Мазмұны кіріспе коммерциялық банктердің депозит саясаты депозит және депозит саясаты туралы жалпы түсінік Депозит түрлері елімізде депозит нарығының даму тарихы



бет3/8
Дата13.07.2020
өлшемі127 Kb.
#75149
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курсовая депозит

Депозит түрлері

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттердің әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген тұтынушылар топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:



  • талап етілетін депозиттер;

  • мерзімді депозиттер;

  • жинақ салымдары;

  • бағалы қағаз түріндегі (депозиттік және жинақ сертификаты) депозиттер.

Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне қарай жіктеуге болады:

  • мерзімдеріне қарай;

  • салым иелері категорияларына қарай;

  • қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;

  • пайыз төлеу тәсіліне қарай;

  • банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;

  • басқалар.

Салым иелері категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • жеке тұлғалардың шоттарына;

  • кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың шоттарына;

  • жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;

  • қаржылық мекемелердің шоттарына;

  • шетелдік азаматтардың шоттарына.

Талап етілетін депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларына алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етілетін депозиттерге мыналар жатады:



  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

  • есеп айырысудағы қаражаттар;

  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға қаражаттар шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп шығып талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:



  • ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз жүзеге асырылады;

  • шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;

  • банктер талап етілетін шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

  • талап етілетін депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Депозиттің екінші тобын мерзімді депозиттер құрайды. Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартымен орналастырылған тұтынушылардың уақытша бос қаражаттары. Салымшының ұзақ уақытқа қаражат салудағы мақсаты жоғары пайыз алуымен түсіндіріледі. Бұл депозит банк үшін де пайдалы, неге дегенде ол бұл қаражатты жоғары пайыз алу үшін несие беріп ұзақ уақыт пайдалана алады. Ережеге сай мерзімді салымдарды талап еткенше салымдарында болатындай ағымды төлемдерге пайдалануға болмайды.

Мерзімді салымдар жеке мерзімді салымдарға және алу туралы алдыннан хабардар етілетін мерзімді салымдарға бөлінеді. Жеке мерзімді салымдар иесіне алдын-ала белгіленген уақытта қайтарылады, осы уақытқа дейін банк бұл қаражатпен өз қалауынша пайдалана алады. Егер белгіленген уақытта салым иесі тарапынан алынбаса, бұдан бері ол онымен ағымды есеп шотқа ұқсас пайдалана алады, яғни ол өз қаражатын кез келген келесі күндері ала алады.

Алу туралы алдыннан хабардар етілетін мерзімді салымдарға ақшаны алу үшін салымшының арнайы арызы қажет етіледі. Әдетте алдыннан хабардар ету уақыттары – 1айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін және бір жылдан артық мерзімдер. Алдыннан хабардар ету уақыттарына сәйкестене отырып қажетті пайыз мөлшерлері белгіленеді. Тәжірибеде алдыннан хабардар етілетін мерзімді салымдар пайдаланады. Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге міндетті.

Бұл салымның ерекшелігі – талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады: есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды; шоттағы қаражат баяу айналады; тұрақты пайыз төленеді; пайыз төлемінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады; ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі.

Депозиттердің үшінші түрі – жинақтайтын салымдар. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет. Ең көп тараған түрі – жинақ салымы, яғни жай жинақ есеп шоты немесе жинақ есеп шоты кітапшасы. Салым иесі, ережеге сай, есепке ақша салу немесе алуда жинақ есеп-шоты кітапшасын ұсынады. Жоғары пайызды жинақ салымдар, басқа депозит түрлеріне қарағанда сақтықты қолдау және де банктегі салымшылардың жинақтарын сақтауға жағдай жасау үшін қолданады. Тұрғындардың бос ақшасын салымдарға тартуда бірнеше түрлі жинақ салымдары: ұтысты, сыйлықты, жастар, мақсатты және де басқа түрлері бар. Әдетте олар тұрғындарға қосымша қызмет түрлерін ұсынумен қосарланады (почталық, телеграфтық, сауда және т.б.). Жинақ есеп шоттарының белгіленген уақыты болмайды, ақшаны алуда алдыннан хабардар етілмейді, оларға чек жазылмайды.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдарына мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:



  • ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

  • шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

  • ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік сертификат – заңды тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.

Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:


  • атаулы сертификаттар;

  • мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:


  • аударылатын;

  • аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға беріледі.

Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді.

Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

Тұрғындардың, қалың бұқара топтарына ұсақ жинақ сертификаттары шығарылады, олардың құны 500, 1000 және 2500 доллар болып 1 жылдан 5 жылға дейін беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет