2. ДЕПОЗИТ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
«Қазақстандағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заң 1995 жылы қабылданды. Бұл Заң ең алдымен банк мәртебесін бекітіп берді. Сонымен бірге Банк құру және банк қызметiн жүзеге асырудың шарттары, банктік ұйымның жарғылық және меншік капиталы, құрылтайшылары мен акционерлері, банк операцияларын лицензиялау, банкті мемлекеттік тіркеу, банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу мәселелеріне кеңінен түсінік береді. Біз бұл Заңның депозитке қатысты тұстарына ғана тоқталамыз.
Аталған Заңның 30 – бабы «Банк қызметі» деп аталып онда мынадай жолдар бар:
Банктердің осы бапта белгіленген банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады.
Банк операцияларына:
1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу.
Коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық функциясы жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдыру болғандықтан банк жеке тұлғамен де заңды тұлға мен де депозит операциясын орындай алады. Заңда банктер жүргізетін операцияларға қойылатын талаптар туралы 31 баптың 2 тармағында былай делінген:
2. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережелерiн банк Директорларының Кеңесі бекiтуге және оларда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер болуға тиiс:
а) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң шектi сомасы мен мерзiмi;
б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы ставкасының шектiк мөлшерi;
в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеудiң шарттары.
Сонымен бірге заңда салымшылардың құқықтарын қорғау мәселесі сөз болған. «Банк құпиясы» деп аталатын 50 бап мынадай жолдардан тұрады:
1. Банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк шоттарының бар-жоғы, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол шоттар мен банкiнiң өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң бар-жоғы, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер кiредi.
2. Банкiлер өз депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен депозиттерi жөнiндегi құпияға, сондай-ақ банкiлердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына кепiлдiк бередi.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі құрылатыны турасында 52-ші бапта айта келе, банктерге жүйеге қатысу міндеттелген:
2. Депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиялары бар екінші деңгейдегі барлық банктер үшін депозит-терге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады.
Заңның 4-ші тарауы 48 бабында салымшылардың мүддесін қорғау туралы мынадай жолдар бар:
1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып та-былмайтын банк депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |