зерттеу проблемасын анықтауда
студенттердің
шығармашылық
ойлауын
дамытудың
психологиялық-
педагогикалық шарттарын айқындау қажеттігімен және оны практикада жүзеге
асыру керектігімен анықталады. Сонымен
«Студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттары» атты
зерттеу тақырыбының өзектілігі анық.
Зерттеудің мақсаты – студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың
теориялық негіздері мен психологиялық-педагогикалық шарттарын айқындау,
оны жүзеге асырудың әдістемесін жасау, тиімділігін тәжірибелік-
экспериментте тексеру.
9
Зерттеудің нысаны – жоғары педагогикалық оқу орындарындағы оқу-
тәрбие үдерісі
Зерттеудің пәні – студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың
психологиялық-педагогикалық шарттары