Мазмұны кіріспе мұнай-газ материалдары аудармасы мұнай-газ терминдері бар мәтіндерін аударудың ерекшеліктері Мұнай-газ мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктері «алтиус петролеум интернэшнл»



бет10/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#79583
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері
Caustic treatment outfit for light distillates.

The above combination of several processes in a single unit to cut down the investment cost and to achieve high economy in operation by virtue of heat recovery and utilization of heat exchange, accompanied by bringing down the operating manpower of heat exchange, accompanied by bringing down the operating manpower to a minimum and by considerable reduction of intermediate tank age and piping length.
Up-to-date instruments and automatic control equipment are widely used in these distillation units.
It should be born in mind that reliable and trouble-free operation of these units calls for charge stock containing not more than 50 mg of salt per liter. If the salt content exceeds this value, the crude to be handled should undergo a prerefining purification process in special dehydrating and desalting units where it loses its salt, water and sediment, before it is delivered to the two-stage crude distillation unit.

АТМОСФЕРАЛЫҚ-ВАКУУМДЫ ТҮТІК


Мұнай өңдеу зауыттары әртүрлі мұнай түрлерін өңдеу қызметін жүзеге асыру үшін, мысалы, автомобильдік, авиациялық, дизельдік отын және аралас отынды, сондай-ақ отынмен бірге өндірілетін майлау өнімдерін шығару үшін салынады. Кейбір мұнай өңдеу зауыттарында, әсіресе, ірі зауыттарда органикалық синтез процесі қолданылады.


Барлық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай тазарту процесін қоспағанда, мұнайды алғашқы тазарту (дистилляция) осы қызметтің алғашқы кезеңі болып саналады. Аталған мұнай тазарту жұмысы мұнай дистилляциясы бойынша атмосфералық және екі сатылы қондырғыда жүзеге асырылады.
Мұнай тазарту бойынша екі сатылы қондырғы шикі мұнайдың түрлі типтері үшін қолданылады. Аталған қондырғылардың технологиялық жабдығы жәй ғана мұнайды тазарту үшін емес, сонымен қатар күкірттің жоғары қоспасы қосылған мұнайды тазартуға да арналып құрылған. Жалпы ашық мұнай өнімдерінің лақтырындысы 50-53% арасында болады .
Қондырғыда қолданылатын жабдықтар жинағы бензинді екінші қайтара айырып, тұрақтандырады, барлық ашық мұнай өнімдерін ерітінділейді, барлық қажетті химиялық ерітінділерді дайындайды т.с.с
Төменде дистилляциялау бойынша типтік екі сатылы қондырғының негізгі тазарту секцияларының сипаттамасы берілді:

  1. шикі мұнайды тазартуға және газолин, лигроин, керосин мен дизельді отын өндіруге арналған атмосфералық дистилляционды секция. Ақырғы өнім - -мазут.

  2. вакуумды тазарту секциясы, бұнда мазут майлау мұнай өнімдерін немесе сұйық түйіршіктер алуға арналған каталитикалық крекинг үшін шикізат ретінде қолданылып, әрі қарай өңделеді. Ақырғы өнім - қайол (қара май).

  3. жеңіл және тез буланатын көмірсутектерді айыру және дайын дистилляттарды өндіруге арналған тұрақтандыру және екінші қайтара айыру секциясы .

  4. ашық мұнай өнімдерін сілтілеу торабы.

Жоғарыда сипатталған бір қондырғыда бірнеше процестердің біріктірілуі – бұл қаржылық шығындарды сақтап, жұмыс күшін ең төменгі деңгейге дейін азайту және аралық ыдыс өлшемі мен көлемін, сондай-ақ құбыр ұзындығын айтарлықтай кішірейту арқылы жылуды қалпына келтіру және жылуалмастырғышты пайдаға асыру көмегімен өндірісте жоғары үнемдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Заманауи құрал – аспаптар мен автоматика жабдықтары аталған дистилляционды қондырғыларда кеңінен қолданылады.
Бұл қондырғылардың сенімді де үздіксіз жұмысына құрамы 1 литрге 50 мг-нан аспайтын тұздан құралған бастапқы өнімді құю кезінде қол жеткізуге болатынын ұмытпаған жөн. Егер тұздың құрамы берілген көлемнен асып кетсе, мұнайды арнайы сусыздандыру, тұшыту бөліктерінде алдын ала тазарту керек, ол жерде толтырудан бұрын екі сатылы дистилляция қондырғысында беткі қабаты мен су, тұнбалар шығарылып тастайды.

Аударма бойынша түсіндірме


Бұл мәтіннің атауын тәжірибесіз аудармашы «Мұнай дистилляциялау бойынша атмосфералық – вакуумды қондырғы» деп аударған болар еді. Жалпы алғанда сөзбе-сөз аударма дұрыс, бірақ мұнайгаз саласы мамандарының арасында аталмыш қондырғының атауын анықтайтын атмосфералық – вакуумды түтік термині қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет