Мәдениет басқармасының 2014 жылғы жұмыстары туралы есебі Сала әлеуеті



Дата26.06.2018
өлшемі194,5 Kb.
#44658
Мәдениет басқармасының 2014 жылғы жұмыстары туралы есебі
Сала әлеуеті

2014 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының саласын дамыту бойынша көрінісі мынадай: 1 – 23 кітапхананы біріктіретін «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» МК; 17 – МКҚК; 2 – ЖШС. Оның ішінде: кітапханалар – 23, театрлар – 6, мұражайлар – 4, концерттік ұйымдар – 1 (Мемлекеттік филармония), мәдени демалыс кәсіпорындары (ғимараттар, орталықтар) – 5, цирк – 1, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («Әуен» ЖШС, «Астана Өрнек» ЖШС – қайта құрылу сатысында тұр).

Мәдениет министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 11-04-18/315-И қала әкімінің атына жазған хатына сәйкес қазіргі заманғы өнер мұражайының қоры 3535 сақтау бірлігімен қала әкімдігінің қаулысымен қаланың коммуналдық меншігінен республикалық меншікке берілді (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 767 қаулысы негізінде құрылған, «Астана» Ұлттық картина галереясының қорына).

2014 жылдың соңында «Қазіргі заманғы өнер мұражайы» МКҚК Астана қаласының объектілерін және ескерткіштері мен мәдениет қорғау бойынша қызметтерімен оған жүктеп Астана қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция» МКҚК болып қайта атауы өзгерді. Аталған бағыт кең көлемдегі ғылыми, техникалық, шаруашылық, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау, қалпына келтіру, қолдану мен насихаттау жұмыстарын өзіне қамтиды.

Мәдениет басқармасы есеп беру кезеңінде келесі бағытта жұмыстар атқарды:

- Тарихи – мәдени мұраны сақтау мен насихаттау;

- Қаланың мәдениет және өнер саласының бәсекелестік қабілетінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

- Елорданың тұрғындары мен қонақтарының мәдени өмірін байыту.



1-стратегиялық бағыт. Тарихи- мәдени мұраны сақтау мен насихаттау

Қолданыстағы заңнаманы сақтау мақсатында мәдени мұра объектілерін мемлекеттік қорғау саласында келесі жұмыстар жүргізілді.

Отырар, 1/2, 1/3 мекенжайында орналасқан (қазіргі Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры ғимаратының қойылым цехы) «Бұрынғы мұсылман мектебі» ХІХ ғасырдағы архитектура және қалақұрылысы ескерткішіне жөндеу-реставрациялау жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасалды. «2020 Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аталған ескерткішке жұмыстар жүргізу үшін 2014 жылы 50,1 млн. теңге қаражат бөлініп, қараша айында игерілді. 2015 жылы 123,1 млн. теңге қарастырылды. Ғылыми-реставрациялау жұмыстары «Астана Көкше» ЖШС кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Жергілікті маңызы бар 1954 жылғы ескерткіш «Теміржолшылар сарайы» жөндеу-реставрациялау жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама жасалды және осы жылы кесте бойынша ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілуде, мемлекеттік сатып алу бойынша байқау жеңімпазы «РемДорСтрой» ЖШС. Шарт сомасы 95,8 млн. теңгені құрайды.

Жергілікті маңызы бар XIX ғасырдың соңындағы «Қала басқармасының ғимараты» (М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әкімшілік ғимараты) тарих және мәдениет ескерткішіне 476, 7 млн. теңге сомада жөндеу-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама жасалды.

XIX ғасырдың тарих және мәдениет ескерткіші «Жасыл мешітті қоршау» жөндеу-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына 12,3 млн. теңге бөлінді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражай қорындағы және мемлекеттің меншігі болып табылатын бірегей экспонаттарды сақтау мақсатында оларды реставрациялау жүргізілуде.

Осы мақсатта Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды мұражай кешеніне 2014 жылы бөлінген 970 мың.теңгеге 11 мұражайлық экспонатқа реставрациялау жұмыстары орындалды.

2014 жылы Қазіргі заманғы өнер мұражайына 29 мұражайлық экспонат бойынша реставрациялық жұмыстар жүргізуге 4,2 млн.теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта реставрациялық жұмыстар толықтай 5 мұражайлық экспонатқа, 2 экспонат бойынша – 30 % -ға жасалды, бөлінген қаражаттың 995,5 мың теңгесі игерілді. Қалған 3,3 млн. теңге Қазіргі заманғы өнер мұражайы қорының «Астана» Ұлттық картина галереясына берілуіне байланысты игерілмеді.

Сәкен Сейфуллин мұражайы 2014 жылы бюджеттен бөлінген 1,6 млн. теңге қаражатқа 9 мұражайлық экспонатқа реставрация жасады.

«Атамекен» «Казахстан картасы этно-мемориалдық кешені 2014 жылы бөлінген 20 млн. теңге бюджет қаражатына 200 мұражайлық экспонатқа реставрация жүргізді.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету Реестріне сәйкес, Мәдениет басқармасы мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығын беру қызметін көрсетеді. 2014 жылы уақытша әкету құқығына 6 куәлік рәсімделді, сондай-ақ мәдени құндылықтар бойынша 185 сараптама қорытындысы берілді.

2014 жылы өткен келесі іс-шаралар тарихи-мәдени мұраны көпшілікке таратуға мүмкіндік туғызды.

Мұражайлардың топтамалары мен экспозициялары негізінде бірқанша жұмыстар атқарылды: стационарлық және жылжымалы көрмелер, экскурсиялар және дәрістер, мұражайлық мерекелер. Қазіргі заманғы өнер мұражайында Қазіргі заманғы өнер мұражайында елорда тұрғындары мен қонақтарына 873экскурсия, 114дәріс және 60 көрме ұйымдастырылды, көрмеге 86226 адам келді.

С. Сейфуллин мұражайында 876 экскурсия, 21 көрме ұйымдастырылып 14190 адам келді.

«Атамекен» Қазақстан Картасы Этномемориалдық кешенінде 1858экскурсия, 10 дәріс өткізіп, 34 796 адам келді.

«АЛЖИР» мұражайында 1000 экскурсия, 61 дәріс және 42 көрме өтіп, 18 800 адам келді.

2-стратегиялық бағыт. Астана қаласының мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету

Астана қаласының мәдениет және өнер саласының бәсекелестікке қабілеттілігінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету мәдениет кәсіпорындарының театрлық-концерттік қызметін жақсартуға ықпал етеді.

Музыкалық өнердің барлық жанры репертуар балансын сақтауға мүмкіндік тудыратын Мемлекеттік филармония жарнамасында ұсынылған. 2014 жылы 519 концерттік іс-шара өтіп, 1 477 744 көрерменге қызмет көрсетілді. Шетелдік концерттердің саны 31, концертке келген шетелдік көрермендер 97 100 адам.

Есеп беру кезеңінде Астана қаласының театрларында жаңа қойылымдар көрсетілді.



М. Горький атындағы орыс драма 6 қойылым өтті:

Қаңтарда Ричард Баэрдың «Смешанные чувства» мелодрамасының премьерасы өтті. Қоюшы-режиссер – Бекпулат Парманов, суретші-сценограф – Қанат Мақсұтов, костюмдер бойынша суретші Дарияш Қасымова. Қойылым ҚР еңбек сіңірген әртісі Наталья Косенконың мерейтойына арналған. Әртіс өзінің 70 жасқа толу мерейтойы қарсаңында асқақ та нәзік, сүйікті де сүйкімді Кристина Мильманды ойнайды. Әртіспен бірге Қырғызстанның Халық әртісі, ҚР «Мәдениет қайраткері» Сергей Матвеев өнер көрсетеді.

Қыркүйекте Өзбекстаннан шақырылған режиссер – Обид Абдурахманов Андрей Макаеноктың «Затюканный апостол» қойылымын сахналау жұмыстарына кірісті. Премьералық қойылымы 25 қыркүйек күні 114-ші театр маусымын ашады.

Қазанда украиндік заманауи драматург Анна Яблонскаяның пьесасы негізінде сахналанған «Язычники» қойылымының премьерасы өтті.

Желтоқсанда Жаңа жылдық «Аленький цветочек» ертегісінің премьерасы өтті. Қоюшы-режиссер – Л.Крючкова. Қоюшы-суретші – М.Бандышева, костюмдер бойынша суретші – А.Корженко. Желтоқсанда Л. Крючкованың қойылымына жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

Жетістіктері

Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX салтанатты отырысында театр директоры Е.Қасеновке Қазақстан халқы арасындағы татулық пен тыныштықты сақтауға сіңірген еңбегі үшін «Бірлік» алтын медалі тапсырылды.

Сондай-ақ, театрдың барлық қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиында театр қызметкерлері театр директоры Е.Т. Қасеновтың Алғыс хатымен марапатталып, театр әртісі Н.Дроботова, музыкалық бөлім бастығы Н.Д. Терехина және көркемдік-әрлеу цехының меңгерушісі Т.Ф.Алиеваға Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі тапсырылды.

Мәдениет қызметкерлері күніне орай театр әртісі, «Мәдениет саласының үздігі», сахна шебері Виктор Житковке Астана қаласы әкімінің Гранты тапсырылды.

Сонымен қатар, театр режиссері және әртісі Людмила Крючкова Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасына ие болса, директордың көрермендерді ұйымдастыру бойынша орынбасары Александра Кустовская Алғыс хатпен марапатталды.

Техникалық жаңалықтар

Театрдың жаңа логотипі, жаңа сайты, жарнамалық өнім және интернет- жарнама жасалды. Театрдың көрермендер залына синхрондық аударма жүйесі орнатылды.



Прессамен жұмыс

Сұхбаттар мен мақалалар «24.kz», «Білім және Мәдениет» телеарналарында көрсетіліп, «Вечерняя Астана», «Астана Ақшамы», «Инфо-цес», «Караван», «Мегаполис» газеттерінде және «Астана» журналында жарық көрді.



Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында 7 премьера өтті.

Наурыз айында Ж. Ануйдың «Жалын жұтқан Жанна д’Арк» премьерасы өтті. Мамырда С. Балғабаевтың «Махаббат сиқыры» премьерасы өтті, режиссері Б.Ұзаков. Шілдеде М. Байжиевтің «Тіл табысқандар» спектаклінің премьерасы өтті, режиссері Б.Ұзаков. Қыркүйекте екі қойылымның премьерасы: «Ана-Жер Ана» Ш.Айтматов, режиссер Б. Құрманғожаев, «Сәкен сұңқар» К. Жүнүсов, режиссері А. Оразбеков. Желтоқсанда «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы шеңберінде «Көлеңкесіз жолаушы» Р. Отарбаев, сондай-ақ балаларға арналған «Бразилия байлығы» М. Машаду қойылымдарының премьерасы өтті.



Жетістіктері

Ақтау қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттерінің V Халықаралық театрлар фестиваліне театр ұжымы Ж.Ануйдың «Жалын жұтқан Жанна Д’Арк» драмасымен қатысып бас жүлдесін жеңіп алды.

Павлодар қаласында өткен алаш ардагері Ж. Аймауытовтың 125 жылдқ мерейтойына арналған, аймақтық театрлар фестиваліне қатысып, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Ә. Оразбековтың сахналауындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, драматург, жазушы Ә. Таразидың «Үкілі жұлдыз» спектаклі фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды.

Елбасының өкімімен мемлекеттік стипендияға – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағына әртистер - Мейрам Қайсанов және Қасымхан Бұғыбай ие болды.

Театрдың актрисасы Рымкеш Омарханова «Құрмет» орденімен, актриса Зибагуль Карина –«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Актерлер Жанқалдыбек Төленбаев және Сайлау Камиев «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.



Прессамен жұмыс

Сұхбаттар мен мақалалар «24.kz», «Білім және Мәдениет» телеарналарында көрсетіліп, «Вечерняя Астана», «Астана Ақшамы», «Инфо-цес», «Караван», «Мегаполис» газеттерінде және «Астана» журналында жарық көрді.



«Жастар» театрында 4 премьера өтті.

Қаңтарда Н.Оразалиннің «Ақ құс туралы аңыз» ертегісі, У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясының премьерасы.

Наурыз мерекесіне арналған С. Қасымбектің «Наурыз ару» атты қойылымының премьерасы сахналанды. Қыркүйекте VIII театрлық маусым Қ.Жүнүсовтың «Алғашқы махаббат» комедиялық спектаклінің қойылымымен ашылды.

Жаңа жылдық мерекеге А. Әуесханұлының «Ақыл патшалығы» премьерасы қойылды.



Жетістіктер

Ақтау қаласында өткен Орталық Азия елдерінің V Халықаралық театр фестивалінде театр ұжымы «Үздік спектакль» атауында бас жүлдеге ие болды.

Марк Левидің «Жер мен көктің арасы» қойылымына театр дипломмен марапатталды.

Техникалық жаңалықтар

27 наурызда Халықаралық театр күні театрдың «Жастар» сайты ашылды.

«Көңілді тапқырлар театрында» 4 премьера өтті.

Күлкі күніне арнап сәуір айында көрермендерге «Әзіл әлемі» атты мерекелік концерт өтті. Шілдеде «Көңілді Астана» концерті.



Қуыршақ театры 3 премьералық қойылыммен толықтырылды.

Сәуірде мектепке дейінгі балаларға арнап «Ер төстік» спектаклінің премьерасы өтті. Желтоқсанда Г. Ивановтың «Русалочка» және желтоқсанда Қ. Ешмұратованың «Бала бейне» спектаклі өтті.



«Наз» мемлекеттік би театры.

Театр репертуары жаңа хореографиялық «Айжарық» қойылымымен толықтырылды.

Барлығы есеп беру кезеңінде театрда 973 спектакль, 25 театрлық қойылым; көрермендер саны 283 305 адам.

3-стратегиялық бағыт. Елорда тұрғындары мен қонақтарының мәдени өмірін байыту

Мұражайлық қызмет

2014 жылы қала мұражайларында 161жаңа көрме ұйымдастырылды, 5098 экскурсия жүргізілді және 183 дәріс оқылды; аталған іс-шараларға 164655 адам қатысты.



Қазіргі заманғы өнер мұражайында 15 қаңтардан ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет қайраткері», ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Илиевтың «Қайталау» жеке көрмесі жұмыс істеді. Көрмеде 38 өнер туындылары көрсетілді. Бұлар 28 кескіндемелік туындылар және 10 графикалық парақтар. 21 ақпаннан қазақстандық бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, бірінші ұлттық суретші, атақты кескіндемеші және акварелист, Қаз КСР халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекетік сыйлығының лауреаты Ван Гог атындағы сыйлықтың иегері Әбілхан Қастеевтың 110 жылдығына арналған көрме жұмыс істейді. Көрмеде мұражай коллекциясынан 14 шығармалары көрсетілді.

16 сәуірден Ұлы Отан соғысының 69 жылдығына арналған «Олар Отан үшін шайқасты» тақырыптық көрме жұмыс істеді. Көрмеде 1943-2010 жылдары жасалған 59 өнер туындысы көрсетілді.

16 мамырдан Халықаралық мұражайлар күнінің құрметіне «Мұражай жинақтарынан теңдесі жоқ туындылар» атты ерекше құнды көрмесі жұмыс істеді. Экспозицияда жақын шетел суретшілерінің 1900 – 2009 жж. жазылған 52 туынды көрсетілді. Бұл жанрлық картиналар, портреттер, пейзаждар, натюрморттар және түрлі тақырыптық композициялар.

5 маусымнан «Астана коллекционерлері» ҚБ және мұражайдың ұйымдастыруымен және «Красивый дом» компаниясының қолдауымен «Қытай фарфоры және басқа көркемдік кәсібінің заттары» көрмесі жұмыс істейді. Көрмеде фарфордан жасалған 200 астам заттар көрсетіледі, оның ішінде 50 бірліктен астам эмаль жұмыстары және Виктор Семыкин, Рокаса Бернотас, Муллашевтер отбасы және Гульфайрус Нүркенова коллекцияларынан ағаштан жасалған бұйымдар көрсетілді.

Шілдеде Астананың суретшілері «PRO-аrt-Астана» көрмесімен 62 туындыны мұражайда көрсетті.

8 қазан 14 қараша аралығында Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі Александр Шапошниковтың жеке көрмесі жұмыс істеді. Көрмеде 32 туынды ұсынылды.



30 қазан 16 қараша Әбілхан Қастеевтың 110 жылдығына арналған көрме жұмыс жасады. Көрмеде 60 сақтау бірлігі ұсынылды.

17- 27 қараша «Атамекен» көрмесі жұмыс жасады.

5 - 31 желтоқсан Никас Сафроновтың жеке көрмесі жұмыс жасады. Ғылыми-ағарту жұмыстары

Жыл бойы мұражай жанындағы «Түрлі –түсті әліппе» эстетикалық даму мектебінде сабақтар жалғасын тапты(жетекшісі Костенко М.О.).


Ғылыми қызметкер М.О. Костенко келесі тақырыптарда лекциялар оқыды: «Қазақстан декоративтік – қолданбалы өнері»,«Кілем тоқу. Ою-өрнектер» және «Көне Қазақстан зергерлік өнері» 5573 Ұлттық гвардия жауынгерлері мен әскери қызметкерлеріне және 6636,0112 Әскери бөлімдерге. «Өнер қалай пайда болды»,«Портрет, пейзаж және натюрморт дегеніміз не», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», «Жаз гүлдері» (натюрморт)», «Суретшілер шығармашылығындағы балалар образы» және «Әлемнің жеті кереметі» «Түрлі-түсті әліппе» эстетикалық даму мектебінің оқушыларына және мектеп жанындағы лагерлерде тұрмысы нашар балаларға оқылды.

Шілдеде мұражайда 0112 әскери бөлімнің әскери қызметкерлері мен жауынгерлері Астана суретшілері Асгат Диникеев және Марат Тұқсаитовтармен кездесті.

Ғылыми-қор жұмысы

Есеп беру кезеңінде кітапхананың кітап қорына 19 кітап сыйға тартылды.

ҚЗӨМ қорынан «Астана» ҰКГ 3535 с.б. коллекциялары берілді.

соның ішінде ОФ – 3301 с.б., НВФ – 234 с.б.:

Прессамен жұмыс

«24.kz», «Білім және Мәдениет» телеарналарында көрсетіліп, «Вечерняя Астана», «Астана Ақшамы», «Инфо-цес», «Караван», «Мегаполис» газеттерінде және «Астана» журналында жарық көрді.



Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде

8-20 қаңтар аралығында «Алаш» залында зұлмат жылдар қасіретінде жапа шеккен аналарымызға арналған «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» атты жаңа техникалық құралдармен жасалған бейнепанорамалы көрмесі ұйым-дастырылды.

Көрмеге 1938 жылы 6 қаңтарда «АЛЖИР»-ге тұтқындардың бірінші тобы келіп жеткен Мальцева Калерия Ивановна, Марианна (Мария) Лазаревна Анцис, Андронникова Кира Георгиевна, Поль Капитолина Николаевна, Ака Васильевна Тимирева, Мария Тимофеевна Кузнецова-Писляк жайында тұтқын әйелдердің фотосуреттері, фотоқұжаттары, хаттары қойылды.



15-23 ақпан аралығында «Алаш» залында «Ауған қайғысы: 25 жыл өткен соң» атты жаңа техникалық құралдармен жасалған бейнепанорамалы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ауған соғысында Отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, бауырлас азаматтарымыз жайында деректер қойылды.

22 сәуір-22 мамыр аралығында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының күніне орай ХХ-шы ғасырдың атақты ақыны, саяси қуғын-сүргін құрбаны Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Посулила жизнь дороги мне ледяные...» тақырыбындағы көрменің тұсаукесері өтті. Көрмені «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мен Павлодар қаласындағы Павел Васильевтің мұражай-үйінің ұжымы ақынның 105 жыл толуына орай бірігіп ұйымдастырды.

31 мамырда, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде, Саяси қуғын – сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігінің қызметкерлерінің, Астана қаласы әкімдігі мен мәслихаты басшыларының, Целиноград ауданы әкімдігі өкілдерінің, сонымен қатар саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар мен Қазақстанға күштеп жер аударылғандар ұрпақтарының, шетел елшіліктері мен этно-мәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен митинг және Зерде қабырғасына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Мұражай аумағында орналасқан Сталиндік вагон, «Қасірет қақпасы» монументі, Ескерткіш белгілер, мүсіндік композициялар – «Күрес және үміт» және «Түңілу мен әлсіздік», Мұражай ғимараты, «Көз жасы» стеласы, Барак туралы экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» және «Азаттықтың азапты жолы» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі, «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» бейнепанорамалы көрмесі мен «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» клипі көрсетілді. Экскурсия соңында қонақтар пікір кітабына саяси қуғын-сүргіндер тарихынан алған әсерін жазып қалдырды. Қонақтарға «ALASH - ALZHIR» екі томдық кітабы сыйға берілді. Экскурсия соңында қонаққа мұражай кешенінің негізгі және ғылыми-көпшілік қорларындағы материалдар бойынша жинақталған «Елбасының бастамасымен ашылған еді» тұңғыш шығарылған каталогы сыйға берілді.



1-4 маусым аралығында «АЛЖИР» мұражайының «АЛЖИР» залында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «НКВД балалары» атты слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: балалардың естеліктері арқылы «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының азапты өмірін қалың жұртшылыққа жеткізу, өскелең ұрпақты патриоттық сезімге баулап, өткен кезеңнің тарихына құрметпен қарап, мәдени-тарихи мұраны сақтау.

Көрмеге «АЛЖИР» лагерінде отырған Майлина К., Рысқұлова Ә., Плисецкая Р., Есқараева М., Каган А., Османова Ф., Мартинсон Х., Шубрикова И., К. Никольскаялардың балаларының фотосуреттері, мұрағаттық құжаттары мен балалардың аналарына жазған хаттары қойылды.

Тамыз айында мұражай қызметкерлері «ГУЛАГ балалары» тақырыбында Астана қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі бойынша департаментінің ЕЦ-166/10 қылмыстық жазасын өтеп жатқандарға дәріс оқыды, сондай ақ мұражайға келішілерге Конституция туралы дәріс оқылды.
2-14 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде Халықаралық отбасы күні мерекесі қарсаңында «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері » атты бейнепанорамалы көрмесі ұйымдастырылды.

5-24 қыркүйек «Алаш» залында Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі аясында ұйымдастырылған «Төр сенікі, туған тіл!» атты бейнепанорамалы көрмесімен танысты.



1-12 қазан аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында «Халық жүрегіндегі қымбат тұлғалар» бейнепанорамалы көрмесі мен дәріс сабағы өтті. Көрменің мақсаты – мұражай қонақтарына 1937 – 1938 жылдары репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілген көрнекті қазақтың мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ғалымдары, жазушылары, ақындары өткен өмірі мен қызметі жайлы таныстыру. Олар өз елінің гүлденгенін қалады, сондай-ақ, өз отанының игілігіне адал қызмет жасаған биік тұлғалар. Көрмеде Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев, М. Тынышбаев, Т.Рысқұлов, І. Жансүгіров, М. Жұмабаев, Б. Майлин, С. Қожанов, Т. Жүргенов сынды зиялылардың фотоматериалдары мен өмірбаяндарынан қысқаша үзінді берілген.

19-30 қазан аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің Зерде залында «Қуғын-сүргін тарихына балалық көзқараспен» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге саяси қуғын-сүргін тақырыбына арналған Астана қаласының № 15, № 32 мектеп және Ақмол ауылының № 5 мектеп оқушыларының суреттері қойылды.

4-14 қараша аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында «Алаштың тұңғыш қырандары» бейнепанорамалы көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде Алаш қайраткерлерінің фотосуреттері көрсетіліп, олардың қазақ халқының ұлттық мүддесін жақтаған істері жайында қысқаша хабарламалар беріледі. Алашордалықтардың арманы қазақ елінде тәуелсіздік орнатып, ұлттық мәдениетіміз бен қазақ халқының толық білім алуы мен ана тілін байытуға жағдай жасау мақсаты болатын.

18 қарашада экспозиция және көрме ұйымдастыру бөлімінің аға ғылыми қызметкер Р.Р. Жақсыбаева мен ғылыми қызметкер Б. Жалғасова Қараөткель ауылының № 6 мектебінің оқушыларына «Сол бір зұлмат жылдар» атты слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.



15-30 қараша аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында қазақтың белгілі ақыны, жазушысы, ХХ-шы ғасырдың 30-50 жылдары жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған Бейімбет Майлиннің 120 жылдығына арналған «Құнарлы дарын» атты бейнепанорамалы көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Ақынның өмірінің негізгі кезеңдерін баяндайтын көрмеде әйелі Гүлжамал Майлинаның және НКВД-ның балалар үйінде тәрбиеленген балаларының фотосуреттері, сондай-ақ, мұрағаттық құжаттар, ақынның көзі тірісіндегі және зерттеушілердің ақын туралы жазған шығармалары көрсетілген.

25 қараша – 3 желтоқсан аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Алаш» залында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Түркі әлеміндегі тегеурінді тұлға» бейнепанорамалы көрмесі мен «Тәуелсіз Қазақстанның көшбасшысы» атты дәріс сабағы ұйымдастырылды.

5-18 желтоқсанның аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің  «Алаш» залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты бейнепанорамалы көрмесі ұйымдастырылды.

17-26 желтоқсанда "АЛЖИР" мемориалды мұражай кешенінің "Алаш" залында жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 120 жыл толуына орай «Өмір көшінде өксіген ғұмыр» көшпелі көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны мен атқарған қоғамдық қызметі жайлы, сонымен қатар «отанын сатқандардың отбасы» ретінде айыпталып, қуғын-сүргінге ұшыраған әйелі Әзиза Рысқұлова, енесі Арифа Есенғұлова, балалары Ескендір, Сәуле, Риданың фотосуреттері қойылды.

Ғылыми-ағарту жұмыстары



8-19 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аға ғылыми қызметкері Кәріпбаев Ж.Т. Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мұражайында өткен алғашқы Қазақ ұлттық мәдениетін ғылыми-зерттеу институтының негізі қаланғанына 80 жыл толуына орай «Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының материалды емес мәдени мұрасын зерттеу мәселелері: топономикасы, эпиграфикасы, өнері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

27-28 қарашада Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өткен «Музей құндылықтарын сақтау мен қалпына келтірудің инновациялық технологиялары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жобасына қатысты.

26-27 қараша аралығында Мемлекеттік мекеменің тапсырысы мен Астана қаласындағы жастар саясаты жөніндегі басқарма мен «Ұлағат» мәдениет және даму қорының ұйымдастыруымен өткен «Жастарды жұмыспен қамту барысында мемлекеттік ұйым мен бюджет ұйымдарының өкілдері үшін жастар саясатының тиімділігін бағалау» оқытылатын семинар-тренингке қатысты.

27 қарашада «Мәдениеттегі интеграцияның келешегі мен бағыты» атты ғылыми- зерттеу жобасын іске асыруға арналған халықаралық конференциясының ашылуына қатысып, конференция соңында сертификат алды.

19 желтоқсанда мұражай кешенінің аға ғылыми қызметкері Кәріпбаев Ж.Т. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті мен Алаш мәдениеті, және рухани даму институтының ұйымдастыруымен Алаш және Түркістан автономияларының 97 жылдығына арналған «Түркістан мұхтариятынан – Алаш автономияға дейін: қазақ мемлекеттігінің негіздері және тарихи сабақтастығы» тақырыбына өткізген, республикалық ғылыми конференциясына қатысты.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

20-23 қазан аралығында мұражайдың аға ғылыми қызметкері Жақсыбаева Р. мен мұражайдың бас қор сақтаушысы Г. Төлепбергенова Беларусь Республикасының Минск қаласына ғылыми іссапармен барды. Ғылыми іссапардың мақсаты: қаланың мұрағаттары мен мұражайларында жұмыс жасау, құжаттар жинау, тәжірибе алмасу және «АЛЖИР» лагері тұтқындарының ұрпақтарымен кездесу. Олар Ұлы Отан соғысы мұражайында «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» атты слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырып, сондай-ақ, Минск қаласының Мемлекеттік мұрағатында жұмыс жасады. Ғылыми іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» тұтқыны М.Л. Минкинаның қызы Инна Бронштейн мен Янина Германовичтың қызы Майя Кляшторнаямен кездесті. «АЛЖИР» лагері тұтқындарының ұрпақтары мұражай қорына фотосуреттер (Янина Германовичтың, Минкина Марияның қамауға дейінгі және кейінгі), кітаптар (естеліктер), жеке заттарын (белдік, шәлі) сыйға тартты.

8-16 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аға ғылыми қызметкері Кәріпбаев Ж.Т. және экскурсия жүргізушісі Саханова Б. Орал қаласына ғылыми іс-сапармен барды. Ғылыми іс-сапардың мақсаты: қаланың мұрағаттары мен мұражайларында жұмыс жасау, материалдар жинау, тәжірибе алмасу, мұражайды насихаттару. Олар Мәншүк Мәметова атындағы мұражайында Орал қаласының ҰОС ардагерлерімен, педагогикалық колледжінің студенттерімен және т.ғ.д. М.Н. Сдықовпен кездесіп, «Сол бір зұлмат жылдар» атты слайд көрмесі мен «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» дәріс сабағын ұйымдастырды. Сонымен қатар «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі мен «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» клипі көрсетілді. Мұражай қызметкерлері Орал қаласының Тарихи-өлкетану мұражайының, А.С. Пушкин мұражайының, Е. Пугачев мұражайының, табиғат және экология мұражайының, тарих және археология орталығының мұрағатының қызметкерлерімен кездесіп, Орал қаласының ІІД-нда 1937-1938 жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың ісіне қатысты мұрағаттық құжаттарымен танысты. Орал қаласына ұйымдастырылған іс-сапар нәтижесінде мұражай қоры Мәншүк Маметова, Алия Молдагулова, Хиуаз Доспановалардың фотосуреттері мен хаттарымен, Х. Досмұхамедовқа, Ж.Шанинға, С.Мендешевқа, Мәншүктің 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған әкесі Мәмет Ахметке қатысты архивтік құжаттарымен толықты.



14-15 желтоқсанда мұражай кешенінің экскурсия жүргізушісі Айдабулова Д. ғылыми іс-сапармен Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласындағы Балуан Шолақтың Отанына барды. Іс-сапар барысында «Балуан-Шолақ» мұражайының меңгерушісі Т.А. Барышниковамен кездесіп, Балуан Шолақтың мірі мен шығармашылығымен таныстырды, және «АЛЖИР» мұражайына фотосуреттері мен «О Родине сердце поет» кітабын сыйға тартты. Оған естелік ретінде мұражай кешенінің негізгі және ғылыми-көпшілік қорларындағы материалдар бойынша жинақталған «Елбасының бастамасымен ашылған еді» атты каталогы және «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының "ALJÏR. Qorqinişti tüstey…. Kak strashnyi son…." естеліктер жинағы сыйға берілді.

Ғылыми-қор жұмысы

Желтоқсан айында мұражай 17 жәдігер сатып алды.


Ғылыми-реставрациялау жұмысы

Мұражай желтоқсанда 22 жәдігерді жөндеуден өткізіп бұрынғы қалпына келтірді, соның ішінде: М. Сүлейменовтың түрмеде отырған кезінде, әйеліне жазған хаты, «АЛЖИР» тұтқыны Мария Минкинаның лагерге бара жатқанда жол үстінде туыстарына жазған хаты, № 3434 тергеу изоляторының есігі, «АЛЖИР» тұтқыны Барг- Соскина Рива Абрамовнаның фотосуреті, «АЛЖИР» тұтқыны А.К. Мирошниктың фотосуреті, «АЛЖИР» тұтқыны Ревекка Журбинаның жазған өлеңі, , «Столичная» деген белгісі бар ұстара және оның қабы, «Карлаг» тұтқыны Н. Касеновтың анықтау туралы анықтамасы, «АЛЖИР» тұтқыны Шубрикова Ирина Николаеваның фотосуреті, целиндр пішіндес тобатай және ағаш қобдиша да бар.



Прессамен жұмыс

Есеп беру кезеңінде мұражай жұмысы БАҚ жарияланды: ТК «Білім және мәдениет», радио «Шалқар», ТК СТВ, портал «История Казахстана», «Хабар» «Агенттігі» АҚ, ТК «Евразия».



«Атамекен» «Қазақстан Картасы» этномемориалды кешенінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілік арттырудың ұлттық орталығы АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этномемориалдық кешені бірлесе 19-30 мамыр 2014 жылы «Оқушыларды мұражай педагогикасы арқылы ұлттық құндылықтар мен патриотизмге тәрбиелеу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

23 сәуірден қаланың кәріс диаспорасының ұйымдастыруымен «Стратегия 2050:» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған «Нұр Отан» ХДП, студенттер, қала мектептерінің оқушылары қатысты.

17.05.2014 жыл – «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешеннің ұсынысы, ҚР Мәдениет министрлігі және Астана қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен Елордада Халықаралық мұражай күніне орай 16-17 мамыр аралығы «Мәңгілік елге саяхат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

ҚР Мәдениет Министрі, ҚР Мәдениет минстрлігінің өкілдері, мұражай басшылары, облыстық мәдениет басқармаларының басшысы, Қазақстанның зиялы қауым өкілдері және мәдениет саласында еңбек сіңірген қайраткерлері қатысты.

18.05.2014 жыл – Кәсіби Халықаралық мұражай күніне орай «Атамекен» кешені алаңында Мұражай педагогикасы бөлімі мен жас экскурсаводтардың ұйымдастырған қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концерт берілді. Экскурсияға келген қонақтарға бұл үлкен тосын сый болды.

Түнгі 00.00-де Мұражай күні мерекесі қарсаңында «Атамекен» алаңында кезекті ұтыс лотереясы өтті. Бұл күні жүректері лүпілдеп, көңілдері толқыған ойынға қатысушылардың бәрі де бас бәйгеден үмітті еді. Алайда, мұндайда бабы келіскеннің емес, бағы жанғанның жолы болатыны белгілі. Осылайша ұтыс ойынының нәтижесі бойынша жүлдеге тігілген сыйлықтарға кешен қызметкерлері мен қонақтар ие болды.

Маусым айы бойы мұражай қызметкерлері «Ерекшелік және мұражайлық экскурсияларды дайындау» және «Интермузей 2014» тақырыбы бойынша жас экскурсоводтарға арналған дәрістер оқылды.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті Алпамыс Ұртай мұражайға келушілерге «қазақ тілінің рөлін уикипедия қорын жетілдіру арқылы арттыру» дәрісін оқыды.

20 маусымда жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында «Семей полигоны» пьесасы бойынша жас экскурсоводтармен жазушы-драматург Роза Мұқанаованың шығармашылық кездесуі өтті.

Елорда күніне орай мұражай қызметкерлері «Астана – ел мақтанышы» концертін ұйымдастырды.

29 тамызда Конституция күніне арнап «Азат елдің ар-намысы – Ата заң» мерекелік іс-шара өтті.

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің 13 жылдығы шеңберінде Көпен Әмірбек, Айт Тұрысбекұлы, Салтанат Ақселеуқызы, Сапарғали Балықбайұлы, Құрман Өмірбекұлы, Самат Ілиясұлы, Қарттар үйінің директоры Кенжеболат Сапарұлының қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы тілдерінің XVI қалалық фестивалі аясында 2014 жылғы 16-қыркүйек күні сағат 16.00 «Кемел тілдің келешегі» жастар акциясын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамның негізгі қозғаушы күші, мемлекеттің дамуы, елдің болашағы өз қолдарында екенін жас ұрпақтың санасына сіңіру.

08-11 қараша күндері Ресей Федерациясы Мәскеу және Ростов қалаларында Ресей Халықаралық мұражайлар комитеті және Мәскеу қаласының ЮНЕСКО бюросымен бірлесе «Халықаралық мәдени диалогтың негізінде музейлердің әлеуметтік рөлін және білімін нығайтуда ЮНЕСКО Конвенциясының ұстанымымен алға қарай жылжытудың маңыздылығы» тақырыбында ТМД елдерінің мұражай сарапшыларымен кезекті аймақтық кездесу өтті.



Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арнап 10-25 қараша аралығында Білім басқармасымен біргелікте «Үздік сабақ» және «Үздік педагог» байқауын өткерді.

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешеннің «Патриоттар клубының» жас экскурсовоттар арасында «Минута славы» байқауы өтті. Байқау барысында жас экскурсовоттар өз өнерлерін көрсетті. Байқау соңында әділқазылардың шешімімен барлық қатысушыларға алғыс хат ұсынылды.

Прессамен жұмыс

«Атамекен» картасының жұмысы Қазақстан Ұлттық телеканалы мен баспасөздерде жарияланды.

Сәкен Сейфуллин мұражайы

Экспозициялық-көрме қызметі

Халықаралық әйелдер күніне «Халық өнері асыл қазына» зергерлік бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. С. Сейфуллиннің 120 жылдығына орай жылжымалы көрме ұйымдастырылды: тіркеу изоляторы ЭЦ 166/1,ЭЦ 166/10, Астана қаласының № 39,52,22,67,65,51,69,48,50,61 мектептері, лицейлері және гимназияларында.

Наурыз мерекесінде этнографиялық көрме ұйымдастырылды.

1 мамыр -Халықаралық бірлік күніне орай мұражайда «Ынтымақ алды береке» атты көрме ұйымдастырылып, көрмеге С.Сейфуллиннің мамыр мерекесі жайлы өлеңдері, 1 мамырда алғаш рет сахна төрінде қойылған «Бақыт жолында» атты қойылым үзінділерінің көріністері, кітаптары, құжаттары барлығы 40 астам құжаттық жәдігер қойылды. Қарулы күштер мен Ұлы Отан соғысының Жеңіс күндеріне «Отан үшін от кешкендер» атты кітап және құжаттық көрме қойылып, келушілерге қосымша экскурсиялар жүргізілді.



Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күніне орай «Арманда кеткен арыстар» атты тақырыпта көрме қойылды және С.Сейфуллин ескерткіші маңында гүл шоқтары қойылып, күні бойы мұражайда тегін экскурсия жүргізілді. Мұражай директорының орынбасары С.Сабырбеков пен бұқаралық-экскурсия бөлімінің меңгерушісі А.Омарова «Қазақстан» телеарнасына сұхбат берді, және ол ұлттық арнада 31 мамыр күні кешкі 20.30-да көрсетілді.

Балаларды қорғау күніне орай, №4 мектеп-гимназиясының 1-5 сыныптары мен мүгедектер интернаты және көп балалы отбасының балаларына тегін экскурсия өткізіліп, Сәкен Сейфуллиннің шәкірті қазақтың тұңғыш мультипликаторы Әмен Хайдаровтың көптеген еңбектеріне тоқталып, 1967 жылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» атты мультфильмі балалардың назарына ұсынылды, соңында балалармен «Жәдігерлер әлеміне саяхат» жасап, сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, балалар өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңында балаларға сыйлықтар табысталды.

Конституция күніне орай «Конституция – ерікті елдің құқы» көрмесі ұйымдастырылды.



Ғылыми-ағарту жұмысы

15-қазан күні С.Сейфуллиннің 120 жылдығына орай өткен «Сыр сандықты ашып қара» әдеби-музыкалық кеште «Сәкен Сейфуллин мұражайы» альбомының, «Сұңқар Сәкен» кітабының, Амантай Кәкеннің «Сәкен тағылымы» кітабы және Тұрсынбек Кәкішұлы мен Күләш Садыққызы құрастырған Сәкен Сейфуллин шығармаларының 13 томдығының тұсаукесері өтті. Іс шара жайында «Астана ақшамы» газетінде тілші Аманғали Қалжановтың «Сәкеннің сара жолын сайратты» атты мақаласы жарияланды.

С.Сейфуллиннің 120 жылдығына орай «Сәкен оқулары» байқауы өтті. «Сыр сандықты ашып қара», «Қазақты қазақ дейік», «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы», «Сәкен аманаты» номинациялары бойынша Астана қаласы мектептерінің оқушылары сынға түсті.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

С. Сейфуллиннің 125 жылдығына орай «Сыр сандық» кітабына материалдар жинау жұмыстары басталды.

С.Сейфуллинің 120 жылдығын ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы жәрдемімен Түркияда атап өтуге директор Н.Айтұлының келісім жасауына байланысты Сәкеннің таңдамалы өлеңдері, түркі халықтары туралы мақаласы сұрыпталып, жүйеленіп, түсініктерімен Түркияға жіберілді. Ол үшін С.Сейфуллиннің он томдық шығармалар жинағының 6-томынан 1924 жылы Түркия туралы жазылған мақаласы, 1914 жылы жарық көрген алғашқы өлеңдер жинағы «Өткен күндер» мен Т.Кәкішұлының «Сайыс» атты еңбегі пайдаланылды.

С.Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына орай ақынның музыкалық мұрасын жинақтау мақсатында Қазақ радиосының директоры М.К.Садыққа Қазақ радиосы мен Шалқар радиосының Алтын қорындағы С.Сейфуллиннің әндерін орындаған әншілердің барлық дауысын жинақтауға көмектесу туралы хат жолданды. Нәтижесінде Қазақ радиосы мен Шалқар радиосындағы С.Сейфуллиннің әндерін орындаған әншілердің барлық дауысы алынып, мұражай қорына қосылды.

Жаңадан табылған С.Сейфуллиннің «Қоштасу» өлеңіне ғылыми –зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қарағанды облысы Атасу ауылының ақынының 120 жылдығына «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде «Туған жерден түлеп ұшып, ұлт мақтанышына айналған тұлғалар» республикалық ғылыми-тәжрибелік конференцияға мұражай қызметкерлері қатысты.



Ғылыми-қор жұмысы

Жыл ішінде түскен материалдарға ғылыми сипаттама мен инвентарлық карточкалар дайындалды.

2014 жыл бойы қор комиссияларының отырыстары өткізіліп, мұражай қорына С.Сейфуллинге қатысты материал алынып отырды. Барлығы алынған 103 дана, оның ішінде негізгі қорға 15 дана, ғылыми-қосымша қорға 88 дана.

Ғылыми-реставрациялау жұмысы

Реставрация болған жәдігерлер: С.Сейфуллиннің баспа машинасы «Ундервун», трость 1929 ж., зонт 1920 ж., жамылғы 1920-1930 жж., чемодан, дастархан.



Прессамен жұмыс

«Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Астана ақшамы» газеттерінде мақалалар және б., «24 KZ», «Қазақстан», «Хабар» телеканалдарында сұхбат берілді.

Кітапханалық қызмет

Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазіргі кезде біртұтас құрылымда ұйымдастырылып біріккен жалпы қолжетімдегі 23 кітапханасы қызмет етеді: оның ішінде 1 М.Әуезов Атындағы Орталық қалалық кітапхана, 15 көпшілік кітапхана, 1 Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы, 5 балалар кітапханасы және 1 Көзі көрмейтін көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана. Оның жарты миллионнан аса кiтап қоры және 69 мыңнан аса қолданушылары бар.


Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде есеп беру кезеңінде келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

«Қазақстан-2050»; «ЭКСПО – 2017».

Барлық кітапханаларда осы тақырыпты ашатын: «ЭКСПО -2017»; «Адамзат ертеңі-жасыл энергия»; «Астана – білім қаласы» кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер жұмыс істейді.

Көптеген шаралар ішінде ең қызықты болғандары:

- кітапханалық сабақ – «Достым, асық кітапханаға!» - №8 балалар кітапханасы;

- танымдық сабақ – «Ғаламтор маған көмек болмады, кітап маған бар сұраққа жауап береді!» - №8 көпшілік кітапхана;

- әдебиеттер беттеріне саяхат – «Қызықты кітаптар марафоны» - №3 балалар кітапханасы;

- әдеби ойын сұрақ-жауабы – «Біз дұрыс оқи білемізбе?» - №10 көпшілік кітапхана;

- кітапханалық сабақ -«Тәрбие тамыры - кітапта» №2 көпшілік кітапханасы және т.б.

Халықаралық балаларды қорғау күніне – 1 маусымда таңнын атсынан қаланың әршетіндегі барлық қалалық кітапханаларда балалар сауық сайран салды.

Кітапхана қызметкерлері жасбүлдіршін оқырмандарға ойынсауықтық жұмыс түрлерін дайындады.

Ең қызықты өткендері – жазғы коктейль «Жаз+Кітапхана: Керемет демалыс» және «Күн, ауа және су –біздің мәңгі достарымыз» жазғы кездесулер Жеңіс даңғылында тұратын балаларды жинады. Осы шараларда өз білімдерімен тапқырлығын №3 балалр кітапханасы көрсете білді.



«Оқы, Астана! Читай, столица!» РRакциясы өтті.

РR – акцияға біздің барлық оқырман ОКЖ КММ сайтындағы «кітап үйінділері» , бейнероликтер оқулары арқылы виртуалды да, өз еркіменде қатыса алды.

Үш жылдан аса кітапхана қызметкерлері «Оқы, Астана! Читай, столица!» РR – акциясын өткізіп келеді. Бұл әлеуеттік оқырмандарды тарту, кітап пен оқуды ізгілендіру, кітапханаға жарнамам жасаудың оңтайлы мүмкіндігі.

26 маусым Халықаралық нашақорлықпен күресу күніне салауатты салтты өмірді насихаттау бойынша біршама шаралар өтті: «Адам және оның кінәрәты»; «Жақсы әдептер еліне»; «Өмір сүру қауіпсіздігінің негізі»; «Мейірімділік –ұлы құндылық»; «Есiрткi туралы аңыздар мен шындық» денсаулық сағаты.

Мақсаты- қылмыстық жасау мүмкіншілдігінің, қараусыз қалу және есірткі құралдарын қолданудың алдын алуда, баларды сауықтыруға бағытталған, әлеуметтік сауықтыруға дағдылану. Танымдық мақсаты – есіртікге теріс көзқарасын қалыптастыру, оқырманды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Тәрбиелік мақсаты- құқықтық санасын қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеу.

Мемлекетіміздің қоғамдық, мерейгерлердің, мемлекеттік қайраткерлердің шығармаларымен таныстыру мақсатында төмендегі іс-шаралар өтті:



  • Қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтың 110жылдығы;

  • Сәкен Жүнүсовтың туғанына 80жыл;

  • Әлия Молдағұлованың туғанына 90жыл;

  • Археолог Әлкей Марғұланның 110 жылдығы;

  • Жазушы Ілияс Жансүгіровтың 120 жылдығы;

  • Махамбет Өтемісовтың 210 жылдығы;

  • Әдібаев Хасен Әдібайұлының 90 жылдығы;

  • Сәкен Жүнүсовтың туылғанына 80 жыл;

  • Уильям Шекспирдің туылғанына 450 жыл;

  • Иван Крыловтың туылғанына 245 жыл;

  • Павел Петрович Бажовтың туылғанына 135 жыл;

  • Юлий Друниннің туғанына 90 жыл;

  • Владимир Романович Гундаревты еске алу.

Біліктілігін көтеру

Бүгiндері ОКЖ кадрлармен жұмыс жүргізуде жеткiлiктi тәжiрибесi бар. кiтапханалық қызметкерлердiң мамандығын жетiлдiру қалыптасқан басқару жүйесi бiздiң қоғамда болып жататын өзгерiстердi есепке алуымен жыл сайын жетілдіріп, қайта жаңғырып отырады.

Мысалы, осы жылы кітапханашылардың мамандығын жетілдіруге көмек ретінде 20 аса кітапхана теориясы мен тәжірибесі бойынша оқыту сабақтары жүргізілді. Жаңадан қабылданған жұмыскерлерге тәжірибелік сабақтар, сынау мерзімдері жүргізіледі. Қазіргі заман жағдайында кәсіби әдебиетерді оқу-мамандықты жетілдірудің ең қолжетімді әдісі, ол кітапханашының өзеркімен білімін жетілдіруді бізге мақсаты басқаруға мүмкіндік береді.

Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімі кітапханашылардың біліктілігін көтеруге көмек ретінде «Мен шығармашылық табыстарым», «Шеберліктің құпиясы» кітап көрмелері ұйымдастырылған.

Сәуір айында 50-ден аса кітапханашылар біліктілігін жоғарлату бойынша Iprof Consultinq орталығы өткізген «Кiтапханалардың қызметiнiң қазiргi аспектері" атты ақылы курстарын өтті. Барлық кітапханашылар сертификаттар алды.Кітапханалардың алдыңғы қатарлы мамандары Қарағанды қаласында өткен "Кiтапханалық қызмет көрсетудiң жаңа формалары" атты пікір таласу- семинарына қатысты. Семинар үш бағытта өтті – «Кiтапханалық инновациялардың теориялық негiздерi»;

"Кiтапханалардағы маңызды инновациялар"; "Инновацияларды енгiзудің негiзгi проблемалары".

Оқыту, зерттеу және дауларды шешу Орталығында Қазақстан Республикасы Кәсiподақтардың федерациясыосы жылдың 3-4 қыркүйегінде «Кәсіподақтар ұйымдарын тиімді басқару» тақырыбына семинар өткізді. Семинарға қалалық жүйе кітапхана қызметкерлеріде қатысты.

Кітап қорын жетілдіру

Кітап қорын қалыптастыру үш түрі бойынша іске асырылады: өтпелі – басып шығарылған баспалармен толықтыруды білдіреді;ретроспективті- жетіспеген өткен жылдарда шығарылған құжаттарды сатып алу; толықтыруды шектеу –мазмұны бойынша ескірген, тозған, профильді емес және артық қайталанбалы даналарды қордан босату.

Жүйе кітапханалары қорын толықтыру жылсайын толықтыру жоспарлы жолымен , мемлекеттік сатып алу, тегін беру, сыйға беру бойынша, мерзімді басылымдарға жазылуарқылы жүргізіледі. Кітап қоры негізгі басылымдар мен қатар ақпарттық тасымалдауларда және барлық негізгі білім салалары бойынша деректерді құрайды.

Кітап сатып алуға 6. 220 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражат толық игерілді.

Министрліктің бөлуімен Қазақстан баспасынан тегін 4452 мың, соның ішінде 4000 мың мемлекеттік тілде кітап келіп түсті.

Мерзімдік баспаларға 6259000 мың теңге бөлінді. Оның 3129500 теңгесі 2014 жылдың жартыжылдыгында, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 3129500 теңге.

Есеп беру кезеңінде «Наурыз» мерекесін дайындау мен өткізуде елордамыздың мәдениет мекемелері мен шығармашылық ұжымдары белсенді қатысты. «Қазақ елі» монументі жанында 40 киіз үй орнатылды. 21 наурызда театрландырылған іс-шаралар, халықтық серуендер және мерекелік концерттер өтті. Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына ұлттық қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. 22 наурызда «Қазақ елі» монументі жанында өңірлік шығармашылық ұжымдардың мерекелік концерті өтті. Сонымен қатар қалалық алаңда қазақстан жұлдыздарының қатысуымен жастарға дискотека ұйымдастырылды және «Қазақстан» Орталық концерт залында ақын және композитор Серікзат Дүйсенғазиннің «Перзент тілегі» атты концерті өтті.



7-13 сәуір - Қазақстанның 12 қаласынан жиналған 14 әнші республикалық додада бақтарын сынап, көрермен көзайымына айналуға және бас жүлдеге тігілген «Жас қанат» алтын қанатын иелену үшін барын салды.

Ән байқауына әр өңірден келген жас дарын иелеріне қызықты бағдарлама дайындалған. «Жас Қанат-2014» байқауының нәтижесі бойынша елордалық Эльдар Омаров жеңімпаз атанды, екінші және үшінші орынды Оралдан Нұрсұлтан Қарабалин мен Астанадан Бағдат Батыржан атты өнерпаздар алды. Байқау финалында конкурстық бағдарламадан бөлек қазақстандық жұлдыздар Бақыт Шадаева, Ерлан Көкеев, Димаш Құдайбергенов ән шырқап, келесі жылы өтетін байқауға үміткерлер өз өнерлерін паш етті.(Опера залы).



1 мамыр елорда тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан халқының бірлігі күніне көптеген іс-шаралар өтті. Іс-шарада фестивальдер, отандық эстрада жұлдыздары мен Астананың шығармашыл ұжымдарының концерттері, спорттық сайыстар, түрлі көрмелер және жәрмеңкелер ұйымдастырылды. «Қазақ елі» монументі алдында 3 жерде сахна қойылып, қазақстандық эстрада және елорданың этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен концерттер өтті. 15 сауда орындары, ресторандар мерекеге келушілерге қызмет көрсетті.

10-16 мамыр аралығында Ресей халық әртісі Денис Мацуевтың қолдауымен «Astana Piano Passion 2014» жас пианистердің II –Халықаралық классикалық музыка фестивалі өтті. Конкурстың қазылар алқасы Денис мацуев (Ресей), Екатерина Мечетина (Ресей), Жәния Әубакирова (Қазақстан), Төлеген Мұхамеджанов (Қазақстан), Мишель Берофф (Франция), Хюнг Джун Чанг (Оңтүстік Корея). Конкурс шеңберінде қазылар алқасы Мишель Берофф (Франция), Хюнг Джун Чанг (Оңтүстік Корея) шебер-класстар өткізді. Жартылай финалға 11 елден 30 бала қатысты. Кіші топтан қазақстандық Санжарәлі Көпбаев, орта топтан – Хрикули Давит (Грузия), жоғарғы топтан – Боцак Александр – Кадмиель (Румыния) жеңімпазы болды.

3 шілдеде Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана жұлдызы» Музыкалы премия өтіп, оған қазақстандық шоу-бизнестің жұлдыздары қатысты. Іс-шара төмендегі номинациялар бойынша марапатталды: үздік әйелдер ұжымы, жыл дебюті, жыл әні, мәтіннің үздік авторы, үздік композитор, үздік клипмейстер, үздік бэнд, үздік би ұжымы.

5 шілдеде Абай ескерткішінің алдында «Мәңгілік Ел – Қазақ Елінің Ұлттық болашағы» атты кітап және поэзия мерекесі өтті. Іс-шараның бас идеясы - оқырмандардың қызығушылығын арттыру, мектеп оқушылар мен шығармашыл жастардың ақындық қабілеттерін анықтау, мәдениетке және кітап оқуға тарту. Мереке бағдарламасында: «Әдебиет әлемінің мақтаныштары» әдебиет променад, «Астана-Болашақтың қаласы» поэзиялық марафон, «Үш Бәйтерек» көркем оқуының байқауы, «Читай столица!» промо-акция, кітапханалар қызметкерлерінің қатысуымен флеш-моб, «Мәңгілік Ел - Қазақ Елінің Ұлттық Болашағы» кітап экспозициясы, сонымен қатар кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

5 шілдеде «Астана. Evolution» атты фотокөрмесінің ашылу рәсімі өткізілді, фотокөрмеде Қазақстан мен Ұлыбритания фотографшыларының 80 жұмыстары ұсынылды. Осы іс-шара қала қонақтарына Астананың көрнекті орындарымен танысуға мүмкіншілік берді.

Сонымен қатар Театрлар да өз үлестерін қосты. 1 мен 6 шілде аралығында Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық музыка-драма театры мен М.Горький атындағы Орыс Мемлекеттік академиялық театрларында «Сахнадан сәлем» атты ІІ театрлық фестиваль өтті. Бұған Костанай облысының орыс драма театры, Павлодар қаласының Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драмалық театры, Жезқазған қаласының С. Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драмалық театры, М. Горький атындағы Мемлекеттік Республикалық орыс драма театры (Махачкала қ., Дагестан), Акмола облысының орыс драма театры, Ғ. Мүсірепов атындағы жас көрермендер театры, Актау қаласының қуыршақтар театры, Түркияның Мемлекеттік театры, Айгүл Иманбаеваның театрлық-музыкалық орталығы қатысты. Фестиваль мақсаты – ең үздік қазақстандық спектакілдердің тұсауын кесу, сонымен қатар шет ел көрермендерінің жақсы көріп қызықтаған спектакл қойылымдары. Фестиваль аясында астаналық қазақ және орыс театрларының «Тіл табысқандар» мен «Гнездо воробья» атты премьералар көрерменге ұсынылды.

  Астана күнін мерекелеуде үлкен аншлакпен концерттер өткізілді. Мысалы, 4-шілдеде «Астанаға тарту» атты қазақстанның дәстүрлі әншілерінің мерекелік концерті өткізілді, жүргізуші Бекболат Тілеухан. Концертте белгілі 5 мектептің өкілдері өзінің шеберлігін көрсетті, олар ішінде Арсланбек Солтанбек (Рессей), Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Ибрагим Ескендір, Серік Оспанов, Эльмира Жаңабергенова (Астана).

5 шілдеде «Қазақстан» Орталық концерт залында Мейрамбек Беспаевтың жеке концерті өтті. Аталған концертке «МузАрт» тобы, Алтынбек Қоразбаев, Тоқтар Серіков, Сандуғаш Стамғазиева, Жанар Айжанова, Мөлдір Әуелбекова және «Тарту» тобы қатысты. Мейрамбек Бесбаев ретростилдегі әдемі әндердің орындаушысы болғандықтан концерттері аншлагпен өтеді.

5 шілдеде Конгресс-Холлда «Ән жүрегім-Астана!» атты гала-концерт өтті, онда Астана туралы әдемі әндер айтылды. Астана арман қала ретінде жастарға серпініс беруде, сонымен қатар ақындар мен композиторларға шабыт берді және де дарындыларға өз творчествасын көрсетуге жол ашты.

6 шілдеде «Көңілді Астана» атты сатира және әзіл кеші өткізілді. Осы кеште Көңілді тапқырлар театрының актерлері өздерінің қайталмас жанырында сүйікті Астана туралы, осы қалада жоғарғы білім алып, оқуға түсіп, жанұя мен карьераны құрып, бақытын табу болатынын айтып қызық кеш өткізді.

6 шілде күні Қазмедиаорталығының ғимаратында «АЯЛАҒАН АСТАНА!» атты Республикалық балалар байқауының поп-орындаушылардың гала-концерті өтті. Ол дарынды балаларға жол ашу, өзін-өзі таныту мақсатында ұйымдастырылған шара болды. Байқауға жасы 8 бен 12 аралығындағы поп-музыкалары жанрында ән шырқайтын балалар қатысты. Байқау 3 кезеңде өткізілді, іріктеу турына қатысқан 900 балалардан 17-сі ғана өтті. Барлық балалар диплом және бағалы заттармен марапатталды.

6 шілдеде «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының үлкен залында «Концерт на Родине» атты классикалық музыка кеші өткізілді. Аталған кеште халықаралық деңгейдегі музыканттар өнер көрсетті, олар Жолдыбаев Қайржан, Сара Найман, Әмір Тебенихин, Ержан Құлыбаев. Концерттін бағдарламасында П. Чайковский, Ф. Легара, Дж. Верди және қазақстандық авторлардың шығармалары болды.

Көптеген басқа да қызықты, тартымды мерекелік көңіл-күй көтеретін шаралар ұйымдастырылды, солардың бірі 5 мен 7 шілде аралықтарында отбасылық «Айналайын» атты мерейтой өтті. Аталған шараға сайқымазақтар, вокальдық студия және әр жанрдағы әртістер қатысты.

Бүгінде Астана өзінің түнгі көріністірімен де мақтана алады. Әдемі шамшырақ, демалыс орындар, жастар күндіз қалай жұмыс істей білсе, солай түнгі клубтарда қызықты демалыс өткізе алады. Соған байланысты халықтық серуен «Қайырлы кеш, Астана» атты түнгі көңіл-көтеру бағдарламасы аталып өтті. Бұл бағдарламада отандық эстрада, Астананың Мемлекеттік филармониясы, вокалдық ұжым, жарық шоу, қазақстандық эстрада жұлдыздары және маман диджеингтер өнер көрсетті. Астананың түнгі демалысын ашық аспанда мега дискотека «Студенческий» паркінде және Орталық алаңда өткізді.

Қазақстанның астанасында әртүрлі халықаралық жиындар өтті, оның жалпы бағыты жалпымәдениет диалогы тұрғысында болды.

Астана мерекесіне орай 1 мен 8 шілде аралығында Астаналық циркте «Азия жаңғырығы» атты VІІ Цирк өнерінің халықаралық фестивалі жүргізілді. Бұл шараға Қытай, Вьетнам, Моңғолия, Ресей, Якутия, Украина және Өзбекстан елдерінің әлемге танымал әртістері мен жүргізушілері қатысты. Фестивалдің бағдарламасында: ауа гимнастары, жонглер–виртуоздар, акробаттар, экзотикалық жануарлардың аттракционы, жонглерлер, акробаттар мен сайқымазақтар. Фестивальдің қазылар алқасында Украина, Ресей, Татарстан, Вьетнамдағы цирк өнерінің майталмандары болды.

3 шілде күні Астананың даңқы арта берсін деп, «Келешек қала» атты жастарға арнап, инновация орталығы, аумақтық туризм және инвестиция, «ASTANA EXPO-2017» халықаралық көрме орны ретінде ТМД аралық «Жоғарғы Қазақстандық Лига МС КВН» қатысуымен Астана Кубогі үшін КВН Халықаралық фестивалі өткізілді.

3 мен 7 шілде аралығында «Бәйтерек» монументальды ғимарат алдында «Шаттық» атты Жас таланттардың Халықаралық фестивалі өткізілді. Жас әншілір, бишілер, халық әнін орындаушылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді. Сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Литва, Қытай, Түркия, Болгария, Тәжікістан, Израиль, Саха Республикасы, Беларусия, Әзірбайжан, Татарстан, Латвия, Грузия елдерінен де үміткерлер қатысты. Фестиваль әр түрлі жанрларда өткізілді: вокал, хореография, фольклор, инструменталды, сұлулық театры, өзгеше жанр. Жас таланттардың орындау мәнерлерін құрметті де және профессионалды қазылар алқасының мүшелері бағалады, олар: Төлегенова Б.А., Ақдаулетова К.А., Дүйсекеев К., Швилье Е. (Латвия), Томский А.И. (Ресей), Николай Текелиев (Болгария).

5 шілдеде Орталық алаңда «ISDS in Astana 2014» атты Көше билерінің халықаралық фестивалі өткізілді. Іс-шараның негізгі идеясы – көше мәдениеті мен оның би бағытын түсіндіріп тарату. Осы шараға Hozin (Япония), Marty Kudelka (США), Niako (Франция), Weon G (Корея) және тағы басқалар шақырылып қатысты.

5-6 шілде аралығында «Астана Самалы» атты Үрмелі оркестрінің халықаралық фестивалі өткізілді. Осы шараға Барнаул қаласының үрмелі концерттік оркестрі (РФ), Тыва Республикасы Үкіметінің үрмелі оркестрі (РФ), Астана қаласы Мемлекеттік филармонияның үрмелі оркестрі, Алматы қаласы Ұлттық гвардияның үрмелі оркестрі, Республикалық гвардияның Президенттік үрмелі оркестрі. Аталған оркестрлердің орындауындағы музыка елдің көңіл-күйін көтеріп, көпке дейін есте қалатынына куә болдық.

25 мен 27 шілде аралығында Астана әкімшілігінің көмегімен «Астана-2014» Халықаралық авторлық әндер фестивалі өткізілді. Бұл фестиваль дәстүрлі Қарағанды трассасының бойындағы «Причал» атты демалыс орнында өтті. Фестиваль қонақтары әйгілі авторлар мен орындаушылар Александр Дулов, Александр Суханов, Виктор Луферов, Михаил Кочетков, Ирина и Михаил Столяры, Андрей Ширяев, Раиса Нурмухаметова (Мәскеу қ.), Юрий Кукин и Евгений Клячкин (Санкт-Петербург қ.), Андрей Козловский (Вологда қ.), Геннадий Перевалов (Екатеринбург қ.), Шухрат Хусаинов (Самара қ.), Ольга Качанова, Вадим Козлов (Алматы қ.), Николай Старченков (Тюмень қ.), Леонид Мараков (Краснотурьинск қ.), Жеңіс Ысқақов (Омск қ.), Сергей Аксенов (Иваново қ.), Мереке Ысқақов (Красноярск қ.). Конкурсанттар және қонақтар арасында челябинскілік, екатеринбургтік, омскілік және алтайлық клубтарының авторлық әндері қатысты.

21-26 қыркүйекте «Қазақстан» Орталық концерт залында Бибігүл Төлегенова атындағы VII Халықаралық вокалистер конкурсы өтті.

2014 жылдың 31қазан 2 қараша аралығында Париж қаласында Астана күндері өтті. 31 қазанда «Пале Рояль» алаңында «Қазақ ауылы» экспозициясының ашылуы өтті. Концерттік бағдарламада қазақ халық аспаптар оркестрі, «Шалқыма» би ансамблі, «Тұран» этно-фольклорлық топ, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының орындаушылары өз өнерлерін көрсетті. 2 қараша күні «Opera Bastille» театрында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Азия дауысы» атты Гала-концерті өтті.

26 қазанда Бейбітшілік және келісім сарайында Turkvizyon-2014 екінші Халықаралық байқауы өтті. Turkvisуon-2014 әнші Жанар Дұғалова жеңімпаз атанды.

3-8 қарашада XVII Халықаралық «Шабыт» фестивалі өтті.

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

29 қарашада – «Қазақстан» ОКЗ актриса А.Иманбаеваның концерті.

1 желтоқсан – Бейбітшілік және келісім сарайында «Әлем операсының жұлдыздарының» Гала-концерті.

9 желтоқсан Бейбітшілік және келісім сарайында елорданы көшірудің 16 жылдығына арналған концерт.

10 желтоқсан Астана қаласы әкімінің Эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерті.

14 желтоқсан – «Конгрес Холлда» республикалық айтыс ҚР Тәуелсіздігіне орай «Жұлдыздар айтысы»

16 желтоқсан – «Қазақстан» ОКЗ Мәдениет қайраткері А. Жорабаеваның «Қазақстаным алға!» атты концерті.



Жаңажылдық мерекелер елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап ҚР Президенті Н. Назарбаевтың атынан балалар шыршасы «Мәңгілік Елдің қасиетті құндылықтары», Астана қаласы әкімінің атынан жетім балаларға және дарынды балаларға арналған, «Жастар сарайы», «Конгресс-холл», «Астаналық цирк» мерекелер өтті,

26 желтоқсан «Астана» ҰКГ «Дін мен дәстүр егіз ұғым» атты кеш. Қалалық алаңда, «Хан Шатыр» ОСО, Есіл бойында, сондай-ақ Абылайхан және Пушкин көшелерінің қиылысында қазақстандық жұлдыздардың, Мемлекеттік филармония әртістерінің қатысуымен мерекелік концерттер өтті.



Барлығы есеп беру кезеңінде Астана қаласының ведомствоға қарасты мекемелерінде 7041 іс-шара өтіп, 2 724 145 адам қатысты.
Алдағы кезеңге қойылған міндеттер

    1. Тарихи және мәдени мұраны бұдан әрі сақтау. Тарихи-мәдени мұра объектісін сақтау мақсатында «Бұрынғы мұсылман мектебі» ХІХ ғасырдағы архитектура және қалақұрылысы ескерткішіне жөндеу-реставрациялау жұмыстарын аяқтау.

    2. Еліміздің және елорданың келбетін көтеру бағытындағы жұмыс.

    3. Оқиғалық іс-шараларды ұйымдастыру.

    4. Салауатты, белсенді өмір салтын идеологиялау, заңға бағынушылық, құқықтық сананы жетілдіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.



Мәдениет басқармасы басшысының

орынбасары Н. Мұхамбеталина

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет