Жер қатынастары.(2019ж)
Қазаргі таңда Жаңақорған ауданының жер қоры -1543,3 гектарды құрайды. Оның ішінде санаттар бойынша:
- ауылшаруашылығы жерлері – 392,8 мың га,
- елді мекен жерлері –86,6 мың га,
- өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және басқа жерлер – 37,1 мың га,
- орман қорының жері – 791,5 мың га,
- су қорының жері – 13,1 мың га,
- босалқы жер – 221,6 мың га.
Су көзі.Грунт сулары.
Сырдария өзенінің ескі арналары Жаңадария, Қуаңдария сол сияқты Телікөл, Қараөзек т.б жүзге жуық ирригациялық-суландыру жүйелері облыс аумағының гидрографиялық желісін құрайды. Оған қоса облыс байтағында жалпы ауданы 1164 шаршы км2 болатын барлық саны 2582 көл болғанды [1]. Олардың ішінде көлемі 1 км2 жетпейтін көлдердің саны 2453, олардың жалпы ауданы 241 км2, яғни ауданы 1 км2-ге жетпейтін көлдер 95 пайызды құраса, су айдынының 20 пайызын құрайды екен. Ауданы 10 км2-ден асатын көлдер саны 16. Олар: Қамыстыбас, Арыс, Жақсықылыш, Домалақкөл, Ақшатау, Бірқазан, Тұщыкөл, Қапшықкөл, Кілемжайған, Ақкөл т. б. көлдер. Бұл көлдердің барлығы дерлік атыраулық, жайылымдық көлдер болғандықтан олардың су деңгейі жыл бойы өзгеріп отырады. Яғни, Сырдария суының көктемгі тасуында толып, көлдердің деңгейлері көтерілсе, ал жазда төмендеп отырады. Бүгінгі мәліметтер бойынша [2] облыс аумағында 123 көл сақталған. Соңғы 25–30 жылда өзен ағысын реттеудің және оған қоса жер суару үшін су мөлшерін ретсіз пайдалану салдарынан көптеген атыраулық көлдер құрғай бастады, кейбірі құрып кетті. Сырдария өзенінің Қараөзек тармағы бөгелгеннен кейін, онымен аттас көлдер жүйесінің көбісі құрғап кетті. Сырдария атырауының көлдері ішінде көлемі мен тереңдігі шағын көлдер Райым, Жалаңаш, Қаязды, Лайкөл, Қотанкөл т. б. су тапшылығынан тайыздап шарасын өсімдік басып, батпақтанып кетті. Осыған орай көлдер суының минералдану дәрежесі де өте жоғары. Көл суларының минералдылығы жылдар аралығында, маусымнан маусымға өзгеріп отырады. Облыс аумағында Сырдария өзенінен басқа табиғи ағыны бар Жаңақорған ауданында, Қаратаудың батыс беткейінен ағып шығатын Бесарық, Ақүйік, Жиделі, Арыстанды, Шалқия секілді т.б. ұсақ өзендер де бар. Бұл өзендер ертеректе суы мол кездерде Сырдарияға келіп құйған. Қазір бұл өзендер тау етектеріндегі елді мекендердің ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мақсатында бөгендерде жинақталады (Жайылма, Бесарық, Бірлік). Жаңақорған ауданына қарасты аумақта ірілі — ұсақты 20-ға жуық көлдер бар. Олардың ішіндегі ірілерінде бүгінгі таңда балық шаруашылығына пайдаланып жатқаны 10. Олар: Борықты, Қандыарал, Өзгент, Нарсоққан, Жощыкөл, Баспанкөл, Танысбеккөл, Айдархан, Шұқырой, Жыңғылсай. Ауданның су ресурстарын жер бетіндегі және жер астындағы сулар қоры құрайды. Жер бетіндегі су қорларына азды-көпті бұлақ сулары, уақытша ағын сулар, көлдер, ойыс жерлерге жиналатын қар суы мен жаңбыр сулары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |