4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Белсендiлiк
- әлеуметтiк және психикалық белсендiлігiнiң турi: жеке
адамның белгiлi бiр iс-әрекетке бағытталғандығының қарқыны. Тiршiлiк және
iс-әрекеттерi барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзiн-өзi
тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды.
Интеллект
– адамның ақыл-ой бастамасы мен эмоционалдық күйзелісі
бірлестігіндегі ойлау мүмкіндігі.
Креативтілік
– (ағылш. Create – жасау, creative – жасампаз, шығармашыл)
– индивидтің дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан ауытқитын,
түбегейлі жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға дайындығымен ерекшеленетін
және
тәуелсіз
фактор
ретінде
дарындылық
құрылымына
кіретін
шығармашылық қабілеті, сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап, оларды
ерекше тәсілдермен шешу қабілеті.
Қабілеттілік
– белгілі бір өнімді іс-әрекетті табысты орындаудың шарты
болатын тұлғаның жеке дара психологиялық ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: