60
- студентке шығармашылық қызметтің өзекті мәнін анықтауға мүмкіндік
беретін
рефлексия жасау,
мәселелерді шешу үшін эвристикалық тәсілдерді
саналы түрде қолдану.
Ғалымдар [31; 125; 141; 213] студенттің психикалық белсенділігінің
шарттары мен көздері адамның туа пайда
болған қасиеттері мен қарым-
қатынастары негізінде ортаның ықпалымен тәрбиеленетін қажеттіліктердің,
мотивтердің, мүдделердің, ниеттердің, ұмтылыстардың күрделі жүйесі болып
табылатындығын анықтады.
Танымдық мотивацияның дамуы студенттердің оқу үдерісіндегі
белсенділігін, оның ішінде шығармашылық ойлауды қалыптастыру
белсенділігін едәуір арттырады. Бірінші дидактикалық шарт ретінде оқу іс-
әрекетінің шығармашылық контекстін ескере отырып, білім беру процесінің
оң мотивациясын дамытуға бағыттылығы белгіленді.
Студенттердің жеке шығармашылық тәжірибесін шешуге бағытталған
мәдени шығармашылық шарттар жүйесін құруды қамтамасыз ететін қосымша
қағидаттың
басымдылығы
студенттердің
оқу
қызметінің
мәдени
шығармашылық жағдайын талдау, мақсат қою,
дидактикалық құралдарды
таңдау сияқты маңызды компоненттерімен байланысты [62].
Шығармашылық тәжірибе жинақтауға мәдени шығармашылық
жағдайлар жүйесі ықпал етеді, олар біртіндеп мағыналық күрделіліктің ,
қиындықтардың өсуі, барабарлықтың артуы есебінен күрделенеді. Осындай
жағдайлардың әсерінен студенттер шығармашылық білімнің маңыздылығын
түсінеді, рефлексия дағдыларына ие болады.
Студенттің шығармашылық қызметтің өзекті мәнін анықтауға мүмкіндік
беретін рефлексия жасау, мәселелерді шешу үшін эвристикалық тәсілдерді
саналы түрде қолдану шығармашылық қызметтің пассивті объектісі ретінде
емес, оқу және оқудан тыс мәдени қызметтің белсенді субъектісі ретінде
қарастырылуымен байланысты. Рефлексия студентке оқу-танымдық
шығармашылық процестің белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік
береді
[110].
Шығармашылық ойлауды қалыптастыру үдерісі бірқатар кезеңдерден
өтеді (кесте. 5). Тәжірибелік-ізденушілік жұмысы көрсеткендей, кезеңдерді
ауыстырудағы қозғаушы күш танымдық мотивация болып табылады.
Ғылыми әдебиетте мынадай көзқарас бар: ойлау дағдыларының
арасындағы алғашқы үшеу (білім, түсіну, қолдану) – бұл төменгі деңгейдегі
дағдылар, ал келесі үшеу (талдау, синтез, салыстырмалы бағалау) – жоғары
деңгейдегі дағдылар.
Бұл тәсіл зерттеушіге нәтижелерді көп деңгейлі жоспарлау міндетін
шешуге мүмкіндік береді. Осыны ескере отырып, біздің процесс студенттердің
білімді өз бетінше игеру және қолдану әдістері мен дағдыларын меңгертуге,
білім
алу тәсілдерін меңгертуге, ойлау операцияларын кезең-кезеңмен
меңгертуге бағытталған.
Соңғысын анықтайық: «ойлау операцияларын
меңгере отырып, субъект стихиялық, жартылайстихиялық және саналы
61
сатылардан өтеді» деп есептейді Н.Н.Поспелов пен И.Н. Поспелов [172]. Біз
бұл жағдайда осы көзқарасты негізге алдық.
Кесте 4 - Студенттің шығармашылық ойлауын дамыту процесі
Процесс кезеңдері
Нәтиженің көрінісі
Диагностика
әдістері
1.Дайындық
Мамандыққа оң мотивация,
шығармашылық ойлаудың мәні
Логикалық
сауалнама
–
шығармашылық
ойлаудың құралы,
тестілеу,
әңгімелесу, мәдени
шығармашылық
жағдаяттарды құру,
мақсатты
педагогикалық
бақылау,
математикалық
статистика әдістері,
өзара бағалау әдісі,
саралау,
жобалау және т.б.
2. Негізгі
Студенттердің
кәсібилігінің
қалыптасуында
шығармашылық
ойлаудың маңыздылығын түсіну
3. Нәтижелік
Шығармашылық
ойлауды
қалыптастыру
тәсілдерінің
жеке
жүйесі, білім беру қызметінде өзін-өзі
жүзеге асыру.
Жағдаяттық деңгейде студент тәжірибедегі ойлау операциясын жүзеге
асырады, бірақ оны қалай жасайтынын түсінбейді. Жарты жағдаяттық
деңгейде студент ойлану операциясын іс жүзінде жүзеге асырады, ол
мұны
қалай жасайтынын түсінеді, бірақ бұл операцияның мәнін түсінбейді, оны
қолдану қандай да бір ережелерсіз өзі жүзеге асады деп санайды. Соңғы
кезеңде студент ережелерді саналы түрде қолданады, ойлау әрекетінің
рефлексиясын жүзеге асырады.
Іс-әрекеттің мұндай сипатын есепке алу диагностикаға оңай беріледі және
білімді меңгеру деңгейлерінің сипаттамасымен (репродуктивті, іздестіру-
атқарушылық, дербес-шығармашылық) сәйкес келеді. «Жаңа құралды
белсенді шығармашылық игеру және пайдалану жағдайында ғана, – деп жазды
Л.С.Выготский, – субъектіні психикалық дамудың неғұрлым жоғары
деңгейіне жылжытуға қол жеткізіледі, мұндай
дамуды дайын құралдарды
ресми пайдалану қамтамасыз етпейді». Біздің зерттеуіміз шығармашылық
ортада белсенді және жақын даму аймақтары туралы мәселе пәрменді екенін
растады.
62
Л.С.Выготский былай деп нақтылайды: «оқыту дамытпайды, бірақ ол
дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, ақыл-ойдың дамуына алып келеді». Бұл
идеялар бізге шығармашылық ойлау білім беру процесін ұйымдастыруды, ол
өз кезегінде, біз анықтаған дидактикалық жағдайлар кешенін қамтамасыз
ететін студенттің шығармашылық ойлауын қалыптастыру моделін әзірлеуді
талап етті.
Шығармашылық ойлауды қалыптастыру
процесін басқару мақсатын
түсінуде біз шығармашылық ойлауда тәрбие педагогикалық басқаруда тиісті
шығармашылық ортаны ұйымдастыру, студенттердің жеке ерекшеліктерін
есепке алу, ойлау іс-әрекеті бағытында және жаңа, әлі танылмаған іздестіруге
дайындықты қалыптастыру болып табылады деп есептейміз.
Ф.Ш.Терегуловтың социогеном теориясына сүйене отырып [205],
шығармашылық ойлауды қалыптастыру бас миының үлкен жарты шарының
талдамалы-синтетикалық қызметінің күрделі процесі болып табылады деген
қорытындыға келдік.
Ми функциясын соңғы зерттеулер мидың екі жарты шарының арасында
функциялардың бөлінуі ойлау қызметінің сипатына байланысты олардың
сызықтық ауысуын білдірмейді. Іс жүзінде кез келген жұмыс әрдайым екі
жарты шардың қатысуымен жүзеге асырылады, тек белгілі бір жарты шардың
басымдығын айтуға болады. [134].
Қазіргі заманғы оқыту ұсынылған дағдыларды мидың сол жақ жарты
шарында (логикалық, бірізділік, символдық) дамытуға бағытталған.
Оң жақ
жарты шары жетекші студенттер дәрменсіз және оқуға қабілетсіз деп
саналады, бірақ олардың шығармашылыққа деген құлшыныстары жоғары
болады.
Сонымен, студенттердің тұлғалық және интеллектуалды дамуының
оңтайлы жолдарын табу-шығармашылық ойлауды қалыптастыру бойынша
білім беру үдерісін ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі. Егер сабақ
барысында студент болжамдарды бақылап, эксперимент жасап,
салыстыра,
талдап, ұсынып, оларды тексеріп, алған білімдерін жинақтап, жүйелейтін
болса, оқытудың мазмұны, құралдары, әдістері жас және жеке дамудың
психологиялық заңдылықтарын ескере отырып әзірленеді.