3. САЛЫМДАРДЫ КЕПІЛДЕНДІРУ ҚОРЫ ЖҰМЫСЫ
Депозиттік нарықтың тұрақты дамуына әр түрлі факторлар, соның ішінде халық табыстарының өсуі, теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы, халықтың салымдарының ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы соңғы жылдардағы экономикалық өсу ықпал етуде.
Сонымен қатар, тұрақты депозиттік нарықтың қалыптасуына Қазақстан Ұлттық банкінің 1999 жылы 5 қарашада бекіткен «Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру)» ережесі негізінде құрылған «Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) Қазақстан қоры» АҚ-ның қызметі ықпал еткен десе болады.
Қордың жарғылық капиталы 1 млрд. теңгені құрайды. Қордың құрылтайшысы Ұлттық банк болып табылады. Қордың банктік шоты Ұлттық банкте ашылған. Қордың қаражаты ережеге сәйкес мынадай бағытта орналасқан:
қор активінің 80 пайызынан кем емес қаражатын мемлекеттің бағалы қағаздарына;
Ұлттық банктегі салымға.
Бұл қордың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету.
Ережеге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Қорға қатысуша банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісіне мыналар жатады:
жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді салымдары сыйақыларымен;
жеке тұлғалардың шет ел вадютасындағы (доллар мен еуродағы) мерзімді сыйақылары сыйақысыз;
жеке тұлғалардың талап етілетін слымдары сыйақысыз.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына кепіл беру Қорға қатысушы банктерге берген куәлік негізінде жүзеге асады.
Қорға қатысушы банктер үшін олардың қаржылық жағдайына байланысты жекеше түрде міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі кепілдендірілетін салым (депозит) сомасы мен оған есептелетін сыйақы көлемінен 0,125 пайыздан 0,375 пайызға дейін белгіленеді. Міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін есептеу үшін кепілдендірілетін салым (депозит) сомасына көбейту қажет.
Жеке тұлғалардың салымдары (депозиттерін) және оның сйақылары қандай валютада салымға салынса сол валютамен қайтарылады.
Қор әрбір салымшыға (депозиторға) мынадай мөлшерде кепілдік береді:
теңгедегі мерзімдік салымды – 700 мың теңгеден аспайтын сомада және банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын қайтарып алғанға дейінгі уақытқа есептелген сыйақы сомасын, Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің елу пайызы мөлшерінде;
АҚШ доллары және еуродағы салымды – салынған салымның (депозиттің) 90 пайызын теңгеге балама сомадан аспайтын мөлшерде сыйақысыз шет ел валютасында, яғни Ұлттық банктің салық және кеден төлемдерін есептеу мақсатында белгілеген шет ел валютасының теңгегег қатысты бағамы бойынша салым салынған валютада;
теңгедегі талап ету салымын – 50 мың теңгеден аспайтын салынған салым көлемінде сыйақысыз.
Достарыңызбен бөлісу: |