Мазмұны Кіріспе Жаңақорған ауданының табиғи-климаттық жағдайы 5


Жаңақорған ауданының табиғи-климаттық жағдайы



бет4/16
Дата01.06.2020
өлшемі0,79 Mb.
#71931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Практика отчет Аида

Жаңақорған ауданының табиғи-климаттық жағдайы

Жаңақорған ауданы — Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөліктік.



Географиялық орны. 1928 жылы құрылған, темір жол стансасы, облыс орталығы Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 178 км жерде орналасқан. Сырдария өзенінің оң жағасының бұта аралас боз, бетеге, қау, т.б. әр түрлі шөптесін өскен құмайтты, сортаң, бозғылт қоңыр, шалғынды топырақ қалыптасқан шөлдік белдемде орналасқан.

Жерінің аумағы — 15,4 мың км². Тұрғыны — 81,3 мың адам (2015). Аудандағы 38 елді мекен 26 ауылдық әкімшілік округтерге біріктірілген.



Орталығы — Жаңақорған кенті. Аудан жерінің солтүстік-шығыс бөлігін Қаратау жотасының солтүстік-батыс сілемдері алып жатыр. Ең биік жері — 1419 м (Бесарық өзенінің бастауында). Орталық бөлігін Сыр бойы жазығы, оңтүстігін, оңтүстік-батысын Қызылқұм шөлі алып жатыр. Ауданның жер қойнауы кен байлықтарына бай. Қаратаудың Өгізмүйіз тауы етегінде Шалқия кеніші орналасқан.

Климаты. Климаты — континенттік. Қысы біршама жұмсақ, жылы күндер жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ. Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы — 6–7°С, шілдеде — 27–28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 150–200 мм. Өзен жүйесін Сырдария өзені және оның оң салалары (Бесарық, Ақұйық, Жиделі, т.б.) құрайды. Борықтыкөл, Нарсоққан, Бозкөл, Қандыарал, Шұқырой, т.б. көлдері бар. Топырағы аллювийлі-шалғынды, шалғынды-батпақты, сор, сортаң, оңт-ке қарай құмды келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет