Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет106/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   163
Байланысты:
disser (2)

ойлаудың 
мазмұндық сипаты
 
болып табылады. 
Бір қарағанда әріп пен дыбыс арасында ортақ нәрсе жоқ сияқты. Бірақ 
оқылған және жазылған мәтіндер ақпараттық тұрғыдан, интонация арқылы 
берілетін ақпаратты ескермегенде, теңбе-тең. Яғни, оларда құрылымдық 
ұқсастық бар екені анық. Дәл осы сияқты ұқсастық нейрондық модель 
құрылымы мен бейнеленентін объект құрылымы арасында да бар. Модельдің 
жекеленген элементтерінің деңгейінде бірмәнді сәйкестік жеткілікті, ал 
модель деңгейінде міндетті түрде құрылымдық ұқсастық, немесе модель мен 
объектінің изоморфизмі орын алады. 
Өзгеріске түсетін объектінің моделі жайлы сөз болған кезде модельдің 
функциональдық ерекшеліктерін, өзгеріс заңдылықтарын және дамуын 
анықтау қажеттігі туындайды. 
Мидағы модель – ол, мәні бойынша, белгілі бір 
түрде өңделетін ақпарат.
Қозу мен тежелудің қозғалысы, олардың бір 
модельден екіншіге өтуі – ойлау процесінің материалдық негізі. Ми 
қыртысында ой пайда болу 
үшін ең болмаса екі 
модельді белсенді ету талап 
етіледі. Сол модельдерді салыстыру ойдың нақты мазмұны болады. 
Ойлаудың психологиялық сипатынан басқа, дұрыс ойлау заңдары мен 
формалары туралы айналысатын философиялық ғылым – логика. Яғни, оның 
зерттеу объекті – ой құрылымы мен оның элементтері байланысының амалы 
болып табылатын ойлау формалары. Сондай-ақ философиялық логикамен 
қатар математикалық логика да бар. Олар ойлау заңдары мен формаларын 
абстрактілі түрде зерттейді. Логиканың оқу құралында ойлау формасы жайлы 
былай деленген: «Ойлаудың негізгі формалары: ұғым – нәрсенің азды-көпті 
мәнді белгілерінің бейнеленуі; пайымдау – нәрсенің бар екендігі, нәрсе мен 
оның қасиеті арасындағы немесе нәрселердің ара-қатынасы туралы бір 
нәрсенің не құпталуы, не терістелуі; ой тұжырымы – нәрселердің неғұрлым 
күрделі өзара байланысы. Егерде, біз өзіміздің ақыл-ой іс-әрекетінің атомы – 
ұғым, ал молекуласы – пайымдау десек, онда ой тұжырымы – сол ақыл-ой іс-
әрекетінің өзі деген сөз» [140].


17 
Осы тұрғыдан А.А.Золотарев ойлауды «кем дегенде, кездейсоқ жағдайдан 
жоғары тәртіпке іріктеуді болжайтын кейбір бағдарлама бойынша ақпаратты 
өңдеу процесі» ретінде қарастырады (113, б. 34). Кибернетиканы ЭЕМ 
көмегімен ақпаратты өңдеудің жылдам және тиімділігімен байланысты ойлау 
аспектілері, ойлау және белгі-ақпараттық тілдің (табиғи және жасанды) өзара 
байланысы, бағдарламалау әдістері мен тәсілдері, математикалық қамтамасыз 
ету мәселелері қызықтырады. 
Алайда, адам ойлауын тек ақпаратты өңдеу процесімен ғана теңдестіруге 
болмайды: онда биологиялық және әлеуметтік (табиғи және мәдени) аспектілер 
де бар. Мысалы, Т.Т.Гранатов ойлауды «үздіксіз (ішкі) іс-әрекет нысаны, адам 
психикасының маңызды компоненті – материалды идеалды, объективті-
әлеуметтік, субъективті, тұлғалық және керісінше түрлендіру процесі ретінде 
қарастырады. Онда үздіксіз-дискретті, идеяларды, ұғымдарды, саналарды 
(рефлексия, өзіндік сана-сезімнің әртүрлі деңгейлерімен) өндіруге бағытталған 
процесс бар. Ол тікелей бейнелеуге қол жетпейтін заттардың мәнін ұғынуға 
бағытталған және бір мезгілде өзара байланыстырылған сана-сезім, бейсаналық 
және эмоциялар, атап айтқанда, сөздік ой-сана-сезім, саналық және 
эмоционалдық бейнелер әрекеттерінде жүзеге асырылады», (84, б. 5). Көріп 
отырғанымыздай, мұнда ойлаудың идеяларды өндіруге қабілеттілігі атап 
көрсетілген. 
Жоғарыда айтылғандар негізінде физиологиялық көзқарас тұрғысынан 
ойлау
 
– бұл мидың үлкен жарты шары қабығының күрделі аналитикалық-
синтетикалық қызметі. Ойлау процесі үшін талдауыштардың ми ұштары 
арасында пайда болатын күрделі уақытша байланыстар маңызды. Қабықтың 
жекелеген учаскелерінің қызметі үнемі сыртқы тітіркендіргіштермен 
детерминацияланатындықтан, оларды бір мезгілде қозғаған кезде пайда 
болатын нерв байланысы объективті әлемнің құбылыстары мен заттары 
арасындағы нақты тәуелділікті көрсетеді. 
Психологиялық көзқарас тұрғысынан ойлау – бұл объективті әлем заттары 
мен құбылыстарының елеулі байланысы мен қарым-қатынасын бейнелеудің 
психикалық танымдық процесі [190]. «Ойлау – адамның қоршаған әлемдегі 
және өзіндегі ең жоғары бағдар құралы» [182, б.7]. 
Сонымен 
танымдық
аспект бойынша: 
ойлау 
– адам миында тіршіліктің 
жалпыланған бейнесі, 
физиологиялық
аспектіде
ойлау 
мидың жоғарғы 
нервтік іс-әрекетінің шынайы көрінісі, ал 
психологиялық
аспекті бойынша 
ойлау 
– іс-әрекеттегі интеллект деп айтуға болады.
Зерттеушілер [132, б.] ойлаудың бірнеше сипатты белгілерін бөліп 
көрсетеді. Оларды ашып көрсетейік. 
1. Ойлау әрқашан жанама сипатқа ие. Объективті әлемнің заттары мен 
құбылыстары арасындағы байланыстар мен қатынастарды белгілей отырып, 
адам тек тікелей сезімге және қабылдауға ғана емес, сондай-ақ оның жадында 
сақталған өткен тәжірибенің деректеріне де сүйенеді. 
2. Ойлау адамның табиғат пен қоғамның жалпы заңдары туралы біліміне 
сүйенеді. Ойлау процесінде адам алдыңғы практика негізінде қалыптасқан өзі 


18 
білетін жалпы ережелерді пайдаланады, онда қоршаған ортаның жалпы 
байланыстары мен заңдылықтары көрсетілген. 
3. Ойлау «жанды ойлаудан» шығады. Құбылыстар арасындағы байланыстар 
мен қарым-қатынасты көрсете отырып, біз осы байланыстарды белгілі бір, 
нақты байқалатын құбылыс үшін ғана емес, осы қатардағы барлық ұқсас 
құбылыстар үшін ортақ мәні бар ретінде оқшауландырылған және жалпыланған 
түрде көрсетеміз. 
4. Ойлау әрқашан ауызша түрдегі заттар арасындағы байланыстар мен 
қарым-қатынастардың көрінісі болып табылады. Ойлау және сөйлеу әрдайым 
ажырамайтын бірлікте болады. Ойлаудың сөздерге өтуінің арқасында 
абстракция және жалпылау процестері жеңілдетіледі, өйткені, сөз табиғатта өте 
ерекше тітіркендіргіш болып табылады, ол жалпы формада шындық туралы 
сигнал береді. 
5. Адамның ойлау қабілеті адамның практикалық іс-әрекетімен
байланысты. Бұл сыртқы дүниенің қарапайым «ойлауы» емес, еңбек процесінде 
адамның алдында туындайтын міндеттерге және қоршаған ортаны қайта құруға 
бағытталған іс-әрекетінің басқа да түрлеріне жауап беретін оның бейнесі. 
Ойлаудың жүзеге асу ерекшеліктері оның даму өзгешеліктерімен талап 
етіледі және 
көрнекі-пәрменді сипатпен; заттармен тікелей операция 
жасаумен; заттар мен олардың қасиеттерін жинақтаумен; заттық 
сипатпен; процесті қайта құрумен; мақсатты түрде зерттеумен; 
абстрактілі-логикалық ойлау қабілеттілігімен
сипатталады [209, б. 65-82]. 
Ғылыми және оқу әдебиетінде [164; 178; 193; 196; 219; 220; 239; 240; т.б] 
талдау, синтез, салыстыру, абстрагирлеу, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, нақтылау 
операцияларын бөліп көрсету қабылданған. Сонымен қатар, әдебиетте [152] 
ойлаудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет