Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет109/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   163
Байланысты:
disser (2)

әлеуметтік маңызы
мен 
мақсаттылығын
да көрсетеді. 
Мысалы, A.M.Коршунов [125, б.81] шығармашылықты «субъектінің 
объектімен белсенді қарым-қатынасы, оның барысында субъект объективті 
заңдылықтар талаптарына сәйкес жаңа, әлеуметтік маңызы бар әлемді мақсатты 
түрде өзгертеді» деп анықтайды. 
С.Д.Смирнованың тұжырымдауынша [231], шығармашылықты адамның 
танымдық және қайта құрушы қызметінің бірыңғай, өзара байланысты және 
өзара шарттасқан процесі ретінде анықтауға болады, нәтижесінде қоғам өзінің 
дамуы үшін пайдаланатын жаңа материалдық және рухани құндылықтар пайда 
болады. 
Аталған тәсіл шығармашылықты кеңінен түсінудің заңдылығына 
негізделген. Психологиялық-педагогикалық тәсіл бүкіл тарихи даму ауқымында 
емес, жеке адамның шығармашылық ойлауының мәнін зерделеуді білдіреді. Бұл 
мағынада әлеуметтік мән шығармашылықтың сыртқы нәтижелері ғана емес, 
адамның психикасындағы шығармашылық тұлғаның қалыптасуына алып 
келетін ішкі жаңғыруларда пайда болады. 
Адам ешқандай жаңалық ашпауы да мүмкін, қоғам үшін объективті жаңа 
ештеңе жасамауы да мүмкін. Бірақ егер ол жаңа ақиқатқа өз бетінше жеткен 
болса, өзіне жаңа білім алып, үйреншікті іс-әрекеттердің шеңберінен шығып 
кетсе, яғни, біз индивидтің санасында белгілі бір жаңа жаңғыртуларды 
қалыптастыратын шығармашылық үдеріспен айналысамыз [17; 26; 48; 70; 200; 
202; 203; 214 және т.б.]. Бұл да әлеуметтік маңызы бар өнім, өйткені жеке 
тұлғаны қалыптастыру – кез келген дамушы қоғам құрылысының мақсаты мен 
шарты. 
Шығармашылықтың сәтті тұжырымы В.В.Серебрянск және М.И.Ясюков 
[228, б. 37] берген анықтамалардан көрінеді: шығармашылық деп «ойлау және 
іс-әрекет процесінде
 
қағидатты жаңа жолдармен және теориялық және 
практикалық проблемаларды шешу әдістерімен (әртүрлі масштабта және 
әртүрлі қатынаста), 
тікелей 
және жанама қоғамдық маңызы бар (сынып немесе 
жалпы қоғам үшін) сапалы жаңа нәтижелермен мазмұнды қамтамасыз ету» 
түсініледі. 
Н.А.Бердяев шығармашылық табиғатын талдай отырып, мынадай 
қағидаларды бөліп көрсетеді: 
шығармашылық үдеріс еркіндік болғанда ғана 
жүзеге асады; шығармашылық дара тұлғалық сипатта көрінеді; 
шығармашылық әлемдік, жалпы адамзаттық, ғарыштық және әлеуметтік 
бағытта болады 
[100]

Әдетте, 
шығармашылық 
проблемасын 
зерттеушілер 
оған 
өз
көзқарастарын білдіру мақсатында өздерінің анықтамаларын беріп жатады. 
Олардың ішінен бірнеше саланы қамти отырып, кейбіреуін атап өтейік (Кесте 
-2). 


22 
Кесте - 2 «Шығармашылық» ұғымының анықтамалары 
Авторлар 
Анықтамалары 
Шығармашылық дегеніміз ... 
Г.Ф.Гегель [57] 
«... табиғаттағы және рухани әлемдегі қарама–
қайшылықтарды шешуге бағытталған әдіс»
К.С.Станиславский 
[58] 
«... оның бірінші және ең негізгі қозғаушысы – сезім 
болатын, оның шыңындағы адам керемет қуанышқа 
бөленетін, оны ешбір бақытты сәтпен салыстыруға 
болмайтын, адам әндетіп, билеп кететін күй»
Луи Пастер
[59] 
“... ол адам жанында өзі басынан өткізе алатын ұлы 
тояттану сезімін туғызады. Шығармашылық белгілі 
бір сезім саласына қатысты бола тұра, ақыл-ой іс-
әрекетінің жемісі болып табылады. Шығармашылық
адам қабілетінің ең тұрақтыларының бірі болып, ол ең 
бір қолайсыз жағдайларда да өмір сүруін тоқтатпайды 
және ол кез-келген кедергілерге қарсы тұра алады”
В.А.Энгельгардт 
[60] 
«... ол адамға табиғаттың шексіз ұзақ эволюциялық 
даму жолындағы берген ең жоғарғы сыйы, адам 
шығармашылық үшін жаратылған»
А.Ребер [61] 
«... ерекше және жаңа шешімдерге, ойларға, 
қағидаларға, теорияларға, көркем формаға немесе 
өнімге келтіретін психологиялық үдеріс»
Б.Д.Эльконин [62] «... бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан 
жасалған нәрсе, өзінің сонылығымен, ерекшелігімен 
өзгешеленетін 
болса, 
өзін-өзі 
куәландыратын, 
дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған 
шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады»
В.Сухомлинский 
[63] 
«... бұл білімдер жинағы емес, ол интеллектің ерекше 
бағыттылығы. Шығармашылық бұл тұлғаның рухани 
әлемде өзін көрсету іс-әрекеті»
Д.Б.Богоявленская 
[64] 
«... белгінің өз бастамасы бойынша берілген талаптар 
шегінен шыға отырып жасалған кез-келген іс-
әрекеттің дамуы»
Л.С.Выготский 
[65] 
«... жаңалық ашатын әрекет»
Б.И.Коротяев [72] 
« ...ойдың жеке-даралығы, әдеттегіден тыс жауап 
табу; жаңашылдық...» 
Ш.Т.Таубаева 
«..адамның белсенділігі мен дербестігінің және қиял-
ойын іске асырудың жоғары формасы..» 
Ж.Ы.Намазбаева 
«.. адамның маңызды ой-тұжырымның бірізділігі 
негізінде логикалық жүйенің және интуициялық 
сезімнің, оралымды, логикалық ойлаудың ерекше 
тәсілдерінің іске асуы..» 


23 
Шығармашылық проблемасы ғылымда түрлі аспектіде қарастырылады: 
жеке тұлғаның ойлау мүмкіндіктері мен интеллектуалдық қабілеттерінің өзара 
байланысы (В.И.Андреев, И.К.Кон, т.б.) [115,116]; шығармашылық қабілеттің 
сапалық көрінісі ретінде креативтіліктің қалыптасуы (Дж.Гильфорд, 
Е.Л.Яковлева) 
[117,118]; 
оқушылардың 
ойлау 
қабілеттері 
мен 
қызығушылықтары (А.И.Кочетов, В.С.Шубинский, т.б.) [119,120]; жеке 
тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту заңдылықтары (Н.С.Лейтес, 
М.Л.Субачева, т.б.) [121,122]. Мұғалімнің педагогикалық қызметінде 
шығармашылық сапаларын қалыптастыру мәселесі В.И.Загвязинская, 
В.А.Кан-Калик, 
Н.Д.Никандров, 
т.б. 
еңбектерінде 
қарастырылған 
[123,124,125]. 
Жоғарыда аталған еңбектерді зерделей отырып, психологиялық тұрғыдан 
шығармашылықты – адамның өз бетінше іс-әрекетінің және белсенділігінің 
бір түрі, мұнда ол үлгі немесе көшірмеден экспериментке көшіп, қоршаған 
ортаны өзгерте отырып, қандайда бір құнды жаңа нәрсені жасау, 
шығармашылық актінің болуы деп түсінеміз. Мұндағы шығармашылық акт – 
жаңашылдығы, ерекшелігі және бірегейлігімен ерекшеленетін өнімді жасауға 
қабілеттілік, түрткі. Сондай-ақ,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет