Мазмұны нормативтік сілтемелер


нақты  түрлерін ( түсінік,  пікір, ақыл-ой,  ұқсастық



Pdf көрінісі
бет21/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   163
Байланысты:
disser (2)

нақты 
түрлерін (
түсінік, 
пікір, ақыл-ой, 
ұқсастық
)
ажыратады. Сондай-ақ ойлаудың 
белгілі бір түрлері
– 
көрнекі-бейнелі
(іс-әрекетке тікелей қосылған), 
бейнелі
(адамның бұрын 
қабылдаған бейнелері, түсініктері негізінде жүзеге асырылатын), 
алдамшы
(көрінбейтін, алдамшы ұғымдар негізінде жасалатын) анықталады. Соңында, 
ойлау тәсілдері – 
индукция, дедукция, традукция
ажыратылады. 
Әдетте, ойлау түрлерін – шығармашылық қабілетті дамытуда, тапсырмалар 
шешуде, сұрақтарға жауап іздеуде танымдық механизмдердің ерекшеліктерін 
бейнелейтін ой операциялары түрінде қарастырамыз. Олар даму генезисі 
бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: 
-
Көрнекі-іс-әрекеттік ойлау 
– заттардың іс-әрекеттегі қозғалыс сипатына 
қарай қабылдауға байланысты туындайтын ойлау түрі.
-
Көрнекі-бейнелі ойлау
– елестету мен бейнелеуге негізделген ойлау түрі. 
-
Сөздік-логикалық ойлау
– бақылауға болмайтын логикалық операция-
лардың ойда түсініктер арқылы жүзеге асырылуы. 
- Абстрактілі-логикалық ойлау
– құбылыстар мен заттардың байланысы 
нақты және беймәлім жағдайларында көрінуіне негізделген ойлау түрі. 
Теориялық ойлау
– теориялық ойлауға және ақыл-ойға негізделген. 
Практикалық ойлау
– практикалық тапсырмаларды шешу кезіндегі ой-
пікірлерге және ақыл-ойға негізделген.
Дискурсивтік
ойлау – қабылдау емес, логикалық ойлау арқылы беріледі. 
Интуитивті
ойлау – объективті әлемнің заттары мен құбылыстарының 
әсерлерін тікелей сезімдік қабылдау және тікелей көрсету негізінде ойлау. 
Репродуктивті
ойлау – белгілі бір көздерден алынған бейнелер мен 
көріністер негізінде ойлау.
Соңында, 
шығармашылық (өнімді) ойлау
– шығармашылық қиял негізінде 
ойлау. 
Алайда, соңғы уақытта шығармашылық ойлау мәселесіне арналған 
жарияланымдардың көптігіне қарамастан [44], бұл ұғымның ашылуы өте сирек 
кездеседі. Көбінесе бұл жалпы «шығармашылық» анықтамасы арқылы 
жасалады. 
Осы тұста «
шығармашылық
» ұғымына берілген анықтамаларға мән 
бергеніміз жөн. 


19 
Платон мен Аристотель кезеңінен бастап «шығармашылық» ұғымы бұрын 
болмаған нәрсені жасауды білдіреді. Адамзат қоғамының бүкіл тарихында 
шығармашылық ұғымына осындай көзқарас қалыптасты. Сонымен қатар, 
Брокгауз бен И.А.Ефронның энциклопедиялық сөздігінде «шығармашылық» 
ұғымы табиғат пен қоғамның даму ауқымындағы алға жылжу сияқты кез 
келген прогресс ретінде кеңінен түсіндірілді. 
XVIII ғасырда Кант [45] шығармашылық іс-әрекетке 
ойлау қабілетінің 
өнімі
ретінде арнайы талдаулар жасайды. Канттың пікірінше, шығармашылық 
үдеріс адам танымы құрылымы элементтерінің сапалық әрекеті болып 
табылады. Ол шығармашылық қабілет адамның сезімдік қабылдауы мен ақыл–
ой қорытындысын өзара байланыстыратын түйін екендігін көрсетеді. Кант 
білім беру жүйесі туралы ой қорыта келе, оқыту әрекеті адамның өзін–өзі 
бағалауы мен оның жеке тұлғасына құрметпен қарау идеясын көтереді. 
Адамның шынайы еркіндігін моральдық талаптарға сай шығармашылық 
бағдарымен байланыстырады. Канттың бұл ілімін Ф.В.Шеллинг [46] 
жалғастырып, шығармашылық қабілет ойлау өркениетінің сапалы және санадан 
тыс үдерістерінің бірлігінде көрініс беретінін сипаттайды. 
XIX ғасырда А.Бергсон шығармашылық теориясының негізін қалап, 
шығармашылық – 
жаңаның үздіксіз пайда болуы
деп, оның өмірлік мәніне 
тоқталады. Шығармашылық – құрастырудың субъективті әрекетіне қарама-
қарсы (табиғатта – туу, өсу, жетілу үдерісі ретінде; түйсікте – жаңа 
бейнелердің, сезімдердің пайда болуы түрінде) үдеріс деп есептейді. 
Шопенгауэр [47] бұл пікірді қолдай отырып, шығармашылық іс-әрекет 
басқарылмайтын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет