2.4 Алхоры сорттары Алмаатинка - алхоры жемісінің сорты.
Бұл сортты Н.В.Марков 1935 жылы Жеміс шаруашылығы институтында егіп шығарды. Ағашының бойы орташа, жас кезінде қауырт өседі, бұл шақта бұтақшаларының ұзындығы бір метрге жетеді, кейде одан да асып кетеді.
Алмаатинка сортының ағаштары қысқа онша төзімді емес. Өте аязды, ауа райы қолайсыз қыстарда бұл сорттың ағаштары жазықтағы участоктарда түгел үсіп қалады, тек таудағы участоктарда ғана жақсы сақталған. Еккеннен кейінгі 4-5 жылдарда жеміс салады. Өнімді мол береді. 10 жастағы бір ағаш 50 килограммға дейін жеміс береді. Жеміс тамыз айының алғашқы жартысында піседі. Жемісі ірі, салмағы 45 г., жұмыртқа тәрізді, түсі күңгірт қоңыр, бірақ бояуы жемісті біркелкі жаппаған, балауыз түктері бар, бұл түктер жеміске көгілдірлеу рең береді. Жемістің жұмсағы шырынды, тәтті, хош иісті, дәмді, алған бағасы - 4,2 балл. Сүйегі жұмсағынан оңай айырылады. Жас күйінде пайдаланылады, қайта өңдеуге, атап айтқанда, кептіруге де келеді. Бұл сорт Шымкент облысының орталық аймағында ғана өсіріледі.
Анна Шпет (нем. Anna Späth) - алхоры сорты. Сортты неміс биологы Л.Шпет 1970-ші жылдары өндіріп шығарған. 1951-1953 жылдардағы қатты қыста Алматы облысының тау бауырындағы және тау етегіндегі аймақтарында бұл сорттың ағаштары түгел үсіп кетті. Жеміс беретін ағаштар тек тау белдеуіндегі аймақтарда ғана сақталды, өйткені бұл жерлерде олар қысқа төзімді келеді. Таудағы участокта жеміс өнімі біркелкі емес, бір ағаштан орта есеппен 14,4 килограмм жеміс алынады. Жемісінің орташа салмағы- 40г. Жемісі дөңгелек, сопақша. Қабығы қатаң, сәл қызғылт реңі бар қоңыр көк түсті. Жұмсағы тығыз, едәуір шырынды, өте ұнамды тәтті дәмі бар. Сүйегі жұмсағынан еркін айырылады.