Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет19/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   163
Байланысты:
disser (2)

 СТУДЕНТТЕРДІҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ОЙЛАУЫН
ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың мәні мен 
мазмұны
Шығармашылық ойлауды зерттеу – шығармашылық табиғатының 
маңызды әдіснамалық мәселелерін, шығармашылық ойлауды дамыту көздерін, 
осы үдерістегі биологиялық және әлеуметтік, объективті және субъективті, 
жеке және қоғамдық және т.б. арақатынастарды анықтауды болжайтын күрделі 
мәселелердің бірі. Мәселенің күрделілігі – құбылыстың ішкі мәнін тікелей 
зерттеудің қиындығында. Сондықтан шығармашылық ойлау мәселесі 
көпғасырлық зерттеу тарихына қарамастан, жете зерттей түсуді қажет етеді. 
Ғылыми 
әдебиеттерде 
[33] 
«шығармашылық 
ойлау» 
ұғымы 
шығармашылық, жаңашылдық, шығармашылық қабілет, өнімді іс-әрекет, 
шығармашылық іс-әрекет, эвристикалық іс-әрекет, танымдық іс-әрекет, 
ойлаудың шығармашылық стилі, шығармашылық әлеует, креативтілік және 
т.б. түсініктермен қатар қарастырылады. Олардың әрқайсысын мұқият қараған 
кезде, олар шын мәнінде бірдей мазмұнда болады, бірақ өлшемдер бойынша 
айырмашылықтары бар: бірлік, бірақ тепе-теңдік емес; процесс, бірақ нәтиже 
емес: жалпы, бірақ жеке емес. Бұл ретте, аталған ұғымдардың бір бөлігі зерттеу 
міндеттеріне, ғылыми мәніне, автордың позициясына және т.б. байланысты 
кейде әртүрлі мағыналардан құралатыны белгілі. 
Біз зерттеу пәнімізге сәйкес «шығармашылық ойлау» ұғымының мәнін 
жоғары білім беру педагогикасы тұрғысынан анықтауға тырысамыз, яғни 
оқыту үдерісінде студенттерде нені дамыту керек деген сұраққа жауап береміз. 
Осыған байланысты «ойлау» ұғымның мәніне тағы бір рет жүгіну орынды 
болып табылады, өйткені оны түсінудің біздің ой-тұжырымымызды жамытуда 
әдіснамалық маңызы зор. 
Оның үстіне біз не себепті болашақ мұғалімнің шығармашылық ойлауын 
дамытуға мән береміз. Мәселен, М.Жұмабаев ой туралы пікірін былайша 
тұжырымдайды: «... Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау 
болмаса, адам, басқа жануар сықылды, заттарды, көріністерді құр жадына, есіне 
ғана алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, оған түсіне алмайтын 
бір жан иесі ғана болар еді. Адам ойлаудың арқасында ғана заңдардың, 
көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған сәбәптарды 
табады. Келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай 
алады, Қысқасы, ойлай білетін адам – шын мағынасымен адам». 
Сол себепті М.Жұмабаев «Ойлауды өркендету жолдары» туралы айта 
келіп, ойлау – жанның өте қиын, терең ісі деп бағалайды: «Жас балаға ойлау 
тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен, 
басқыштап іс істеуі керек. Өркендету жолдары мыналар: 
1) Баланың жанында дұрыс әсерленулер, һәм ашық суреттеулердің көп 
болуына иждаһат қылу керек. Қанша дегенмен адам суреттеулер бойынша 


14 
ойлайды, сондықтан балаға бір затты ұқтырмақшы болсаң, жалаңаш айту қажет 
емес, бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын; 
2) бала заттарды, көріністерді сындары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін. 
Мысалы, дыбыстарды, өсімдіктерді, жануарларды және т.б.; 
3) көріністердің, олардың араларындағы байламды һәм олардың 
қатынасының себеп екенін тауып үйренсін. Бұл мысалдардан ереже, заң 
шығартқызып үйрету сияқты істермен болады», - деп шығармашылық 
қызығушылық мәселесіне үлкен мән береді [34].
Осы тұрғыдан мұғалімнің педагогикалық шығармашылық ізденісінің ең 
басты мақсаты – оқушының танымдық ойлау қабілетін дамыту, яғни өзінің 
бойындағы шығармашылық ізденісі арқылы шәкіртінің шығармашылық 
ойлауын қалыптастыра білу. Ал бұл болса, балаға шығармашылық тұрғысынан 
ықпал ету үшін алдымен педагогтың өзінің шығармашылықты тұлға болуын 
талап етеді. болашақ педагогты кәсіби даярлау барысында олардың 
шығармашылық ойлауын дамыту қажеттігін көрсетеді. Осы тұрғыдан сөздіктер 
мен ғылыми әдебиеттерде «ойлау» ұғымына берілген анықтамаларға талдау 
жасап оның бірқатарын кестеде көрсетеміз (кесте 1). 
Кесте 1 - Сөздіктер мен ғылыми әдебиеттерде «ойлау» ұғымына берілген 
анықтамалар 
Авторлар 
Анықтамалар 
Философиялық сөздік
«адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарының 
өздеріне тиісті қарым-қатынастарын жалпылап жадында 
бейнелеуі» 
Уикипедия 
— 
ашық 
энциклопедия 
https://kk.wikipedia.org/wiki 
«объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы 
формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, 
тұлғаның танымдық әрекеті»
М.Жұмабаев 
«адам ойлаудың арқасында ғана заңдардың, көріністердің 
араларындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған 
сәбәптарды табады. Келешекте оларға не болатынын ойлап 
шығарады. Келешекті болжай алады» 
У.Росс, У.Р.Эшби 
«кездейсоқтықтан жоғары тұратын іріктеуді болжайтын 
қайсыбір бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеу үдерісі» 
И.П.Павлов
«бастапқыда ешқандай ассоциацияны білдірмейді, алдымен 
ішкі заттарға байланысты қарапайым болады, содан кейін 
ассоциациялар тізбегі болады. Демек, әрбір шағын, бірінші 
ассоциация – бұл ойдың туған сәті» 
А.А.Золотарев 
«кем дегенде, кездейсоқ жағдайдан жоғары тәртіпке іріктеуді 
болжайтын кейбір бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеу 
процесі» 
Т.Т.Гранатов 
«үздіксіз (ішкі) іс-әрекет нысаны, адам психикасының 
маңызды компоненті – материалды идеалды, объективті-
әлеуметтік, субъективті, тұлғалық және керісінше түрлендіру 
процесі» 
Кестеде берілген анықтамаларға мән берсек, ағылшын кибернетиктері W. 
Ross, Ashby [35] ойлауды кездейсоқтықтан жоғары тұратын іріктеуді 


15 
болжайтын қайсыбір бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеу үдерісі ретінде 
қарастырады. Әрине, адамның ойлау үдерісін тек қана ақпаратты өңдеу 
үдерісімен теңестіруге болмайды, өйткені оның әрі биологиялық, әрі әлеуметтік 
аспектілері бар. Бірақ, ойлаудың танымдық сипаты сыртқы әлемнен ақпаратты 
белсенді түрде қабылдап, оны өңдеу болып табылады. Яғни, ойлау – ақпаратты 
өңдеу дегенде оның анықтамасын емес, тек оның бір қасиетін көрсету деп 
түсіну керек. 
И.П.Павловтың айтуынша, «ойлау ... бастапқыда ешқандай ассоциацияны 
білдірмейді, алдымен ішкі заттарға байланысты қарапайым болады, содан кейін 
ассоциациялар тізбегі болады. Демек, әрбір шағын, бірінші ассоциация – бұл 
ойдың туған сәті». Осылайша, бұл заңды сыртқы тітіркендіргіштер тудыратын 
байланыстар (ассоциациялар) ойлау процесінің физиологиялық негізін 
құрайды. 
Біз 
зерттеуімізде 
А.Н.Луктың 
еңбектерінде 
берілген 
ойлаудың 
психологиялық сипатына назарға аудара отырып, мынадай негізгі мәселелерге 
тоқталғанды жөн көрдік [36]. 
Тәжірибелік тұрғыда анықталғандай, сезім органдары – адамға қоршаған 
әлем жайлы мәліметтер жіберілетін жалғыз жол. Ал мәліметтерді сезім 
органдарынан миға жеткізетін жалғыз ғана тәсіл ол нервтік импульстер. Біздің 
миымызға әлем жайлы барлық көпбейнені жіберетін тәсіл міне, осы 
импульстердің жиілік модуляциясы. Импульстердің кеңістік пен уақытқа 
байланысты қосындысы, бастың ми қыртысындағы оған тиісті қозуы мен 
тежелуі – бұл адам ойлауының физиологиялық негізі. Бірақ та, импульстерді 
қосу және өңдеу ол әлі ойлау емес. Олардың артық шуылы електеніп, 
құрылымдық инварианты айрықшаланып, кеңістік пен уақытқа байланысты 
құрылымы қалыптасуы қажет. Құрылымдық инвариант бейне негізінде
жатады. Әсерлесудің осы деңгейінен бастап ойлау басталады. 
Бейненің физиологиялық негізі – нейрондық модель. Ол – объектінің не 
оқиғаның таңбалық бейнеленуі. Модельдің құрылымы бейнеленетін объектінің 
құрылымымен ұқсастықта болуы керек. Құрылым деп объектіні құрайтын 
элементтер мен сол элементтердің статистикалық не динамикалық өзара қарым-
қатынаста болатын тәсілдерін түсінеміз. Құрылымның екі түрін айтуға болады: 
кеңістіктік; уақыттық. Мысалы, баспадан шыққан кітап - кеңістіктік, ал оны 
дауыстап оқу кезінде – ол уақыттық құрылымда болады.
Бейнелерді тану қабілеті – мидың іргелі қасиеттерінің бірі. Бірдей 
физиологиялық үдерістер мүлдем әртүрлі мазмұнды жіберуі мүмкін. Бұл
әртүрлілік ипульстерді қосу деңгейінде көрінбейді, ол бейненің қалыптасу 
деңгейінен басталып, абстракциялаудың елеулі жоғары иерархиялық 
деңгейлерінде өседі. Адам баспада басылған сөзді оның түсіне, шрифтіне, 
әріптер өлшеміне қарамастан тани біледі. Айтылған сөз дауыстың тембріне, 
жоғары-төмен дауыстылығына қарамастан қабылданылады. Яғни сигналдардың 
физикалық сипаттары кең түрде ерекшеленуі мүмкін, бұл кезде мидағы 
нейрофизиологиялық оқиғалар да бірдей емес. Бірақ мидың қыртысында 
барлық өзгерістердің астарында жатқан образды ажырататын механизм бар. 


16 
Ақпаратты осындай тәсілмен іске асырып өңдеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет