Зерттеудің практикалық маңыздылығы -
студенттердің
шығармашылық
ойлауын
дамыту
деңгейлерін
диагностикалау мен бағалау әдістемесі жасалды;
-
студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың әдістемесі
жасалды;
-
«Студенттердің шығармашылық ойлауының дамуы» атты элективті
курсы, мәдени жағдаяттар жүйесі, шығармашылық ойлауды кезеңдермен
дамытудың ғылыми-әдістемелік нұсқаулары дайындалып, тиімділігі іс-
тәжірибеде тексерілді;
-
зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен олардың
негізінде дайындалған нақты ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, зерттеу
материалдарын педагогикалық жоғары оқу орындарының, колледждердің,
жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде, педагог кадрлардың
11
біліктілігін көтеру курстарында және қайта даярлау жүйесінде пайдалануға
болады.