Мазмұны Кіріспе Өндірістік тәжірибе өтетін орын



бет4/18
Дата07.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#96823
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Cұлтан Дидарбек отчет

Сурет 1.Алхоры ағашы
1.2 Топырақ жағдайы.

Шымкент қаласы маңындағы таулы аудандарының негізгі топырақ түрі таулы-шалғынды, таулы қызыл-қоңыр және сұр топырақ. Облыстың жазықты жерінде сұр топырақ, тақыр сияқты және сұр қызыл-қоңыр топырақ басым болады. Олардың арасында сор және сортаң жердер кездеседі. Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды-батпақ топырақтар басым болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында үлкен кеңістіктерді құм алып жатыр (құмды шөлдер).
Қаланың оңтүстік-шығысында биік таулы жоталар орналасқан. Мүнда топырақтың вертикалдық зоналылығы айқын байқалады. Биік шыңдардан төмендеген сайын мұздықтар мен нивальдық белдеу таулы-шалғынды және субальптік топырақтарға ауысады. Бұл топырақ қабаты тұтас белдеу қалыптастырмайды, тек ғана жазықтық жерде және биік таулы кеңістіктердің жылғаларында тараған. Бұл топырақтың сипатты белгілері – қабаттылығы қалың емес және топырақ профили ірі бөлшектерден құрылған, қарашіріктің жоғары үлесімен және қалың шымдылықпен сипатталады.
1200 – 1300 метрден 2400 – 2500 метр биіктік аралығында таулы қызыл қоңыр топырақ тараған, оның ана жыныстары лесс және лесс сияқты саздақ, қатты жыныстардан құрылған элювий мен пролювий болып табылады. Қарашірік үлесі 3 – 6 %, түсі қызыл қоңыр.
Талас Алатауы, Қаржантау және Қаратау тау етегі облысында және тау алды жазықтарда, Сырдарьяның биік террасаларында сұр топырақ тараған. Мұндағы сұр топырақ солтүстікті ашық реңді (аз карбонатталған), оңтүстікті қара реңді, оңтүстікті ашық реңді және оңтүстікті ашық реңді сор топырақтарға бөлінеді. Олардың ішінде оңтүстікті қара реңді сұр топырақ (қарашірік – 3 – 4 %) ең құнарлы болып табылады.
Сайрам және Бадам өзендерінің аңғарларында тұздалмаған шалғынды- сұр топырақ және сор топырақ кездеседі. Топырақтың беткі қабаттарында қарашірік үлесі 3 – 4 % дейін барады. Облыстың оңтүстік-батысында, Шу өзенінің төменгі ағысында, сырдарья аңғарында сор жерлер бар, олардың беті жүқа тұзды қабыршақпен жабылған. Олар, минералданған еспе сулардың (жер бетінен 2 – 3 м тереңдікте) жер бетіне жақын орналасқан жағдайда пайда болады.

1.3 «Алпысбай» шаруа қожалығының географиясы


«Алпысбай» шаруа қожалығы -Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы,Айнатас ауылында орналасқан.Шаруашылықтың жалпы жер аумағы 25га жерді алып жатыр.Шаруашылық алхоры жемісі және мал азықтық жоңышқа өсірумен айналысады. 20га жерге алхоры, 5га жерге жоңышқа дақылы егіледі.Алхорыдан гектарына 5 тоннадан, жоңышқадан 4-5 тонна аралығында өнім алынады.Шаруашылық 2003 жылы құрылған. Ауыл шегінен 5-6 км жерде орналасқан.Өнімді Алматы,Астана және Петропавл қалаларына экспортқа шығарады.

Сурет-2.Алхоры жемісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет