саны 6. Демек, осы кезеңдерде ауыспалы егіске су беретін канал жұмыс істемейді. Бұл қолайлы емес.

Сондықтан да алғашқы тұрғызылған гидромодуль графигін реттеу керек, оны ықшамдау қажет, ол тиісті дәрежеде жасақталынуы міндетті. Ол үшін суарудың орташа күнін 3-4 күн алға немесе артқа жылжытамыз. Мұнда суару мерзімі өзгермейді. Болмаса суару мерзімі 3-4 тәулікке қысқарады, немесе ұзарады. Жасақталған және жасақталмаған графиктер бойынша ауыспалы егістікке берілетін жалпы су мөлшері өзгермей тұрақты болуы керек .



q1 · Т1 = q2 · Т2 ,

мұнда: q1, Т1 - жасақталмаған гидромодуль графигіндегі суарымның гидромодуль мәні мен мерзімі;



q2, Т2 - жасақталған гидромодуль графигіндегі сол көрсеткіштер.

Жасақталу барысында гидромодуль графигінің жоғарғы мәні 0,54 л/с га мөлшеріне төмендеді.



Жасақталмаған гидромодуль графигі



Жасақталған гидромодуль графигі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет