Мəдениет жəне өнер институты



Pdf көрінісі
бет37/95
Дата26.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#164551
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95
Байланысты:
Кітапханалық маркетинг

Дəріс №5
Тақырыбы:
Маркетингтің негізгі түрлері 


Дəрістің мақсаты: Маркетингтің негізгі түрлерін анықтау 
Дəрістің мазмұны:
кітапхананы басқару концепциясы 
Кітапхана маркетингінің мораль принципі 
Көтермелеуші маркетинг
Конверсиялық маркетинг
Дамушы маркетинг
Əр түрлі келуші топтармен өзара қатынасты басқару мен 
ұйымдастырудың қуатты құралы болып табылады. 
Жетекші коммерциялық емес маркетинг принциптері арасында 
ерекшеленетіні:
- міндетгі қаржы пайдасына ұмтылыстың болмауы; 
- тұтыныстарды зерттеуге комплексті тұрғыдан келу жəне оларды 
қанағаттандыру жөнінде ұсыныстарды өндеу; 
- келушімен ұдайы «кері байланыс»-Коммерциялық емес ұйымдарда 
маркетинг объектісінің мақсаттары мен міндеттері болып табылатындар: 
- қызмет көрсетудің нақты бір түрін насихаттау (қызмет маркетингі); 
- мекемені тұтастай көпке таныту (ұйымдастыру маркетингі); 
- жетекші қызметкерлер, нақты мамандарды көпке таныту (жекелеген 
тұлғалар маркетингі немесе персоналды маркетинг); 
- объектінің орналасқан жерін насихаттау (орын маркетингі); 
- профильді идеяларды тарату (идеялар маркетинг, соның ішінде, қоғамдық 
маркетинг). 
Маркетинг 
- бұл ең алдымен келушіге бағдарланған кітапхананы 
басқару концепциясы, сондықтан ол əр түрлі байқалу формасына қарамастан 
маңызы бір. 
Бірақ та міндеттері, қызметті ұсыну варианттары, тұтыным 
сұранысының жағдайы, рыноктың параметрлеріне орай маркетологтар 
маркетингтің бірнеше типтері мен түрлерін ерекшелейді. 
Бұл айтылғандардан бөлек маркетингтің қандай түрлері кітапхана-
ақпарат мекемесінде қолданылатынын көреміз. 
Бұл жерде тауарлы-дифференциалды маркетингтің əдісінің табысты 
қолданылуы мүмкін. Бұл жерде сонымен қатар өз өнімдерін тұтьшушыға 
жылжыту интенсивті маркетинг əдістемесімен іске асырылады, бұнда 
этикалық нормаларды бұзу агресивті маркетинг деп аталатын күшеюіне əкеп 
соғады. Бұған кітапхананың баруының қажеті жоқ, себебі агрессия 
ақпаратгық білім беру, мəдени-тынығу мекемесі болып табылатын қызметке 
жат қылық болып саналады. 
Кітапхана маркетингіне көп жағдайда мораль принципі тəн, ал оның 
негізі əлеуметтік (əлеуметтік-этикалық) маркетинг болуы керек. 
Мақсатты рыноктардың қажеттілігін, тұтынымын жəне сұраныстарын 
анықтауды қажет етеді. Қоғамдық жəне жеке қызығушылықтардың ұзақ 
мерзімділігін ескеріп, қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Маркетингтің 
бұндай үлгісі ретінде кейбір кітапханалар іске асыратын арнайы мақсатты 
маркетингті бағдарламаларды айтуға болады: мүгедектерге, көп отбасының 


балаларына, басқа ұлт өкілдеріне, босқындар мен оралмаңдарға т.б. қызмет 
көрсету.
Нақты жағдай мен кітапханаға сұраныстан шыға отырып кітапханада 
əр нақты жағдайда оның қызметін оңтайлы басқаруға
мүмкіндік беретін 
маркетингтің тұтас түрлерінің бірқатарын қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет