Зерттеудің міндеттері -
студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың теориялық
негіздерін анықтау;
-
студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың құрылымдық-
мазмұндық моделін жасау;
-
студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың психологиялық-
педагогикалық шарттарын айқындау;
-
студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың әдістемесін жасау
және оның тиімділігін экспериментте тексеру.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасына қатысты философиялық,
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; контент-
талдау, модельдеу, теориялық негіздеу, ҚР білім беру саласының нормативті-
құқықтық құжаттарымен танысу; озық тәжірибелерге талдау жасау; іс-әрекет
нәтижелерін жинақтау, талдау; сауалнама, тест, диагностикалық әдістеме,
статистикалық өңдеу; қорытындылау әдістері мен тәсілдері.