Мазмұны Кіріспе негізгі бөлім


Станцияның сигналдандырудың электрлік тізбектерін құру принципі



бет4/5
Дата24.01.2020
өлшемі180,09 Kb.
#56444
1   2   3   4   5
Байланысты:
Алтынбек


2.3 Станцияның сигналдандырудың электрлік тізбектерін құру принципі

 

Темір жол көлігіндегі бағдаршамдық сигналдандыру жылдамдықтық принцип бойынша құрылады, пойыз машинистіне әр сигналдық көрсеткішпен тек қана тыйым салу немесе рұқсат ету туралы ғана емес, қозғалыс жылдамдығының өлшемі туралы бұйрық береді. Мұнда әр рұқсат етуші көрсеткіш бір уақытта екі бұйрық береді: негізгі — берілген бағдаршамды жүріп өтудің рұқсат етілген жылдамдығы туралы және ескертуші — келесі бағдаршам жылдамдығы туралы.



Қозғалыста қолданылатын жылдамдықтардың диапазоны деңгейлерге бөлінген: максимальді (орнатылған) жылдамдық Vорннөлдік (тоқтау) V0пойыздар қозғалысының бұрма ауыстыруы бойынша бүйір жолға ауытқуына негізделген аралықтық : төмен V(40...50 км/сағ) 1/9, 1/11 марка крестовиналы бұрмалармен жүру кезінде; жоғары V(60...80 км/сағ) — при 1/18 марка крестовиналы бұрмалармен жүру кезінде. Сигналдандыру және оның ең сипатты жағдайлары үшін жылдамдықтық шамалар 1.7 және 1.8 суреттерінде көрсетілген.

Қозғалыстың рұқсат етілген жылдамдықтары туралы бұйрықтардың қажет санын жіберу бағдаршам оттарының түсі, саны, жану режиміне (жанып сөнуші немесе жанып сөнбейтін) және қосымша жанушы жасыл жолақтардың санына байланысты. Мұнда бағдаршамның бір отының немесе екі бір уақытта жанған оттардың жоғарғысының түсі мен жану режимі келесі бағдаршам сигналының талабын көрсетеді. Мысалы, жасыл от келесі бағдаршам ашық, осы және келесі бағдаршамды орнатылған жылдамдықпен өту керек екендігін білдіреді; жасыл жанып сөнуші – бұл бағдаршамды орнатылған жылдамдықпен жүріп өтуге болады, келесі бағдаршам ашық және азайтылған жылдамдықпен өту талап етіледі (80 км/сағ аспайтын); сары жанып сөнуші — бұл бағдаршамды орнатылған жылдамдықпен жүріп өтуге болады, келесі бағдаршам ашық және азайтылған жылдамдықпен өту талап етіледі (50 км/сағ аспайтын); сары — тоқтауға дайындықпен жүріп өту рұқсат етіледі, келесі бағдаршам жабық.

Кіру бағдаршамына жақындау кезінде жылдамдықты төмендету талаптары екі бір уақытта жанып турған оттармен жіберіледі, оның ішінде төменгісі үнемі сары әрі жанып сөнбейтін. Кіріс бағдаршамын өту рұқсат етілетін аралықтық жылдамдық жасыл жанушы жолақтың бар немесе жоқтығымен нақтыланады; төмендетілген жылдамдық (50 км/сағ аспайтын— бағдаршамда екі от жанғанда жасыл жолақтың болмауы), жоғарылатылған (60—80 км/сағ аспайтын) — бағдаршамда екі от жанғанда жасыл жолақтың болуы. Тоқтау сигналы — бір қызыл — ескертусіз, тек қана қозғалысқа тыйым салады.

1.9 а суретте автоблоктаумен жабдықталған учаскіде орналасқан 1/9, 1/11 марка крестовиналы бұрма ауыстырулары бар бекет үшін кіріс және шығыс бағдаршамдарының сигналдандырылуы көрсетілген. Н кіріс бағдаршамында қызыл от жанған кезде немесе бір уақытта қызыл және шақырушы оттардың жануы кезінде немесе ескертуші бағдаршамда бір шақырушы оттың жануы кезінде / сары от жанады.

Шақырушы сигнал — жанып сөнуші ай түстес ақ отты Н кіріс бағдаршамында бекет бойынша кезекші қосады, егер автоматика және телемеханика құрылғыларының істен шығуы кезінде бағдаршамды рұқсат етуші отпен ашу мүмкін болмаса. Шақырушы сигнал Н кіріс бағдаршамын қызыл отпен немесе бағдаршам істен шыққан кезде 20 км/сағ аспайтын жылдамдықпен және кедергі кездессе тоқтауға дайындықпен жүріп өтуге рұқсат береді.

Шығыс бағдаршамдарындағы шақырушы сигнал автоблоктаумен жабдықталған екі жолды жолдардың тек қана дұрыс жолмен пойыздарды жөнелту үшін қолданылады. Учаскілік және басқа да пойыздар қозғалысы интенсивті ірі бекеттерде пойыздардың тоқтаусыз өтуі жүргізілетін негізгі және бүйір жолдардың кіріс және маршруттық бағдаршамдарында шақырушы сигнал қолданыла алады. Учаскінің пойыздар қозғалысы интенсивті аралықтық бекеттерде шақырушы сигнал тек қана басты жолдардың шығыс бағдаршамдарында қолданыла алады. Аралыққа шақырушы от қызыл отпен бір уақытта немесе қызыл отсыз жанады (сурет 1.5, бағдаршам HI).



2.1-сурет. Аралықтық бағдаршамдардың сигналдандырылуы мен жылдамдықтық мәндері

 1П басты жолға тоқтаумен пойызды қабылдау Н кіріс бағдаршамында бір сары оттың жануымен, ал тоқтаусыз – жасыл оттың жануымен рұқсат етіледі. Егер Н кіріс бағдаршамында сары жанып сөнуші от жанса, Н1 шығыс бағдаршамында екі сары от жанады (жөнелтудің орнатылған нұсқалық маршруты).

Бұл жағдайда пойызға орнатылған жылдамдықпен бекетке жүруге рұқсат етіледі, бірақ Н1 кіріс бағдаршамын төмендетілген жылдамдықпен өту керек

Пойызды 3П бүйір жолына қабылдау кезінде Н кіріс бағдаршамында екі сары от жанады, Н3 жабық бағдаршамының алдында тоқтауға дайындақпен қозғалыс рұқсат етіледі. Мұнда ескертуші бағдаршамда пойыздың бүйір жолмен жүретіндігін білдіретін сары жанып сөнуші от қосылады. Жоғарғысы жанып сөнуші болып табылатын екі сары оттың жануы кезінде, 3П бүйір жолымен тоқтаусыз төмендетілген жылдамдықпен жүріп өтуге рұқсат етіледі.

1.2 б суретінде 1/18 марка крестовиналы бұрмалық ауыстырумен пойыздарды қабылдау және жөнелту кезіндегі сигналдандыру көрсетілген.

1/18 марка крестовиналы бұрмалық ауыстырумен пойыздарды 3П бүйір жолға қабылдау Н кіріс бағдаршамында екі сары от пен бір жасыл жолақ қосылуымен орындалады. Пойыз бекетке 60 км/сағ жылдамдықпен, Н3 шығыс бағдаршамының алдында тоқтауға дайындықпен жүріп өтуі керек.

3П бүйір жолмен пойыздың тоқтаусыз өтуі Н кіріс бағдаршамында бір жасыл жанып сөнуші оттың, бір сары оттың және бір жасыл жолақтың жануымен рұқсат етіледі. Пойыз бекетке 80 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүріп өте алады, Н3 шығыс бағдаршамы ашық және 80 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуін талап етеді. 3П бүйір жолмен ауытқумен пойыздың тоқтаусыз жүріп өтуі Н кіріс бағдаршамында екі сары оттың, оның ішінде жоғарғысы жанып сөнуші және бір жасыл жолақтың жануымен рұқсат етіледі. Пойыз бекетке 80 км/сағ аспайтын жылдамдықпен бүйір жолға жүре алады, Н3 кіріс бағдаршамы ашық және төмендетілген жылдамдықпен жүріп өтуін талап етеді.

Н кіріс жасыл жолақпен бағдаршамын үш аталған сигналдандыру жағдайында ескертуші бағдаршамда пологтық марка крестовинаға ие бұрма ауыстырулармен бекетке пойыз қабылданатындығын білдіретін жасыл жанып сөнуші от жанады

НМ, ЧМ маршруттық бағдаршамдарын сигналдандыру негізінен кіріс бағдаршамның сигналдандырылуымен сәйкес келеді.



 Үш мәнді автоблоктаумен жабдықталған учаскілерде өтпе бағдаршамдарымен келесідей сигналдар жіберіледі: бір жасыл – қозғалыс орнатылған жылдамдықпен рұқсат етіледі, алдыда екі және одан көп блок – учаскілер бос; бір сары от — тоқтауға дайындықпен қозғалыс рұқсат етіледі, келесі бағдаршам жабық; бір қызыл — сигналды жүріп өту тыйым салады. Төрт мәнді сигналдандыруда өтпе бағдаршамдары келесідей сигналдарға ие: бір жасыл — алдыда үш және одан да көп блок-учаскілер бос; бір сары және бір жасыл оттар — алдыда екі блок-учаскі бос, бір сары — алдыда бір блок-учаскі бос. Қызыл оттың мәні үшмәнді автоблоктаумен бірдей.

2.2-сурет. Бекеттердегі кіріс және шығыс бағдаршамдарының сигналдандырылуы


АБ және АЛС жабдықталған учаскілерде локомотивтік бағдаршамдармен келесідей сигналдар жіберіледі: жасыл от — «Қозғалысқа рұқсат етіледі; пойыз жақындап келе жатқан жолдық бағдаршамда жасыл от жанады»; сары от — «Қозғалысқа рұқсат етіледі; пойыз жақындап келе жатқан жолдық бағдаршамда бір немесе екі сары от жанады»; қызылмен сары от — «Тоқтауға дайындықпен қозғалыс рұқсат етіледі; пойыз жақындап келе жатқан жолдық бағдаршамда қызыл от жанады»; қызыл от локомотив бос емес блок-учаскімен жүретіндігін көрсетеді; ақ от локомотивтік құрылғылар қосулы, бірақ локомотивтік бағдаршамға сигналдар жіберілмейтіндігін көрсетеді.

Пойыздар қозғалысында АЛС жеке сигналдандыру құрылғысы ретінде қолданылатын учаскілерде локомотивтік бағдаршамдарда келесідей сигналдар беріледі: жасыл от — орнатылған жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі, алдыда екі немесе одан да блок-учаскілер бос; сары от — төмендетілген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі, алдыда бір блок-учаскі бос ; қызылмен сары от — блок-учаскіде тоқтауға дайындықпен қозғалыс рұқсат етіледі, келесі блок-учаскі бос емес. Дөңестік бағдаршамдар сигналдандырады: бір жасыл — «Орнатылған жылдамдықпен вагондарды жіберу рұқсат етіледі»; бір сары от— «Төмендетілген жылдамдықпен вагондарды жіберу рұқсат етіледі»; бір қызыл от — «Тоқта»; ақ түсті жарықтық көрсеткіштегі қызыл от пен Н әріпі— «Қабылдау паркінің жолына вагондарды түсіру немесе тартылмалы жол».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет