1.3 Елімізде депозит нарығының дамуы және шет ел банктеріндегі депозит нарығы тәжірибесі
Қазақстанда жинақтау және қор жинау нарығы туралы тек 1994 жылдың жартысынан айту мүмкін. Осы кезде теңге тұрақталуы үшін әжептеуір жұмыстар атқарылды, айлық инфляция көрсеткішін едәуір төмендетуге қол жеткізілді, бюджет жұмыскерлерінің соңғы бірнеше айлық еңбекақылары төленді. Осы уақыттан бастап «жинақталу бейімділігі» экономикалық көрсеткіші әрбір кісі жинақтауға қанша сомада ақша салу керектігі және қайсы салымдар барынша пайдалы екендігін талдайтын дәрежеде нөлден өзгешеленді.
Банк депозиті нарығы 1994 жылы депозиттердің пайыздық мөлшері жағымды болғанда көрнектеле түсті. Сол уақыттағы қаржы нарығының жағдайын үйрене келе отырып банктердің депозит саясатын дамытудағы себептерін көрсетіп кету керек. Бұл себептерді мезгілді деп атауға болады, өйткені олар тек қысқа уақыт мерзімде пайдалы, жағдай өзгерген кезде олар керексіз болып қалуы мүмкін.
Сол уақыттың өзінде тұрғындар салым иелері болғанын атап өту қажет. Кейбір ресми деректерге қарағанда, 1994 жылы салымдағы және қолдағы ақша 5096,2 млн. теңгені құрады. Ал негізінде біздің берген бағамыз бойынша азаматтардың салымдарының нақты көрсеткіші келтірілген сома мөлшеріне әлдеқайда жоғары тұрады, өйткені олар өздерінің қаржыларын белсенділікпен капиталға айналдырды. Бұл сома банктердің қаржыны салымға тартуға қызығушылығын тудыратын дәрежеде көп. Бұл кезде халықтың өзі де ең пайдалы, бастысы сенімді салым түрлерін белсенді түрде іздей бастағанын атап өту керек. Әртүрлі тәуекелділігі жоғары салым түрлері халықтың сенімін жоғалтты. Сол кездегі кейбір мекемелердің банкротқа ұшырауының көптігі бұдан дерек береді. Сол себепті 1994 жылдың соңында халық өзінің қаражатын тұрақты, заңды деп танылған қаржы мекемелеріне яғни банктерге салуға психологиялық тұрғыдан танып жетті. Осы жағдайлардан кейін біз нарықтық дамығанымызды айтуға болады, сенімсіз жоғары пайыздарды іздеуді қойдық.
Осы уақытта банктер потенциалды салымшылар үшін әртүрлі бағдарламалар істеп шығаруды бастады. Яғни қаржы нарығында банктер арасында салымшылар үшін бәсеке элементі пайда болды. Банктердің бұл саладағы жұмысы енді қолға алынғандықтан сол уақыттан басталған депозит үшін бәсеке қазірге дейін күшейіп келеді. Бұдан басқа, тұрғындар үшін банк депозиттеріне салым салғандағы салық жеңілділігі пайдалы болды. Жеке тұлғалар депозит салығынан азат етілген.
Дамыған банк жүйелерінде ірі ақша көлемін экономиканы дамытуға жұмсай отырып халықтың қаражатын салымға салуда банктер маңызды рөл ойнайды. Дүниежүзіндегі ірі банктерді талдағанда, олардың банк міндеттемелерінің 70-80 пайызын тұрғындардың салымы және мекемелер мен кәсіпорындардың қаражаттары құрайды. Қазақстанда осы көрсеткіш тұрғындардың салымы, есепшоттардағы қаражаттармен қоса есептегенде жалпы банктер бойынша орташа көрсеткіш 1994 жылдың соңына 15-35 пайызды құрады. Банк пассивіндегі салымдар мен депозиттердің жалпы сомасы орташа дәрежеде бірнеше пайыздан 25 пайызға дейін барды. Бұл Қазақстан банктерінің сол уақытта мекемелер мен кәсіпорындардың және тұрғындардың қаражатын депозитке, салымға тартуда өздерінің бар мүмкіндіктерін пайдаланбағандықтарын көрсетеді.
1994 жылдың соңынан бастап банктер депозит түрлерін түрлендіріп келеді, бірнеше түрлері бойынша қосымша ұтыс ойыны өткізіледі. Тұтынушыларға арнайы карта-есепшот ашу қаражат тартудағы қызықты жолдардың бірі.
1994 жылдың соңындағы инфляция деңгейінің сезілерлі дәрежеде төмендеуі салымдар мен депозиттердің банктік пайызы нақты жағдайға оңды болды (бұл жағдай сол уақыттағы қаржы нарығындағы көптеген бөлімдерге тиісті.) Бұл жағдай қаражаттарды тек банк жүйесіне салуды тиімді етті. Қазіргі уақытта банктер арасында потенциалды тұтынушылар үшін банктер арасында пайыздық күрес барады. Әр банк өзінің мүмкіндіктерінің дәрежесінде жоғары пайыздық мөлшерлеме төлеп отыр.
Алдын банктер депозиттерге пайыздық мөлшерлемелерді белгілеуде қайта қаржыландыру мөлшерімен сезілерлі дәрежеде есептессе, қазір пайыздық мөлшерлерді есептеуде банктер алдымен экономикалық пайдалылықты алға қояды. Бұл жағдай депозит және банктераралық нарықта қорлардың бағасы арасында айырмашылық бар екендігінен хабардар етеді.
Сонымен бірге айта кететін қызықты жәйт, депозит түрінгі қорлардың бағасы аймақтарда әртүрлі. Бұл мынадай жағдаймен түсіндіріледі, банктер тұтынушылар үшін пайыздық күресті жеке нарығында бастады, соның нәтижесінде кейбір аймақтық депозит нарығында теңсіздік пайыздық мөлшерлемелер пайда бола бастайды. Мысал үшін, 1996 жылы Семей мен Ақтау салымшыларына 3 және 6 айлық депозиттерге пайыздық төлем 70-80 пайызды құрады, кейбір банктерде бұл көрсеткіш 90 пайызға жетті, ал жалпы банк жүйесіндегі бұл көрсеткіш 50-60 пайызды құраған болатын.
Ресей коммерциялық банктерінің тұрғындардың уақытша бос қаражатын салымға тарту барысында бұл саладағы ірі монополист саналатын Ресей Жинақ банкімен бәсекелері оңды болып отыр. Көптеген коммерциялық банктер тұтынушыларға тек Жинақ банкі тәжірибесіндегі қызметтер мен салым түрлерін ұсынудан басқа, тұтынушыларға пайдалы салымдар ұсынып, тұрғындардың бос қаражатын тарту мен жинақты ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдаланып отыр. Мысалы, мекемелердегі жұмысшылардың айлық жалақысын банктегі шоттарға аудару «тұтынушының өзін-өзі несиелеуі» деп аталатын банктің жаңа қызмет түрін ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Жұмысшылардың ағымды шоттарындағы сомасына сәйкес мекеме өзінің қаржылық қажеттілігін пайызы жеңілдетілген мөлшерлемеде несие алумен қанағаттандыра алады.
Жеке тұлғалардың бос қаражаттарын салымға тартуды алғашқылардың бірі болып 1992 жылы москвалық коммерциялық «Торибанк» бастады. Салымның ең кем мөлшері 10 мың Ресей рублі болып белгіленді, ең аз сақталу мерзімі 1 жыл. Депозиттің пайыз мөлшерлемесі салынған салымның мөлшері мен сақталатын мерзімге байланысты әртүрлі болды. Москва бөлшек сауда дүкендеріндегі баға өзгерімінің орташа коэффициентіне байланысты салымды ай сайын индексациялау көзделді. Одан соң банк өзінің салымшыларын несиелеуді жолға қойды, несие мөлшері салым мөлшерінен аспайтын жағдайда оның пайыздық үстемесі депозит пайыз мөлшерлемесінен 10 пунктке дейінгі аралықта болады. Егер несие мөлшері салым мөлшерінен көп болған жағдайда тұтынушылар тарапынан несие қайтарымына қосымша кепілдіктер қажет етіледі, ал несие пайыз мөлшерлемесі нарықтық жағдайдан келіп шығып белгіленеді. Осыдан соң барып «Торибанк» өзінің тұтынушыларына жеке зейнетақы қорын құру үшін арнайы шоттар аша бастады. Қор 2 жыл бойы келісілген сома шотқа ай сайын салынып баруы арқылы қалыптасады. Мерзімді уақыт біткен соң қор иесіне салымның пайызы ай сайын зейнетақы түрінде төленіп тұратын болады. Сонымен бірге банк инфляция дәрежесіне сай пайыз мөлшерлемесі өлшемін индексациялап барады. Жеке тұлғалар салымын тарту бойынша жақсы ұйымдастырылған шаралар «Торибанкті» шот қалдықтары есебі бойынша Ресей Жинақ банкінен соң екінші орынға алып шықты.
Акционерлік коммерциялық «Элексбанк» пен Москва поштасының біргелікте жұмыс істеу тәжірибесінің қызықты жақтары бар. Келісім шартқа байланысты Москваның жергілікті пошта бөлімдерінде «Элексбанк» тұтынушыларына қызмет көрсететін бөлімшелері ашылды. «Элексбанк» поштаға зейнетақы, аударым ретінде келген қаржылардың талап етілмеген қалдықтарын өз қызметі шегінде пайдалана алады. Түскен пайданы банк және пошта тең екіге бөліп алып отырған. Тұтынушылар мен қаражаттарды тарту үшін «Элексбанк» шот иелеріне көрнекті қызмет түрлерін ұсынды: шот қалдықтарына пайыз төлеу, овердрафт несиесін пайдалану (3 айлық зей-нетақысын алдыннан төлеу арқылы), шоттарынан коммуналдық төлемдерге аударымдар жасау және т.б. Нәтижесінде, «Элексбанк» Москва зейнетақы қорының 75 пайызына қызмет көрсететін болды.
АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік жаңа түрін салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарды есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот – наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың барлық аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етілді.
Мерзімді салымдардың бір түрі болатын депозит сертификаттары ақшалай құжат болып табылып,банкке белгілі бір уақытқа белгіленген пайыз мөлшерімен салым салынғанын куәлендіреді. Оларды кем дегенде 100 мың АҚШ долларымен компаниялар, фирмалар мен ірі дәулеттілерге жазылады. Жай жинақ салымдарын тұрғындар мен коммерциялық емес ұйымдар кеңінен пайдаланады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар мен басқа да коммерциялық ұйымдар үшін салымның шекті сомасы – 150 мың АҚШ доллары болып белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |