Мәдениет және өнер” институты “Көркем-қолданбалы өнер және кәсіби білім” кафедрасы 050120 «Кәсіптік оқыту»



бет4/8
Дата22.08.2017
өлшемі1,64 Mb.
#24293
1   2   3   4   5   6   7   8

7 кредит саны

6 дәріс



тақырып: Композицияның гармониялық тәсілі.

Дәрістің мазмұны:

  1. Костюмнің мәнерлі композициясы.

  2. Симметрия және ассиметрия.

Мақсаты: Костюм құрастыру композициясының заңдылықтарын қарастыру.

1. Костюмнің мәнерлі композициясы.

Киім дизайнында барлық пішін құру заңдылықтарын анықтайтын композиция болып келеді. Композицияның мақсаты функционалды, құрастыру және эстетикалық құндылығы бар заттарды шығару. Жобаны анықтайтын тәсілдер: контраст, ньюанс, тождество, масштаб, симметрия және ассиметрия, статика және динамика.



Контраст – пішіннің, өлшемнің пластиканың, түстің, өң сипатының ерекшелігін анықтайды, ол пішін түрінің бөлектігін,мәнерігін көрсетеді. Ньюанс – элементтердің бір-бірінен кішкене ерекшілігі, киімдегі құрастыру сызықтарында, бөліктерде, түстерінде, өң сипатында, бірдей пішіндердің өлшем айырмашылығында, мысалы, пішіннің үлкейуі және кішірейуі. Тождество – пішіндердің, түстің, өң сипатының, өлшемнің бір-бірімен тепе-теңдігі. Масштаб – костюм пішінінің және элементтерінің фигураға сәйкестігі.

2. Симметрия және ассиметрия.

Симметрия – бірдей бөліктің заңды түрде өз ара тең орналасуы. Симметрия түрлері:

  1. Классикалық симметрия – қарапайым қабылдауға , көп кездесетін түрі. Заттың жартысы немесе композиция жартысы айнадай шағылысып екінші жартысын құрайды.

  2. Орталық ості симметрия – орталық остен тең бөліктер бірдей орналасады және бұрған кезде тегістей жақындайды.

  3. Бұрандамен серпенің симметриясы – композицияның өз ісінен айналдыру кезінде элементтер бір жазықтықта орналасып ортаға қарай жақындайды.

Костюмде симметрия кездеседі: қалтада, йықтарында, жағаларда, жеңде, өңірде.

Ассиметрия – бұл композицияның ұқсас емес екендігін анықтайды. Костюм композициясы ассиметрия негізінде құралса ол күрделі болып келеді, Ассиметриялы пішінде тігілген киім оның пішіліу бөлек болады.Киім тігер алдында ассиметриялы пішін вертикаль, горизонталь, диагональ, болуы мүмкін.ассиметриялы шарфты мойынға ораған кезде бірыңғайлықты, реттілікті білдіреді.

Тексеру сұрақтары:

  1. Контраст деген ұғым

2. Ньюанс айырмашылығы

  1. Тождество нені білдіреді

  2. Масштаб қалай түсінесіз

  3. Симмметрия түрлерін атаңыз

  4. Ассиметрия қалай анықталады.

Әдебиет: Г.М. Гусейнов, В.В. Ермилова, Д.Ю. Ермилова. – «Композиция костюма» Москва 2003 г, 87-90 бет.

3 апта

9 кредит саны.

7 дәріс



тақырып: Костюм композициясының түстік шешімі.

Дәрістің мазмұны:

  1. Түс теориясы.

  2. Түс – костюм композициясының құралы ретінде.

Мақсаты: Композициядағы түстің орнын анықтау және оның түрлерін белгілеу.

  1. Түс теориясы.

Ғалымдар, суретшілер ежелден түстерді зерттеген. Түстің ғылыми зерттеулері 19 ғасырдың басынан Гете, Гельмгольц, Освальд т.б. байланысты. Леонардо да Винчи, түстік теорияны зерттей отырып, ол басты 5 түсті анықтаған: сары, көк, қызыл, жасыл, ақ, ол белгілеген: ақ-жарық, сары-жер, жасыл-су, көк-ауа, қызыл-от. Ежелгі Гректік ғалым, философ Аристотель түстік белгілерді анықтаған: ақ-ауа, сары-от, қара-жер, фиолетовый және малиновый түстерді керемет деп есептеген. Ағылшындық математик және астроном И.Ньютон, түстік үйлесімділікті зерттей жүргізіп ол, түсті музыка ноалармен сәйкестірген: до-қызыл, ре-оранжевый, ми- сары, фа- жасыл, со-көгілдір, ля-көк, си-фиолетовый.

2. Түс – костюм композициясының құралы ретінде.

Түс – қошаған ортадағы затты көз мүшелерінің көруі арқылы сезінуі. Түсті айыру, көркемдік бейне құра отыра оларды үйлесімді байланысын орнату, осы білімін анықтауға көмектесетін факторлар:

    • Түстік тон – түстің сапасы, мысалы, табиғи түстер күн спектрі арқылы болады.

    • Ашықтық – ақ түстермен қара түстердің айырмашылығы, мысалы, ашық түстерге ақ түсті келтіруге болады, қанық түске қара түсті келтіруге болады, спектр түстердің ішінде сары түс- ең ашық түс, қанық түс- фиолетовый болып табылады.

    • Қанықтық – түстің қанықтығы түстің белсенділігін анықтайды, қоспалары жоқ болып келеді.

Колорит – түс, бояу, түстің жүйелі түрде үйлесімділігі, нақты бірлігін құрайды, бояудың эстетикалық нақышы ретінде саналады. Колорит эмоционалды мәнерлі құралы, көркемдік бейнелеу өнерінің компоненті.

Түстерді екіге бөледі: хроматикалық, ахроматикалық. Ахроматикалық түстер – ақ, қара, осы түстердің үйлесімділігі. Хроматикалық түстер – қанық түстер.



Тексеру сұрақтары:

1. Түстік теория



  1. Ахроматикалық түстер

  2. Хроматикалық түстер

  3. Түс деген нені білдіреді

  4. Колорит анықтамасы

  5. Түсті қай ғасырдан бастап зерттеген

Әдебиет: Г.М. Гусейнов, В.В. Ермилова, Д.Ю. Ермилова. –

«Композиция костюма» Москва 2003 г, 91-93 бет.


10 кредит саны

8 дәріс



тақырып: Графикалық үлгілеу

Дәрістің мазмұны:

  1. Жоба – графикалық бейненің түрі.

  2. Графикалық үлгілеу.

Мақсаты: Композицияны зерттеу кезіндегі графикалық үлгілеудің негізін анықтау.

  1. Жоба – графикалық бейненің түрі.

Графика – жазу, бейнелеу өнерінің бір түрі (грфюра, литография, монотипия), сурет өнерінде негізделген, бірақ өзінің бейнелеу және мәнерлік құралы бар. Графика дизайн жобалауының кәсіби құралы болып есептеледі, сондықтан ол жоба міндетінің қалыптасуына және түрлі әдістерін ізденуге, оның дамуына көмектеседі. Графика дизайнер ойының жобалау кезіндегі нақты шешіміне ауысуы.

  1. Графикалық үлгілеу.

Киімді графика-жоба үлгілеудің бірнеше түрге бөлуге болады:

    • набросок – бастапқы графикалық ой;

    • ізденіс сурет – графикалық жұмыс бұйымының бөлшектерін ойластыру;

    • эскиздік жоба – жобаның бейнелік шешімін табу, материалын, қосымшаларын таңдау;

    • сызбасын құрастыру;

    • құрастыру арқылы макетін материалда қолдануы.

Жоғарыда айтылған әдістердің бастысы эскиздік жоба, оның нақты талаптары бар: мәнерлік, түсініктік, анық мазмұны. Эскиз түрлі графикалық тәсілдерден тұрады:

    • ізденіс эскиз – жобаның идеясын салу,

    • эскиз беру – таспа графикасында орындау;

    • техникалық эскиз – адам фигурасымен бұйым пропорциясымен анық сәйкестігі.

Графикалық үлгілеу міндеттері:

    • жобаның басты идеясын белгілеу;

    • жеке бейненің шешімін табу, көбейтуі мүмкін;

    • қосымшалары керек емес болса кетіру, графикалық тазалау.

Диплом жобаны жасаған кезде ізденіс эскиздерін орындайды, сонымен қатар коллекцияны планшеттерде орындайды.

Тексеру сұрақтары:

  1. Графика термині

2. Набросок

  1. Эскиз жобалау

  2. Ізденіс эскиз деген нені білдіреді

  3. Үлгілеу міндеттері.

Әдебиет: Г.М. Гусейнов, В.В. Ермилова, Д.Ю. Ермилова. –

«Композиция костюма» Москва 2003 г, 104 - 108 бет.



11 кредит саны.

9 дәріс



тақырып: Үлгілеу және макеттеу

Дәрістің мазмұны:

  1. Графикалық үлгілеу негізі бойынша тапсырма.

2. Нүктенің орналасуы.
Мақсаты: Композицияның басты заңдылықтарын белгілейтін бөлімі болып табылады.

  1. Графикалық үлгілеу негізі бойынша тапсырма.

Композиция заңдылықтарының негізін қалайтын бөлім болып графикалық үлгілеу. Арнайы ЖОО композиция негізін оқитын “Композиция негізінің пропедевтикалық курсы” деп аталады.

Пропедевтика – ғылымға алдын – ала курстың, жүйелі элементті түрде кіріспе. Бұл тапсырмаларды орындаған студенттер, бастапқы кәсіби білікті жинау:

    • жүйелі анализ және синтез тәсілін қолдану;

    • берілген құралмен басқару;

    • өз жұмысын берілген тапсырма арқылы бағалау.

Пропедевтика курсы студенттерді шығармашылық процесс негізімен таныстырады. Болашақ киім дизайнерге образ-ассоциациялық ойлауды дамытады, бейнелік мәнерлікке үйретеді. Оқыту әдісі композициялық міндеттің жәй түрінен күрделі түріне дейін жүйелі оқытады. Дизайнер жұмысына қойылатын басты талаптары: элементтердің органикалық бірлігі; шешілетін міндеттің бейнелеп білдіру; құрал таңдау кезінде шектен шықпау; берілген тапсырма бойынша пропорция мен масштабтың сйкес келуі; эскиз жазықтығын ұйымдастыру; графикалық үлгілеудің мәдениеті, шешім еркешелігі, орындалу дәлдігі; тапсырманың жұмыс әдістемесі.

2. Нүктенің орналасуы.

Композицияның басты заңдылықтары болып графикалық үлгілеу болып табылады. Ең бірінші тапсырма беттің композициясы, графикалық жердің композициясы, нүктемен жердіңөзара байланысы. Ол үшін формат ортасына немесе қағаз бетіне кез келген бейне орналастырады. Қағаз бетіндегі бір нүкте жазықтықтықты ұйымдастырады: орталық ұйымдастырушы, төменге түсе бастаған, жоғары көтеріле бастаған; қағаз шетіне шыға бастаған. Екі нүктенің контраст болуы, екі нүктенің ньюанс болуы, екі нүктенің сәйкестігі.



Тексеру сұрақтары:

  1. Пропедевтика ұғымы нені білдіреді

  2. Студенттер қандай білім алады

  3. Дизайнер жұмысының талаптары

  4. Нүктені қалай орналастыруға болады

Әдебиет: Г.М. Гусейнов, В.В. Ермилова, Д.Ю. Ермилова. – «Композиция костюма» Москва 2003 г, 104-108 бет
4 апта

12 кредит саны

10 дәріс

Тақырып: Силуэттің бейнесі.

Дәріс мазмұны:

  1. Ассоциациативтік костюмдердің силуэті.

  2. Контраст заңдылығы.

Мақсаты: Модельердің ассоциативті ойын анықтау.

  1. Ассоциациативтік костюмдердің силуэті

Ассоциация – көзқарас пен ойдың байланысы. Шығармашылықта ассоциациялық ойлау өте маңызды.

Костюмді әртүрлі заттық ассоциациялардан құрауға болады:

табиғаттан: аспан, жаңбыр, қар, жер, су, өзен, орман, теректер, гүлдер, тау, тастар, жапырақтар, жеміс-жидектер.;

жануар тектес: жәндіктер, құстар;

архитектуралар: үйлер, соборлар, шіркеу;

инженерлік ғимараттар: Эйфелевая башня, Бруклинский мост, метро, башня, аркалар;

тұрмыстық заттар дизайны: чайниктер, вазалар, компбютерлер;

интерьер элементтері: диван, кресла, жалюзи, рамалар, клемдер.

Силуэтке қойылатын келесі талаптар:


    • силуэт дәл салынуы қажет;

    • контурдың іші таза болуы керек (тушпен, гуашпен бояған кезде);

    • қағаз бетінде салған кезде композиция жоғары кәсіби деңгейлі болу керек;

Сонымен қатар силуэт салған кезде штрихпен орындауға болады, түрлі өң сипатымен. Қоршаған ортада ассоциация түрлі болады: заттық, жағдайға байланысты, абстрактты, психологиялық, иррационалды.

2. Контраст заңдылығы.

Әрбір ассоциация бірнеше вариантта болуы мүмкін - әдістемелік жағынан. Мысалы, “аспан” ассоциацияны алсақ ең алдымен силуэтін интииция арқылы орындау, содан кейін контраст заңын қолдана отырып аспан формасын дөңгелек форма өлшемін алыпсызамыз. Силуэтті статикалық түрге келтіру қажет, бір қалыпты жәй күйіне келтіру. Содан кейін силуетке қимыл беру-жан-жаққа, төменге немесе жоғарға. Силуэтке динмаика беру ішкі жағынан, сыртқы жағынан. Таңдаған ассоциацяны симметрия немесе верикаль осьті горизонталь, диагональ формасына айналдыру. Содан кейін тапсырманы ассиметриямен жалғастыру қажет. Силуэтке әртүрлі масштабты форма беру оған мәнерлік береді.



Тексеру сұрақтары:

  1. Ассоциация ұғымын түсіндіріңіз

  2. Табиғат ассоциация деген не

  3. Силуэтке қойылатын талаптары

  4. Композиция заңдылықтары

  5. Контраст заңдылығы

Әдебиет. Г.М. Гусейнов, В.В. Ермилова, Д.Ю. Ермилова. – «Композиция костюма» Москва 2003 г, 118-119 бет.
13 кредит саны

11 дәріс

Тақырып: Көлемді (объемный) пішінді құру.

Дәріс мазмұны:

  1. Көлемді композицияның құрылымы.

2. Контрасттық нәрселердің графикалық бейнелеуі.

3. Табиғат пішіндерін зерттеу.

4. Скульптуралық силуэттердің пішіндері.

Мақсаты: Көлемді пішінді түсу үшін табиғи формаларды анықтап зерттеу керек

1. Көлемді композицияның құрылымы.

Композицияда мынадай қасиеттерін білдіреді: урбанизация және табиғат, техника және лирика, архитектура және өсімдік дүние.

Студенттер ассоциациялы графикалық эскиздерді орындайды: тау –теңіз, тас –гүл, құрылыс – орман, архитектура –терек. Графикалық техника сызықтары анық көлемін анықтау керек, штрихтар, ақ –қара түсті аппликация көлемді формасмен болу керек.Табиғи формаларды зерттеу. Машина формасынан скульптуралық силуэттер құру. Графикалық форма және қасиетін анықтау.

Жәй геометриялық формаларды қолдану.

Графикалық техника сызықты бола алады, көлемін көрсете отыра сызық белгілейді, штрих арқылы көлемді форма беру, ақ-қар немесе түсті аппликация көрсете көлемін белгілеу. Көлемін өзгерту гуашь техникасын қолданған кезде білінеді. Тапсырмаларды графикалық орындаған кезде кеңістік, көлемді өң сипаты, колодец, туннель, метро, тау, құрлыс құрастырулары сияқты беріледі.

2. Контрасттық нәрселердің графикалық бейнелеуі.

Көлемді пішінді зерттеген пропедевтика оқытушысы И.Иттен, контраст түсінігіне келесілерін белгіледі: үлкен-кіші, жіңішке-жалпақ, ауыр-жеңіл, тұрақты-жалғаулы, ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, көп-аз, қою-сұйық, тегіс-бұдыр, қатты-жүмсақ, әлсіз-күшті.



3. Табиғат пішіндерін зерттеу.

Шығармашылық түпнұсқасы –табиғи жануар және өсімдік тектес пішіндер. Олар: пластика, ритмді қимыл, түрлі пішіндерді қосу, өң сипатын құру. Осы пішін арқылы силуэттер, бас киімдер, әшекейлер, костюм бөлігі, тұтас костюм зерттеледі.



4. Скульптуралық силуэттердің пішіндері.

Қызықты фантазиялық және эскиздік жұмыстарды инженерлік идея, машина пішіні, урбанизация, цивилизация өнімі арқылы алуға болады. Өң сипатын, монокомпозицияны, скульптура элементтерін жобалауға болады. Архитектуралық бөліктер пішіні, архитертура фрагменттері, алынып костюмге, бас киімге, әшекейге, құрастыру пішініне, сөмке, аяқ киімге үйлесетінін алып, ішіндегі ең қызықтысын қалдырады. Ең көрнекті шешім костюм бөлшектерін құрастырғанда: жаға, иініш, жең, қалта, қаусырмада.

Тексеру сұрақтары:


  1. Контрасттық ассоциация

  2. Графикалық сызық қандай болады

  3. Табиғи пішіндер

  4. Геометриялы пішіндердің әдісі

  5. Архитектура тақырыбына геометрилы пішінді бас киім

Әдебиет. Г.М. Гусейнов, В.В. Ермилова, Д.Ю. Ермилова. – «Композиция костюма» Москва 2003 г, 121-122 бет.


14 кредит саны

12 дәріс

Тақырып: Костюмдегі функцияны көрсету.

Дәрістің мазмұны:

1. Берілген фунцияларды көрсету.



  1. Түрлі тәсілдерді қолдану.

Мақсаты: Костюм композициясының қызметін анықтау.

1. Берілген фунцияларды көрсету.

Функция – орындау, іскерлік, міндет, жұмысты білдіреді. Киім дизайнерлеріне ең қолайлы тапсырма – материалдық раппорттық ритм арқылы графикалық эскиз жасау, мысалы: шашақ, сусылдақ, жылтық, жеңіл, тоқылған, қиылған, тігілген т.б. Осы берілген тапсырмаларға силуэт құру қажет, бас киім мен әшекейлері бар портрет, мықынға дейін жартылай фигураны, костюмнің нені орындайтынын көрсетіп және бар бойына толық фигураны.

Фигураны толық бойымен салған кезде, түрлі вариантта жұмыстар жүргізу керек, түрлі интерпретациялар қолдану керек, бұл іс-әрекетті фигураның жоғарыдан төменге дейін, жең, жаға, иық, бел сызығы, мықын сызығы, аяқ, аяқ киім, және толық фигураны қамту қажет. Қосымшалар ретінде: мойын орамал, белдік, перчатка, сөмке.



2. Түрлі тәсілдерді қолдану.

Тапсырманың мазмұны костюмді барлық сәндік, технологиялық тәсілдерді қолданып, ішіндегі бір әдісті таңдайды. Соңында жаңа идея, қызықты шешім табуға болады. Мысалы, (тента, бинт, тесьма, мойын орамал, мата жолағы, трикотаж, мех) сияқты жазықтан көлемді пішін алу үшін оларды байлау арқылы, бантакк, түймелікпен, ілмекпен, фурнитура арқылы әдіс қолданады. Силуэтті қарай отырып, композициялық заңдылықтарға еніге болады, контраст-нюанс-тождество, симметрия-ассиметрия, статика-динамика, доминанта, бағыныңқылық, ритм.



Тексеру сұрақтары:

  1. Функция ұғымы

  2. Раппорттық мата ритмі

  3. Қызық үшін киімге қандай нәрселерді қолдануға болады

  4. Байлау нені білдіреді

  5. Орау әдісі

  6. Қосу әдісі

Әдебиет. Г.М. Гусейнов, В.В. Ермилова, Д.Ю. Ермилова. – «Композиция костюма» Москва 2003 г, 123-128 бет.
5 апта

16 кредит саны

13 дәріс

Тақырып: Костюм композициясының иллюзиялары.

Дәріс мазмұны:

1. Көз қабылдауының ерекшеліктері.

2. Пішіндердің өзгеру иллюзиялары.

Мақсаты: Көз қабылдау әсерін түсіндіру.

1. Көз қабылдауының ерекшеліктері.

Иллюзия деген сөз шын нәрсені қисайуы, алдау әсері. Көз әсерінің қабылдауы. Барлық тәсілдердің ішіндегі ең жәй түрі образды тану – эталонымен салыстыру. Образды тану тәсілінің ішіндегі дәлелденген түрі – көз ақпаратының интерпретациясы. Арнайы әдісі:


    • интерпретацияны күрделендіре, ең алдымен кескінді жеңілдетеді;

    • бәсекелес бейнелерді құру;

    • мазмұны жоқ бейнелерді құру.

2. Пішіндердің өзгеру иллюзиялары.

Киім үлгілеуде иллюзия заңдылықтарын ескерген жөн. Иллюзия, шарт бойынша, шынайы фигураны идеалға жақындату: бойды ұзарту, фигураны жіңішкерту, иық енді болса кішірейту, кеудені үлкейту немесе кішірейту, белді жіңішкерту. Иллюзия немесе көз алдау, киімде баяғыдан қолданған. Костюм тарихынан көруге болады, үлкен юбкалар арқылы белді жіңішкерткен, аяқты ұзын ету үшін белді жоғарыдан қиған,вертикаль сәндік безендірулер арқылы бойды ұзартқан.

Вертикаль иллюзия көбейту, егер 1/3., вертикаль сызық ұзын болады горизонталь сызыққа қарағанда.

Толықтырылған иллюзия, кейбір кезде костюмнің безендірілген немесе бөлшектермен толықтырылған жері болып есептеледі.

Тік бұрыш иллюзия, фигураның иық бөлігін кеңейтеді, ал төменгі жағын жіңішкетеді.

Контраст иллюзия, үлкен пішін кіші пініннің қасында оданда үлкен болып көрінеді.

Бұранда иллюзия, екі түрлі ақ, қара бауды ширату арқылы қызықты эффект береді.

Тегістеу иллюзия, жеңдегі манжета жоғары қайырылса, ол қысқа болып көрінеді, егер манжета төмен қараса жең ұзын болып көрінеді.

Жолақ мата иллюзия, вертикаль жолақты мата фигураға әсемдік береді, горизонталь мата арық келген адамды толықтырып көрсетеді.

Тексеру сұрақтары:


  1. Иллюзия ұғымы

  2. Интерпретация нені білдіреді

  3. Вертикаль иллюзиясы

  4. Толықтырылған иллюзиясы

  5. Тік бұрыш иллюзиясы

  6. Контраст иллюзиясы

  7. Бұралған иллюзиясы

  8. Тегістеу иллюзиясы

  9. Жолақ иллюзиясы.

Әдебиет. Г.М. Гусейнов, В.В. Ермилова, Д.Ю. Ермилова. – «Композиция костюма» Москва 2003 г, 130-133 бет.

17 кредит саны

14 дәріс

Тақырып: Иллюзия.

Дәріс мазмұны:

  1. Вертикаль иллюзиясы.

  2. Толықтырылған иллюзия.

Мақсаты: Көз қабылдау әсерін түсіндіру.

  1. Вертикаль иллюзиясы.

Киім үлгілеуде иллюзия заңдылықтарын ескерген жөн. Иллюзия, шарт бойынша, шынайы фигураны идеалға жақындату: бойды ұзарту, фигураны жіңішкерту, иық енді болса кішірейту, кеудені үлкейту немесе кішірейту, белді жіңішкерту. Иллюзия немесе көз алдау, киімде баяғыдан қолданған. Костюм тарихынан көруге болады, үлкен юбкалар арқылы белді жіңішкерткен, аяқты ұзын ету үшін белді жоғарыдан қиған,вертикаль сәндік безендірулер арқылы бойды ұзартқан.

Вертикаль иллюзия көбейту, егер 1/3., вертикаль сызық ұзын болады горизонталь сызыққа қарағанда.



2. Толықтырылған иллюзия.

Толықтырылған иллюзия, кейбір кезде костюмнің безендірілген немесе бөлшектермен толықтырылған жері болып есептеледі.

Тік бұрыш иллюзия, фигураның иық бөлігін кеңейтеді, ал төменгі жағын жіңішкетеді.

Контраст иллюзия, үлкен пішін кіші пініннің қасында оданда үлкен болып көрінеді.

Бұранда иллюзия, екі түрлі ақ, қара бауды ширату арқылы қызықты эффект береді.

Тегістеу иллюзия, жеңдегі манжета жоғары қайырылса, ол қысқа болып көрінеді, егер манжета төмен қараса жең ұзын болып көрінеді.

Жолақ мата иллюзия, вертикаль жолақты мата фигураға әсемдік береді, горизонталь мата арық келген адамды толықтырып көрсетеді.

Тексеру сұрақтары:


  1. Иллюзия ұғымы

  2. Интерпретация нені білдіреді

  3. Вертикаль иллюзиясы

  4. Толықтырылған иллюзиясы

  5. Тік бұрыш иллюзиясы

  6. Контраст иллюзиясы

  7. Бұралған иллюзиясы

  8. Тегістеу иллюзиясы

  9. Жолақ иллюзиясы.

Әдебиет. Г.М. Гусейнов, В.В. Ермилова, Д.Ю. Ермилова. – «Композиция костюма» Москва 2003 г, 133-134 бет.
18 кредит саны

14 дәріс

Тақырып: Иллюзия.

Дәріс мазмұны:

1. Бұралған шнур иллюзиясы.

2. Тегістеу иллюзиясы.

Мақсаты: Көз қабылдау әсерін түсіндіру.

1. Бұралған шнур иллюзиясы.

Бұранда иллюзия, екі түрлі ақ, қара бауды ширату арқылы қызықты эффект береді.

Тегістеу иллюзия, жеңдегі манжета жоғары қайырылса, ол қысқа болып көрінеді, егер манжета төмен қараса жең ұзын болып көрінеді.

Жолақ мата иллюзия, вертикаль жолақты мата фигураға әсемдік береді, горизонталь мата арық келген адамды толықтырып көрсетеді.

Тік бұрыш иллюзия, фигураның иық бөлігін кеңейтеді, ал төменгі жағын жіңішкетеді.

Контраст иллюзия, үлкен пішін кіші пініннің қасында оданда үлкен болып көрінеді.



2. Тегістеу иллюзиясы.

Тегістеу иллюзия, жеңдегі манжета жоғары қайырылса, ол қысқа болып көрінеді, егер манжета төмен қараса жең ұзын болып көрінеді.

Иллюзия немесе көз алдау, киімде баяғыдан қолданған. Костюм тарихынан көруге болады, үлкен юбкалар арқылы белді жіңішкерткен, аяқты ұзын ету үшін белді жоғарыдан қиған,вертикаль сәндік безендірулер арқылы бойды ұзартқан.

Вертикаль иллюзия көбейту, егер 1/3., вертикаль сызық ұзын болады горизонталь сызыққа қарағанда.



Тексеру сұрақтары:

  1. Иллюзия ұғымы

  2. Интерпретация нені білдіреді

  3. Вертикаль иллюзиясы

  4. Толықтырылған иллюзиясы

  5. Тік бұрыш иллюзиясы

  6. Контраст иллюзиясы

  7. Бұралған иллюзиясы

  8. Тегістеу иллюзиясы

  9. Жолақ иллюзиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет