20
үздіксіз жүзеге асуы нәтижесінде көрінетін адам дамуының неғұрлым жоғары
деңгейін бейнелейтін құбылыс.
Сонымен, философиялық зерттеулерде шығармашылық
екі шешім
арасындағы таңдау, оны бағалау мен жаңа мүмкіндіктерді іздестіру
тұрғысынан қарастырылады. Ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл таңдаудың
жаратылыстану
ғылымында
гуманитарлық
ғылымдарға
қарағанда
айырмашылығы бар. Гуманитарлық ғылымдарда
шығармашылық еркіндік
басым болса, нақты ғылымдарда, мысалы информатикада ол адамның
жаңашылдық ынтасына тікелей байланысты болып келеді.
Қазіргі кезде философтар мәдениет пен жеке тұлғаның даму
идеяларының, ынтымақтастық пен өзара әрекет ілімдерінің толыққандылығын
атап көрсете отырып,
жеке тұлғалық – дамыта оқыту әдіснамасын
құрайтын
жаңа философиялық–педагогикалық идеялардың қажеттігін атап көрсетеді.
Білім беру философиясы бағытында шығармашылық проблемасы
жеке
тұлғаның өзіндік дербес дамуымен
тікелей байланысты деп қарастырылады
(В.Соловьев, В.Розанов) [98]. Мұның негізін
жеке тұлғаға бағдарланған
оқыту тұжырымдамасы
, яғни жеке тұлғаның өзіндік даму үдерісін
терең
зерделеуге бағытталған практикалық педагогикалық әрекетті жетілдіру ілімі
құрайды. Сондай-ақ, шығармашылық теориясын дамытуда Б.А.Лезиннің [99]
түйсік дамуының философиялық–лингвистикалық тұжырымдамасының
маңызы зор. Бұл ілім бойынша шығармашылық әрекет арқылы тұлға
табиғатының жоғары және шексіз деңгейдегі сипаты анықталады,
шығармашылық шынайылық идеясымен байланыстырылады. Олардың
пікірінше, шынайы объективті өмір – шығармашылық
табиғатына қарсы
келетін қажеттіліктер мен тайталас әрекеттер әлемі.
Бірақ егер бұл ұғымды адамның іс-әрекетіне қатысты қарайтын болсақ,
онда бұл «біздің санамыздың жаңа және түпнұсқалық формада, алаңдатқан ой,
көркем және практикалық іс-әрекет саласында (салыстырмалы) көрініс
табуында, жаңғыртылуында немесе комбинациясында көрініс табатын
психикалық актіні белгілеуге арналған шартты термин» [234, б.43-44].
Энциклопедиялық мақаланың авторы Ф.Батюшков [33, б.330] мұндай түсінікте
сыртқы нәтиже емес, ішкі өнім шығармашылықтың
негізгі белгісі болып
табылатынына назар аударады. «...Шығармашылық актісі, – деп жазады ол, –
біздің көзқарасымызды түсіндіру процесі, шығармашылық өнімі – «жаңамен»
сананың көкжиегін кеңейту көрсеткіштері және ең алдымен біздің санамызға
қатысты қайтадан ұсынылады».
Қазіргі уақытта көптеген кейінгі жұмыстарда, тіпті бізге дейін
шығармашылықтың осы жағы көлеңкеде қалатыны назар аудартады. Ал
бұл
мәселенің педагогикалық аспектісін қарастыру өте маңызды.
Қазіргі уақытта шығармашылықтың философиялық, кейде психологиялық-
педагогикалық анықтамаларының көпшілігі «өнім терминінде» ұсынылған.
Мәселен, Философиялық сөздікте [254, б. 474] шығармашылық – бұл «сапалы
жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасайтын адам қызметінің
процесі» деп айтылған. Ал Үлкен Кеңес Энциклопедиясында [33, б.54]:
21
«шығармашылық – бұрын-соңды болмаған жаңа нәрсе тудыратын іс-әрекет» деп
көрсетіледі. «Жаңа» деген ұғым өте нақты, айқын емес мазмұнға ие
болғандықтан, мұндай тұжырымдамаға үнемі қарсылық туындайды. Сондықтан
да бірқатар дефиницияда жаңашылдықтан басқа,
шығармашылықтың негізгі
белгілері ретінде
Достарыңызбен бөлісу: