Ян-варь
|
Фе-враль
|
март
|
Апрель
|
Май
|
Июнь
|
Июль
|
Ав-густ
|
Сен-тябрь
|
Октябрь
|
Ноябрь
|
Декабрь
|
Средний температура (°C)
|
-2
|
0
|
6.3
|
14.1
|
19.4
|
24.3
|
26.5
|
24.5
|
19.1
|
11.9
|
5.3
|
0.3
|
минимум температура (°C)
|
-6.4
|
-4.8
|
1
|
7.8
|
12.4
|
16.5
|
18.4
|
16
|
10.7
|
4.7
|
-0.2
|
-4
|
максимум температура (°C)
|
2.4
|
4.8
|
11.7
|
20.4
|
26.5
|
32.1
|
34.7
|
33
|
27.6
|
19.2
|
10.8
|
4.6
|
Норма осадков (мм)
|
59
|
59
|
75
|
70
|
47
|
13
|
7
|
2
|
8
|
40
|
59
|
63
|
Құрғақ және жаңбырлы ай арасында жауын-шашынның айырмашылығы 73 мм.
2. Шаруашылықа өсірілген алхоры және жоңышқа дақылына сипаттама
2.1 Алхоры
Алхоры (орыс тілінде слива) – раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны – Кіші Азия, Кавказ және солтүстік Иран. Қазіргі кезде мәдени алхорының 2000-ға жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Ағаштың биіктігі 3-12 м аралығында болады. Кейбір түрлерінің бұтақтары тікенекті болып келеді. Жапырағының жиектері аратісті. Сұрпына қарай гүлі ақ, қызғылт түсті болады. Жемісі ірі. Жемісінде салыстырмалы үлкен сүйегі бар. Түсі алғашында жасыл, кейін піскенде күлгін болып өзгереді. Түсі сары, күңгірттеу сарғылт, жасыл, қоңыр-көк алхорылар да бар. Жемістің пішіні сұрпына қарай сопақша, сопақша-домалақ және домалақ болады. Дәмі де сұрпына қарай тәтті, қышқылтым-тәтті және қышқылдау болып келеді. Еті тығыз, шырынды, сүйегінен оңай ажыратылады.
Сурет-3. Алхоры түрлері
2.2 Қолданылуы
Алхорының құрамында су, қант, пектиндік заттар, өзектер, органикалық қышқылдар, В1, В2, РР, С,А дәрумендері, сонымен қатар натрий, калий, магний, фосфор, йод, мыс, мырыш сияқты минералды заттар бар, әсіресе, темірге бай. Және де алхорыда Е дәрумені шие, апельсин, мандарин, алмұрт жемістеріне қарағанда көбірек болады. Алайда С дәрумені аз, бірақ бұл оның пайдалылығын кемітпейді. Өйткені құрамында Р дәрумені көп, ол қан қысымын түсіруге және қан тамырларын нығайтуға көмектеседі. Сонымен қатар алхорының құрамында темір көп болғандықтан, ағзаны темірмен қамсыздандырушы деп атауға болады. Темір – қан аздықтың алдын алу және емдеу үшін қажет. Алхоры ағзаны холестериннен тазалауға жақсы көмектеседі. Кептірілген алхорыны ішті жүргізуге, несеп айдағанға қолданады. Алхорыдан компот, шырын, тосап, қақ жасайды.
2.3 Күтімі
Алхоры 10-15 жыл жеміс береді. Алхорыны тұқымнан және вегативті тәсілмен – қаламшалау, ұластыру арқылы көбейтеді. Көктемде егеді. Отырғызылғаннан кейін сұрыпына қарай 2-7 жылдан бастап жеміс бере бастайды. Бір ағашы 100 кг-ға дейін жеміс беретін түрлері бар. Алхоры желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Қырқу жұмыстарын жапырақтары шыққан кезде жүргізеді. Құрғақшылыққа шыдамсыз. Көң және минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал.
Өңдеу шараларына келер болсақ, қараша және желтоқсан айларында көң,қи,тезек сияқты органикалық тыңвайтқыштар енгізіледі.Ауа райы жылы болғандықтан ақпан айларында ағаштарға кесу және бұтау жұмыстарын жүргізеді.Содан кейін жеміс ағаштардың арасын крест бағытында жырту жұмысын жүргізеді.Бүршік атпай жатып Би-58 дәрісін шашады.Би-58 дәрісі жәндітермен күресуде қолданылады. Гүлдеп төгіп болғаннан кейін Каратэ препаратын шашады.Содан кейін мамыр және тамыз айында суғару жұмыстары жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |