Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет23/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   163
Байланысты:
disser (2)

2
 
– кестенің жалғасы 


Луи Пастер
“... ол адам жанында өзі басынан өткізе алатын ұлы тояттану сезімін 
туғызады. Шығармашылық белгілі бір сезім саласына қатысты бола 
тұра, 
ақыл-ой 
іс-әрекетінің 
жемісі 
болып 
табылады. 
Шығармашылық адам қабілетінің ең тұрақтыларының бірі болып, 
ол ең бір қолайсыз жағдайларда да өмір сүруін тоқтатпайды және ол 
кез-келген кедергілерге қарсы тұра алады”
В.А.Энгельгардт
«... ол адамға табиғаттың шексіз ұзақ эволюциялық даму 
жолындағы берген ең жоғарғы сыйы, адам шығармашылық үшін 
жаратылған»
А.Ребер
«... ерекше және жаңа шешімдерге, ойларға, қағидаларға, 
теорияларға, 
көркем 
формаға 
немесе 
өнімге 
келтіретін 
психологиялық үдеріс»
Б.Д.Эльконин
«... бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, 
өзінің сонылығымен, ерекшелігімен өзгешеленетін болса, өзін-өзі 
куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған 
шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады»
В.Сухомлинский
«... бұл білімдер жинағы емес, ол интеллектің ерекше бағыттылығы. 
Шығармашылық бұл тұлғаның рухани әлемде өзін көрсету іс-
әрекеті»
Д.Б.Богоявленская
«... белгінің өз бастамасы бойынша берілген талаптар шегінен шыға 
отырып жасалған кез-келген іс-әрекеттің дамуы»
Л.С.Выготский 
«... жаңалық ашатын әрекет»
Б.И.Коротяев
« ...ойдың жеке-даралығы, әдеттегіден тыс жауап табу; 
жаңашылдық...» 
Ш.Т.Таубаева
«..адамның белсенділігі мен дербестігінің және қиял-ойын іске 
асырудың жоғары формасы..» 
Ж.Ы.Намазбаева
«.. адамның маңызды ой-тұжырымның бірізділігі негізінде
логикалық жүйенің және интуициялық сезімнің, оралымды, 
логикалық ойлаудың ерекше тәсілдерінің іске асуы..» 
Шығармашылық проблемасы ғылымда түрлі аспектіде қарастырылады: 
жеке тұлғаның ойлау мүмкіндіктері мен интеллектуалдық қабілеттерінің өзара 
байланысы (В.И.Андреев, И.С.Кон, т.б.); шығармашылық қабілеттің сапалық 
көрінісі ретінде креативтіліктің қалыптасуы (Дж.Гильфорд, Е.Л.Яковлева); 
оқушылардың ойлау қабілеттері мен қызығушылықтары (А.И.Кочетов, 
В.С.Шубинский, т.б.); жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту 
заңдылықтары (Н.С.Лейтес, М.Л.Субачева, т.б.). Мұғалімнің педагогикалық 
қызметінде 
шығармашылық 
сапаларын 
қалыптастыру 
мәселесі 
В.И.Загвязинская, 
В.А.Кан-Калик, 
Н.Д.Никандров, 
т.б. 
еңбектерінде 
қарастырылған [50-57]. 
Жоғарыда аталған еңбектерді зерделей отырып, психологиялық тұрғыдан 
шығармашылықты – адамның өз бетінше іс-әрекетінің және белсенділігінің бір 
түрі, мұнда ол үлгі немесе көшірмеден экспериментке көшіп, қоршаған ортаны 
өзгерте отырып, қандайда бір құнды жаңа нәрсені жасау, шығармашылық 
актінің болуы деп түсінеміз. Мұндағы шығармашылық акт – жаңашылдығы, 


23 
ерекшелігі және бірегейлігімен ерекшеленетін өнімді жасауға қабілеттілік, 
түрткі. Сондай-ақ,
адам психикасының
жұмысын білімді операциялау үдерісі 
ретінде қарастыра отырып, оның мынадай 
құраушыларын
көрсетуге болады: 
білімді алу, білімді қолдану, білімді түрлендіру
. Білімді алу жүйесін оқыту 
сипаттайды, білімді қолдану қабілетін алынған білімдердің негізінде мәселені 
шешу қабілетін көрсететін интеллектпен теңестіру мүмкін., ал білімді 
түрлендіру үдерісін (елестету, фантазия, болжам тудыру т.б.) креативтілік 
(жалпы 
шығармашылық 
қабілеті) 
сипаттайды. 
Мұндай 
теңестіру 
интеллектуалдылық және шығармашылық үдерістердің ара қатынасын 
қарастыруға алып келеді.
Шығармашылық үдерісті (білімді түрлендіру) интеллектуалдықтан (білімді 
қолдану) ажырату үшін адамның психикасында саналы және санадан тыс іс-
әрекеттерді ажырата білу қажет. Мәселен, күрделі шығармашылық 
тапсырмаларды шешу үдерісінде бірнеше сатыдан өтуге тура келеді: алдымен 
жаңа тапсырманың шарттарына дайын білімді қолданады; содан соң табанды, 
бірақ нәтижесіз әрекеттердің арқасында шешім біртіндеп ойда көріне бастаған 
кезде “идеяның инкубациясы” сатысына көшеді; кейіннен ойды тиянақтау 
нәтижесінде шығармашылық шешімді табуды көрсететін білімді түрлендіру 
іске асады. Бұл сатылардың тізбегі ғылыми жаңалықтарды сипаттау кезінде 
бірнеше дүркін қайталанып, бекітіледі. Демек, шығармашылық үдерістің 
интеллектуалдылықтан 
айырмашылығы, 
онда 
сана 
пассивті 
болып, 
шығармашылық жағы ғана қабылданады. Санадан тыс әрекет шығармашылық 
өнімді белсенді түрде тудыра отырып, оны санада көрсетеді. Мұндай 
басқарылатын іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде басқа да қатынастар болады: 
сана белсенді, ал санадан тыс әрекеттер рецептивті болып, ақпарат сана үшін 
көрсетіледі. 
Сонымен шығармашылық − индивидтің психикасында білімді қолдану мен 
түрлендіру үдерістерінің ерекшеліктерімен байланысты үдеріс. Мұндағы іс-
әрекет өнімін шығармашылық ретінде бағалау критерийлері оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет