3-тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
1.Қазақ телевизиясының құрылуы туралы не білесің?
_____________________________________________________[1]
2. Телевизия қандай құрал?
__________________________________________________________[2]
3.Қазақ телевизиясының мақсаты не ?
_______________________________________________________[2]
Балл қою кестесі
Тапсырма
Сұрақ
Жауабы
Балл
Қосымша ақпарат
1
1
Көгілдір экран
1
Ұсынылған сөздерге балама сөздер дұрыс жауапқа қабылданбайды
2
көне
1
3
заңғар
1
4
жедел
1
5
Ширек ғасыр
1
2
1
Қазақ телевизиясының ғимараты 1958-ші жылы салынды.
1
Білім алушы сөздердің орнын ықтимал жауаптардан бөлек өзгерте алады, бастысы ой мен сөйлем құрылымы сақталуы қажет. Құрастырушы
ның болжам жауаптың бірнеше нұсқасын көрсетуі қабылданады
2
Қазақ теледидары тарихындағы жаңа кезең тәуелсіздік алғаннан кейін басталды.
1
3
Президент жарлығымен 1994-ші жылдың 4-ші сәуірінде «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы құрылды.
1
4
Алғашқы хабар Алматы студиясынан 8-ші наурызда берілді.
1
5
Ол «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы деп 2002-ші жылдан аталады.
1
6
Қазақ телевизиясы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан жедел дамып, өркениет көшіне ілесіп, өрге жүзуді мақсат етті.
1
7
Зерттеу жасаған әлеуметтанушылар адам теледидарсыз өмір сүре алмайтын халге жетті деген қорытынды жасады.
1
8
Күнделікті бес сағаттық хабар желтоқсан айынан бастап беріле бастады.
1
9
Биыл Қазақстан телевизиясына - 60 жыл.
1
10
Телевизия ортақ мақсат үшін көптеген елдерді жұмылдыра алатын қуатты күшке айналды.
Қазақ телевизиясы 1958 жылы құрылып, 8-ші наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабарын ұсынды.2002 жылдан «Қазақстан» Ұлттық арнасы деп аталады.
1
Білім алушының өз сөзімен жазған жауаптары қабылданады. Бірақ жауаптар мәтінде айтылған ақпараттар негізінде берілуі керек
2
1.Телевизия тез дамып, ортақ мақсат үшін көптеген елдерді жұмылдыра білген қуатты күш саналады.
2.Ұлттық мұратқа жетуге көмек беретін құрал.
1
1
3
1.Қазақ телевизиясының мақсаты тез дамып, өркениет қатарынан қалмай биіктерге жету.
2.Елдің, ұлттың мүддесіне қызмет ету.
1
1
Тіл сапасы үшін қосымша бес балл беріледі
5
Барлығы
30
Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.
Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім — Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі — экономикалық және саяси мәселелер — негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді.
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!